1. Ресурсы
  2. Рефераты на казахском
  3. Педагогика
  4. Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану

Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ........................................................................................................................1-6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1     Дамыта оқыту технологиясы....................................................................................7-8

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА Л.В.ЗАНКОВ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ...............................................................................................................9-12

2.1 Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану
мүмкіндігі (3 сынып қазақ тілі).................................................................................13-15

3 Қазақ тілі сабақьарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану мүмкіншіліктері............16-18

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................19-20

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................................21-22


КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс-тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс-тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. 21 ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден-бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де білім беру саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа ұшырауда. Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты.
Қазір республикамызда білім саласында демкоратияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың альтернативті жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен, оқу-әдістемелік кешендерге көшу т.б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау қалыптасуда.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңының 8 бабында:
1 Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруѓа, дамытуға жєне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2 Білім беру жүйесінің басты міндеттері: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру тағы басқа. Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп – негіздің негізгі түп қазығы. Осыған орай дипломдық жұмысымды жаза отырып.
Жұмыстың көкейтестілігі: бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда, үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр, бұл оқушыны бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға дайындауды қажет етеді, аталмыш қажеттілікті дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ дамыта оқыту технологияларының әдістемелік жүйесін 1960-70 жылдары орыс педагогтар В.Давыдов, Д.Эльконин және Л.В.Занков жасағандықтан, бұл технологиялар ұлттық мектепке енгізуге келмейді, себебі теориялық тұжырымдамасы мен практикалық іс - әрекеті қолдануда қарама қайшылықтар туындайды. Біздің зерттеу жұмысымыз осы Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің қазақ тілі сабақтарында қолданудың ерекшелігін айқындау барысындығы зерттеу болғандықтан бұл жұмысты қазіргі кезеңде көкейтесті деп тануға болады.
Зерттеу мақсаты: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау.

Зерттеу міндеттері:
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруді педагогикалық ғылымы мен тәжірбиеде зерттеу жайын анықтау;
- оқу тәрбиелік үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған тиімді педагогикалық іс-әрекеттер ұйымдасытру;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруге негізделген әдіс тәсілдер оқыту құралдарын оқытудың жаңа технологияларын қарастыру;
- бағалаудың жаңа түрлерін анықтау
а) бағалау көрсеткіштерінің міндеттерін анықтау;
ә) бағалау көрсетікштерін анықтап, мәліметтер жинақтау;
б) жеке тұлғаның шығармашылық қабілетіне диагностикалық зерттеу жүргізу;
- диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің критерилік көрсеткішін анықтау.
Зерттеу жұмысыныњ әдістері: эксперимент тақырыбына байланысты нормативтік құжаттарды, әдістемелік нұсқауларды оқу
- психологиялық-педагогикалық бақылау, сауалнама (интервью, анкета, тест, дебат, интелллектуалдық ойындар);
- рейтинг, осы тәжірбині оқу және қорыту, модельдеу, салыстыру, жинақтау, жіктеу, жүйелеу, талдау, синтездеу.
Зерттеу нысаны: жеке тұлғаның шығармашылық қабілентін қалыптастырудағы оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін қазақ тілі сабағында қолданудағы оқушының арттыру процесі.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үрдісінде Л.В.Занков әдістемелік жүйесін тиімді қолданатын болсақ, онда оқушыныњ ақыл ойын дамыту; ақыл-ой қызметінің бала өміріндегі маңызын сезіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекетерінің негізгі жүйесін қалыптастыру сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным процестері дамиды.
Зерттеу кезеңдері:
1) ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдай келе, бастауыш мектепте Л.В.Занковтың әдістемелік жүйесі арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттырудың теориялық негізін анықтау;
2) оқушының шығармашылық қабілетін арттыру деңгейін анықтау мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізу;
3) қазақ тілі сабағында Л.В.Занков әдістемелік жүйесін іс-тәжірибеде, педагогикалық эксперименте тексеру және оның нәтижесін жинақтау;
4) эксперимент жұмысын өткізу, нәтижесін қорытындылау.

Дамыта оқыту технологиясы
Болашақ бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімді ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерімізді Л.С. Выготский, Л.В.Зачков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ойларына негіздеу. Оса ғалымдардан сілтемелер жасау жақсы сыңайға айналуда. Сөз жоқ бұл үлкен жетістік.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Соңдықтан, дамыта оқытуды сөз жүзінде емес, іс жүзінде асыру үшін мынандай 3 жағдайда міндетті түрде орындау керек:
•Оқыту курсының мазмұнын, оның принциптік құрылымын қайта қарау,
•Жаңа педагогикалық технологияға сәйкес көзқарасқа негізделетін  оқу үрдісін ұйымдастыруға басқаша қарау;
•Мұғалім оқушының аса қарқынмен көтерілу шеңберін     болжайтын интелектуалды дамуына диагностика қоя білуді меңгеру қажет.
Олай болса дамыта оқыту, үстанымдары (принциптері) мынаған негізделеді.
1.    Оқыту жоғары қиындық деңгейінде жүргізіледі.
Оқытудың мұндай жағдайында оқушыларға оқу қиындығын тудыратын міндеттер қойылуға тиіс. Сондықтанда олардың бұл міндеттерді шеше ала-алмайтындығы себепті жаңғыртылған білімге сүйене отырып, тиісті шешім табу үшін ойтолғам ұжымдық талқылау, пікір-ұсыныстар және оларды тексеру, қосымша әдебиетке жүгіну, бақылаулар, зерттеулер талап етілуі қажет. Осы қағидадан мынандай шарт туындайды:
білім даяр күйінді берілмеуі керек. Оқушы оған қауырт ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқылы қол жеткізгені дұрыс.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі. Сабақтар кезіндегі таным процесі құбылыстардың өзара байланыстығынан тұрады.Оларды ой елегінен өткізу оқушының өз байқауы және жүргізген сараптамасы негізінде жүзеге асырылады.
Кез-келген тақырып, әлдеқандай оқу не оқулылық емес материал алдымен оның ішкі қалтарыстарынсыз жалпылама түрінде берілуге тиіс. Зерттеудің немесе оқып зерделеудің екінші  кезеңінде тұтастай бөліктері қарастырылады. Үшінші кезеңде жіктеп оқығаннан соң меңгеріліп жатқан тақырыпқа оқытылған материалдың бөліктері енгізіледі.
3. Таным процесі жоғары өрлеу түрінде түзеледі. Мұғалім сұрақ қояды, оқушының ойға нені зерделгенін сұрайды, өз көзқарасын білдіруді ұсынады, кітапты оқып шығу қажеттігін, жауап табу үшін қосымша және анықтамалық әдебиетпен жұмыстануды міндеттейді.
4. Оқу бұрыннан белгілі нәрсені қайталаусыз жедел қарқынмен жүргізіледі, өйткені мәлім тақырып ойдық жұмысын әлсіретеді. Өткен тақырыпқа оралу жаңа байланыста түсіндіріледі. Бұл орайда сабақты ұғындырып бекітудің және алға басу үшін кеңінен қолданылып салыстыру әдісі пайдаланылады. Ұқсастықты айқындауға арналған салыстыру әдісі ғылыми түсініктерді қалыптастыру. Ал айырмашылықты айқындауға, арналған салыстыру ақпарат қорын ұлғайтады.
5. Шәкірттердің жаттығу процесін меңгеруі оқушы жаттығу процесін түсінуге тиіс. Ол сабақтың әр сәтін, қажетті нәрсеге байланысты қандай амал және не үшін қолданып жатқанын білуі қажет.
6. Барлық оқушылардың жетіліп дамуын қалыптастыруға бағытталған жұмыс.Әдістемелік жүйе әр оқушының сабақ үстінде өз күш-мүмкіндігін белгілі бір дәрежеде жүзеге асыруға жағдай жасайды.
7. Танымдық қызмет пен жұмыс қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін мұғалім оқушылардың денсаулық және көңіл-күйі жағдайын түсінуіне тікелей байланыста болатын әдіс-тәсілдер тізбегін қолданады.
Бұл оқушылармен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін өзгерту үшін қарым-қатынастың әр нақты сәтінде ескеріледі.
Біз оқушылардың жалпы дамуы жүйесіндегі нәтижелілікті зерделеу  барысында кейбір тұжырымдар жасауымызға болады:
1. Байқай білуі жөнінде әңгіме, бұл арада талдай білу байқампаздығында. Балалар кез-келген объектіден барынша көп белгілерді таба алады, яғни ұзақ бақылауға қабілетті:
2. Балалар көргенін ой қорыту тұрғысында айтып бере алатын болады.
3. Оқушылар өздігінен бірқатар заттарға тән жалпы белгілерді бөліп атай алады, бір немесе бірнеше белгілер бойынша топтарға жіктеуге қол жеткізеді. Барлық ой амалдары сөзбен толық есеп беруге ұласып отырады.
4. Жасаған қадамдарын өздігінен негіздеуге ұмтыла отырып, олар өз ойболжамдарын, олардың кейде қате, шикілеу болып шығуынан именбей дауыстап талқыға салады. Мұның өзі олардың ойының ұғынықты және сындарлы екенін көрсетеді.
5.Оқушылар алда тұрған ой операцияларын жоспарлауға және орындалатын амалдар барысын сөзбен айтып жеткізуге қабілетті.
6.Эмоциялық даму орайында жаттығуға байланысты, эмоциялық әрекеттердің жарқырай көрінуі байқалады. Бұл оқыту әдістерінің тек интеллектке  ғана емес, сонымен бірге ішкі сезімдерге бағытталып жүргізілетінінің нәтижесі.
7. Ерік-жігерлі даму орайында өзін-өзі қадағалауға және өз іс әрекеттері мен қимылдарын реттеуге бағыттай білу қасиеттерін атап өткен жөн.
8. Балаларды қадағалау орайында баға соңғы нәтижесі үшін емес, оны қабылдап алу процесі үшін, соның өзінде біз оқушыны қайсыбір амалдары орындау тұрғысында бір-бірімен салыстыру арқылы емес, өзін өздерімен, кешегі білім деңгейімен салыстыра отыру негізінде қойылады.
Мұны оқушының оқу әрекетін меңгерудегі сызбадан көруге болады.

2    БАСТАУЫШ СЫНЫПТА Л.В.ЗАНКОВ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесіен қолдану мүмкіндігі (3 сынып қазақ тілі)

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Дамыта оқыту әдісі белгілі бір түрі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту жеп есептеледі. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмутов [13] біз сөз етіп отырған дамыта оқыту жөнінде мынандай пікір ұсынады: «Проблемное обучение это новая система правил применения раннее известных приемов учения и преподавания, построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа общения и т.п) и закономерности поисковой деятельности учащихся (проблемной ситуации, познавательного интереса, потребности и т.п)».
Н.В.Репин [36] дамыта оқытуға мынандай анықтама береді: «Развивающее обучение – это целостная педагогическая система, альтернативная традиционной системе школьного обучения».
Кесте 1 Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің компоненттері    Мазмұндағы басымдылық
Дәстүрлі илюстрациялық түсіндірме әдісі    Дамыта оқыту
Кестенің жалғасы
Педагогикалық процесінің компоненттері    Мазмұндағы басымдылық
Дәстүрлі илюстрациялық түсіндірме әдісі    Дамыта оқыту
Мақсат     Оқушыларға білім, білік дағды қалыптастыру.    Байқампаздығын ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн    Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер    Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары    Жеке топтық, фронтальді    Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістері    Ауызша түсіндіру көрнекілік, практикалық    Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы    Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау рефлексия

Сурет 1 Л.В.Занков әдістемесінің дидактикалық тәсілдері
Дамыта оқыту әдістерінің басқа әдіс-тәсілдерден екі негізгі айырмашылықтары бар.
1 Қарама-қарсылықты шешудің құралы болғандықтан, олар тек жүйе (система) ішінде қаралады. Оны айқындап, яғни болжап береді.
Дамыта оқыту өз алдына оқшау жатқан жоқ. Ол оқыту мен тәрбиенің барлық әдістерімен бірге іштей қабысып бір-бірімен тығыз байланыста болады.
2 Дамыту әдісі мазмұн мен форманың диалектикалық ішкі үйлесімділігінен тұрады. Қазіргі зерттеушілер аталған әдісті екі түрлі түрғыдан қарастырады. Олар дамыта оқыту әдісін жалпы және бинарлық деп екіге бөледі. Қысқаша осы екі әдістің кестесі қосымша.
Жалпы әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударады. Сабақтың қызықты өтуі педагогтың да шеберлігін қажет етеді. Бинарлық әдістің құрылымы қосымша көрсетіледі.
Жалпы және бинарлық әдістерді қолдану кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері мыналар:
а) жаңа материалды дұрыс түсіндіре білу;
ә) оқыту барысында оқушылардың өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;
Дамыта оқыту әдісінің аталмыш әдістерінен басқа алты дидактикалық тәсілі бар. Олар мыналар:
1) мұғалімнің өзінің сөйлеуі;
2) шешендік тәсіл;
3) диалог түріндегі тәсіл;
4) эвристикалық тәсіл;
5) зерттеу тәсілі;
6) бағдарламаланған тапсырмалар беру тәсілі.
Дамыта оқыту байырғы оқытудың әдістері мен тәсілдерін жинақтаған жаңа оқыту жүйесі болып табылады. Бұл оқытудың барысында логикалық ойлау операцияларының және оқушылардың өздігінен ізденуі шешуші рөл атқарады. Қазіргі қазақ орта мектептерінде бұл әдіс кеңінен пайдаланбай келеді.
Дамыта оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен олардың теориялық жүзінде дәлелденуінен пайда болған. Мәселен, әдістердің көпқырлылығы мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша дамыта оқыту дегеніміз, педагогика ғылымында көптеген белгілі эвристикалық әңгіме дейді Лернер И.Я. [26]. Бірақ, эвристикалық әңгіме тек ғана дамыта оқытудың бірғана тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Оқыту барысында мұғалім мен шәкірт арасында өзгеше қарым-қатынас пайда болады. Мұғалімнің көмегімен ол жаңа материалды өздігінен түсінеді, шығармашылық ізденіс қалыптасады. Академик В.А.Крутецский [15] дамыта оқытуды зерттей келе мынандай пікір айтты: «Проблемное обучение есть результат развития педагогики и школьной практики в условиях научно-технической революции, результат внедрения научных идей в современный процесс обучения».
Дамыта оқыту өзекті мәселелі жағдай (ситуация) мен оқу мәселесінің және оқыту мен білім алудың диалектикалық, қарым-қатынасы, әрі өзара бірлігінен тұратын жүйені қамтитын әдіс деп есептелінеді. Оқыту барысында мұғалім өзекті ойланарлық тақырып төңірегінде ойлануға жағдай туғызады. Бұл әр ұстаздың біліміне, шеберлігіне байланысты жай. Шәкірттердің ойлау қабілетін артуы дамыта оқыту әдістерінің алға басқандығының айғағы тәріздес. Логикалық операцияларды шешу оқушылардың дербестігін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуы бойынша шығармашылық – эвристикалық іс-әрекет негізгі мазмұнды тез қабылдау, негізгі идеяны қағып алу. Бұл іс-әрекет субъектіні объектіге қызығушылығын арттырады (сұраққа, пәнге т.б.). Өзекті, мәселелі жағдай дегеніміз адамның интеллектуалды қиналуы, себебі туып отырған көріністі дәлелді сұрақты бұрыннан өзі білетін амал тәсілдер мен еше алмауы. Қиналыс адамды жаңа шешім табуға талаптандырады. Өзекті, мәселелі жағдайдың пайда болуымен мәселенің шешілуі арасында бірнеше сатылар бар:
- өзекті мәселенің пайда болуы;
- мәселенің қойылу шартының қиындығы;
- гипотеза немес жорамалдар арқылы мәселенің шешілу жолын табу;
- гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу;
- мәселелінің шешілу дұрыстығын тексеру.
Дамыта оқытудың жалпы және арнаулы қызметтері бар.
Дамыта оқытудың жалпы қызметтері:
- шәкірттердің білім жүйесінің меңгеруі және ойлау мен практиканы ұштастыра білу;
- шәкірттердің дүниетаным көзқарасын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Дамыта оқытудың арнаулы қызыметтері:
- шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру;
- жаңа материалды мәселелерді шешу. Кезінде дұрыс пайдалана білуіне ықпал ету;
- шығармашылқ іс-әрекеті дамыту, тәжірибелерді жинақтау.
Дамыта оқытудың негізгі қызметі жас ұрпақты шығармашылық еңбекке баулу. Дамыту сабағының негізгі кезеңдері:
- жаңа материалды түсіндіру;
- көптеген оқушыларға тән қателерді айқындау;
- шәкірттерге дүниетаным көзқарасын бекітуге көмектесу;
- танаралық байланысты нығайту;
- білім дәрежесін көтеруге күш салу.
Бұл сабақтардың кезеңдері қатылып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұймдасытра білу жолына байланысты болады. Дамыта оқыту мұғалімге бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол міндеттердіғ негізігісі шәкірттердің ойлау қабілетін арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу деп санайды Г.Қазбекова [19].
1993-1994 оқу жылында Л.В.Занковтың дамыта оқыту әдістемелік жүйесін өз іс-тәжірибесіне пайдаланған Москва қаласының № 775 мектебінің оқу-ісінің меңгерушісі Л.В.Муштакова  былай дейді:
«Жаңаны алғаш бастау өте қиын, бірақ қиндыққа мойыма Л.В.Занков әдістемелік жүйесін зертедік. Дәстүрлі оқыту жүйесін Л.В.Занков жүйесімен ауыстыру қиындық туғызды. Ғылым мен практиканы ұштастыру да қиын болды. Осыншама қиныдыққа тап болсақта, Л.В.Занков жасаған әдістемелік жүйесін нәтижелігін көрінді.
1 Өз – тәжірибемізде Л.В.Занков әдістемелік жүйесі оқушының шығармашылық қабілетін арттырп, өз бетінше жұмыс жасауға негізделгенін көрдік.
2 Оқушы мен мұғалім қарым – қатынасы түбегейлі ынтымақтасытық, өзара силастық сияқты қасиеттерге негізделген.
3 Барлық сыныптарғы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру сияқты қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі» - дейді.
Ал біздің Республикамызда Л.В.Занков әдістемелік жүйесін пайдаланған азаматтарымыздың өткізген сабақ жоспарларынан да көруге болады. Бұл жұмыстардың кей біреуін талдаған Б.А.Тұрғынбаева «осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл- ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді» - дейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, ұайта өңдей, жаңа жағдайда пайдалансақ нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:
1 Шығармашылық – өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол сабақтан тыс, сыныптан тыс, уақыттарға жылжытылмай әр сабақта өтілетіндей оқу бағдарламасының, оқу мазмұнында болуы шарт.
2 Орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі – қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығарамышылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым қана алу керек.
3 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерді дамыту әдістемесінің болуын талап етеді.
4 Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің негізінде сабақтағы баланың позициясын өзгетіп, оны іртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы табыстың бір- бір кепілі.
Жоғарыда айтылдған мәселелер ескерілген жағдайда бастауыш мектеп оқушылары жаңа сапалық қасиеттерге ие болып, адамзат шығармашылығына өз үлестерін қосары сөзсіз.


3. Қазақ мектептерінде Л.В. Занков әдістемесін қолдану мүмкіншіліктері

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда Л.В.Занков әдістемесінің «Жоғары қиындықта оқыту» принципін қазақ тілі сабағында үнемі қолданып жүрген Г.Уәйсованың [49] «Түбір және қосымша» тақырыбы сабақтарындағы үлестірмелі қима қағаз түріндегі тапсырмаларды орындаған өте тиімді.
1 Түбір сөздің соңғы буындарының жуан немесе жіңішке болып табылады. Осы дағдыны меңгерту үшін мынандай тапсырмалар орындайды.
№ 1
Берілген сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып жазыңдар.
Бала     = ге, ға     есік     = ты, ті
Түрі     = ның, нің     қала     = лік, лық
№ 2
Түбір сөзге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Марат ауыл /= де, = да/ тұрады. Ауылдағы мектеп /= тің, = тың / жанында бақ бар. Бақта әр түрлі жеміс ағаш / =тары, = тері / өседі. Балалар ағаштар / = ді, = ды / суар / =ды, = ді /.
2    Қосымшалардың бірінші дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына сай болып жазылады. Бұл дағдыны меңгерту үшін төмендегідей жаттығу үлгісін орындатуға болады.
№ 1
Берілген түбір сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
тақта = ның, = тың, =дың, ат = ға, = ге, = қа, = ке
құс = лар, = дар, =тар орын = лық, = тық, =дық
№ 2
Асты сызылған түбірлі сөздерді құрамындағы қате қосылған қосымшаларды өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алысдан жарық көрінеді. Жолаушыдар шаршады. Аттар да баяу аяңтайты.
3    Қосымша қосылған кезде түбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеріске түсетінін байқату.
№ 1
Жақшаны ашып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Кітабымның қап /ы/ тозды. Асанның әдемі доп /ы/ бар. Дүкен жап /ық/ тұр. Мен қаламымды тап/а/ алмадым.
№ 2
Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар арқылы бір-бірімен байланыстырып, көшіріп жаз.
тақта     жаз
кітап     бет
дәптер     аш
дала     ойна
шаңғы     теп
№ 3
Берліген түбір сөзге қосымша қосып, екінші бағанадағы сөздермен байланыстыр.
Аула     шықтым    Автобус     келдім
жүр     міндім
көрдім         түстім
көрдім
№4
Бірінші жолдағы сөздерге – жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, сөздерді көшіріп жаз.
өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ
өрегер, киіз, күміс, шегіртке, білезік
№5
Көп нүктенің орнына – лар, - лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауының тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Қуыршақ…    шаағала…        кітап…
өсімдік…        өрмекші…        жидек…
құлын…        қыз…            жүзім…
№6
Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз.
Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ, терек.
Осы жоғарыда көрсетілген тапсырмалар арқылы оқушылар қосымшаларды түбір сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін жақсы меңгереді. Сөздер құрамының сөйлеу, жазу кезінде өзгеріп тұратынын саналы түрде оқып үйренуге кіріседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік. Мектепте оқушының жеке тұлға ретінде өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысын мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы, гуманизациялау принциптері негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметтік түбегелі өзгеріп, ол диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс.
Бұл қызметтерді рейтинг жүйесінде қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер мол. Себебі бұл жүйеде:
- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс;
- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады;
- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Л.В.Занков әдістемесінің түпкі мақсаты әр пәнді таңдап пайдалануға үнемі нысана, тірек болып отырады. Мысалы, пәндерді дамыта отырып оқытудың түпкі мақсатының бірі оқушыларда әртүрлі стуацияларды талдап, одан қорытынды шығару, мәнді белгілерден мәнсіздерін ажырату, ұқсас белгілері бойынша топтау, бақылаған құбылыстарды жалпылау белгілі әрекеттерді таныс емес жағдайларда қолдану т.б. осылар жалпы интеллектуалдық біліктерді қалыптасытыру десек, осы «тізімнің» өзінде – ақ оқу материалын оқытудың логикалық, ғылыми, пракиткалық әдістері мен тәсілдері анық көрінеді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті.
Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.
Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекетткерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.    Аренова А. Дербес оқу әрекетінің теориялық негіздері. /А.Аренова. //Бастауыш мектеп. – 2001.-№4.- 22 б.
2.    Бекова Г. Шығармашылық ізденістер. /Г.Бекова. //Бастауыш мектеп.-1996.- №2.- 24-28 б.
3.    Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. /М.Балақаев.-Алматы: Мектеп, 1989.- 43 –80 б.
4.    Баймуллина Ә. Зат есім сөздері./Ә.Баймуллина.//Бастауыш мектеп.-1998.-№3.-32-34 б.
5.    Выготский Л.С. Мышление и речь.Изобр. психолог.исследовании /Л.С.Выготский.- М.:АПНРСФСР, 1956.- 272 с.
6.    Есқазина С. Сын тұрғысынан ойлау. /С.Есқазина. //Бастауыш мектеп.- 2001.- №1- 2.- 30 б.
7.    Жұмашев Қ. Дарынды тану және оқыту мәселелері. /Қ.Жұмашев. //Қазақстан мектебі.- №1-2.- 23 б.
8.    Жарықбаев Қ. Әдет және жантану. /Қ.Жарықбаев.-Алматы: Атамұра, 1994.-144 б.
9.    Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы.
10.    Заденова С. Оқытудың тиімділігі. /С.Заденова. //Бастауыш мектеп.- 1994.-№8-9.- 39-40 б.
11.    Занков Л.В. Дидактика и жизнь. /Л.В.Занков.- М.:Просвещение, 1968.- 176 с.
12.    Занков Л.В. Беседы с учителями. /Л.В.Занков.-М.: Просвещение, 1970.-200 с.
13.    Исмагулова Р. Зат есімді оқыту. /Р.Исмагулова. //Бастауыш мектеп.- 1999.-№8-9.- 39-40 б.
14.    Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. /Г.Д.Кириллова.-М.: Просвещение, 1990.- 159 с.
15.    Крутецский В.А. О проблемной обучений. /В.А.Крутецский.- М.:Высшая школа, 1967.- 16 с.
16.    Козлов С.А. Педагогика. /С.А.Козлов.- М, 1998.- №5.
17.    Кенжеғұлова А. Жаңа тақырыпты материалдандырылған әрекет түрі бойынша меңгерту. /А.Кенжеғұлова. //Бастауыш мектеп.- 2001.- №4.- 14 б.
18.    Қоңырбаева К. Дарынды балаларды оқыту мәселелері. /К.Қоңырбаева. //Қазақстан мектебі.- 2000.- №3.- 17-18 б.
19.    Қазбекова А. Дамыта оқыту тәсілдері. /А.Қазбекова. //Бастауыш мектеп.-1997.-№7-8.- 87 б.
20.    Құрманалина Ш. Білім туралы заңға байланысты оқу орнының инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдары./Ш.Құрманалиева.//Бастауыш мектеп.-2000.-№1.- 21-24 б.
21.    Қасенбаева Л. Тиімді әдіспен./Л.Қасенбаева.//Бастауыш мектеп.- 1998.-№3.-30-31 б.
22.    Құсайынова З. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту./З.Құсайынова. //Дарын.- 23 б.
23.    Қазақ тілі оқыту әдістемесі. – Алматы: Атамұра, 1999.-3-6 б.
24.    Левин В.А. Воспитание творчества. /В.А.Левин.-Томск:Пеленг, 1993.-56с
25.    Лысенкова С.Н. Методам опережающего обучения. /С.Н.Лысенкова.-М.: Просвещение, 1988.-192 с.
26.    Лернер И.Я. Проблемное обучение. /И.Я.Лернер.-М.: Знание, 1974.
27.    Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. /М.И.Махмутов.- Казань, 1972.- 72 с.
28.    Муштакова М.З. Система развивающего обучения глазами завуча. /М.З.Муштакова. //Начальная школа.- 1997.-№6.- 12 с.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика


Яндекс.Метрика