1. Ресурсы
  2. Тарих

Тарих

Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Жоспар
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда  армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.
Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын  ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.
Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де,  сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.
Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.  
Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады.
1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.
Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді.
Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім
4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.
5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.

 

Желтоқсан көтерілісі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс;
ә. Көзбен көрген көріністер;
б. Құпия өлім мен “Желтоқсан оқиғасындағы” өкімен рөлі.
в. “Қазақ ұлтшылдығы”.
III. Қорытынды.

I. Кіріспе.
“Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы.
Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.
Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз “Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер “Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады. Кімге сенеріңді білмейсің.
Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе?
Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді?
Талай боздақтарымыз қайғы-қасіретке душар болып, көбі мүгедек болып қалды. Ал “ерлік істерімен көзге түскендер” наградаларға ие болып маң-маң босып жүрді. Мұндай “мықтыларды” қашан жауапқа тартар екен?

II. Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс.
Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса, табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас Көктем есік ашып, Алтынкүрек қалай еседі – солай қасат қардың көбесі сөгіліп, суық тоң жібіп, топырақтың бауыры бусанып сала береді.
1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматыжа және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салстырылса, артық емес. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок еді.
Алайда М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар “Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тай салмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем иең емес-тің. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.
Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше “ерлік” көрсеткен МХҚ мен Ішкі істер министрлігі деректері, әрине, тым “қарапайым”. Олар не бәрі 2212-2336 аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Сабаздарың өз арттарын қалай ашсын?! Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. “жартықұдайлар” кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М.С.Горбачев жолбасшылығы “арқасында”, міне, осындай масқара интернационализм көрінісіне куә болды.
Айрықша Алтынкүрек желі небәрі бірер күн соғып тыншығанмен, тозып-тоңған табиғатты әп-сәтте жаңғыртып, жасартып жібереді. Қанға бөктіріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс – Жалтоқсан оқиғасы да қалғып-мүлігіп жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку, толқулары тұтанды. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне жетіп, құлдық бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Өзгелер білсін-білмесін, Желтоқсан оқиғасының жеміс-жалғасы – шып-шырғасыз шындық осындай.
Құдайға шүкір, 1825 жылғы орыс декабристтері тәрізді өлімнен қорықпаған, “түрі – адам да, жүрегі - шаян” “жауынгерлерден”, жасақшылардан қайтпаған желтоқсаншы жастарымыз аз емес. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сабитова, Хасен Қожахметов, т.с.с. батылдарымыз, батырларымыз бар екен. Өздері құлағанмен, қамалғанмен, олар көтерген жалауларын құлатқан жоқ.

ә. Көзбен көрген көріністер.
16-желтоқсан
Өзім оқитын Қазақ Мемлекеттік Университеті журналистика факультетінің № 5-інші жатақханасы. Кешкілік уақыт. Сағат тоғыздар шамасы. Басінші қабаттағы өз бөлмемде ертеңгілік сабаққа дайындалым отырғанмын. Кенет бөлме есігі шалқасынан ашылып, салып ұрып екі жігіт кіріп келді. Түрлері өрт сөндіргендей. Екі өкпелерін қолдарына алып, солықтарын баса алмай тұр.
- Ей, сендерге не болған, - дедім таңданысымды жасыра алмай.
- Сен не, естімеп пе едің? Қонаевты орнынан алып оның орнына басқа орысты қойыпты. Жүр кеттік. Астыңғы қабатқа түс. Сонда жиналып жатырмыз.
Әй-шайға қарамай екеуі келесі бөлмелерге жүгіріп кетті. Мен таңданған қалпыммен, ойымда дәнеңе жоқ астыға түстім.

16-желтоқсан, 14 сағат
Үкімет үйінің алдына он мыңдай адам жиналған. Дені қазақтың жас жігіттері мен қыздары. Оларды бұлараға ешкім де тоғытып айдап әкелеген жоқ. Қазақстан ұлтының бостандығы үшін өз еріктерімен келегндер. Араларында бірең-сараң басқа ұлттың өкілдері де көзге шалынып қалады. Олар әшейін қызыққа бату үшін жиналғандар. Кейбіреулері анадайдан миықтарынан күліп қана тұр. Ал, үкімет үйінің алды толып тұрған темір қаруланған әскери бөлімдердің солдаттары мен ішкі істер қызметкерлері жастарды алға өткізбей тұр. Бір-екі қызу қанды жас жігіт мінберге шығып сойлеуді талап етіп еді, аналар жібермей қойды. Мінберге ұмтылған бір жігітті милиция формасындағы біреу қолындағы резина таяқпен қақ маңдайға салып жіберді. Бет-жүзін қан жуған жігіт басын ұстап жерге отыра кетті. Сол мезет оның қасындағы тағы бір қазақ жігіті шыдай алмай ананың жағасынан ала түсті. Қолындағы таяғын жұлып алып тұмсық тұстан беріп өтті. Айнала сол сәтте апыр-топыр болды.
- Жігіттер, ұрмаңыздар! Біз бұл араға төбелес шығаруға келген жоқпыз. Бейбіт наразылығымызды білдіруге жиналдық. Сабы сақтаңдар, райларыңнан қайтыңдар, - деп айқай салды топты бастап жүрген мосқалдау келген, зор денелі жігіт, ағасы. Өзі биіктеу жерге шығып алып, қолын сермеп жастарды басу айтуға шақырды...
Бұрқасын төпел тұр. Аяқтан өткен ызғар құлақ шекені солқылдатады. Жастардың көбі женіл киінген. Тіпті кейбіреулері жалаң бас, көйлектерімен жүр. Жастардың аузында ән. Олар хормен “Менің Қазақстаным” әнін айтып тұр. Тағы біреулері “Қонаевты шақырыңдар, Қонаевты не болғанын соның өз ауызынан естейік. Мінбеге шықсын” деп бар дауыстарымен жар салып тұр. Алайда жұрт алдына шағып басу айтатын жан баласы болмады. Үкімет үйінің алдындағы қырғын әрі қарай жалғасып жатты.

18 Сағат.
Айналаны қою қараңғылық басты да алаңға жиналғандардың қарасы қоюлана түсті. Аппақ қар қызыл қанмен араласып жастардың аяқ астында тапалып жатты. Бейбіт халақтың намысын өздері таяқтармен түртіп оятқан әскерилер енді не істерін білмей жоғарыдан бұйрық күтіп аласұрып тұр. Кеңет бір бүйірден өрт сөндіргіш машиналар көрінді. Анталап келіп алаң алдына тоқтай қалды да, жапатармағай жастарды қоршай бастады. Сенкіріп- сенкіріп түскен брезент киімді адамдар жалма-жан қолдарындағы су жіберетін ұзын шлангілерді жастарға қаратып, ағын суды ағытып жіберді. Түтіктерден атырла шыққан зәрлі су топталып тұрған қыздар мен жігіттердің үстіне жаңбырша жауды. Мұздай судан денелері тітіркенген халық ақтарлысып қалды. Кейбірі үстін қарыған аязды судан бүрсініп, тым-тырақьай қашты. Шетке шыққандарын резика таяқтар баудай түсіріп жатыр. Естерін жинағандары өрт сөндіретін машиналарға қарсы тұра ұмтылды. Алдымен жеткендері қайдан алғандары белгісіз, қолдарындағы ара, балта сияқты құралдармен шлангілерді турап тастады. Оншақты шомбал денелі жігіттер ашу-ызаға шыдай алмай автотранспорттың біреуін төңкеріп тастады.
Сол кездегі мына бір көрініс менің жадамда мәңгілік қалып қойды. Ойға түссе әлі күнге дейін денем түргішіп жанымды қоярға жер таппаймын. Бұдан кінәлі кім деген сансыз сауалдар санамды жергідей жеп, бір орынға отырғызбай дедектетіп әлде қайда алып кетті ...
Шыңғыра ышқынған дауысқа жалт қарасам, әскери форма киген басқа ұлттың өкілі 16-17 жасар қазақтың бір қызын шашынан сүйреп, тепкінің астына алып жатыр. “Апалаған” қызды алып ұрып айызы қанғанша добалдай керзі етігімен бас-көз демей соққылауда. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, балағаттаған сөздер естіледі. Тап сол сәтте бір жұдырық жарқ ете қалып, ананың аузына барып қадалды. Көзді ашып жұмғанша болған жоқ “батыр” шалқалап құлап бара жатты. Ұрған өрімдей жас жігіт еді. Оны мен жақсы танушы едім. Айналада жүрген 5-6 милиционерлер әлгі жігітті әй-шәйға қаратпай қолын артына қайырып алдарына салып алып кетті. Анадай жерде тұрған белінде “Милиция” деген жазуы бар машинаның артына бір-ақ тықты. Қансырап жатқан қызды да лақша сүйретіп, машинаның алдыңғы есігінен тоғыртты ...
Кейін әлгі жігіт туралы дерек сұрастырып көрсем де ол туралы ләм-мим деген сөз естіген жоқпын.
Бүгінге дейін сол бір өрімдей қазақ жігіттің бет жүзі есімнен кетпейді. Жыртқыш аңның қандыбалақ қолынан еліктің лағындай өлсіреп жатқан жас аруды арашалап алғаны үшін кінәлі ме? әлде қазақ үлтының намысын аяққа таптатқысы келмей, өзінің жанын қиғаны үшін кінәлі ме? Айтып айтпай не керек, сол бір желтоқсанның қанды кешінде қанша жастың соры қайнады. Қаншама қазақтың қыздары шаштарынан сүйретіліп, тепкінің астында қалды. Қаншама жас жұмыстан немесе оқудан жазықсыз қуылды. Қаншасы қыршынынан қиылды? Бұл сауалдарға кім жауап береді? Кім? Кім?

12 Сағат. 
Брежнев атындағы алаң бір түннің ішірде тазарған. Әскер бөлімдерінің солдаттары Үкімет үйінің алдына ешкімді кіргізбей айнала қоршап тұр. Алаң ештеңе болмағандай айнадай жалтырап жатыр. Кешегі күннен бір белгі¬¬-мінбердің сыртын гранит таспен қоршаған, соның ұштары ойылып алынған, қатар тұрған ұзын мойын шамдардың кейбірінің оталып қалуы. Сонымен қатар анадайдан көрініп тұрған Үкімет үйінің кейбір терезелері сынып, үңірейіп тұр.
Демонстрацияға жиналған халық екі жарылып бірі Фурманов, бірі бейбітшілік (қазіргі Жептоқсан) көшелері жағында топталып тұр. Жастар тағы да Үкімет басшыларының алдарына келуін, алға қойған мақсат-мүдделерінің орындалуын талар етуде. Біразы лықсып алаңға өткілері көлгенімен, солдаттардың тас қамалына маңдайларын соғып, кейін шегінеді. Жастар өте ашулы. Неден болса да тайынбайтын түрлері бар. Қандарын іштеріне тартып сұрланып алған. Алған беттерінен қайтатын емес. Үкімет үйінен бір-екі адам шығып, жастарды ереуілге бастап жүрген екі-үш жетекшіні ішке алып кетті. Алайда көп ұзамай түрлері сұрланып шықты.

14 сағат.

Кенет біреудің айқай салған дауысы естілді. –
- Жол беріңдер.
Халық арасына топты жарып сол кездегі Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов келеді екен.
Ол шуылдаған топқа қолын көтереді. Жастар тым-тырыс бола қалды. Екі жігіт Серікті иықтарына көтеріп мінгізіп алды:
- Халқым, қазағым! Мен сендермен біргемін. Сендердің талап-тілектеріңе мен де қосыламын-деп даусы саңқ ете қалды Серіктің.
- Бірақ біз мұндай айқаймен мәселенің мәнісін шеше алалмаймыз. Бізге сабырлылық пен шыдамдылық керек. Мен қазір анда (Үкімет үйін қолымен нұсқады) барамын да, сендердің талаптарыңды басшы азаматтарға жеткіземін. Және өзім де соны талап етемін. Болмайды екен, сендердің араларыңда мен де боламын.
Серік Әбдірахманов үш-төрт жігітті бастап тағыкетті. Арада шамалы уақыт өткеннен кеиін қайтып келді. Ол жастарға басшыларға қойғанталапты жеткізгенін, олардың бұл мәселені қарап, тиісті шара қолдану үшін кеңесіп жатқандығын мәлімдеді. Сонда ғана барып жастар жіби бастады. Дейтұрғанмен, Серік Әбдірахмановтың өзін қудалауға ұшыратқанын бүгінде біреуі білсе біреуі біле бермейді. Ал жастардың талабы орындалмай қалды. Міне, сол кездегі басшылардың екі жүзділігі осы арада айқын сезілді. Керісінше, қазақ ұлтының бостандығын аңсаған Серік сияқты намысын жыртқан көлтеген азаматтарымыз қуғын-сүргінге ұшырады.

б. Құпия өлім мен “Желтоқсан оқиғасындағы” өкімет ролі.
“Желтоқсан” жетекшісі, адвокат Аманжол Мәлібаев және ”желтоқсан оқиғалары” жөнінде деректі фильм түсіруші Қалдыбай Әбенов “желтоқсан оқиғаларына” қатысушы,солдаттарға Қайрат Рұсқылбековтың түрмеде қаза табуының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Әкімшілігі оның өзін-өзі өлтіргенін дәлелдемек болды. Ал Мәлібаев пен Әбенов бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Олар “Желтоқсан” бұл оқиғаны тергейтінін мәлімдеді.
Республика басшылығы. Барлық тергеулердің негізгі сауалы мынау: бейбіт наразылық демонстрациясына Қазақстан өкіметі қалай қарады?
Құрамында қазақтар да, басқа ұлт өкілдері де бар көптеген куәгерлер қақтығыс үшін негізгі жауапкершілік демонстрацияға салауатты көзқараспен қарай алмаған республика өкметіне жүктелетіндігін айтады. АХТ-ға пікір білдірген тәуелсіз қоғамдық “Мемориал” ағарту бірлестігін болып өткен оқиғаға республика өкметі жауап беруі тиіс деп мәлімдеді.
“Оқиғалар басшылардың сауатсыз іс-әрекеттерінің салдырынан болды, олар адамдырмен сөйлеспейді, түсіндірмеді. Қонаев халық алдына шығып, тыныштандырғысы келмеді. Милиция да мұндай жағдайда қалай қимылдау қажеттігін білмеді”,- дейді ол. “Демонстранттарға өздерін толғандырған проблемаларды талқылау үшін микрофонды пайдалануға басшылық мүмкіндік берді ме?”. Бұл сауалға жауап беруде куәгерлердің пікірлері әрқиылды.

в. “Қазақ ұлтшылдығы”
“Желтоқсан оқиғаларына” қатысушылардың бірі осы оқиғаға ұлтшылдық айдарын таққан КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, КОКП ОК жанындыағы Партиялық бақылау комитетінін төрәағасы Михаил Соломнцев болғанын айтады. Ол Алматыға 18- желтоқсанда келген. Кейбір куәгерлердің айтушы бойынша, оқиғаға ұлтаралық қақтығыс сипатын беру мақсатында жасақшыларды орыстардан іріктеуге шешім қабылдаған Соломенцев көрінеді.
“Желтоқсан оқиғаларына” “қазақ ұлтшылдығы” деген айдар таққа КОКП ОК қарары ( маусым, 1987 ) қазақ халқын қатты қапаландырды. Бұл жалған айыптудан құтылуға ұмтылу 1989 жылдың көктемінен бастаған Алматыдағы толқу себептерін тергеу жолындағы кең қозғалысқа өріс ашқан еді. 1990 жылдың 21- мамырында КОКП ОК бұл айыптауды қате деп тауып, “желтоқсан оқиғасына” баға беруде “қазақ ұлтшылдығы” айдарынан бас тартты.
АХТ қызметкерлерінің бақылауынша, Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы барысында әсіресе демонстранттарға жасақшыларды қарсы қою қатты назарлықты туғызды. АХТ өкілдері сөйлескен көп адамдар орыс азаматтары қоғамдық тәртіпті дұрыстау үшін қажетсіз еді деген пікір айтады. Оларды бәрінен бұрын қазақтар мен орыстар арасында жанжал шығару мақсатында ұцымдастырған. “Мемориалдың бір мүшесі - орыс азаматы да: “Өкімет тәртіпті сақтау үшін орыс жұмысшыларын жұмылдырды. Ал, бұл ұлтаралық жанжалға әкеліп соқты”, - деді.
Адвокат Мәлібаев (қазақ) та жасақшыларды ұлтаралық араздықты ұйымдастыру үшін әкелгенін былайша әңгімелейд:
“Өкімет қолында армиялық бөлімдер мен ішкі әскерлер 50 мыңдай солдат және 20 мың милиционерлер болды.Олар 18-желтоқсанда жасақшыларды не үшін жұмылдырды? Жиналғандарды бақылау үшін олардың қажеті де жоқ еді. Бәлкім, оқиғаға ұлтаралық қақтығыс, жанжал ретінде сипат беру мақсатында орыс жұмысшыларын қолдарына темір таяқтар ұстатып, көпшілігі қазақ жастарынан құрылған демонстранттарға айдап салған”.

III. Қорытынды.
Жергілікті белсенді, социал-демократиялық партияның мүшесі “желтоқсан оқиғаларының” маңызын былайша сипаттайды: ”Үш түрлі мәселені есте сақтау қажет: ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді. Демонстранттар жақсы ұйымдасқан еді және өз жетекшілері ұсталғаннан кейін де орындарында қала берді”.
Осы куәгердің тұжырымдауынша, егер қазақтарға орыс жұмысшылары қосылып кеткенде, бұл әлеуметтік талаптар наразылығы одан да кеңірек болар еді. ”Завод жұмысшылары “желтоқсан оқиғаларынан” соң оған қатысушыларға демонстрацияға мерзімінен бұрын шыққандарын айтып жүрді. Егер ол нан бағасының өсуінен соң болғанда, олар да демонстранттарға қосылар еді”.
1986-жылғы Алматыдағы “жаппай тәртіпсіздіктер” Қазақстан ғана үшін емес, сондай-ақ, КСРО көлемінде де ірі тарихи оқиғаға айналды. Олар кеңес тарихында жаңа тараудың бетін ашты. Бұл жаңа кезең түрлі жерлердегі жиілеп кеткен толқулармен сиппатталады.

Қолданған әдебиеттер:
1. “Ақтөбе” газеті. (1991жыл)
2. “Алматы 1986 желтоқсан”. 3-кітап, Т. Айтбайұлы, Т. Зейнәбін.

 

Еліміздің батыр қыздары

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.

 

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.

Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды.  Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты.  Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.

1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата  деген кішкентай станцияға көшіп барды.  Нағашысы Түркістан –Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.

1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды.  Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында  Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды.

Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. Балалар үлкендерге көмектесті: кішкентай балалардың тобына бағып, қарады, қаланың сыртында қорғаныс қамалдарын салысты. Суық бөлмедегі сабақты ауа ескерту сигналы бұзғанда, Әлия балалармен шатырға жүгіріп, немістің тастаған «зажигалкаларын» - өрт бомбаларын сөндірді. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектесті. Ленинградты немістер қамауға алып, оның тұрғындарын ашаршылыққа ұшыратты. №46 балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Костинаның естелігінде Әлия шанамен суға барып, аштықтан көшеде есінен танып құлаған, сөйтсе ол өз нанының жартысын Қаты деген қызға береді екен. 1941 жылдың 4-ші қарашасында Әлия комсомолға өтті. 1942 жылдың наурызында № 46  балалар үйімен Әлия Ладога көліндегі «өмір жолымен» Ленинградтан Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосына көшті. Бұнда балалар оқу мен қатар колхозда жұмыс істеді. Сол ауыл мектебінің ботаника мұғалімі татьяна Суворовнаның айтуы бойынша, Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін, достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті.

Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. Әуелі курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный поселкесінде  орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен тобының 4-ші ротасында оқыды. Кішкентай бойы үшін бұл ротаның қыздарын «қарындаштар» деп атаған.  1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен  қатар ол жер жорғалап еңбектеуді,  қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияні майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы  шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, «бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды.

1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер  снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлимя жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды.

1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ростасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың

4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір  ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді.

Менің байқауым, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың тұған жерлері де жақын: Атырау облысы Орда ауданы және Ақтөбе облысы Хобда ауданы. Екеуі бір жерде қайтыс болды. Мәншүк Псков облысы Невель қаласында, одан теміржолмен солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Псков облысы Насва станциясында  Әлия қаза болды.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
(Тас және қола дәуірлері)

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.
Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979). Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.
Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.
Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.
О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.
Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б.
Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).
Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).
Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлев жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі - Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан -Тегіскен кесенесі ашылды.
Шаруашылығы. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған.
Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
Ежелгі кеншілер. Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген.
Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
Халық, қоғам, әдет-ғұрып. Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.
Діні мен өнері. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.
Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.

 

Дешті Қыпшақ

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы –XI-XIV ғасырларда қолданылған тарихи-географиялық ұғым. Одан бұрын Оғыз даласы аталған. Оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының қимақ саяси-әлеуметтік қауымын құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлке. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың негізгі мұрагері және ұрпағы болған қазақ халқының байтақ мекені – Дешті Қыпшақ даласы. Ол кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» деген атпен белгілі болды. Дешті Қыпшақ Оғыздар даласы алып жатқан жерден де кең аумақты қамталды. Сонымен қатар Ертісті мекендеген қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың еншісіне тиді. XI ғасырдың ортасында қыпшақтар Еділдің оң жақ бнтіне өтіп, орыс жылнамаларында половцы деген атпен белгілі бола бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде «куман» немесе коман деп аталды. Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді атаған. Ал іс жүзінде қыпшақтар қонысы Карпат тауларының орманды бөктерлеріне дейін жеткені тарихи деректерден мәлім. XI ғасырдың аяғында қыпшақтар Визатияның Дунайдағы шептеріне ілігіп, XII ғасырдың орта шенінде олар Дунайдан әрі батыстағы жерлерді қоныстанған. Сонымен қатар қыпшақтар Қырымның далалық бөлігін, одан әрі шығыста Еділдің құяр сағасы мен Саксин төңірегін де мекендеген. Олардың «саксин тобы» деп аталған ерекше тобы орыс далаларын қоныстанған. Дешті Қыпшақ қиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген этностық топтар бағынған. Қыпшақтардың осылай өз жерін ұлғайтуын олардың тек қана батысқа қарай жаппай қоныс аударуыдеп түсінуге болмайды. Қыпшақтар осы кең алқапты тегіс мекендеген. Плано Карпини (1246) мен Рубрук (1253-1255) саяхатынан кейін қыпшақ жерінің шын мәнісінде ұшықиырсыз екені белгілі бола бастады. Армян патшасы Гетум қыпшақтардың қонысы шығыста Хорезм патшалығы, одан әрі Ертіске дейін созылатынын айтып, таңдана жазған (1307).


Яндекс.Метрика