1. Ресурсы
  2. Тарих

Тарих

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.
1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қаласы) қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженерлік-техникалық кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды. 1990 ж. Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті.
1991 ж. Т.Мұсабаевқа «Ғарышкер-сынақшы» квалификациясы берілді. 16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды: 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақтылығы 11 сағат 06 мин) шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезіңде 5 рет ( жалпы ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми–зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 3-бағдарламасын орындады.
2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз –ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эсперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады.
Мұсабаев ұшақ спортынан қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері.
Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы»және Ресей Федерациясының Батыры, «Отан», «Халықтар достығы», 3-дәрежелі «За заслуги перед Отечеством» (Ресей) ордендерімен, NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі.

Моғолстан мемлекеті

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Жоспары:
1. Моғолстанның құрылуы,  жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдай
5. Әмір Темірдің Моғолстанға жорықтары.
6. Моғолстанның ыдырау кезеңі.
7. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны.


Моғолстанның құрылуы,  жер аумағы. XIV  ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап,  Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады.  Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі,  Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып,  «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан,  өздерін тыңдайтын,  Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі,  он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып,  тәуелсіз,  жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері  бұрынғыдан да күшейген. Жалпы,  дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша,  Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде,  өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл,  Емел және Ертісті өзіне қосады.  Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш),  Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі,  оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен,  Қашғар,  Ақсу,  Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.
Халқының этникалық құрамы. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине,  монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат,  чорас,  калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен,  уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып,  монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға,  ұйғырларға қоныс аударып,  соларға араласып,  өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей,  Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін,  қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін  V-VI ғасырларда  да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат,  қаңлы,  үйсін,  арғын,  баарын,  барлас,  бұлғашы,  т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып,  түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.
Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып,  XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,  бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе,  енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша,  бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап,  баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір  хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін,  Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп,  қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда,  кесіліскен шайқас болғаны срншалықты,  екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп,  Әмір Темір қашып құтылады.
Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне  көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп,  Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі,  билеушілер арасындағы алауыздық,  саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын,  жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып,  күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.
XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей,  дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді,  бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап,  халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып,  көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп,  жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып,  оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға,  Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты,  Әмір Темір  өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп,  керейіттері талқандап,  қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап,  көптеген тұтқын  алып,  қыруар олжа түсіріп қайтады.  Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам,  Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп,  Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де,  Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып,  оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып,  Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп,  талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп,  1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп  олжа түсіріп,  қора-қора қой,  үйір-үйір жылқы,  топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.
Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның   Сонымен,  Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп,  саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде  (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп,  жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң,  Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып,  өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап,  халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана  жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып,  өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны. 1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.

Дулатов Міржақып

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Дулатов Міржақып
(1885-1935)

1. Өмірі
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері.  1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде (Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

2. Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.
Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.

3. Алаштың арманы
Міржақып Дулатов – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалын көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен 12 жасында айырылып ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіледі, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш» деп, бар дауысымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты», -

деп, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды.

Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен де, жеке басының жүріс-тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, «Бақытсыз Жамал» романынан газет-журналдардағы шағын мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен қатар ол жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған Жақаң:

«Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай», -
деп дүниеден арманда кетті.

 

Көне Түркі жазулары

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Мазмұны
1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
Әдебиеттер

1. Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.  Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат  филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
2. Дала жазуларының тарихы
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады.  Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. 
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді.
Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны 
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

Бұл жазу қалай шыққан:
1. Бұлар ру таңбаларына ұқсайды. Мағыналық белгілерге ұқсайды. Бұл пікірді жақтайтындар Түркілердің өздері жасап шығарған дейді.
2. Көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар
3. Көне Соғды жазуын Түркі тіліне бейімдер өңдеу және таңбалар қосу арқылы қалыптасқан.
Бұл жазулар неліктен қолданылмай қалды.
Оны Көне Ұйғыр жазулары және кейін Араб жазуы біртіндеп ығыстырып шығарды.
Көне Түркі жазуларына ұқсас жазулар бар ма
Шығыс еуропа далаларынан табылатын Руникалық жазулар Көне Түркі жазуларына көп жағынан ұқсас келеді. Оларды қолданған 8-11 ғасырлардағы Хазарлар, Бұлғарлар және Қыпшақ, Мажар тайпалары. Бұл жазулар Көне Түркі жазуынан шыққан деп есептеледі.

Әдебиеттер
• Аманжолов А. С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2002.
• Батманов И. А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. Фрунзе, 1959.
• Кляшторный С. Г. История Центральной Азии и памятники рунического письма. СПб., 2003.
• Кормушин И. В. Древние тюркские языки. Абакан, 2004.
• Кызласов И. Л. Рунические письменности евразийских степей. М., 1994.
• Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. М.; Ленинград, 1951.
• Радлов В. В. Атлас древностей Монголии. СПб., 1892-99. Вып. 1-4.
• Тhоmsеn V. Inscriptions de L ’Orkhon… Helsinhorf, 1896.
• Щербак А. М. Тюркская руника. СПб., 2001.
• Orkun H.N. Eski Türk yazıtları. I—IV. İstanbul: 1939—1941.
• Radloff W. Die alttürkischen Inschriften der Mongolei. St.-Petersburg, 1894—1895.

Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан
(Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет)

Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.
Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.
1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.
581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.
679 ж. Қытай саясатына қарсы Монғолия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Кейіннен Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын.
11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды.
7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.
Сауда мен тауарлары. Сауданың ең басты жихазы жібек болды. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген. Отырардың күміс көмбесі табылды. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан Исфиджабқа, Сайрамға келеді. Одан Таразға, Құланға, Жаңа қалаға, Суябқа, Барысқан, Алмалық одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған.
Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таралып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан - христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з. бұрынғы 1 ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда соғдылар, қаңлылар көп еңбек сіңірген.
Түріктер 6 ғасырдан бастап буддизмнің қатты ықпалын өз бастарынан өткізген. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, монастырьлар, мүсіншелер, шіркевлер.
Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып, буддизмнен қалмай христиан діні де тараған.
Х-ХІІ-ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар болды. Солардың арасында Жібек жолында маңызды ролі болған қала Исфиджаб/Сайрам/ еді. Ол туралы араб авторы Әл-Макдиси айтады. Қаланың мешіті, рабады/күзеті/, базары, төрт қақпасы бар: Нуджакент, Фархан, Шахраны, Бұхара.
Сыр бойындағы қала Отырар болды. Ол араб-парсы деректерінде Фараб, одан бұрын Тарбан деп аталған. Тағы бір ірі қала Тараз болды. Ол жазба деректерде 568 жылдан басталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түркі қағаны Дизабұлға берген есебінде Таразда аталады. 630 жыл шамасында қытай саяхатшысы Сюань Цзань Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге /4-4,5 км/ жеткен маңызды сауда орталыпы дейді. Ол 7 ғасырда ҰЖ жолындағы ірі мекенге айналды. Таразда монша, су құбырлары, Айша бибі, Қарахан мазары бар. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн сияқты қалалар тізбектеліп жатты. Сондай-ақ Іле өзені алқабында Қойлық, Талхиз, Екіоғыз сияқты қалалар болды.
11 ғасырда Ясы (Түркістан) Шауғар округы орталыпы саналды. Мұнда 12 ғ-дың соңында Ахмед Яссауи мешіті салынды. Сыр бойындағы ірі қала Сығанақ. Қаз-ң солтүстігі мен солт-шығысына баратын керуен жолдары қиылысында орналасқан ол 12 ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталыпы болды. Қазір Сығанақ орнында Сунақ ата жұрты бар.
10-12 ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда тағы жаңа қалалар Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент пайда болды.
Мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік дамыды. 9-12 ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталғы болды. Мұнда егістік жерлер көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді. Екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етті. Ал сырдағы су жолы Сауран, Сығанақты, және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзгентті сумен қамтамасыз етті. Қол өнер дамыды. Керамикадан ыдыстар жасалынды. Тараздан арыстанды бейнелеген табақша, Отырардан өсімдік ою-өрнегімен әшкейленген құмыра табылды. Қаланың ішкі рыноктарында мыс ақша қолданылды. Сыртық сауда да, қалалар арасындағы саудада жинап сақтауға қолайлы алтын орнына күміс ақша пайдаланылды. 11ғ.дың 1-ж. Қаз-нда Тараз, Исфиджаб қалалларында ақша жасайтын теңге сарайы болды.
Жазба мәдениеттің дамуы. Түркілерде 7 ғасырда сына жазуын қолданды. Ол жазу ғылымда 17 ғасырдың 20-ж. белгілі болды. Енесей өзендері бойынан табылған бұл жазуды неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оның жанында болған швед офицері И.Страленберг ашты. Скандинавиядан табылған руна жазуларына ұқсас болғандықтан бұл жазуды да руна деп атады. 1889 ж. орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Монголияда Орхон өзені аңғарынан да тапты. Тексті дат ғалымы В.Томсен мен орыс ғалымы В.Радлов оқыды. Негізгі ескерткіштерінің табылған жеріне байланысты бұл жазу Орхон-Енисей деп аталынады. Орта Азия мен Қазақстанда руна жазуы ферғаналық (керамикаға түскен ұсақ таңба) және жетісулық (қырғыз және қазақ жерлерінеде табылған) деп екіге бөлінеді. Біртіндеп түркі жазуын араб жазуы ығыстырды. Халықтың тілі түркі тілі болып қалғанымен, оқымыстылар өз еңбектерін араб тілінде жазды.
Бұл айтылған Ұлы қағанаттар дәуірінен кейін Қазақстан жерінде енді мүлде жаңа дәуір – Оғыз-Қыпшақ кезеңі басталады. Оғыз қыпшақ дәуіріндегі мемлекеттер – Қимақ, Қыпшақ бірлестіктері және Оғыз мемлекеті, сонымен бірге Найман, Керей хандықтары кезінде қазіргі қазақ халқы қалыптаса бастайды.

 


Яндекс.Метрика