1. Ресурсы
  2. Тарих

Тарих

Толе би Әлібекұлы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

(1657-1756 жж.)

Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын бірікгіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.

Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.

Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғысгары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес жүргізді.

Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкенттте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.

Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.

Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай.

Төле би Россия мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Россияға қосылу ниетін білдіреді.

Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.

Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: « Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой!

Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

Төле би туралы аңыздардан

Үйсін Төле би мен Әнет баба

XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.

Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

- Балам, мынаны сындырып көрші?

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:

- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.

Сонда Төле бала:

- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті.

Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.

Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.

Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген.

Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.

БАЙДАЛЫ МЕН ТӨЛЕ

Атақты Ұлы жүз Үйсін Төле би Қуандыққа келіпті. Төле бидің жер жарған даңқын естіп жүрген Қуандықтың ел жақсылары жиылып келіп: “Сізбен құда болғымыз келеді, не қыз беріңіз, не қыз алыңыз”, - деп жабысады. Сонда Төле би: “Ұлымның бәрі үйленген. Бой жетіп отырған қызым бар, соны берейін. Қалың малы жүз жылқы, он бес түйе, бота мойын Жамбы!” – депті. “Құп болады”,- деп айтқан қалың малын, сол жолы бір жола беріп жібереді. Риза болған Төле би: “Қызымды бір жыл сақтайын: ендігі жылы осы уақытта келіп жесірлеріңді ал”, - депті.

Жыл өткен соң Қуандықтан қырық адам келінді аламыз деп Төле биге барады. Бұл екі ортада Төле бойжетіп отырған қызын бір бай өзбекке беріп, ұзатып жібереді. Одан көп мал, ақша алады. Барған Қуандық кісілеріне: “Ер жеткен баланы аңдып отыру қиын екен, қызым бір өзбек жігітімен қашып кетті. Келінді алам десеңдер Ташкенге барып, келіндеріңмен ауыз ба ауыз сөйлейсіңдер, болмаса, “игіліктің ерте-кеші жоқ” деген, бір келінім буаз, соған қараңдар”, - деп, сөз де, теңдік те бермейді, аяғына отырғызбайды.

Қуандық кісілері былай шығып ақылдасып: “Бұл қорлыққа шыдап болмас, Төле бидің жылқысынан жүз жылқы барымта алып қайтайық, сонда да он бес түйе, бота мойын жамбы қалып жатыр ғой! – деседі де, Төле бидің жылқысынан өздерінің берген жүз жылқысын санап алып еліне қайтады. Жылқышылар қуып, бұлармен соғысады. Бір соқыр жылқышы жиырма кісіні аттан түсіріп, бұларды әлсіретеді. Сөйтіп жүргенде жаңбыр жауып күн шытырлағанда әлгі мықты, соқыр жылқышыға жай түсіп өледі. Қалғандарын бұлар жеңіп, жылқыларын еліне айдап қайта береді. Бір жылдан кейін құн даулап Төле би Қуандыққа келсе, Абылай да осы елге келіп жатыр екен. Төле би соған жүгінеді. Абылай дауды созып кейінге қалдырады. “Ендігі жылы тап осы уақытта келемін, оған дейін екі жағың да сегіз-сегізден би сайлап алыңдар. Мен Төбе би боламын”,- деп Төле биді еліне қайырып жібереді. Төле би еліне барып сегіз биді сайлап алып, жыл өткен соң Қуандыққа қайта келеді. Абылай да келіпті. Қуандық ұмытып, би сайламапты. Асығыста жеті би тауып бір би таба алмай , енді үш күнге Абылайдан мұрсат сұрайды. Абылай береді. Ал бұл арада Төле би “жылқышымның құны екі мың жылқы” деп құн дауын даулап бір мың жылқыны Абылайға бермек болады. Мұны Қуандық сезеді. Жеті би күнде кеңес құрады. Бұлардың сөздерін он екі жасар, асық ойнап жүрген Байдалы есітеді. Бір күні жеті бидің қасына келіп сөздерін тыңдап тұрса, Төле биді сөзден жеңе алмаймыз, оның үстіне бір биіміз кем. Осы дауды өршітіп алмай екі мың жылқысын беріп біту керек деген қорытынды байлауға тоқтайды. Мұны естіп тұрған бала: “Ағалар, бұларың дұрыс емес, Төле бидікі зорлық. Зорлыққа төзіп болмайды. Сегізінші бидің орнына мені алып барыңыздар. Төле бимен мен сөйлесіп көрейін, есе алмасам, есемді жібермеспін, мені баласынбаңыздар! Біздің ісіміз ақ емес пе, аққа алла жақ дейтіні қайда? – депті.

Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық билері жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай кім сөйлеседі дегенде, он екі жасар Байдалы:

- Мен сөйлеймін. Аймен аталас емеспіз, күнмен баталас емеспіз бұлтпен туысқанымыз жоқ, сол күнгі жауған жаңбырға жақындасып жуысқанымыз жоқ. Құдайға шықпағыңды шақ дегеніміз жоқ. Құрығын сүйрете алмай жүрген Үйсіннің соқыр жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз жоқ. Еліңде талай қасқа мен жайсаңдар жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан алған құныңды көрсет, Төле би? Құдайдан құн алмасаң, мен де құн бермеймін. “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген. Дұрыс төрелігіңді айт, Абылай! – депті.

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

(Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар және Сарматтар және олардың тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті туралы)

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы /Персопольға жақын/ тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).

Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.

Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады

Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.

Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

Тұрар Рысқұлов

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың ішінде экономика және қаржы-қаражат мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар әлі       күнге дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде тұңғыш рет “Бірінші Рысқұлов оқулары” халықаралық конференция мәртебесінде тұсауы кесілгені осы құрметтің және орынды ардақтаудың көрінісі деп санауға болады. Оған Ресейдің, Литваның, Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру мекемелері, еліміздегі банк секторлары, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, ірі фирмалар мен компаниялардың жетекші өкілдері қатысуда.

– Рысқұлов оқуларының аса мәнді болатын себебі, бұрын бір-бірімен онша байланысы жоқ жеке-дара ғылыми шаралар өткізіліп келген болса, енді елдегі жетекші экономикалық жоғары оқу орнының базасында жыл сайын өтетін бұл Оқулардың өзіндік дәстүрі қалыптасып, ол қазақстандық және шетелдік экономистердің ғылыми ой бөлісуінің, отандық және әлемдік экономиканың ең бір көкей-кесті келелі проблемалары бойынша теоретик ғалымдар мен осы мәселемен тікелей айналысушылардың арасындағы пікірталасының өнікті бір формасына айналмақшы, – деді Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры, профессор Әли Әбішев халықаралық конференцияның ашылу салтанатында. – Біз өз дамуында сапалық жаңа күйге ұмтылатын қоғам дамудың біртұтас байыптамасына ділгер болатынын өктем түрде сезінеміз. Әлеуметтік-экономикалық үдерістер эволюциясы векторының айқын бейнесін нақ сол бере алады және сонысы арқылы жаңартудың шынайы, ғылыми негіз-делген бағдарламаларын әзірлеудің негізіне айналады.  Рысқұлов оқулары университеттегі ғылыми қызметті барлық деңгейде қарқындатып, дарынды зерттеушілердің ғылыми баяндамалар мен хабарламалар жасауының мінбесіне айналуы қажет.

Басқосуға жиналған ғалымдар мен саясаткерлер, қаржыгерлер “Қазақстан: бәсекелестік және жаңғыру” деген тақырыпта басталған конференция жұмысына белсене қатысты. Қазақстанның экономикалық және стратегиялық басымдықтары, жаһандану мен реформалар: саясат, құқық және қоғам, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық білімнің жаңартылуы деген секциялар бойынша өз ойларын ортаға салды.

Білім және ғылым министрінің орынбасары Ғафиза Өтеулина жастарға әлеуметтік стандарттарға сәйкес білім беру ісі осы даму жолында қоғам қол созатын межеге апаратын бірден-бір жол, деді. Кезінде Т.Рысқұлов кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан қазақ жастарының жиынында “Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар” деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні мен маңызын әлі де жойған жоқ. Терең ойлы қайраткердің республика жұртшылығын халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету үшін өңдеуші салаларды дамытуға зор көңіл бөліп, ел экономикасын индустрияландырудың мәнін жоғары қойғаны да белгілі. Қайраткердің экономикалық мұрасын әлі де терең зерттей түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат.

Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденов өз сөзінде Т.Рысқұловтың  экономикалық пайымы терең екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді алға тартты. Оның ХХ ғасырдың басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір төбе. Рысқұлов оқуларының біздің өмірімізден өз орнын табатын тұстары көп. Себебі, қазіргі заман интеграциялық байланыстардың мағынасын бұрынғыдан да күшейтіп келеді. Қаржы рыногында тиімділікке қол жеткізу, банк қызметін ұтымды ұйымдастыру жөнінде осы конференцияға қатысушылар өздерінің бағалы ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік алатынына сенім білдірді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары, саяси ғылымдар докторы Серік Сейдуманов бүгінде бұл конференцияның дәстүрлі түрде өтуіне негіз қаланса, ертеңгі күні ол Алматының экономикалық форумына айнала алады деген пікірін айтты. Еліміздің күнгейдегі бас қаласын Орталық Азиядағы қаржы орталығына айналдыру мақсатты  түрде қолға алынғанын ескерсек, әлемдік бай тәжірибе және жаңа экономикалық ізденістер бұл тұрғыда құнды болмақ.

Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Василе Соаре: “Кезінде Румыния елі де дағдарысты кезеңдерді бастан өткерген. Қазір экономикалық бағыт-бағдары даму жолын көздейтін біздің еліміз тікелей инвестиция тартуда табыстарға қол жеткізіп, отандық өндірісін ұлғайту үстінде. Қазақстанда нарық жағдайында бірқатар қиындықтарды артқа тастады. Сіздердің елдеріңіздің дүние жүзінде бәсекелестікке лайықты 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатты алға қоюы – қарқынды дамудың нәтижесі. Қазақ экономикалық университетінде басталған ғалымдардың ой жиынтығы қоғамға қызмет ететініне сенемін”, деді.

Америкалық экономист-ғалым, профессор  Камал Фатехи қазақтың және көптеген шетелден келген белгілі ғалымдардың пікірталасы жағдайында қазіргі заманғы экономикалық ғылымның ең маңызды мәселелерін талқылап, Қазақстанның ең маңызды экономикалық проблемалары мен әлемнің басқа да елдерінің экономикалық құрылымдарына байланысты нәрлі және қажетті ой қорытуға пайдасы мол конференция әрдайым өміршең болады, деді. Болашағы бар ел өзінің өткен тарихының жарқын беттерін асыл мұра ретінде оқытады. Тұрар Рысқұлов сияқты терең білімдар саясаткер әрі публицист-экономистің, бір ұлтқа ғана емес, бүкіл түркі жұртына тұтқа болған азаматтың еңбектерінен өзекті мәселелерді туындатып, бүгінгімен сабақтастыра қарау кездейсоқтық емес.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, профессор Оразалы Сәбден “Тұрар Рысқұлов – Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері: экономист, тарихшы, публицист” деген тақырыпта келелі сөз қозғап, тарихи тұлғаның сан қырын түйіндеп айтып берді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Яхия Әубәкіров “Экономикалық теория – экономикалық білімнің өзегі” деген тақырыпта баяндама жасап, көп ойларды алға тартты. Біз экономика теориясы жөніндегі мамандарды көптеп тәрбиелеп шығаруымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл пән кейбір жоғары оқу орындарында тізімнен шығып қалған сияқты. Осының салдарынан енді біз қоғамның экономикалық байланыстары жөнінде терең білім алған мамандарға зәру болуымыз мүмкін. Қалай айтсаңыз да, ғылым теориясыз болмайды. Бұл мәселе орыс ғалымдары арасында да бірнеше мәрте талқыланды. Жаһандық әлеуметтік-экономикалық тақырып өткір күйінде сезілуде, ендеше біз осы саланың мамандарын даярлауға ерекше мән беруге тиіспіз, деді.

Белгілі академик, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ қаржы, банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры Оразгелді Баймұратов әлемдегі дәуірлік өзгерістер және Қазақстан – экономистің көзқарасында қандай деңгейде және бағытта екеніне зер салды.

Сондай-ақ Франциядан келген ғалым Пьер Мандес Франс универ-ситеті жанындағы Еуропа кеңістігін зерттеу институтының директоры Иван Самсон Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің Қазақстан экономикасы үшін салдары қандай болмақ деген сұраққа жауап іздеді. Ол жауап біржақты естілген жоқ. Күрделіліктер туғызуы мүмкін. Дей тұрғанмен, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру қоғамның барлық саласында қолға алынса, қарқынды даму шешуші әрі пайдалы рөл атқарады.

Сонымен, “Бірінші Рысқұлов оқулары” Алматы қаласында әлемге аты әйгілі болған ғалымдардың басын біріктіріп отыр. Олар ең әуелі Қазақстанның бүгінгі өркениетті даму жолына түскенін сезінуі бір төбе, сонымен бірге Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлердің ұрпақтан ұрпаққа тарайтын асыл мұраларының өшпес ізін жарқырата көрсететіні сөзсіз. Форумға қатысушылар Т.Рысқұлов туралы көрме экспонаттарымен, ғылыми еңбектерімен және жоғары оқу орындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып та үлгерді. Олар бүгін бірнеше “дөңгелек үстел” пікірталасына қатысады.

Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Жоспары:

 

  • Кіріспе бөлім
  • Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және  отаршылдыққа   қарсы    күресі.
  • Қорытынды.
  • Қолданылған әдебиеттер.

 

 

Кіріспе.

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

 

Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және   отаршылдыққа қарсы  күресі.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге  мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.

1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.

Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.

Шаруалар   мен    феодалдардың арасындағы   қарама-қайшылықтар  шиеленісумен    қатар,    феодалдық    таптың өз ішінде де бплік  үшін   тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық   феодалдық    билеушілердің  (би, старшын, батырлар)  ықпалының күшеюімен    келіскілері   келмеді.   Әртүрлі    феодалдық   топтардың   арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің    барысына    әсерін    тигізді. Оның    негізгі   күші    шаруалар   еді. Көтеріліске   билер  мен   старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың   дүмпуін,   наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым     шаруа       старшындар      мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды,   сонымен   қатар,   олар   хан   мен сұлтандардың     тепкісінен    халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ,      бұлардың     бастауымен

Орал казак әскерлерінің шабуылынан да  құтыламыз деп ойлады. Патриархалдық   феодалды   бай-манаптардың көздеген   мақсаты   шаруалардың   мақсатымен     ұштаспайтын    еді,    олардың арасында      қарама-қайшылық      болды.   Көтеріліске   шыққан    шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ    ойда    еді.    Олар    хан    мен сұлтандардың      тарапынан      зорлық көріп,   алым-салықтар    төлеп   тақыр кедейге      айналғанды.       Шаруалар феодалды құрылысты   жою   туралы   міндетті қойған   да жок,   және   қоймақ та емес еді. Көтерілісті  бастаған үстем таптың  өкілдері хан мен сұлтандардың  хұқтарына  ғана  шек  қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеді. 1782—83 жылдардың   қысында   «Ішкі   жаққа»   өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам  жылқысын  Орал  казак  әскерлерініц   старшындары   айдап   әкетгі.   Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен   Кіші   жүздің  батыс  аймағында дүмпу пайда болды. Бұл қауесет басқа  жерлерге   де   жайылды.  Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде  ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты   руының   старшыны   болатын.

Сырымның ауылы Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың  басында Сырым Датовтың отрядында 2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.

Көтерілістің етек   алуынан   сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы     патша     әкімшілігінен көтерілісті  басу үшін  әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.

Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы күресі еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап,  талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан тыс көтеріліске шыққан  ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты. Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана қарсы шықты.

Осы кезде көтерілісшілер хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы сәуірде көтерілісшілердің қысымынан ығысқан хан патша үкіметін паналауға мәжбүр болады. 1786 ж. маусымда Екатерина II Нұралы ханды хандықтан шеттету туралы рескриптке қол қойды. Нұралы Орынборға шақыртылып, одан әрі Уфаға жөнелтілді. Патша үкіметі казақ даласындағы дүмпуді әрі үстем тап арасындағы тартыстарды пайдаланып, Кіші жүздегі хандық өкіметті жоюды ұйғарды. Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ қойып, съезд старшындары 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үшке бөлу туралы шешімге келді. Бұл бөліктердің әрқайсысын съезд сайлаған старшындар билейді. Патша үкіметі Кіші жүзде хан өкіметінің  жойылуы — отаршылық  саясатты жүргізуге ыкпалын тигізеді деп  ұйғарды. Сонымен қатар патша үкіметі патриархалдық-феодалдық       шонжарларға арқа    сүйеп   отырды. Ықпалы   күшті деген беделді   старшындарға «Бас старшын»  деген атақ берді. Бұларға  өзге   де    руларды    бақылау    міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі  буын — ру старшындарына да  жалақы     белгіленді.    Бірақ,   бұл   «реформа» Кіші жүздің ірі старшындары мен билерінің қарсылығына, әрі бұған Орта жүздің ханы Уәлидің, Түрікменнің ханы Пірәлінің құптамауына байланысты жүзеге асырылмады. Бұған қоса патша үкіметі Францияда басталған буржуазиялық революциядан сескенген-ді. Осындай жағдайда ел басқарудың ескі жүйесіне қандай да болса өзгеріс енгізу революциялық  іс тәрізді болды.

1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін   билер тобы Кіші    жүздің    хандық   тағына   Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды.  Ресми   тәртіпті  сақтаған   болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа сайлайтын   жиынын   1791жылы   тамыздың   ақырында   шақыру    белгіленді.   Хан  «сайланатын»  жерге   (Ор қорғанына таяу)   патша  әскері келтірілді.  . Осындай жағдайда халық жаратпайтын   Ералы сұлтан   хан «сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді   қатты   дүрліктірді. Соның салдарынан   малшы    шаруалар   сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше   көтерілді. Бұл   қозғалыстың   феодалдарға қарсы  белгілері  айқып көріне  бастаған-ды. Осындай жағдайда билер   мен   сұлтандар   арасында хандықты  қалпына   келтіру,  сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық   қозғалысының   осы  кезеңінде  Сырымның басында   толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою   райынан    қайтып,   «өзіміздің    ырқымыздан   шықпайтын   хан   сайлайық» деген   билер     мен     старшындардың көпшілігінің талабына қосылды.  Сырым   Ералыға   карсы   күресе   отырып, Кіші    жүздің    хан    тағынан   дәмелі Әбілғазы   Қайыповты   жақтауға   ден қойды. Әбілғазы  көп жанды   әрі қолды Шекті   руының   билеушісі   және Хиуа   ханымен   де берік   байланыста еді. Сырым  Сырға  қарай  көшті. Бұхар мсн Хиуа хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ  жерін  Россиядан  бөлуге   ат  салысты. Бірақ олардың көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60  жылға  жуық  болуының да  әсері тиді.  Көтөріліске   шыққандар   бүкіл     казақ жұртшылығы   сияқты   Россиямен  шаруашылық  байланыстың  пайдасын бұзып,  байырғы  жайылымдық   жерлерін сақтап қалуға тырысты.  Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс   өрісі жаңа   қарқынмен   үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл   жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында    күресті.     Олар     қозғалысқа қарсы    билер    мен    старшындардың ауылдарын    шапты.    Қазақ    даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.

1792 жылдың  күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Бұдан бұрынғыдай, сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған-ды. Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады. Патша қорғаныстарына тұтқиылдан жасаған бірнеше шабуылы сәтсіз аякталғаннан соң көтерілісшілер күрес тәсілдерін өзгертті. Олар партизандық соғыс тәсіліне көшті. Аз топпен қимыл жасаған көтерілісшілер отряды ізін білдірмеді. Ауылдар бар көмегін жасады. 1794 жылдың жазында Ералы дүние салды. Патша үкіметі жана хан сайлауды ұзақ ойластырды. 1796 жылы қазанда ғана билердің аз ғана тобынын қатысуымен Кіші жүздің ханы Нұралының баласы Есім сұлтан болды деп жариялады. Есім хан көтерілісті басуға барлық жазаны қолданды.

1795—96 жылдың қысында қазақ даласын жұт жайлады да, көтпеген ауыл ақсүйек болып қалды. Мал қырылған соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім мен оның сыбайластары әр түрлі алым-салық жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп, ауылы талкандалды. Ханның тумалары бытырай қашты. Ханнық өлімі, халық дүмпуінің барған сайын арта тусуі шонжарларды сескендірмей қоймады. Олардың   жана    ханды   құптайтъінын    патшаға білдірді. Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш тағы басқа ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді жою үшін Орал әскерінің атаманы Донский ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына қатысты. Сонымен қатар патша үкіметі айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуак сұлтан, мүшелігіне алты старшын, патша әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов сайланды. Кеңеске сұлтандар мен старшындардың уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды. Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп кешікпей жиын өтіп жатқан жерге, құрамында 7 мыңға  жуық адам бар   отрядты бастап Сырым   келді. Ол   халықтың қатты күйзелгеніне   және хан   кеңесінің құрылуыыа байланысты күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы қазанда патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды хан сайлады.

Қорытынды.

Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.

Көтеріліс    14  жылга    созылды.    Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.

2. Рысбеков Т. «Өскен өлке тарихы».

3. Қазақ совет энциклопедиясы.

Сталинград шайқасы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Мазмұны:
1. Сталинград шайқасы.
2. Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович.
3. Қолданылған әдебиет.

Сталинград шайқасы.
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл  19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал - лейтенатнт К.К.Рокоссовский) және Оңтүстік – Шығыс майданы (қолбасшысы генерал – полковник А.М.Еменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратегиялық қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: «Уран» - Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; «Кіші Сатурн» - Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; «Шеңбер» - Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік – Батыс майдан (қолбасшысы генерал – лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал – полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімдері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал – фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен «Дон» армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал – мойор Р.Я.Млиновскийдің 2 – гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4 – неміс тан армиясы, 3 және 4 – румын, 8 – итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс – фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті.  Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал – фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн. – ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қоса фашистер 32 – дивизиясынан және 3 – бригадасынан айрылып, 16 – дивизиясы соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс – фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық – саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданда соғысқа деген ықыласы болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын жоспарлады. Түркия бейтараптығын сақтап қалды. 1942 – 43 жылдары антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді.
Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК – нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Умаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 – танк армиясы мен 57 – армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери – оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30 – ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73 – гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387 – атқыштар дивизиялары, 81 – атты әскери дивизиясы, 74 – теңіз атқыштар бригадасы, 129 – миномет полкі және 156 – жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62 – армиясының құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64 – армиясы құрамында болған қазақстандық 29, 38 – атқыштар дивизиясы Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73 – гв. атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрмаетті атағы қоса берілді. 1942 жылы 22 желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Қеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі Қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С.Позолотин, взвод командирі Г.Г.Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда  Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайақасы» музей – панорамасы ашылды.

СТАЛИН.
Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович (09.12.1879 Гори қаласы, қазіргі Грузия Республикасы – 05.03.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53 жж), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» (үшінші топ) атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 2 – съезінде (08.11.1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 – 22 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО – ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде «автономияландыру» (бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1 – съезіне (1922 жыл желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 13 – съезі (1924 жыл мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғ. Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП – ның 1956 жылы өткен 20 – съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Соц. Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі қызыл алаңға жерленген.


Қолданылған әдебиет:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 2006 жыл)
Такер Р. «Сталин, Путь к власти» 1997; Громов Е. «Сталин, Искусство и власть» 2004; Карпов В. «Генералиссимус» книга 1 – 2, Калининград 2004; Жуков Ю. «Сталин, Тайны власти» 2005; его же, «Йной Сталин» 2005; (С.Тортаев).


Яндекс.Метрика