1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Тарих

Халел Досмухамедов

Халел Досмұхамедов (1883-1937)
 
А. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
 Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.  1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.  1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
 Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
 Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
 Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
 Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
 Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
 Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Халел Досмұхамедов, Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған белді мүшесі, Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, жан-жақты білімпаз-ғалым, мамандығы жағынан әскери дәрігер. 1883 жылдың 24 сәуірінде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, №4 ауылында дүниеге келген. Алғашында Ойыл болыстық қазақ мектебінде оқып, 1895 жылы тамыз айында Орал әскери жолды училищенің дайындау бөліміне түсіп, училищені 1903 жылы кілең 5-ке бітіріп, сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын 1909 жылғы 17 қарашада үздік емші-дәрігер атағымен бітіріп шығады. Бір қызығы, академияда оқып жүрген кезінде, сол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша, академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаев Сағира Жұмағашқызына үйленеді. Академияда оқып жүргенде-ақ ол баспасөз беттерінен империяда болып жатқан әр түрлі саяси толқулардың мән-жайын түсіндіріп, оның шет ай­мақтағы қазақ даласын қамту мүмкіндігін ашып айтып, оған алдын ала дайын отыруын ескертеді. 1905 жылы Теке (Орал) қаласында бес болыстан жиылған сиезге қазақ оқығандары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға әре­кеттенеді. Олардың арасында студент Халел де бар болатын.
Академияны бітірген соң міндетті медициналық қызметін не әскери, не теңіз салаларында өтеуге тиіс болғандықтан, әр түрлі әскери бөлімшелер­де әскери дәрігер қызметін атқарады. Оба індетіне қарсы күресті. 1913 жылы міндетті әскери қызметінен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болады. Сол кезеңдерде «Қазақ» газетінде жұқпалы аурулардан қорғану, әр түрлі жалған емшілерге емделмеу сияқты пайдалы кеңестер ұсынады. Кітапша да шығарады.
Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқы­ның болашағы үшін саяси күреске араласады. Орал облыстық қазақ сиездеріне қатысып, әр түрлі заң жобаларын дайындап ұсынады.
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. 1917 жылы шілдеде өткен жалпы қазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Сол жылғы желтоқсанда өткен жалпы қазақтың сиезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады. 1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіме­тінің басшысы В.И.Ленин және И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жәрдем алуға қол жеткізеді.
1918 жылдың мамыр айында Жанша екеуі Оралда сиез ашып, онда «Ойыл уалаятының уақытша үкіметін» жариялайды. Әскер жасақтайды. Кіші әскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады. Қа­зақ жасақшыларына қару-жарақ алуға, банк ашуға, баспахана ұйымдас­тырып, газет шығаруға көп еңбек сіңіреді. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен алаш басшыларының жиналысында «Жер шалғайлығы мен жол қатынастарының нашарлығынан бүкіл елді бір орталықтан басқару қиындығын» ескеріп, «Ойыл уалаяты» ресми түрде мойында­лады. Оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат беріледі де батыстағы бірнеше уез жерін басқару құқын Азамат соғысы жылдарында Батыс алашорда бөлімшесінің әскери жасақтары әр түрлі ұрыс қимыл­дарға қатысады. Кеңес өкіметі орнаған соң басқа да алаш қайраткерлері сияқты ол да ел басқарудан оқшауландырылады.
1920 жылы Ташкентке, Түркістан өлкесіне келіп әр түрлі ғылыми, оқу-ағарту салаларында жемісті еңбек етеді. Педагогикалық білім тарату, оқу­лықтар жазып шығарумен айналысады. Жаңа терминдер қалыптастыруға ат салысады. «Табиғат тану», «Жануарлар», «Сүйектілер туралы», «Оқушылардың денсаулығын сақтау» және тағы басқа оқулықтар жазады. Халелдің ауыз әдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарудағы еңбегі зор. Махам бет, Мұрат ақынның жырларын, Шернияз бен Ығылманның толғауларын жинастыруда өшпес еңбек етті. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», тарихи шежірелер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары да өлшеусіз. Ташкенде «Сана» атты ғылыми-көпшілік, әдеби журналын шығарып тұрды.
1928 жылы ашылған қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атын­дағы пед. унив) құруға белсене араласты. Университеттің профессоры атағын алды. 1930 жылы ұсталып, Воронежге жер аударылады. Онда дәрігерлік қызметте болып, 1935 жылы мерзімі бітсе де, сонда қалады. 1938 жылы қайтара ұсталынады да, 1939 жылғы үкіммен ату жазасына кесіледі. Сол жылғы 19 тамызда түрме ауруханасында аурудан қайтыс болады.
Халел – студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді. Досмұхамедұлы Халел – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын сүргін зұлматына алдымен халқымыздың маңдай алды аяулы азаматтары ұшырағаны белгілі. Солардың бірі болып, КазПи де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып, Воронежге жер аударылды. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесінде отырды. 1937 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылды. Халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ деп, бар мағыналы өмірін осы жолға арнаған аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
Бір дерек:
Алғашқыда біз де Маратты көптің бірі деп ойлағанбыз. Әдеттегідей адам сөйлескенше деген, танысып барып білістік. Жүрегі жұртым деп жылап тұрған, қарапайым, намысқой, ұлты үшін басын тігуге бар. Қазір елуді еңсерген, қара еті еңбекпен піскен қайыстай қараторы жігіт ағасы.
– Өкініштісі сол, – деді ол, – біздің әулет өмірдің рахатын сезінбей өтті. Халел атам ұлты үшін  жаралған жан еді. Сол кезгі билік қуғындаумен болды. Ақыры түбіне жетті. Ал, ұрпақтары ше? Дені дұрыс қызмет бермей, төрт құбылаға тентіретіп жіберді. Соңына шам алып түскендер бір жерде тұрақтанып тұруға мүмкіндік бермеді. Оның ауыртпалығы мен ащы сабағын немересі мен де сезіндім. Алматы медицина институтының үшінші курсынан оқуды тастауға тура келді. Себеп – анамның 70 сом зейнетақысына қарап, күн көру мүмкін емес еді. Әкем ерте қайтыс болды. Тірі адам тіршілік етеді, амалсыз басымды бейнетке салдым...
Мараттың әңгімесіне қарағанда, көп мәселе көлеңкелі сияқты. Оны ашып айтатын уақыт туды. Біз бұған бармас бұрын, Халел Досмұхамедов кім болды, оны не үшін жазықты етті, енді соны сабақтайық. Халел Досмұхамедов 1883 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмында туған, Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан  төң­керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым – “Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Адамның тін тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі – сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы”, “Шернияз шешен”, “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана”, “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі”, “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі”, “Исатай — Махамбет”, “Аламан” жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланды, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақ мемлекеттік университетінің  әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Ал, 1958 жылы 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Жалпы, Халелден Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Мұның бәрі де жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті. Бұл туралы толықтай айту бір мақалаға сыймайды. Сондықтан Қызылордаға қатысты жағын ғана қарастыруды ұйғардық. Досмұхамедовтер отбасына келген нәубет бала-шағасын тарыдай шашып жіберді дедік. Әділхан Сыр елін сағалады. Алдымен Шиелі аудандық ауруханасында, сосын республикалық алапес ауруын емдеу мекемесінде дәрігер болды.
 О баста Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы дайындық курсын үздік бітірген жылы әкесін “халық жауы” ретінде Воронежге жер аударғанда, оның кесірі баласына да тиді. Әрі қарай оқудың сәтін салмады.
 – Адам деген ең төзімді тіршілік иесі ғой. Қанша қиыншылық қыспақтаса да тауқыметке төтеп бере алған. Алдамшы өмірде де айтарлықтай асу бар, оған жеткен де кем болмасы анық. Әкем Әділхан Ұлы Отан соғысынан ауыр жараланып, І топтағы мүгедек болып келді. Бірақ бейнеттен қашпады. Өзін еңбегімен дәлелдеді. Апайым Қарашаш пен ағам Төле екі көзден қалса да ғылымға, өмірге ұмтылысын тоқтатқан жоқ. Ақыры ғылыми еңбегін зерттеп, қорғады. Міне, біздің әулет қандай нәубет төнсе де мұқалмай, мүмкіндігін мағлұм етті. Қазір атамнан тараған ұл-қыздың біреуі де қалмады. Немереден жалғыз мен тірімін.
 Әкем Қызылордаға келгенде ешкімге тіс жарып айтпаса керек. Өйткені, “халық жауының” баласы деген жаман аттан әбден шаршаған секілді. Ол 1968 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы жерде бір айтарым, әкем кезінде мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен Алматыда, №14 мектепте, сосын ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде бірге оқыған. Қарашаш апайым Қарғалы демалыс үйінде ОК-ның іс басқарушысымен кездесіп, оған әкем жайлы айтқан екен. Содан көп ұзамай Орталық комитеттен шақырту алды. Қонаев қабылдап, Алматыдан үй берді. Екеуі ұзақ сөйлескен сияқты. Димаш аға әкемнің басындағы жағдаймен таныс болатын. Іштегі қатып қалған шерін досына ақтарған ғой деп ойлаймын. Екі күн өтпей әкем ауруханаға түсті де, араға бірнеше уақыт салып өмірден өтті. Кейін білгенім, Қонаев әкемнің жиені Халел Досмұхамедов қорының президенті Динаны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындаған еді. Соған айтқан екен, ағаң өте үздік оқыды, бірақ арманына жете алмай кетті деп. Шынында, жер аударылып Воронежге барды, Астраханьда мединститутта оқыды, оны Алматыда әрең аяқтады. Әйтеуір сол кезгі саясат оқытпауға да, қызметке орналаспауға да әрекет етіп тырысты.
 Мен Қызылордадағы №3 мектепті бітіргенмін. Алматыда, Астраханьда жұмыс жасадым. Қазір “Қыран-СТС” еншілес ЖШС-да директордың орынбасарымын. Атам атыраулық болса, әкем мен маған Сыр елі туған жеріміз. Жұбайым Ғалия екеуміздің Гүлназ, Әсел есімді екі қызымыз бар. Үлкеніміз ҚазҰУ биотехнология факультетіне грантпен оқуға түсті. Кішіміз “Парасат” мектебінде оқушы. 1994 жылы Атырау мемлекеттік университетіне Халел Досмұхамедовтің есімі беріліп, үлкен шара жасалды. Соған ұрпағын шақырып, құрмет көрсетті. Мені үлкен ілтипатпен төрге оздырып, кіші басымды көкке көтерді. Содан он жыл өткенде университетте әлгіндей шара тағы ұйымдастырылды. Бірақ бұл жолы басқа немере пайда болды. Соған әлі таңмын, ол кім деп. Себебі, менен басқа тірі немере қалмады ғой. Бәлкім, ұлы адамға ұрпақ болғысы келетіндер көп шығар, солардың бірі болар дедім. Оқу орнының басшыларына хат жазғым да келді. Ойлана-ойлана мынадай пікірге тоқталдым: расында, немере екенімді бәрі біледі. Одан артық не керек.
 Қазір Халел Досмұхамедов атындағы қор жұмысын қайта жаңғыртсам деймін. Оған жергілікті билік иелері қолдау білдіріп жатса тіпті жақсы. Қазақ үшін жанын пида еткен марқасқаны тірілту әрбір азаматқа парыз екені айқын. Сондықтан қор жұмысы Қызылордада қанат жайды деген қандай абырой болса, сол жолда мен дайынмын, – деді Марат.
 Иә, күнделікті күйбеңмен ескере бермейтін осындай жандар арамызда жүр. Біреуге алақан жаятындай адам емес, кәдімгі тектінің тұяғы десек жарасады. Оның Қызылорда үшін жасаймын деген жобалары өте көп. Жақсы тірлікті мақсаттаған Мараттан осындай әңгіме естідік. Бір қынжылатынымыз, айналамызда жүрген адамдарды әлі дұрыс танымайтынымыз екен. Барды бағалай алсақ, әлі кеш  емес.

Хакназар хан


Хақназар хан
(1538-1580ж.ж. билік құрған)
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты.
Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасы н билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағыл мырзаның тобы Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы Иван IV ке: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды» деп хабарлаған.
Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «1969-жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569-жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазаақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс,солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563-жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды.
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазаақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.
XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557-1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579-жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады.
1579-жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді.
Әдебиеттер:
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандықтары. Хақназар хан туралы // Қазақ ССР тарихы.- Алматы,1957.- Т.1.- Б. 188-189
Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Хақназар хандық құрған дәуірде // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.251-255
Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары: Хақназар хан // Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс.- Алматы, 1981.- Б.13-18
Мағауин М. Қиғылық жылдар: (Хақназар хан туралы) // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 27-30
Хақназар хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.71-72
* * *
Әбусейітова М. Хақназар және XVI ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің нығаюы // Егемен Қазақстан.- 1998.- 11 қараша.

ХІХ–ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары

ХІХ–ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары
(тарихи-этнографиялық зерттеу)


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған, ғаламдану белең алған заманда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің көкейкестілігі артып отыр. Тоталитаризмнен кейінгі кезеңде отандық тарих пен төлтума мәдениеттің жете зерттелмей келген кейбір тұстарына жіті назар аударылып, соның ішінде қазақ мәдениетіндегі жалпы этникалық, аймақтық және жергілікті этнографиялық ерекшеліктерге арналған ізденістер жандана түсті.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерттеуде белгілі бір аймақта өмір сүретін қазақтардың этнографиялық болмыс-бітімін сипаттай отырып, ондағы ерекшеліктерін, басқалардан даралап тұрған айырмашылығы мен ұқсастығын айқындаудың ғылыми маңызы зор екендігі белгілі. Мұндай этнографиялық ерекшеліктерді жіктеп, саралау арқылы біртұтас қазақ мәдениетінің кешенді төлтума бейнесі хақында, сондай-ақ көрші жұрттар арасындағы тарихи-мәдени ықпалдастық, байланыс туралы мағлұматтар кеңейе түседі, әрі ондай байланыстар мен өзгерістерге түсудің тетігі, себеп-салдары туралы кеңірек танып білеміз. Сол арқылы төл мәдениетімізді дәріптеудің, дамытудың жолдарына жауап таба аламыз.
Еуразия даласының қомақты бөлігін алып жатқан қазақ халқының мәдениетінің біртұтастығы, бірегейлігі көптеген зерттеушілердің назарына ілікті. Жалпы халық мәдениетінің біркелкілігі оның ілкідегі мемлекеттілігінен бастау алып, ғасырлар бойы қоғамдық-әлеуметтік, саяси, технократтық өзгерістермен байланыста жүрілетіндігі белгілі.
Қазақ мәдениеті өзінің негізгі модельдік-типтік (үлгі-нұсқалық) қасиеттері жағынан біркелкі болғанымен, таралған тарихи-географиялық аймақтарында өзіндік ерекшеліктерімен де, әдет-ғұрыптарындағы кейбір азын-аулақ өзгешеліктерімен де аздап түрленетіні хақ. Кең сахарадағы қазақтар ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы жағрафиялық орналасуы, жер жағдайы, қоршаған ортаға негізделген әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық-тұрмыс жай-күйі, отарлау саясаты, жерге орналастыру, әкімшілік бөлініс, технократтық ықпал, көрші мемлекеттермен арадағы қатынас және т.б. толып жатқан факторларға байланысты өзіндік жергілікті этнографиялық дамуды бастан кешірді.
Тақырыпқа өзек болып отырған осындай жергілікті өзгешеліктерді түсіндіруде М.Г.Левин, К.В.Чистов, Н.Н.Чебоксаревтар ұсынған “шаруашылық мәдени тип” (осыдан былай - ШМТ) қағидасы көп мәселенің басын ашуға арқау болады. ШМТ дегеніміз белгiлi бiр табиғи-жағрафиялық жағдайдағы халықтың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне сәйкес қалыптасқан шаруашылық пен мәдениеттегi ерекшелiктердiң табиғи-тарихи жүйесi [1, 4 б.]. Шаруашылық мәдени типтiң қайсысы болсын табиғи ортамен болатын қоян-қолтық байланыс барысында бiртектi этникалық нышандарды бойына жинайды. Осыдан келіп этникалық бітім айқындалып, сан-салалы мәдени айғақтар саралана бастайды. Осы орайда, оның екi жақтылығы, яғни табиғат пен адам тарихтарының бiр-бiрiмен өте тығыз сабақтастығы және өзара себеп-салдарлық байланысы маңызды орын алады. Этникалық дәстүрдегi шаруашылық болмысы материалдық және рухани мәдениеттiң оңтайлы сұлбасын жасайды. Осындай факторлар мен оның даму бағдарына байланысты оның тарихи-этнографиялық аймағы дараланады [2, 17 б.]. Бұған әрине, қоғамдық саяси даму тенденциялары да үлкен әсер ететіндігі белгілі.
Тарихи-этнологиялық ізденістердің белгілі бір аймақтық, өлкелік аумақтағы зерттеулер аясында жүрілуі салыстырмалы-салғастырмалы материалдардың базасын толықтыра отырып, ғылыми теориялық, әдістемелік пайымдар жасау тұрғысында ғылым үшін аса үлкен маңызға ие екендігіне күмән тумаса керек.
Патшалық отарлау мен коммунистік жүйеде өмір сүрген кезінде қазақ этносының этникалық, биологиялық, рухани күш-қуатының қоры бола білген түрлі этнографиялық аймақтар қазақ халқының тарихи-мәдени-биологиялық қоры, қорғаныс ошағына айналды. Осындай ірі локальдық қазақы Торғай, Қарқаралы, Шұбартау-Абай, Созақ, Маңғыстау, Атырау, Шалқар, Ырғыз, Жымпиты, Кеген-Нарынқол сияқты және т.б. толып жатқан аймақтар қатарында Тарбағатай өңірі де орын алады. Бұл аймақтар туралы арнайы тарихи-этнографиялық зерттеулер ішінара болса да бірлі-жарым жүргізілді.
Сондай бір арнайы зерттеуді талап ететін этнографиялық локальдық аймақ Тарбағатай қазақтары туралы арнайы тарихи-этнографиялық зерттеу жоқтың қасы. Қытай және Ресеймен шекаралас орналасқан олардың тұрмысында, салт-дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптары, дәстүрлі шаруашылығы, кәсібі, мінез-құлқында өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, Тарбағатайдың теріскей бетінде ұзақ жылдар томаға тұйықтау қалған, орыс мәдениетінің әсеріне аз ұшыраған қазақ халқының бұл тобында этнографиялық дәстүрдің табиғи қалпы мейілінше сақталды. 1955 жылдардан 1963 жылдарға дейін Қытайдан елге оралған қазақтардың дені осы өлкеге көптеп қоныстануы аталмыш өлкеде белгілі бір этнографиялық ерекше келбеттің қалыптасуына әсер еткені белгілі. Сондықтан, қазақ тарихы, мәдениеті үшін маңызы зор зерттеу нысаны ретінде Тарбағатайдың теріскей бетін мекендейтін қазақтардың ХІХ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың бастапқы кезіне дейінгі тарихи этнографиясын кешенді түрде зерттеу алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ-ХХ ғ. басында отарлаушы Патша өкіметіне әкімшілік аумақтық жағынан басқару үшін жергілікті халықтың тарихын, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқын жете, кешенді танып білу қажеттілігі туындады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қазақ даласына аттанған саяхатшылар мен зерттеушілердің, ел арасынан әр түрлі жолдармен мәліметтер жинаған патша шенеуніктерінің жазба деректері қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті жан-жақты мағлұматтар береді. Әсіресе, И.Г.Андреев, И.Сиверс, С.Б.Броневский, Н.Д.Абрамовтың мақалаларында Тарбағатай қазақтарының рулық құрамы, орналасуы, шаруашылығы туралы нақты мәліметтер бар. Қазіргі күнде із-түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан тікелей жинаған мағлұматтар негізінде жазылған А.И.Левшиннің 1882 жылы жарық көрген белгілі монографиялық еңбегінің маңызы ерекше.
Белгілі саяхатшы Г.Н.Потаниннің “Очерки Северо-Западной Монголии” [3] еңбегі мен бірқатар мақалаларындағы Тарбағатайдағы қазақ рулары, олардың мал шаруашылығы, қолөнері, аңшылығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі турасындағы мәліметтері өте құнды. Ал, заттық және рухани мәдениеті туралы мәліметтер белгілі түрколог В.В.Радловтың, атақты Ш.Ш.Уәлихановтың еңбектерінде кездеседі.
Орыс мерзімді басылымдары мен әдеби, әскери журналдарда тақырыпқа қатысты жарық көрген жарияланымдар баршылық. Солардың бірі – “П.” деген лақап атпен жариялаған автордың “Обычаи киргизов Семипалатинской области” [4] және К.Дужанның “Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа” [5] деп аталатын көлемді мақалаларында осы өңір қазақтарының әдет-ғұрыптары жөнінде құнды деректер молынан келтірілген.
Орыс Географиялық Қоғамының жазбаларында жарияланған мақалалар ішінде Тарбағатай өңірі қазақтарына байланысты мақалалар біршама: Г.Катанаевтың, Н.Я.Коншиннің мақалаларында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, салттарына кеңірек тоқталады. Ал, тұрмыс-салты мен мінез-құлқы және Тарбағатайдағы рулардың орналасуы туралы құнды мәліметтер Г.Е.Грумм-Гржимайлоның “Западная Монголия и Урянхайский край” [6] атты үш томдық еңбегінде кеңінен баяндалады.
Қазақ тарихы мен мәдениеті туралы қалам тербеген Ш.Құдайбердіұлы мен М.Тынышпаев, М.Ж.Көпеев еңбектерінде осы өңір руларының орналасуы, санына байланысты мәліметтер бар. Алайда бұл мәліметтер мұқият қарастыруды қажет етеді.
Сондай-ақ, Н.А.Трофимук, С.И.Руденко және Ә.Х.Марғұланның Шығыс Қазақстан қазақтарының тамағы, салт-дәстүрі, киімі, ру-тайпалық құрылымы, орналасуы туралы кең көлемде жан-жақты мәселелерді қамтыған этнографиялық зерттеулері 1930 жылы “Казаки” жинағында жарық көрді. Мұндай этнографиялық экспедицияларды Д.Рахметов пен М.Ураловтар 1946-1948 жж. аралығында Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізді. Орыстармен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болған шығыс қазақтарының дәстүрлі заттық мәдениетіндегі кейбір өзгерістер туралы Х.А.Арғынбаев жазды [7]. Бұл өңірде мекендейтін ру-тайпалардың құрылымы мен олардың әр кезеңдегі мекені, қонысы, бөлісі туралы деректер М.С.Мұқановтың “Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза” (Алматы, 1974) еңбегінде кеңірек айтылады. Кейін Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, В.В.Востров біріккен авторлығымен жарық көрген “Қазақ шежіресі хақында” еңбекте ішінеара толықтырулар қамтылған.
“Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков” деген ұжымдық зерттеуде осы аймаққа байланысты қысқа болса да, құнды мәліметтер бар.
Басқа өңір қазақтары туралы ғылыми еңбектер зерттеу нысанына тікелей қатысы болмаса да, салыстыру шендестіру үшін маңызы бар. Әсіресе, көршілес Таулы Алтайдағы Қосағаш ауданын мекендеген қазақтар туралы А.В.Коноваловтың “Казахи Южного Алтая” зерттеуінде дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен материалдық мәдениеті туралы тоқталған. Белгілі ғалым У.Х.Шәлекеновтың “Казахи низовьев Амударьи” еңбегі салыстырмалы түрде қарастыруда маңызы ерекше.
Дәстүрлі отбасылық әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер мәселесіне байланысты Ә.Т.Төлеубаев еңбегінің маңызы зор [8]. С.Е.Әжіғалидың “Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана”, “Архитектура кочевников-феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона)” атты монографияларында қазақтардың мемориалдық-ғұрыптық ескерткіштері мәселесіне жете тоқталады. Әсіресе, “Основные особенности погребально-поминальной обрядности казахов Жетысу” [9] жарияланымындағы тұжырымдарының этнографиялық зерттеу үшін маңызы зор.
Белгілі ғалым-антрополог О.С.Смағұлұлы және К.Бекетайқызы, А.Оразаққызының “Алтай қазақтары” еңбегінде этникалық антропологияның талабына орай қазақтарды алғаш рет өңірлік тұрғыдан кешенді зерттеулер арқылы алынған соматологиялық, одонтологиялық анықтамалардың ғылыми талдаулары ұсынылды.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін көшпелі этноэкологиялық жүйедегі, күрделі социум құрылымындағы үйлесімді форма ретінде қарастырған Нұрсан Әлімбайдың “Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки истории и теории” атты кітаптағы тиісті тарауларын және оның басқа да ғылыми теориялық зерттеулерін ерекше атаған абзал. Дәстүрлі қазақ қоғамын, оның этноәлеуметтік ерекшеліктерін және қазақ этнографиясын зерттеуде Ж.О.Артықбаевтың “Казахское общество в ХІХ в.: традиции и инновации”, “Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХVІІІ ғ.” атты еңбектерінің орны бөлек. Аталмыш авторлардың ғылыми тұжырымдары да біздің зерттеуімізге ғылыми-теориялық арқау болды.
Г.С.Нұрғалымованың “Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті” деген еңбегінде осы өңірді мекен еткен тайпалар туралы мәліметтер келтіріліп, шығыс өңіріне түрлі мақсатпен келген елшіліктер мен экспедициялар деректері сараланады. Сонымен қатар, елді-мекен, жер-су атауларының тарихы да аталмыш еңбекте кеңінен баяндалады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей локальдық қазақ этнографиялық топтары жайындағы 1990-жж. жанданған зерттеулер қатарындағы Атырау, Маңғыстау, Орынбор, Өзбекстан, Торғай, Омбы, Жетісу қазақтары туралы зерттеген Ү.Қыдыралин, Ө.Озғанбаев, Д.Ескекбаев, А.Б.Қалыш, Б.Қалшабаева, С.Кенжеахметұлы, Ш.Ахметова, Н.Байғабатовалардың еңбектеріндегі соны пайымдаулар мен бұрын-соңды қазақ этнографиясында беймәлім немесе көмескі болып келген тың мәлімет, құнды деректердің тақырыпқа жанама түрде қатыстылығы бар.
Дегенмен, Тарбағатай қазақтарымен тарихи-мәдени, туыстық байланыста болған Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақтар туралы соңғы кезде жарияланған Б.Кәмалашұлы, З.Қинаятұлы, Қ.Мұхамадиұлы, Д.Қатран, Н.Мұқаметқанұлы, Ж.Сәмитұлы, Б.Бопайұлы, С.Зейнолла және т.б. авторлардың тарихи, этнографиялық тақырыптағы еңбектеріндегі мәліметтерде тақырыпқа қатысты қырлары мен мәліметтер, кейбір сирек кездесетін әдет-ғұрыптардың параллельдері мен салыстырмалылық үшін мәні үлкен.
Қазақ этнографиясының жекеленген тақырыптар саласындағы еңбектерден де зерттеуімізге қатысты қырларын көре аламыз. А.У.Тоқтабаевтың төрт түлікке қатысты, бала тәрбиесі, әлеуметтену турасындағы С.П.Кульсариеваның, қолөнердің түрлі салаларына байланысты Ш.Ж.Тоқтабаева, Р.Бекназаровтардың еңбектерінің зерттеуімізге қатысты тұстары баршылық.
Зерттеудің деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың деректік негізінің денін түздік этнографиялық экспедиция материалдары құрады. 2002, 2003, 2004 жж. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Аягөз, Зайсан аудандарынан ел арасынан жинақталған этнографиялық мәлімет, дерек, мағлұматтармен қоса Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі, Семей қалалық өлкетану музейі, Тарбағатай аудандық өлкетану музейіндегі жәдігерлер негізге алынып, еңбекке қамтылуымен тақырыптың мәнін аша түсті.
Дереккөздердің бір бөлігі – мұрағат деректері Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында, Семей, Өскемен облыстық мұрағаты және Ресейдің Омбы мемлекеттік мұрағаты қорларында сақталған. Олардың ішіндегі бастылары ҚР ОММ-дың бірнеше қорларында: 8-қор “Управление государственными имуществами в Акмолинской и Семиреченской областях”, 15 қордағы-“Семипалатинское правление Министерства внутренних дел (1854-1919 гг.)”; 19 қор - “Заведующий переселенческим делом в Семипалатинском районе главного управления землеустройства и земледелия г. Верного Семиреченской области”; 64 қор - “Канцелярия Степного генерал-губернатора г. Омск”; сондай-ақ 338, 345, 369, 437 Омбы, Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының, Сібір қазақтары басқармасы, шекаралық басқарма, бекет-станицалар басқармасының іс-қызметіне қатысты мұрағат жазбалары зерттеуімізге деректік арқау болды.
1897 ж. жүргізілген санақ нәтижелерінің Семей облысына қатысты тұстары мен Ф.Щербина жетекшілігімен жинақталған 13 томдық “Материалы по киргизскому землепользованию” экспедициялық жинағындағы Зайсан және Өскемен уездеріне қатысты 8 және 9 томдарындағы және дәл сондай жолмен 1913 ж. жүрілген іс-науқанның нәтижелері қамтылған 2, 3 томдардағы мәліметтердің деректік мәні үлкен. Оларда өңірдің табиғи-географиялық, жер жағдайы мен шаруашылығына, жерді пайдалануына, орналасуына байланысты деректер көптеп кездеседі.
Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері. Тақырыптың негізгі мақсаты -Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының тарихи-этнографиясын, жалпықазақтық этнографиялық болмысымен шендестіре, сабақтастыра зерттеу, сондай-ақ, осы аймақ қазақтарының тұрмыс-салтындағы өзгерістер мен ерекшеліктерді зерделеу. Ғасырлар бойы Қытаймен, Ресеймен, Моңғолиямен көршілес өмір сүрген өңір қазақтары мен көршілес халықтармен арадағы шаруашылық, рухани және материалдық мәдениеттер саласындағы ықпалдастық байланыстарды, бір-біріне тигізген әсерін сараптау да зерттеу мақсатының бірі. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылды:
- Қазақ руларының аталмыш өлкеге орналасуының тарихи алғышарттары мен жағдайы, оның мерзімін анықтау;
- Тарбағатай өңірі қазақтарының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орналасуын, рулық құрамын, санын, қыстау-жайлау аумақтарын анықтау;
- Өңірді жайлаған қазақтардың орналасуына, олардың бұрыннан қалыптасқан тарихи-туыстық-әлеуметтік-экономикалық қатынастарына патша өкіметінің әкімшілік реформаларының әсерін анықтау;
- Тарбағатай өңірі қазақтарының мал шаруашылығы, егіншілігі, қосалқы кәсіптері, сауда-экономикалық қатынастарының тарихын сипаттап жазу;
- Қарастырып отырған өңір қазақтарының материалдық мәдениеті, салт-санасы, дәстүрлеріндегі жалпы қазақи үрдістер мен жергілікті өзгешеліктерді сараптау.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация үлкен локальдық қазақы аймаққа жататын Тарбағатай қазақтарын жан-жақты, терең де ауқымды, әрi жүйелi зерделеген арнайы тұңғыш зерттеу болғандықтан тың ғылыми еңбек болып табылады. Зерттеудiң деректiк негiзiн құрайтын бұрын ескерусiз қалып келген мұрағаттық, музейлік мәлiметтер мен бүгiнге дейiн қордаланған баспасөз, тiлдiк, фольклорлық, эмпирикалық ауызша мәліметтер мейлiнше толық қамтылып, арнайы зерттеу деңгейiнде алғаш рет жүйелi түрде сараланып отыр. Демек, диссертацияның нәтижелерi – Тарбағатай қазақтарының ру-тайпалық құрылымы, заттық, шаруашылық мәдениеті, отбасылық әдет-ғұрыптары сияқты iргелi мәселелер жөнiндегi бiрыңғай жүйеленген тың эмпирикалық пайымдаулар, жаңа теориялық байламдар мен ой-тұжырымдар зерттеудiң сонылығының мәндi айғақтары болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Қазақ тайпа-рулары өздерінің байырғы мекені Алтай мен Тарбағатай, Жетісуға 1752-1763 жж. келіп қоныстанып, орналасу үрдісі XVIII ғ. соңына дейін жалғасты. ХІХ ғ. бас кезінде шаруашылық негізі болған төрт түліктің қамы, өріс-қоныс, жайылым үшін Тарбағатайдың күнгей жағына да қоныстанды.
- ХVІІІ ғ. екінші жартысының соңына ала Тарбағатай өңіріне найман тайпасының қаракерей, матай, дөртуыл руларының аталары, он екі ата абақ-керей рулары, азын-аулақ арғын мен уақтар келіп орналасты. Сол сияқты бұлардың арасынан Ұлы жүзге кіретін аздаған шанышқылар мен Кіші жүз-алшын мен тамалар да ұшырасты.
- ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған реформалар салдарынан ру-тайпалардың дәстүрлі орналасу, қоныстану жүйесі, көші-қон жолдары бұзылды. Өздерінің бұрынғы жерлерін қазақтар енді жалға алатын болды, малынан айырылып кедейленгендер егін егіп, жатаққа айналды. Ресми статистикада көрініс таппаған ел ішіндегі қысқа мерзімдік маусымдық (қыстау-жайлау, мал отарлату, жылқы қыстату т.б.) миграциялар бой көрсетті, атап айтсақ жұт жылдары қазақтар Қытай жеріне де өтті, ол үшін көп салық төледі.
- Заттық мәдениет, оның ішінде баспана, киім-кешек, тағамы және адам өмірін қамтыған маңызды салт-дәстүрлер, яғни тіршілік цикліне қатысты отбасылық әдет-ғұрыптары толық сипаттамасын алды. Сондай-ақ, Тарбағатай қазақтарының отбасылық дәстүрлеріне байланысты этноаймақтық ерекшеліктері анықталды.
- Тарбағатай өңірінің табиғи-экологиялық ортасымен шаруашылық харекеттері өзара тығыз байланысты болды. ХІХ-ХХ ғ. басында дәстүрлі шаруашылық мал шаруашылығы және әртүрлі қосалқы кәсіптерден тұратын (балықшылық, аңшылық, қолөнер т.б.) тұтас бір жүйені құрады. Алайда, жетекші сала болып көшпелі мал шаруашылығы қала берді.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары. Диссертацияның материалдары мен қорытындыларын қазақ халқының этнографиясына қатысты аймақтық атлас жасауда, этнографиялық еңбектер мен өлкетану туралы еңбектер жазуға пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті тақырыбындағы арнаулы курстарға арқау бола алады. Зерттеудің теориялық маңызы ұлттық этнографияны қазіргі заман талаптарына сай, жоғары деңгейде дамыту қажеттілігімен айқындалады.
Зерттеудің хронологиялық-аймақтық шеңбері. Диссертациялық зерттеу ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың бас кезеңін қамтиды.Тарбағатайдың күнгей жағы Қытай жері болғандықтан, еңбекте негізінен Тарбағатайдың қазақстандық аймағы, яғни теріскей беті қарастырылды. Аталмыш аймақтың аумағына қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Ақсуат, Ақжар, Аягөз, Зайсан, Көкпекті өңірлері жатады. Тарбағатай өңіріне ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында Зайсан және Өскемен уездерінің территориясы қарасты болды. Сондықтан да, диссертацияда негізгі қарастырылған аймақ осы екі уездің территориясы.
Диссертацияның зерттеу нысаны – ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары.
Диссертацияның пәні – Тарбағатай өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы.
Диссертацияның методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазiргi кезеңде қалыптасқан обьективтiк және сыни талдау мен сыни зерделеу принциптерi басты ұстанымда болды. Диссертацияның әдiстемелiк негiзi – тарихилық және жүйелiлiк болып табылады. Сонымен бiрге, локальдық этнографиялық зерттеудегі бiрден-бiр тиiмдi жолы ретiнде проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық тәсiлдер қолданылды. Әсiресе, салыстырмалы мәлiметтердi жүйелеу локальды этнографиялық топ пен оған жапсарлас жатқан басқа ру-тайпалар мен этникалық байланыста болған өгей жұрт өкілдері арасындағы байланыс пен оның әсері, салдарынан туындайтын нәтижелерді анықтауға негiз болды.
Сондай-ақ, Кеңес этнологиясы мектебінің ірі теоретиктері Ю.В.Бромлей, Э.С.Маркарян, С.М.Абрамзон, С.А.Токарев, С.А.Арутюнов, М.Г.Левин, К.В.Чистов, Н.Н.Чебоксарев, В.И.Козлов, М.В.Крюков және отандық этнографтар Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, У.Х.Шәлекенов, Ә.Т.Төлеубаев, Ж.О.Артықбаев, С.Е.Әжiғали, Н.Әлiмбай қатарлы ғалымдардың еңбектерiндегi дәстүрлi мәдениет саласындағы этностық теориясы, мәдени-шаруашылық-нысан, этникалық үрдістер, этнографиялық топтар жөніндегі теориялық қағидалары мен тұжырымдары диссертацияның әдiстемелiк арқауын айқындауға негiз болды.
Ж.О.Артықбаев, С.Е.Әжiғали сынды ғалымдар қолынан бұрын-соңды шыққан бағдарлама – сұрақнама әдістемелік құралдары тақырыпқа қатысты эмпирикалық, экспедициялық материалдар жинақтауға арқау етілді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамалары төрт халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес төрт ғылыми мақала жоғары аттестациялық комитеттің тізіміне енген журналдарда жарық көріп, сыннан өткен. Диссертациялық ізденіс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасында орындалып, осы кафедрада және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Этнология және антропология бөлімінде талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттелу деңгейі, деректік негіздері және ғылыми жаңалықтары, мәселенің теориялық-методологиялық негіздері, мерзімдік шегі мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдары айқындалған.
“ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Тарбағатай өңіріндегі қазақ руларының орналасуы” аталатын бөлімде өңірге қазақ руларының орналасуы, патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен жүргізген реформаларының олардың тарихи тағдырына әсері туралы қарастырылады.
Тарбағатай өңірі үлкен аумақты қамтиды. Ол бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Аякөз, Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан аудандары орналасқан жерлер. Бұл өңірде орта жүз рулары, негізінен найман тайпасы қоныстанған. Бұл аумақ ХІІІ ғ. бас кездеріне дейін, ХІ-ХІІІ ғғ. арасында кіндік Азияда дербес мемлекет ретінде өмір сүрген Найман саяси-этникалық бірлестігіне қарады. Н.Аристовтың айтуынша наймандар ІХ ғ. Орхоннан Ертіске дейінгі аралықты алып жатты [10, 83 б.]. Тарихи зерттеулер Таян ханның тұсында наймандар Орхон өзенінен бастап Ертіс, Алтай сілемдері, тіптен Қалба, Шыңғыс тауларына дейінгі аралықты мекендегендігін көрсетеді.
ХІІІ ғ. бастап Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңінде найман, керей, жалайыр, қоңырат, меркіт және т.б. тайпалардың бір бөлігі өздерінің ата қоныстары Моңғол үстірті мен Алтайды тастап, бүгінгі Қазақстанның жеріне қарай қоныс аударды. Кейін тарих сахнасынан көтерілген Жоңғар мемлекеті бүгінгі Қазақстан жерінің үлкен бөлігін, шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс аудандарын түгелдей және орталық аумақтың кейбір бөліктерін иелігіне алды. Мәселен, ХVІІІ ғ. будда ғұламасы Зая Пандита өмірінен хабар беретін “Зая Пандита (Материалы к биографии)” атты монастырьлік құжаттарға негізделіп жазылған ғұмырнамалық еңбегі (Элиста, 1999) сол кездегі қазақ және батыс моңғол тайпаларының көші-қондарын тарихи-географиялық тұрғыдан анықтауда маңызы зор. Ғұламаның Жоңғар иеліктері бойынша болған жерлерінің арасында оның 1639 ж. Өмирту тайжының Тарбағатай ауданындағы Қарғыбаны, ал 1643 ж. Қарқаралыдағы Қазылықты қыстап шыққаны туралы жазады. Бұл деректерді пайдаланып белгілі ғалым Ж. Артықбаев, оның Алтай, Тарбағатай, Жетісудан бастап сонау Еділге дейінгі аралықтағы қозғалысын нақтылап көрсеткен (Алматы, 2003.).
Отыз жылдан астам уақытқа созылған жоңғар-қазақ соғысы ХVІІІ ғ. 40-жж., анығы 1745 ж. Қалдан-Серен қонтайжы қайтыс болғаннан кейін, шешуші кезеңге қарай аяқ басқан кезде босаған жерлерге қазақ руларының жылжып қоныстануы басталады. Ең бірінші Сарыарқаны жайлап жүрген наймандар, олармен бірге керей, уақ және т.б. рулардың оңтүстік-шығысқа қарай қозғалғанын байқауға болады. Мысалы, найманның үлкен руының бірі - буралар ХVІІІ ғ. 40-шы жылдарында Елек бойын жайлап жүрген. 1742 жылы маусым айында қарақалпақтарға бағыт түзеген ағылшын көпесі Гок Орынбор маңындағы Елек өзенінің бойында отырған Бура Қонақай батырдың ауылында болғандығын айтады [11, 206–207 бб.]. Сол Қонақай батырдың зираты мен ұрпақтары Жарма өңірінде. Бұл – найманның бура аталары аталған өңірге XVІІІ ғасырдың ІІ жартысында келгендігін көрсетеді.
Белгілі ғалым М.Мұқановтың “найман және басқа рулардың Сарыарқадан кетуін, олардан саны көп арғын тайпасының оларды ығыстыруы салдарынан болды”–деуі қисынға келіңкіремейді. Экстенсивті мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілерге үлкен жайылымның қажеттігіне байланысты олар Ертіс бойы, Алтай, Тарбағатай, Жетісудан мол өріс-қоныс алып қалуға күш салды. Бірақ, жоңғарлардан қалған жерлерге тікелей құқығымыз бар деп есептеген қытайлар ол жерлерден қазақтарды ығыстырған. Бірақ, соған қарамастан өздері жоңғарлардан босатқан осы өлкелерге қазақтар ұмтылуларын тоқтатпады. Сөйтіп, Тарбағатай теріскейіне қазақ руларының келіп орналаса бастауын деректерге сүйене отырып 1758-1759 жылдар деп топшылаймыз. Дәлірек айтқанда, найманның қаракерей тобына кіретін мұрын, байжігіт, қыржылар Аякөзден Шілікті аңғарына дейінгі аралыққа орналасты. Төртуылдар Зайсан ойпатының оңтүстігіне – Сауыр мен Алтайға орналасты. Ал, ақнаймандар басында теріскей Тарбағатайдағы Қарғыба, Базар, Бөкен, Шегелек өзендерінің бойын жайлап жүрді. Ақжар өңірінде Байжігіттен тарайтын алты Жұмық (оған Болат, Сайболат, Қожан, Қараша, Саты, Тәуке жатады) пен бес Саты (оған Бұрымбет, Есенгелді, Дәулетбай, Қайқы, Төлебай аталары жатады) ұрпақтары тұрады. Қазақ руларының адам мен мал санының өсе түсуіне байланысты азды-көпті жоңғарлар өңірден біржолата ығыстырылып шығарылғандығын ауызша деректер қуаттайды.
Тарбағатай өңірін жайлаған қазақ рулары қазақ сахарасын жайлаған басқа қандастары қатарлы Ресей бодандығына өту мәселесін міндеттілік емес деп қараған олар орыс бекіністерінен алысқа жылжып, түкпірге кете берді. Бұл жәйттер патшалық Ресей әрекетін қазақтардың өз тірлігі мен тағдыр-талайына қарама-қайшы құбылыс ретінде қабылдап, оған селқос қарауының негізінде отарлық саясатқа деген ішкі қарсылығы да еді - дейді мәлімет берушілер. Расында да, қазақтардың бұлайша пайымдауының байыбына бармай, сенбестік танытқан патша өкіметі қазақ рубасыларын әлсін-әлсін түртпектеп, бұрынғы берген анттарына адалдықтары жөнінде қайталап ант беру мәселесін көтерді.
Сыртқы саясатында Қытайдан гөрі Ресейлік бағытты басым ұстанған хан Абылай қайтыс болғаннан кейін, барлық орта жүз рулары да осы бағытты ұстанды деу ақиқатқа жанаспайды. Тарбағатайды жайлаған рулардың тәуелсіздігін сақтау үшін ХІХ ғ. бірінші жартысында бірде Ресеймен, бірде Қытаймен алысқан Сыбанқұл төре Ханқожаұлының осы өңірдегі қозғалысы екі жаққа да бодан болмай тәуелсіз өмір сүру саясатын аңсағандық еді. Дербестік үшін күрескен оның руластары мұрынның көрнекті өкілдері тоқабай Қожакелді батыр, мырзас Тәукебай Жәпекұлы орыс қолынан қаза тапты [12]. Абақ-керейлердің қытай ықпалына көбірек өтіп, олардың Тарбағатай, Сауырдан да әрі арғы беттегі Алтай жеріне тереңдей енсе, екінші бөлігі Зайсан, Кішкене тау, Маңырақ, Кендірлік, Көкпекті елді мекендеріне келіп қоныстанды.
ХІХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қалыптасқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай Ресейдің қазақ елінің саяси тәуелсіздігін бүтіндей жоюға батыл қадамдарға баруына мүмкіндіктер берді. 1822 жылы 22 шілдеде қабылданған “Сібір қырғыздары туралы Жарғыда” Орта жүзде хандықты жою белгіленді. Омбы облысы Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен болып ішкі округтерге және ерекше мәртебе бойынша құрылған сыртқы округтерге бөлінді. Бұл кезеңде Тарбағатаймен жапсарлас жатқан Зайсан өңірі әлі толық Ресей ықпалына өтпеген болатын. Алтай мен Сауырда жүрген керейлердің кейбір бөліктерінің “бодансыз керей” деп аталулары да сол кезде пайда болған.
Ресейге қарсы бағытын ұстанған матай-қарауылжасықтар мен мұрындардың билеушісі Данияр Ханқожиннің 1840 жылдың жазында тұтқындалуы мен Қытай Бөкен шекара бекеті маңындағы орыс жағының батыл шаралары жоғарыда айтылған рулардың Ресей бодандығына өтуіне бет бұрғызды. 1840 жылы 3 тамызда 800 түтін Ресей бодандығына өтеді. Сөйтіп, Қазақстан аумағындағы Орта жүздің Ресейге қосылуы тұтас бір ғасырдан астам уақытқа созылып, ХІХ ғасырдың 60-ж. аяқталғаны мәлім. Сондай-ақ, зерттеу барысында Тарбағатай өңірін қоныстанған рулардың аталмыш өңір ежелден мекендеп келе жатқан ата қонысы екендігіне көз жеткізуге болады.
Хандық биліктің жойылуы және 1822, 1838, 1854 жылдарда жүрілген реформалар патша үкіметінің отарлау саясатынан туындап жатса да, қазақ қоғамында өзгерістер әкеле бастады. 1868 ж. 21 қарашада “Орынбор және Сібір ведомстволары (қырғыз далаларын) және Орал және Сібір казак әскерлерін басқаруды қайта құру туралы заң” енгізілді. Ол бойынша Орал, Орынбор, Ақмола және Семей сияқты төрт облыс құрылды. Тарбағатай қазақтары негізінен Семей облысының құрамына енді. Басқарудың жалпыресейлік жүйесіне көшу 1891 ж. 25 наурызда күшіне енген “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы заң” арқылы жүзеге асты. Жоғарыда айтылғандай Тарбағатайдың теріскей бетінің қазақтары Семей облысы, оның ішінде, әсіресе Зайсан, Өскемен уездерінің территориясында орналасты.
Семей облысының оңтүстік шығыс бөлігінің ең шеті - Зайсан уезі болды. Табиғаты, климаты жағынан уез өзінің әр келкілігімен ерекшеленеді. Оның территориясында Оңтүстік-батыс Алтайдың таулы жоталары, таулар арасындағы кең жазықтар мен далалар, көптеген су көздері орналасқан. Мұнда Қазақстандағы ірі көлдердің бірі – Зайсан, Марқакөл және т.б. ұсақ көлдер бар. Уез территориясымен Қара Ертіс, Ертіс көптеген тау өзендері (Қалжыр, Алқабек, Кендерлік, Көкпекті, Қарғыба, Базар, Боғас және т.б.) ағады. Құлжа келісімі бойынша, Қытайға берілген жерлерде көшпелі қазақ шаруашылықтарының қомақты бөлігі қалды. Зайсан уезі 49751 шаршы шақырым ауданды қамтыған. Осы территорияда уездің 17 болысы орналасты. Уездің аумағын найман рулары, атап айтсақ, 17 болыстың 16-сы наймандарға тиесілі болды [13, 366-371 б.]. Олармен бірге Абақ Керейлер де қоныстанды. Олар шығысында Қытаймен, солтүстігінде Қаражал-Жеменей өзенімен шектесетін. Қазақтардың кейбір шаруашылық топтарының Қытай территориясында жазғы жайылымдары болды және Ресейге де, Қытайға екі жақты бодан болды. Зайсан уезінің территориясында найманның қаракерей руының ұрпақтары: Байжігіт, Ақнайман, Қожамбет, сонымен бірге Төртуыл ұрпақтары: Тоқан және Тоғыз рулары орналасты. Территорияның қалған бөлігінің көбін Қаракерей рулары: байжігіт, ақ-найман, қожамбет және мұрын болыстары алып жатты. Зайсан уезінің үлкен бөлігін мекендеген Байжігіт руы батыстан Аягөз өзенінен шығысқа, Төртуыл (Қара Ертіс) мен Керей (Сауыр жоталары) руларының иеліктеріне дейінгі және солтүстіктен Көкпекті жерінен оңтүстікке Тарбағатай жоталарына дейінгі үлкен аумақта қоныстанды. Уездің батыс бөлігін Зайсан наймандарының Мұрын бөлігі алып жатты (өз аттарын аналары Мұрынның атынан алған).
Уездің үлкен бөлігі қыстаулар жері болды және олар уездің шет жақтарына орналасты. Қыстау жерлері тау алқаптары (Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ, Алтай) және өзен бойларындағы (Қара Ертіс, Қалжыр, Қарғыба сияқты т.б. өзендер) малды қатты аяздан қорғайтын қамыстар болды. Күздік жайылымдар негізінен уездің орталық және солтүстік бөліктерінде орналасты [13, 366-371 бб.]. Егер жайлаулар қауымдық-рулық пайдалануда болып, әрбір ру, қауым белгілі территорияны иемденсе, қыстаулар жеке отбасылардың иелігінде, мұрагерлікпен қалып отырды.
Жазғы жайылымдар тау алқаптары мен жазықтарында өзендер бойында орналасты. Ең кең жазғы жайылымдар уездің солтүстік-шығыс (Марқакөл маңында) және солтүстік пен солтүстік-батыс бөлігінде (Жоғарғы Ертіс жазықтарында, Қызты, Көкпекті, Базар және т.б.) болды. Уездің оңтүстік бөлігінде Сауыр тауының солтүстік беткейінде ғана азғана жазғы жайылым болды [13, 366-371 бб.].
Зайсан уезіне солтүстігінен шектесіп жатқан Өскемен уезінің территориясы 4322974 десятинаны құрады [14, 606 б.]. Пайдалануға жарайтын 3146118,5 десятина жер болды, оның 597436,4 десятинасы орыс халқы үшін алынып берілсе, 33770 десятинасы Семей уезіне берілді. Осылайша, 1911 ж. қарай Өскемен уезінің қазақтарының пайдалануында 2548682,1 десятина жер болды, оның ішінде 13466740,25 десятинасы қыстау жері болды. Уезде 1891 ж. санақ бойынша 77763 адам болған [14, 3 б.]. Уезд халқы санының өсуі, орыс қоныстанушыларының келуіне байланысты жайылым жерлердің азаюы, қазақ шаруашылықтарына жердің жетпеуіне әкеліп соқты.
Қазақтар енді өз жерлерін жалға алатын болды. Мәселен, Шабанбай тауларын 3-4 ай жалға алғаны үшін 1000 рубль және әртүрлі статьялар бойынша 1000 рубль төледі. Қыс айларында жерді жалға алғаны үшін, селенияларға 2000 рубль төленді. Ресейдің отарлау процесі Ертіс желісі бойынша оңтүстікке қарай жылжыды. ХХ ғ. басында Өскемен уезі 14 болыстан тұрды. Уезд территориясындағы рулардың басым көпшілігі наймандар және аз бөлігі керейлер мен уақтар, сонымен бірге төлеңгіттер болды. Уездің солтүстік-шығысында Нарын өзенінің бойында қаратай руының қыстаулары орналасқан. Күршім, Жіңішке, Ертіс, Бөкен өзендері бойында және одан әрі Қызылсу өзені бойымен көкжарлы руы орналасты. Уездің солтүстік-шығысын Сұлусары және Шар болыстарының құрамына кіретін бура руы жайлады. Керейлер Ұлан және Шыңғыстай болыстарынан бура және қаратай деген найман тайпалары арасында кездеседі, оларда тіпті өз старшинстволары да болған жоқ.
ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап Тарбағатайдың теріскейін мекендеген рулар жерлерінің Ресей құрамына өтуіне байланысты терең әкімшілік-территориялық реформа жүргізуге мүмкіндік туды. Осылайша, Тарбағатай өңірі де жалпыресейлік даму үрдісіне тартылды және бұл тенденция тереңдей түсті.
“Тарбағатай өңірі қазақтарының шаруашылығы, сауда-саттығы және заттық мәдениеті” деп аталатын екінші бөлімде Тарбағатай өңірі қазақтарының шаруашылығы, сауда-саттығы мен заттық мәдениетінің ерекшелігі, қосалқы кәсіптері қарастырылады.
Тарбағатайдың теріскей бетін мекен еткен рулардың негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы болды. XІХ-ХХ ғасырдың басында Тарбағатай қазақтары жылқы, қой, ешкі, түйе және сиыр өсірді. 1876 жылғы статистикалық санақ мәліметі бойынша Зайсан уезінде 15932 түйе, 77408 жылқы, 22989 сиыр, 590998 қой мен ешкі болған. Ал осы жылы Өскемен уезінде 2552 түйе, 62678 жылқы, 33909 сиыр, 323402 қой мен ешкі болған. Малдан алатын ет, сүт азық-түлік берсе, жүн, тері сияқты шикізат көздері тұрмыстық бұйымдармен қамтамасыз етті әрі басқадай тұтыныс заттарымен айырбас саудаға жүрді. ХІХ-ХХ ғ. басында Тарбағатай өңірінде қой бүкіл малдың 75% құрады. Таулы және жазықты жайылымдар қойды көптеп қолға ұстауға мүмкiндiк туғызды.
Мал шаруашылық пен тіршіліктің негізгі арқауы себепті оған қатысты ырым-тыйымдар жүйесі де көп, әрі бірегей кешенді құрайды. Тарбағатайдағы қазақтарда мал басы кемидi және, “төл өспейдi” - деген ырым бойынша бастың тiсi қағылмайтын болса, Қазақстанның солтүстiк және Жетiсу өңiрiн мекендейтiн қазақтарда сондай-ақ, қырғыздарда малдың басын асар алдында тiсi қағылып тасталынады. Алайда, шығыста, атап айтқанда, Тарбағатайда осы өлкемен әдет-ғұрпы жақын Моңғолиядағы, Қытайдың солтүстік-батыс аудандарының қазақтарында бастың жағы айырылып, тiс арасы мұқият тазаланады.
Сондай-ақ, ауру, пәле-жаланы малдың сүйегіне, қойдың басына көшіру, қора-қотанды отпен аластап тазарту, қорадан малды алысқа айдап шығып, “адастыру” тәрізді жолдармен кешенді түрде жүрілетін аса көне “көшіру” ғұрпы ХХ ғ. 30-шы жж. дейін кең сақталғандығы дерек берушілердің мәліметінен белгілі болып отыр.
Жүген құрық тигізбей қоя берген жылқыны мұндағы қазақтар “сетер” деп атайды және ол моңғолдармен этномәдени байланыс барысында келген түп негізі тибеттіктерден бастау алатын ғұрып қазақтарда мал жануарды да адами қасиетке теңеуден, кие мен ырыстың тұрағы деп түсінуден туған. Бұған байланысты “қара көк жылқы сетер екен, күлмеген, ойнамаған бекер екен” деген қара өлең жолдары туған. Тарбағатай қазақтарында да басқа өңірлердегідей мал сатқанда “сілекей алу” ғұрпы атқарылады, яғни сатылатын малдың бір уыс жүнін аузына сүйкеп (кейде иесінің тозығы жеткен ескі бас киімімен) алып қалады. Мал сатудағы осыған ұқсас ғұрып сойоттарда, хақастарда кездеседі және моңғолдарда бұл “хишиг авах”, яғни “малдың құтын қалдыру” деп атайды [3, 74 б.].
ХІХ ғ. қазақ даласына жүргізілген түрлі реформалар нәтижесінде малы аз кедей шаруалар көшпелі ауылдан бөлініп, қыстаулар маңында егін салып, шөп шауып өмір сүре бастады. Олар бидай, тары, арпа, сұлы екті. Жерді суару үшін тоған, арық сияқты жүйелер салынып, оларды пайдаланудың бір тәртіпке келтірілуі егіншіліктің өзіндік дәстүрі болғандығын көрсетеді. Әрі оған қоныс аударып келген орыс шаруаларының әсері едәуір зор болды. Құрғақшылық уақытта егінді суарудың дербес жүйесі қалыптасқандығының куәсі - Ақжар маңында Қараша тоғаны, Құрман қажы, Қоңыр қажы тоғандары, XVІІІ ғ. соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың басында Базар өзенінен тартылған Жәмбике, Төре, Қарғыбадан тартылған Көкбұқа тоғандары ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін пайдаланылды. Қолдан суару тәсілінің Өскемен, Зайсан уездерінің қазақтарындағы дамыған жүйесі ХІХ ғ. басында Ертіс өңірінде Досан Ханбабин, Қылыш Досанов, Қарағұл Досанов, Мұсарапай, Темірхан Тауымов сияқты сұлтандардың иелігіндегі егістік жерлерінде пайда болып, ұзақ уақыт бойы жұмыс жасады. Ал, қолдан суарылмайтын жерлерде егіншілікпен тау етегінде, құнарлы жерлерде отырған қазақтар айналысты. 1891 ж. Зайсан уезінде 52,4%, Өскемен уезінде 60,7% отбасы егіншілікпен айналысқан.
Қазақтар қосалқы кәсіп түріне жатқызған, шынтуайтқа келгенде тіршілік болмысы үшін ХІХ ғ. соңына ала өлке тұрғындары үшін маңызы арта түскен сауда-саттықта мал шаруашылығы мен егін өнімдері айырбас саудаға түсіп тұрды. Ресей, Қытай сияқты көршілес елдермен сауда саттық байланыс Тарбағатай өңірі қазақтары қоғамында экономикалық, мәдени өзгерістерге және шаруашылығының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ресей мемлекеті басқа елдермен оның ішінде Қытаймен сауда байланысын нығайту үшін Семей, Өскемен, Бұқтырмада және т.б. жерлерде сауда кедендерін аша бастады. Қазақтармен арадағы сауда орыс кәсіпкерлеріне пайда үшін пайдалы болғандықтан бұл салаға үкімет тиімді де қолайлы жағдай туғызды. Тарбағатайдың теріскей бетіндегі сауда қатынасында Қоянды, Сарымсақты, Ірбіт жәрмеңкелері маңызға ие еді. Саудагерлердің тізімінен көптеген қазақтардың, соның ішінде Бура-Найман болысының сұлтаны Нұралы Әлімовтің атын кездестіруге болатын.
Аңшылық өнімдері, олжаларынан көбіне аң терісі сатуға көп түсіп тұрды. “Тіршілігін аңшылықтан бастап байып кеткендердің бірі Жанан ұлы Бұланның дәулеті аса жүйрік Құмай атты қызыл тазысы алған түлкі олжасынан басталған екен. Ол аңнан түскен малды саудаға салу сол арқылы кейіннен керемет байыған”, - деген деректер бар. Аң аулаудың негізгі бір тәсілі ол-аңды атпен қуып, ит жүгіртіп ұстау, қыран құстарға ілдіру, аңға қақпан, тор құру т.б. түрлерімен қоса, шиті мылтықпен атып алу т.б. көптеген тәсілдер қатар жүрілді. Бұл өңірдің қазақтары негізінен қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, қарсақ, арқар, саршұнақ, күзен сияқты аңдарды аулаған. 1909 жылы Зайсан уезінде 200 отбасы аңшылықпен айналысып, одан 4051 сом таза пайда көрген. Онда негізінен қасқыр, түлкі, аю, қабан аулайды. Сол жылы Өскемен уезінде 506 қазақ отбасы аңшылықпен айналысып, ауланған аң терілерін 5147 сомға сатқан.
Аңшылықтың Тарбағатай өңірі қазақтары үшін белгілі деңгейде мұқтаждарын өтеумен бірге, саятшылық құрып, көңіл көтеру сияқты бірнеше пайдалы жақтары болды. Аңшы олжасын қасындағы адамға “байлайтын” дәстүр бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұндай ғұрыптар аңшылықпен айналысатын басқа да халықтарда кездесетін. Мұндай ғұрып қалмақтарда, моңғолдарда, сойоттарда эвенкілерде бар және соңғыларында оны “нимат” деп атаған [15, 37 б.; 16, 151 б.].
Бұл өңірде балық аулау негізгі кәсіп болмағанымен малынан айырылған халықтың кедей бөлігі күн көріс арқауы еткен. Әсіресе, Зайсан, Қыран, Марқакөл, Ертіс бойында қоныстанған қазақтар балық аулаумен айналысып, оны тамаққа да пайдаланатынын Г.Е.Грумм-Гржимайло айтады [6]. Сол кездегі балық аулауға байланысты деректер өте аз болғанымен аулаудың қарапайым түрлерін қолданғанға ұқсайды. Балық аулауға бақан, кәдімгі таяқтар, ілгектерді пайдаланды және “балықты айдап” келіп, үлкен аулармен сүзіп алған. 1910 жылы Зайсан уезінде 1343 пұт балық ауланып, 2448 сомға сатылса, Өскемен уезінде осы жылы 570 пұт балық ауланып, 900 сом ақшаға сатылған. Барлығы осы екі уезде 1913 пұт балық ауланып, 3348 сомға сатылған.
Негізінен әйелдер айналысатын үй ішілік кәсіп, қолөнер о баста тұрмыстық бұйымдар мен қарапайым құрал-жабдықтар жасау мақсатына бағытталған тұрмыстық қажеттіліктен туған және көшпелі ортада қосалқы кәсіпшілік деңгейінде ғана дамығаны мәлім. Өйткені, көшпелі тұрмысына, кәсібіне байланысты әр ауылда, әулетте ағаш, тері бұйымдарымен шұғылданатын өз шебері, ұстасы, зергері, т.б. болды және олар сол қауымның қажеттілігін ғана өтеп отырды. Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен еңбекті талап ететін түрі - киіз сүйегін жасайтын үйшілер кәсібі өңірде ерекше мәнге ие. Зайсан қазақтарының ХІХ ғ. екінші жартысында І Николайдың баласына сыйлаған киіз үйді академик Ә.Марғұлан нағыз өнер туындысы деп бағалаған (Алматы, 1986). Осы аймақтан шыққан Нұрыш деген шебердің көрмеге дайындаған киіз үйін ел тамсана сөз еткен.
Қолөнер туындысының бірегейі қазақ ер-тұрманының “найман ері” аталатын түрі жалпы пошымы, әшекейлену және өңделу тәсілдері ерекше болып келеді. Бұл ерлердің қасы да етегінен жоғары қарай қушия көтеріледі де, дәл төбесі дөңгеленіп бітпей, үсті түзуленіп, иығы бұрышталып шабылады. Артқы қасы алдыңғысына қарағанда кейін қарай сәл ғана көлбеу орналасады. [17, 23 б.].
Ағаштан жасауға тұрарлық тұрмыстық заттарды - төсек, асадал, сандық сияқты бұйымдарды қажеттілігіне сай жасаумен бірге оның тауарлық мәні артқан сайын еңбек бөлінісіне де әсер етті. Атап айтқанда арнайы маманданған ағашшы, үйші, балташы кәсіптері бой көрсетті. Осы өңірде ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында өмір сүрген Тайжұма Шіңгірбайұлы және Омар Тайжұмаұлы деген атақты шеберлер болған. Құс жастықтың астынан салатын Х.Арғынбаев пен С.С.Бекешовтың айтқандай “жастық ағаштар” Қазақстанның тек батыс өңіріне ғана емес Тарбағатайда да таралды.
Қазақтар орыстардан балташылық өнерді үйреніп, ағаштан үй салу үрдісі орман-тоғайы мол өлкелерде ХІХ ғ. соңына ала ерекше қарқынмен дамыды. Басқа жақтан қыдырып немесе кіре тартып келген Алтай керейлері олар туралы “ағаш тамды найман” немесе киім үлгісіндегі өзгерістерге қарай отырып “шолақ етек найман” деп руаралық қалжың, қағытпаға арқау етті.
Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысының барлық жақтарына өз әсерін тигізген көшпенді өмір салтының проекциясы баспана мен тұрақтардан байқалады. Жоғарыда аталған еңбегінде “баспана мәселесін, оны қоршаған географиялық ортасымен тығыз байланыстыра қарастыруымыз керек” дейді Н.Әлімбай. Қазақстанның басқа аудандарындағыдай Тарбағатай өңірінде қоныстың уақытша және тұрақты негізгі екі түрі қалыптасты. Киіз үйлер шеңбер болып, есіктерін ортаға қаратып орналыстырылуын тарбағатайлықтар қотан деп атаған. Моңғол тайпаларындағы мұндай орналасуды “хот айл“ (қотан ауыл) деп атаған.
Қазақтарда тұрақты мекен-жай туралы ең алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан басталса, мұрағат материалдары Тарбағатай өңірінің қазақтарында қыстаулардың ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында да болғандығын дәлелдейді. Бұл өңірлердегі қысқы аяз бен жел дауылдан қорғану үшін қазақтардың тұрақты мекен-жай салуға мәжбүрліктен туындағаны даусыз. Зерттеліп отырған аймақтағы ең алғашқы тұрақты баспананың түрі “тошала” (тошал үй, шошақ үй, шошала деп те аталады) болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында аймақтағы тұрғын жайлардың тұрпаты мен пошымы, аумағы өзгеріске ұшырады. Мысалы, осы өңірде болыс болған Әбділдәбек Төгісұлы, Атабай, Нұреке Бөгісұлдары асты-үстін “қарағалайтып”, бірнеше бөлмелі үйді моншасымен қоса салдырған. Осылайша, ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстан қазақтары отырықшылыққа көбірек көше басталы, олардың тұрақты қыстаулары мен жағдайына байланысты бір немесе бірнеше бөлмелі үйлері болды.
Қазақ мәдениетіндегі аз зерттелген салалардың біріне саналатын ұлттық киім түрлерін қазақтар орта Азия мен Қытайдан әкелінетін мақта-мата, жібек, өздері дайындаған жүн, киіз, тері өнімдерінен дайындаған. Шығыс Қазақстанда шолақ жең камзолмен қоса тірсек жең камзолдар кең таралды [18, 44 б.]. Ер адамдардың шапанының алдыңғы өңірі кестеленді немесе түрлі-түсті баулармен әшекейленді.
Бас киім этноайырым белгісін білдіретін белгі болды. Найман тымақтың арғын тымақтан айырмашылығы құлағы мен артқы етегі кішірек, төбесі шошақ, жығасы мен шалғайы ұзынырақ келеді [7, 25 б.].
Екі жақ сыңары бір-бірінен ажыратылмайтын “түзу табан етік” ХХ ғ. орта шенінен бастап ығыстырылып, оның орнына оң және теріс (сыңар) деп бөлінетін аяқ киім тұтынысқа дендеп енді және оны қазақтар “қисық табан етік” деп атады. Иленген теріден етіктің ту сыртынан киюге арналған “тері етік” немесе “мұйық” аталатын аяқ киім терінің тауарлық құндылығы артқан сайын қолданыста азая түсіп, оның орнына ХІХ ғасырдың соңында қар көп түсетін жерлерде пима (батыста – киіз байпақ) кию тарала бастады.
Жас қыздар мен жас келіншектердің көйлегі егде әйелдердің көйлегінен үлгісі мен материалы жағынан айырмасы болды. Жас әйелдер арасында жағалы, өңіріне дейін түймеленетін қос етекті көйлектер қоныс аударушы ноғай-татар саудагерлерінің әсерімен кең тарала бастады. Барлық жастағы әйелдер көйлек сыртынан камзол киді. Әйелдер киімінің бір түрі – белдемше басқа аймақтардікімен салыстырғанда тігілу мен пайдалануы жағынан ерекше болды. Оны алжапқышқа ұқсас етіп тігіп, оны әйелдер белін жылыту үшін арқасына жауып жүретін – деп жазды “Прииртышские казаки и киргизы Семипалатинского уезда в их домашней и хозяйственной обстановке” деген мақаласында Г.Е.Катанаев. Бұл жерде белдемшені арқасына емес жылылық пен жүріп-тұруға, отыруға қолайлы болу үшін алжапқышша емес керісінше артына қарата киеді.
Сәукеле кию бұл өңірде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап азая бастады. Шығыс Қазақстанда ХІХ ғасырда жесір әйелдер «ақжелек» деп аталатын астарсыз, алдамшы жеңі бар ақ желек жамылса, кейіннен оның орнын “бүркеу” деп аталатын ақ шәлі алмастырды. Осылайша, Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарында ХХ ғасырдың басына қарай ұлттық киімнің негізгі элементтері сақталғанмен де орыс, татар халқының киім кию мәдениетінің ықпалын көруге болатын.
Зерттеліп отырған аймақ қазақтарының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандығын олардың тағамынан көруге болады. Етті қазақтар қуырып та, асып та жейтін. Х.А.Арғынбаев, А.Корбе, Е.И.Махованың мәліметтерінен Семей өңірі қазақтарының 1960 жылдарға дейін етке қамыр салмағанын көруге болады. Бүкіл шығыс қазақтары секілді етке салатын осы тағамды Тарбағатай өңірі қазақтары “шелпек” деп атайды. Етке жаймаланған нан салса ондайда “оңтүстiктiң қазағынша етiн нанмен көбейткен”, “iшiн кебек тескен” деген қалжың айтылады. Қой сүтіне іркіт немесе қымыз араластырып қайнатып “қою сүт” дайындайтын, оны көбінесе кешке ыстық күйінде ішетін. Таңертең қойшы торсық қымыз алып шығып, түске қарай бірнеше қойды сауып сүтін қымыздың үстіне торсыққа құятын да кешке дейін өзімен алып жүретін, кешке қарай дәмді, қою және майлы сусын “қойыртпақ” дайын болатын. Қойшының күндізгі негізгі асы “қорықтық” болды.
Еленген ұн орыстың “сеяный“ деген сөзінен “сеңке” деп аталды. Бұл өңірде басқа аймақтарда жасалмайтын қатты кеуіп, көгере қоймайтын, ұзақ сақталатын кітірлек ұсақ, домалақ бауырсақ дайындайды. Сондай-ақ үлкен бауырсақ та пісіреді. Бұл бауырсақтың қамырын ашытып пісіреді. Үлкен бауырсақты да Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде пісірмейді. Орыстармен етене араласқан қазақтарда нанды ашытқымен ашытып, орыс пешіне пісірді және оны бөлке нан деп атады.
Ертіс, Зайсан, Марқакөл бойындағы қазақтар тағамға балықты да пайдаланды. Күрiштен етке қосып палау жасайды. “Палаудың” пайда болған ортасы мен таралуы Алдыңғы және Орта Азия, Оңтүстiк Азияның солтүсiк ширегi, Кавказдың оңтүстiк-шығыс бөлiгi болса керек [19, 53]. Палау әзірлеудің жоғарыда аталған жерлердегі тәсілін еуразиялық көшпелiлер – алтайлықтар, қалмақ, тыва, моңғолдар мен солтүстiк, шығыс және оңтүстік-шығыс қазақтары әлi де бiлмейдi. Осылайша, ХХ ғасырдың басына қарай Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының тағамы, ыдыс-аяғы мен күнделікті тұрмыстағы қолданатын заттары да өзгеріске ұшырады.
Тарбағатай өңірі қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары деген үшінші бөлімде адамның бүкіл өмірін қамтитын салт-дәстүрлер, яғни ғұрыптарды (өмірге келу-үйлену-өлім) қамтиды. Сондай-ақ, Тарбағатай өңірі қазақтарының өмірге келу, балаға байланысты, үйлену, өлік жөнелту дәстүрлеріне байланысты этноаймақтық ерекшеліктері анықталды.
Құда түсіп той жасау арқылы балаларын үйлендіру қазақ халқында ерте кезден келе жатқан әдет-ғұрыптардың бірі болып табылады. Болашақ күйеудің әкесі қызды айттыруға “жаушы” жіберетін. Бұл өңірде жаушылар, әдетте сырт белгісімен-ақ ерекшеленді, жеңіл киініп, шалбарының бір балағын етігінің қонышына тығып, екінші балағын сыртына шығарып қояды. Х.Арғынбаевтың айтуы бойынша, бұл әдет қыз әкесі құдалыққа қарсы болмай, жаушының жолы болып қайтуы үшін жасалатын ырым. Кейде құдалықтың басы ұзақтан келетін бейтаныстардың тосыннан құдалық жорасын тұспалдай білдіретін “біз шаншу” аталатын ғұрыппен де басталады.
Қыз үйіне аттанатындарды халық арасында “жан ашыр” деп атаған. Аталмыш аймақтың кейбір жерлерінде бас құданың қасындағы адамдар қыз әкесі үйіне кірерде беттеріне ақ бор жағып алатын [5, 127 б.]. Бұл ғұрып ақ түс магиясына байланысты болса керек. Осы жолы құдалық жайлы сөз болады, қалың малдың мөлшері белгіленеді. Жүз байталға құрайтын қалың үлкен қалың болып есептелді. Әйелі қайта-қайта өліп, тағы да біреудің жас қызына құда түссе онда олар қалың малға “үй сынығы” деген кәдені үстеме қосуы керек.
Үй иесі құдалар мен қонақтардың алдына ұсақ етіп туралған төстік қойып, куәләр ретінде ауыз тиюді өтінеді. Төстік ұсыну Қазақстанның басқа өңірлерінде кездеспейді. Осыдан кейін құдалар алдына құйрық май мен бауыр қойылады. Белгіленген күні қыз әкесі қасына туыстарын ертіп жігіт ауылына келеді. Қалың малға “өлі-тірі” қосып береді. Жігіт қыз ауылына ұрын келгенде, қыз әкесі жолдастары арқылы оған өзімен келген қоржынына салып әр түрлі сыйлықтар жібереді. Бұл қоржынды “боқжама” деп атаған.
Күйеу қалыңдықты алып кетуге келгенде “той малын” апарады. Отау тігіліп, үйдің шаңырағын ауылдағы сыйлы әйелге көтертеді. Тойға қонақтар жиналған соң ет пен қымыз беріледі. Жастар қалыңдық үйінен “мүше”, яғни қойдың жілігін сұрайды. Қыз шешесі бұл жілікті етімен қосып парша, барқыт маталарға орап береді. Оны алған адам қаша жөнеледі, олар оны қуып, бұл сүйек қолдан қолға өтеді. Тура осыған ұқсас “чода куназир” деген ойын урянхайлық сойот тайпаларында бар [3, 127 б.]. Бұл ойындардың ұқсас болуы бір-бірінің мәдениетіне, салт-дәстүріне әсер етуінің бір көрінісі. Қалыңдықтың ұзатылатын күні үйге молда шақырылып, неке қиылады. Қыз үйінен шығарда бір жілік етті шүберекке орап, 2-3 рет қалыңдықтың басынан айналдырып алып қалады. Бұл ғұрып осы үйден кетіп бар жатқан адаммен бірге осы шаңырақтың ырысы кетіп қалмасын дегеннен туған. Қалыңдық отауы да ертерек жіберіліп, оны баласы көп, кәрі күйеу құрады. Кәдеге отауды көтерткен жақ не ат мінгізеді, не түйе жетектетеді. Киіз үйді құрып болған соң, қыз-келіншектер қалыңдық алдынан шығады. Жігіттің үйінде қалыңдыққа арнап қойдың иленген терісін төсейді, бұл – келіннің мінезі осы терідей жұмсақ болсын дегенді білдіреді. Келіннің бетін ашқанда бетін жапқан матаның бір шетін таяққа байлайды да отырғандардан көрімдік сұрайды. Қыз әке-шешесіне тек бір жылдан кейін ғана төркіндеп барады.
Жүкті әйел толғата бастағанда әйел жеңіл босануы үшін түрлі ырымдар жасайды. Босануға тақағанда “бел тарту” жасалады. ХІХ ғ. қазақ жерінде дәрігерлік қызмет атқарған И.С.Колбасенко қазақ тәжірибесіндегі бел тарту әдісі баланы жылдам туғызуға шын мәнінде көмегін тигізетінін айтады. Әйелдің қиналып босана алмауын “марту басу” немесе “көз қараю” деген ұғымммен түсіндіреді. Бұндай жағдайда әйелді көрік тұратын дүкенге апарып босандырады. Ә.Т.Төлеубаевтың пікірінше, бұл әйелдің денесін жын-шайтаннан тазарту болып табылады [8, 127 б.]. Бала теріс келгенде әйелдер толғатып жатқан әйелді сырмаққа салып, “оң ба?”, “оң”-деп шайқайды. Баланың өмірге келу құрметіне арналған салт-дәстүрдің бірі - шілдехана. Қалжаға сойылған мал етінің бәрін босанған әйел өзі жеу керек, өйтпесе белі тез бекімейді деп ырымдайды. Үшінші күні баланы бесікке салады. Ол үшін ауыл әйелдері жиналып, ет асылып шай қайнатылады. Бала көтермей жүрген әйелдер, жас келіншектер шын сеніммен шашудан татады.
Бала тоқтамаған отбасы баланы бесікке бөлеп, үш рет жұртқа тастап кетіп, “ұмытып кетіппіз” деп алып кеткен. Ал сақаларда осыған ұқсас салт атқарылады [20, 127 б.]. Ал бұл ғұрыптардың барлығы баланы жын-шайтан алып кетеді, сондықтан баланы сатса, ұрлап әкетсе жын-шайтан оның қайда екенін білмей қалып, орнына салынған күшікті алып кетеді деген түркі-моңғол халықтарына ортақ танымнан туындайды.
Күндері қатар екі әйелдің біреуінің босанғанын екіншісі сыртынан көріп қойса, жаңа туған балаға “шілде қотыр” шығады деп түсінген. Сондықтан екеуі де жеңілдегенше бірін-бірі көрмеуі керек. Бір-бірін көріп қойса, нәрестелері қырқынан шыққан соң, екі келіншекті бір-бірімен арқаларымен дәлме-дәл түйістіреді және арқаларымен тұрып бір-біріне ыдысқа салып тамақ ұсынады. Бұл ырымды “көттестіру” деп атаған.
Баланың туғанына қырық күн толысымен оны қырқынан шығарады. Жетісу өңіріндегідей бала енді құйрығын басып отыра және еңбектей бастағанда жасалатын “құйрық ботқа”, “бауыр аяқ” ғұрыптары бұл өңірде кездеспейді. Бала аяғын басарда тұсауын кескенде аяғын ала жіппен байлап, екі жағына тамақ салынған ыдыс қояды [4, 127 б.]. Ұл беске толғанда баланы атқа, ашамайға мінгізу рәсімі жасалады.
Дерек берушлердің мәліметі бойынша, көзі тиген адамның оң аяғының ұлтарағынан кесіп алып баланы ұшықтайды, немесе сол үйдің қойының құлағын кесіп әкеледі де, отқа күйдіріп жылы суға салады да, сол суға баланы шомылдырады. Қазақтар “ит ауру” немесе “ит тию” деген ауруды (рахит) көз тиюден болады дейді. Оған қарсы иттің бас сүйегі салынған суға баланы шомылдырған немесе ит өлген жерге апарып аунатқан.
Тарбағатай өңірі қазақтарының сәбидің дүниеге келу және бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрып, салт-жораларында дәстүрлі мәдениет элементтері әлі де жалғасын тауып отыр.
Шығыс Қазақстан қазақтарындағы өлік жөнелтуге байланысты әдет-ғұрыптар жалпы мұсылман халықтар дәстүрімен ұқсас, өзектес болып келеді. Айталық, Тарбағатай қазақтарында адам өлім аузында жатқанда, ауру адамға ақсарбас қой арнайды. Егер ауру адам дүние салса, қойды сол күні сояды. Қазақ дәстүрінде аза тұту ғұрпында орындалатын рәсімдердің бірі – жоқтау бұл өңірде әлі күнге дейін кездеседі және оны тек әйелдер айтады. Жетісу өңіріндегідей ерлердің таяқ ұстап тұруы, белдеріне белбеу тартуы кездеспейді. ХХ ғ. бас кезінде Шіліктіде болыс болған Зейнолла Бұтабайұлы қайтыс болғанда керей елінің жыршы қызын алып келіп, жырмен жеті күн жоқтатқан екен.
Мәйітті жуындыруға 5-6 адам қатысады және олар әр атадан болуы шарт. Жатқан жерін тазалап, орнына арпа, бидай шашады, аршамен аластайды. Бұл артындағы ұрпағы бидайдай өсіп-өнсін деген ұғымды білдіреді. Сол сияқты сойоттарда да киімдері мен жеке заттарын жинап, үстіне арпа шашады [20, 31 б.].
Мәйітті жуып болған соң оны ақыретке (кебін) орайды. Әдетте бұл жақта еркек кебіні үш, әйел кебіні бес қабат етіп пішіледі. Кейбір жерлерде ақырет еркекке бес, әйелге жеті қабат оралатындай етіп дайындалады. Ақыреттелген мәйітті үйден шығарарда “иман киіз” деп аталатын таза киізге салып көтеріп “дәуір” жүргізеді. Тіршіліктегі күнәсін басқа адам алуға тиісті осы жосын-жоралғыны “ысқат оқу” деп атайды. Ал Жетісу өңірінде сақталған марқұмның денесін шығарғанға дейінгі құраннан аят оқу рәсімінің С.Әжіғали “дәлел шығару” және “дәлел оқу” деген екі атауын береді [9, 56 б.].
Қазақстанның оңтүстік, батыс облыстарындағы мәйітті молаға жеткізуге арналған арнайы ағаш “табыттар” бұл өңірдің қазақтарында қолданылмайды. Олар мәйітті молаға жеткізу үшін ақ түсті арнайы “ақ киіз”, ”иман киізге” немесе “табыт киіз деп аталатын” киізді қолданды. Әр бір қолданғаннан кейін бұл киізді аластап, түнге далаға қалдырады. Түнге қалдыруды “жұлдыз көреді”, ”жел қағады” деп түсіндіреді. Бұл аспан шырақтары мен табиғат күштерінің тазалау күшіне деген сенімнен туса керек. Қайтыс болған кісінің “қонақасын”, ”жетісін”, ”қырқын”, “жылын” беру оның артында қалған туған-туыстарының парызы болып табылады. Көбінесе бұл рәсімге арнап жылқы сойылады да, оның бас сүйегі марқұмның моласына қойылатын. Бұндай ғұрып әлі күнге дейін Тарбағатайдың теріскей бетінде сақталған. Мәйіт жатқан жерге Зайсан өңірінде жеті күн басына 7 шырақ, аяғына 7 шырақ жағылады. Шырақты неғұрлым қыз бала жақса, соғұрлым сауабы мол болады. “Шырақ жағарың бар ма?”-деген сөз осыдан қалған болса керек.
Мәйітті шығарып бара жатқанда нанды шүберекке орап, басынан айналдырып алып қалып, ”қалған дәм” деп бөліп жейді. Тура осы ғұрып қыз ұзату кезінде, қыз үйден шығып бара жатқан кезде жасалынады. Бұл осы үйден кетіп бара жатқан адаммен бірге осы үйдің бақыты кетіп қалмасын деген сенім. Осылайша құтты тағамға сіңіріп қалу ырымы Моңғолия қазақтарында да бар. Осыған ұқсас ырым Сібірдегі түркі тектес халықтарда да кездеседі. Мәселен, Удмурт-мариилерде өлікті босағада кідіртіп, әрі үстінен балаларын секіртіп, әкеңнің (шешеңнің) құтын алып қал”-деп айтады [20, 96 б.].
Ата-баба аруағының құдіретіне сенумен байланысты туған рәсімдердің бірі - ас беру дәстүрі. Ел есінде қалған астың бірі – үш жүзге сауын айтқан Сүлейменнің асы. Аста 300 ат шауып, 40 атқа бәйге берілген. Асқа орыстың оязы, Қытайдың дутыңы қонақ болып қатысқан, Әбділдәбек болыс балуанға түскен, “Әсет пен Кәрібай” айтысы дүниеге келген. Асқа қазақта тұңғыш гимназия салдырған, романға бәйге жариялап, әдебиетіміз тарихындағы төл басы романдарының тууына игілік жасаған, “қазақ Нобелі” руы - матай, Мамай Тұрысбек барған. Қазақтың болашақ ақыны, 12-13 жасар Ілияс Жансүгіров осы аста атқа шапқан екен.
Басқа өңірдегілердей “жеті шелпек”, қырық шелпек” пісіріп тарататын садақа беру ғұрпы атқарылмайды.
Шығыс Қазақстан қазақтарындағы өлік жөнелтуге байланысты әдет-ғұрып, салт-жоралардында дәстүрлі мәдениет элементтері әлі де жалғасын тауып келе жатыр.
Қорытынды бөлімінде зерттеудің нәтижелері мен олардан туындайтын тұжырымдар жинақталып, тақырыпты игерудің теориялық-методологиялық қырлары жүйеленді.
Жалпы алғанда, көптеген ғылыми тұжырымдар мен зерттеу еңбектерін назарға ала отырып кез келген этникалық топтың, этностың тарихи-мәдени даму эволюциясы үнемі үздіксіз әсер ететін көптеген қозғаушы күш, себептердің, факторлардың ықпалымен дамып ілгерлейді. Бұған табиғи-биологиялық жағдай, саяси-әлеуметтік ахуал, мәдениет-себеп әсерлері атсалысқан кешенді іс-қимыл, әрекеттер әсер етеді. Тарбағатай өңіріне қазақтың әр түрлі руларының қоныстануы генетикалық, биологиялық теңдікті сақтап, тірлік етіп, өсіп-өрбу мүмкіндігін туғызған. Биологиялық дамуды бастан өткізіп, этнобиологиялық, этномәдени тұтастығын сақтай отырып, әркелкі саяси жағдай, мәдени, экономикалық деңгейіне қарамастан тарихи-әлеуметтік, қоғамдық субъект ретінде қазақ ұлтының құрамдас бөлігі болып табылады және аталмыш өңірді ежелден мекендегеніне көз жеткізуге болады. ХХ ғ. 20-30 жж. күштеп отырықшыландырудың салдарынан ру-тайпалық қауымның кейбір механизмдерінің мәні біртіндеп өгергеніне қарамастан, ру-тайпалық және жүздік құрылым өзінің өміршеңдігін көрсетіп, ол қазақ халқының дәстүрлі этномәдени ерекшелігі ретінде әлі күнге дейін маңызды екендігін көрсетті.
Шаруашылықтың белсенді іс-қимылы негізгі екі үлкен бағытпен жүріліп, этностың жер бедерін өздеріне сәйкестіруден гөрі, өздері жер бедеріне үйлесіп өмір кешуі басым болады. Аумақтық топтың жер-суы, қонысы біртұтас болуы этностың қалыптасып, дамудың басты жағдайын жасайды. Сөйтіп, адамдар өзара қатынасып, бара-бара аумақтық топтың тұлғалануына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, этностың жер суы, ауа райы, орналасуы олардың қауымдастығының ықтималды мүмкіндігі, келешегін де айқындауға басты әсер етеді.
Тарбағатай тауының теріскей бетіне, байырғы атақонысының жер-суы, ауа райына қазақ рулары аз уақыттың ішінде орнығып, тұрмысы мен шаруашылығын қалпына келтіріп, дамыта алды. Яғни бейімделу, үйлесу мәселесі қиындық туғызбады деуге болады. Мал мен жаны жедел өсіп-өнгендігі сонша, олардың шаруашылық, адами фактордың оптимумынан асқан соң басқа өңірге қарай, “сабадан асып төгіліп” іргесін, қонысы мен өрісін ұлғайта түсті. ХІХ ғ. бас кезінде шаруашылық негізі болған төрт түліктің қамы, өріс-қоныс, жайылым үшін Тарбағатайдың күнгей жағына қарай өтіп қоныстанып отырған жұрт 1854 ж. ақ патша саяси-әкімшілік реформасы мен 1881-84 жж. Пекин-Шәуешек-Санкт-Петербург келісім мәмілесінен кейін лек-легімен шекараның арғы бетіне қарай, яғни басқа мемлекеттің ықпалындағы аумаққа қарай өтумен болды.
Ресми статистикада көрініс таппаған ел ішіндегі қысқа мерзімдік маусымдық (қыстау-жайлау, мал отарлату, жылқы қыстату т.б.) миграциялар да көрініс берді. Бұл өз кезегінде шекараның екі тарапында қалған қандастардың сан-салалы байланысын үзбеуіне мүмкіндік тудырды. Бұған қыз ұзату, қыз алу сияқты некелік байланыс та ықпалын тигізді. Осының барлығы екі жақ үшін де сақтану, қорғаныс механизмін жасады. Ол арғы беттегі қазақтарды оқшауланудан сақтаса, бергі беттегі қазақтар үшін арғы бет “уақытша қойма (резерв, тыл)” тәрізді болды. Яғни, Тарбағатай қазақтарына изоляциядағы қазақтар архаикалық, төлтума мәдениет дәнін сеуіп, ұдайы ықпал етіп отырды. Сондай-ақ, сын сағатта, саяси өзгерістер, репрессия кезінде бас сауғалап, оларды тірек етті. Кейін ХХ ғ. 50-60 жж. Қытай қазақтары да бері қарай өтіп, осы өңірлерге қоныстанған еді.
Тарбағатай өңіріндегі табиғи-экологиялық ортасына байланысты қалыптасқан шаруашылығында осы аумаққа тән ерекшеліктер, белгілер білінеді. ХІХ-ХХ ғ. басында Тарбағатай өңірінің қазақтарының дәстүрлі шаруашылығында негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен әртүрлі өнеркәсіптік қосалқы кәсіптер болды.
Тарбағатай қазақтарының дәстүрлі-тұрмыстық мәдениетін зерттеуде мәдени-тұрмыстық кешен ерекшеліктері аталмыш территориямен байланысты екеніне көз жеткізуге болады. Осылайша, берілген тарихи-географиялық аумақ мәдениеттің өзінше локальды типі екенін көрсетеді.
Дәстүрлі отбасылық әдет-ғұрыптарына анализ жасай отырып, өзіндік ерекшелік пен қазақы бет-бейнесінің сақталуы анықталынды. Әсіресе, бала туу және оның әлеуметтену кезеңінде, той жасау, сондай-ақ, өлік жөнелту әдет-ғұрыптарындағы ерекшеліктерді айтуға болады.
Осы тұрғыдан келгенде, Тарбағатайдың теріскей бетінде қазақ руларының өзіндік ерекшелік пен қазақы бет-бейнесінің сақталуына, дамуына әсер етуші ішкі, сыртқы саяси-әлеуметтік, табиғи-биологиялық жағдайлар, ұлттық жан-күй, мәдени факторлар әсері үлкен міндет атқарды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Левин М.Г., Чебоксарев Н.Н. Хозяйственно-культурные типы и историко-этнографическое области. // - СЭ. -1955. -№ 4. - С. 3-18.
2 Андрианов Б.В., Чебоксарев Н.Н. Хозяйственно-культурные типы и проблема их картографирования // - СЭ. - 1972. -№ 2. - С.3-17.
3 Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии. - СПб., 1881. - Вып.2. - 181 с.
4 Обычай казахов Семипалатинской области // Русский вестник, 1878. - № 9. - С. 23-46.
5 Дужан К. Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа // Северная пчела, 1855. - № 92. - С.16-18.
6 Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. - Л., 1926. - Т. 3. - 895 с.
7 Аргынбаев Х.А. Историко-культурные связи русского и казахского народов и их влияние на материальную культуру казахов в середине ХІХ и нач. ХХ веков (По материалам Восточного Казахстана) // Труды ИИАЭ. - Алматы, 1959. - Т. 6. - С.19-90.
8 Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ- нач. ХХ в.). - Алма-Ата: Ғылым, 1991. -213 с.
9 Аджигали С.Е. Основные особенности погребально-поминальной обрядности казахов Жетысу // Жетісу тарихы мен мәдениеті. ІІ-кітап. - Талдықорған, 1992. - 94-109-бб.
10 Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их чиленности. - СПб., 1897. - 486 с.
11 Казахско-русское отношения в XVІ-XVІІІ веках. - Алма-Ата: Наука, 1961. - 288 с.
12 Садықанұлы Бейсенғазы. Қаракерейдегі бес байыс елінің орысқа бодан болуы // Қазақ тарихы, 2005. - № 2. - 34 -36-бб.
13 Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей / Под рук. Ф.Щербины. - СПб., 1905. - Т. 8. Зайсанский уезд. -521 с.
14 Материалы по киргизкому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей / Под рук. Ф.Щербины. - СПб., 1905. -Т. 9. Усть-Каменогорский уезд. -562 с.
15 Токарев С.А. Докапиталистические пережитки в Ойротии. - М.-Л.: ОГИЗ Соцэкгиз, 1936. - 155 с.
16 Кон Ф. Предварительный отчет по экспедиции в Урянхайскую землю // Известия Восточно-Сибирского отдела ИРГО. - 1903. - №1. - С. 56-64.
17 Арғынбав Х. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Өнер, 1987. - 128 б.
18 Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда (ХІХ- начало ХХ вв. ). - Алма-Ата: Наука, 1964. -178 с.
19 Этнография питания народов зарубежной Азии. Опыт сравнительной типологии. - М.: Наука, 1981. - 256 с.
20 Белиловский К. Женщины инородцев Сибири (Медико-этнографический очерк). - СПб., 1894. - 121 с.

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР

1 Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының шаруашылығы // Қазақстан мемелекеттік тәуелсіздік жолында: тарих және қазіргі заман: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Семей, 2001. - 1 бөлім. – 132 - 136 - бб.
2 Тарбағатайдың терістік беті қазақтарының шаруашылығындағы сауданың маңызы // Тарих ғылымы ХХІ ғасырда: Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. - Алматы, 2001. - 2 бөлім. - 279 - 285 - бб.
3 Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының егін шаруашылығы // Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2001. - 2 бөлім. -325 - 331 -бб.
4 Тарбағатай аймағындағы рулардың негізгі қоныстары // Қазақ ордасы, 2003. - № 1-2. - 48 - 55 - бб.
5 Тарбағатай өңірі қазақтарындағы бала тууға байланысты әдет-ғұрыптар // Ұлт тағылымы, 2003. - №3. - 114 - 121 - бб.
6 Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының қыз ұзатып, үйленуге байланысты әдет-ғұрыптары // Бекмаханов тағылымы – 2004: Халықаралық ғылыми конференция материалдары, 18 - 19 мамыр 2004 ж. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 321-324 - бб.
7 Шығыс Қазақстан қазақтарындағы өлік жөнелтуге байланысты әдет-ғұрыптар // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 1. - 112-115 - бб.
8 Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары // Найман Тоқабай шежіресі. - Алматы, 2005. - 264-272 - бб.
9 Тарбағатай өңірі қазақтарының баспанасындағы ерекшеліктер // Отан тарихы, 2006. - №4. - 195-204 - бб.
10 Тарбағатай өңірі қазақтарындағы аңшылық // Қазақ тарихы, 2007. -№ 1. - 49-52 - бб.
11 ХІХ-ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірі қазақтарының киімі // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -2007. - № 1. - 128-132 - бб.

РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности
07.00.07. - Этнография, этнология и антропология

Егизбаева Меруерт Карпыковна

КАЗАХИ ТАРБАГАТАЯ ХІХ-НАЧ. ХХ ВВ. (ИСТОРИКО-ЭТНОГРАФИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ)

Диссертация посвящена историко-этнографическому изучению казахов Тарбагатая в ХІХ - начале ХХ вв.
Актуальность темы исследования определяется недостаточной разработанностью проблем выявления этнотерриториальной специфики казахов, населяющих тот или иной регион Казахстана. К настоящему времени большинство узловых вопросов этнографии казахов разработаны в общеэтническом плане. На наш взгляд, актуальной задачей современного поколения этнологов является изучение этнографии локальных групп этноса.
Цель работы – комплексное историко-этнографическое исследование казахов Тарбагатая в ХІХ - начале ХХ вв. Изучение данной этнотерриториальной группы ярко иллюстрирует природу родоплеменной организации, способы адаптации к среде обитания и позволит выявить особенности традиционных форм хозяйства, специфику культуры жизнеобеспечения и комплекса семейно-бытовой обрядности, т.е. особенности ее историко-культурного функционирования.
Теоретическую и методологическую основу научного исследования составили общие и специальные методы научного исследования, принципы историзма, объективности, методы сравнительно-исторического, критического, системного, хронологического и проблемного анализа. Методология исследования базируется на теоритических разработках и концептуальных положених российских и казахстанских этнологов, внесших существенный вклад в концепции типологизации этнических общностей, хозяйственно-культурных типов и историко-этногафических областей.
Источниковой основой исследования послужили полевые материалы автора, труды дореволюционных, советских и современных ученых, архивные источники и материалы, опубликованные в периодической печати отечественными и зарубежными авторами.
Диссертация состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованной литературы и приложения.
В первом разделе “Расселение казахов Тарбагатая в ХІХ - начале ХХ вв.” исследуются родоплеменной состав, география расселения и численность казахов, населявших Тарбагатай в ХІХ- начале ХХ вв.
Во втором разделе “Хозяйство и материальная культура” рассматриваются вопросы типологических особенностей хозяйства и специфики структурных элементов материальной культуры казахов Тарбагатая, исследуются условия, способствовавшие формированию своеобразного типа традиционно-бытовой культуры данного региона.
В третьем разделе “Семейная обрядность” рассматривается область наиболее ритуализованных действий, охватывающих важнейшие обряды и обычаи жизнненого цикла человека: рождение-свадьба-смерть на материалах по исследованию казахов Тарбагатая.
В заключении подведены итоги проведенного исследования и сформулированы основные выводы диссертации. Особенности ведения хозяйства и функционирование культуры казахов в специфических условиях обитания в Тарбагатай, являющегося уникальной природно-экологической нишей, повлекли за собой накопление особых черт, свойств и признаков, характерных для данной этнотерриториальной группы казахов. Комплексное изучение казахов Тарбагатая в ХІХ-начале ХХ вв., дает возможность сделать вывод, что данная этнотерриториальная группа обладала достаточно выраженной локальной спецификой, проявившейся в структуре родоплеменной организации, в особенностях ведения хозяйства, ведения материальной культуры, в сфере семейной обрядности. В работе нашли отражение не зафиксированные официальной статистикой сезонные кратковременные миграции (летовка-зимовка, зимний выпас скота и лошадей), которые давали возможность поддержания связей казахов проживающих по обе стороны границы. Продолжались между ними и отношения сватовства. Непрерывающиеся отношения служили механизмом сохранения для обеих сторон, способствовали проникновению архаичных элементов культуры находящихся в изоляции казахов в среду казахов Тарбагатая. Если одну сторону это спасало от изоляции, то для других та сторона была временным резервным тылом. Во времена кризиса и репрессий, политичеких потрясений эти обстоятельства спасали многие жизни. В период 1953-1963 гг. численность казахов Тарбагатая значительно пополнилась за счет миграции казахов из Китая, т.е. с той стороны. Вышеназванное стало одной из причин, обусловивших возникновение региональных особенностей казахов Тарбагатая.
Научно - практическая значимость диссертационного исследования определяется возможностью применения ее положений и основных выводов при разработке регионального атласа по этнологии казахов, а так же спецкурсов и спецсеминаров для студентов исторических факультетов, при подготовке обобщающих трудов по этнологии и краеведению. Кроме того, общие итоги работы могут использоваться в написании специальной литературы по истории и этнографии казахов.
В перспективе культурно-историческое значение Тарбагатая, являющегося одним из ключевых регионов Казахстана, требует своего дальнейшего осмысления и всестороннего изучения.

 

 

RESUME

Abstract of dissertation for receiving the scientific degree of the candidate of historical sciences on specialty 07.00.07.- ethnography, ethnology and anthropology.

Egizbaeva Meruert Karpykovna.

KAZAKHS OF TARBAGATAI IN THE XIX – BEGINNING OF XX CENTURIES.
(HISTORICAL- ETHNOGRAPHICAL RESEARCH)

This dissertation is devoted to the historical- ethnographical studying of the kazakhs from Tarbagatai in the XIX - beginning of XX centuries.
The topicality of theme is defined by insufficiently developed problems of the discovering of the ethnoterritorial specifics of kazakhs, which settled in one or another region of Kazakhstan. At present time numerous of the main matters of kazakh’s ethnography is developed in common ethnical theory. In our point of view, the topical task of modern ethnologists is researching of the ethnography of the local groups of ethnos.
The aim of investigation is integrated historical –ethnographical studying of Tarbagatais’ kazakhs. The research of this ethnoterritorial group shows the nature of tribal organization, the methods of adaptation to the enviroment and allows to expose the peculiarities of traditional forms of economy, the specific culture of activity and complex of the family life ritual, peculiarities of the historical- cultural functions.
The theoretical and methodological basis of the research work was compiled by the general and special methods of investigation. The principles of history and objectivity, historical- comparative, critical, systematic, chronological methods and problematic analysis are used.
The methodology of research is based on the theoretical groundworks and conceptual points of Russian and Kazakh ethnologists, which brought large contribution to the conception of typological ethnic community, economical- cultural types and historical- ethnographical regions.
The source basis of investigation: The author’s field works, pre-revolutionary, soviet, modern domestic scientists’ works on the problems of history, ethnography of XIX-XXc.c,, published and unpublished materials in the periodical press, archives of the Republic of Kazakhstan.
Dissertation consists of introduction, three sections, conclusion, appendix and the list of used literatures.
In the first section “ The accommodation of kazakhs from Tarbagatai in XIX- XX c.c.” is studied the tribal structure, geography of accommodation and population of kazakhs, which were settled in Tarbagatai in XIX- beginning of XX cc.
The second section “ Economy and material culture” is devoted to the matters of peculiarities of the economy and specifics of structural elements of the material culture of Tarbagatai’s kazakhs.
In the third section “ Family ritual” is considered the field of the most ritual actions, which includes the main rituals and customs of the vital cycle of people – “ birth- wedding- death” from the materials on the investigation of kazakhs from Tarbagatai.
In conclusion is summed up the results of investigation and formulated the basics of conclusion. Peculiarities of housekeeping and functions of kazakh culture in specific conditions of settling in the unique natural-ecological place- Tarbagatai, leads to savings of particular features and signs, that characterized this group of kazakhs.
The work is reflected the unrecorded in official statistics seasonal short migrations (summer- winter, winter grazing of cattle and horses), that gave opportunity to support the relations of kazakhs, living in the both sides of border.Also was continued between them the relations of matchmaking.
Continuous connections were served as the mechanism of surviving to both sides and promoted the spreading of the archaic elements of culture of isolated kazakhs into medium of Tarbagatai’s kazakhs.
If it saved the one side from isolation, to the second’s it was temporary rear. At the times of crisis, repressions these circumstances saved a lot of lives.
In the time between 1953-1963 population of kazakhs from Tarbagatai was replenished by migrations of kazakhs from China, from other side. All of these were the reasons of the emergence of the regional peculiarities of Tarbagatai’s kazakhs.
General points and conclusions of this research work can be taken as a groundwork in preparing the special courses and seminars to the students of historical faculties and can be used in a writing of special literature on history and ethnography of kazakhs.
In store the cultural – historical importance of Tarbagatai, that is one of the main regions of kazakhstan needs the comprehensive research.

 

Улы жибек жолы

Қазақтың спорт және туризм академиясы
Білім және ғылым министрлігі
 
тақырыбы:
  
 Ұлы Жібек жолы
                                        Тексерген: Тарих ғылымының кандидаты. Доцент.Құлманов Ж.Е.
                                   Орындаған:Аубакиров Б.Д.
         ФОС-1-2
                               Алматы-2006 
 
                      Ұлы Жібек жолы
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
   Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның  оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда  төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет  қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
     VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі  болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде  арабтар Фадл-Ибн Сахлдың  басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар  қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
  Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған  орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің  Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
   VII  ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде  түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран  жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
  X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен  көпшілік үшін салынған  моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі  көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған  бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі.  Өкінішке орай, қираған күмбез  XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері  өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың  саяси, экономикалық және мәдени  өмірінің  ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты  өзендердің бойында  төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында  Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз   сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи  күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен  солтүстік-шығысына баратын  керуен жолдарының  қилысында орналасқан  ол XII ғасырда қыпшақ  бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата  жұрты бар.
 X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда  жоғарыда  айтылған кенттерден басқа  жаңа бірқатар   қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі  ұлғайып,  сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан  рабадқа ауысқан.
  Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық  өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу  қалаларының  Визиантия,  Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол  Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына  беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан  терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан  «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай  шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген  заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз  еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім  шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және   Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған  су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан  жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп  ыдырауына әкеп  соқты.

 

ТӨЛЕ БИ(платный)

ТӨЛЕ  БИ
(1663-1756)
Төле би Әлібекұлы XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған.
Шешендік дәстүрінде жаңа талап жас баланың аты әйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле би атақты Әнет Бабаға барып сәлем беріпті. Жүзге келген қарт би ел бірлігі, ынтымақ жайында сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: "Қалай еткенде бірлік болады, оның мәні қандай болмақ?" – деп сұрапты. Бұған би бір топ буылған шыбықты ұсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай бір, бұлай бір иіп сындыра алмапты. Мұны көрген қарт би: "Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы", — десе, ол бұл жеке шыбықтарды оп-оңай быртылдатып сындырып беріпті. Әнет Баба жас баладан: "Бұдан не түсіндің?", – деп сұрағанда, Төле: "Мұның мәнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды. Онсыз тірлік жоқ!", - депті. Сонда Әнет Баба: "Дәл таптың, балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ қажет! Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын дегеннің мәнісі осы – депті.
Төле араласып шешімін тапқан әр алуан даулардың ішінен жер, су, жайылым жөніндегілері де елеулі орын алып келген. Отбасының берекесі, ердің ырысы, жақсы болса, елдің басшысы деп әйелдің орнын өте жоғары бағалаған Төле би алдына келген қыз-жігіттердің тағдырына жеңіл қарамай, олардың бақытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындықты танытып, әділдікке қол жеткізуде Төле бидің әр түрлі амал-тәсілдерді қолдана білгенін анық байқауға болады. Бірде Төле бимен іргелес отырған Жантау мен Жантас ауылының екі жігіті шабындыққа таласып, бір-бірін кіріспейтіндей болып араздасады. Мұны естіген Төле екі жігітті шақыртады. Екеуі екі жақтан келіп, Төленің үйі жанындағы бір қазыққа аттарын байлап, үйге кіріп биге сәлем береді. Би ләм-мим демей екеуін ертіп сыртқа шықса, екеуінің аттары бір-бірін қасысып тұр екен. Сонда би: "Апырым-ау, мынау екеуінің татуын-ай", – депті. Бидің бұл сөзін естіген екі жігіт бір ауыз сөзге келместен сол жерде қол алысып татуласып кетіпті.
Бидің тұспалдап жеткізіп айтайын деген ойын жігіттер дұрыс ұғады.
Халық әңгімелерінде Төленің білгір-көрегендігі, әулиелігі туралы көп айтылады. "Қарлығаш әулие" атану оқиғасының өзі – соның дәлелі. Төле бидің өмір туралы қорытқан ой-түйіндері мен нұсқалы сөздері өз төңірегіндегілерге айтқан өсиеті іспетті болып келеді.
Бұл сөздердің терең мазмұндылығы мен халқының ынтымақ-бірлігін ойлап, алдағыны көрегендікпен болжай білгені анық көрінеді.
Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,                                         
 Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың.       
Екінші – жиғаның,                                   
Үшінші – ырысыңның тұрағы... –  
деп, мақал-мәтел үлгісінде қисыңдырып берілген сөз түйіні, ұлағатты ой жиынтығы толық байқалады.
Шапқыншылық кезіңде сыр бойының қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Ел басшылары жиналып, қалай құтқарудың жолын қарастырады. Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ", – деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:                                                 
Атадан ұл туса игі,                                                 
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,                                             
Жаудан бұққан немені,                                   
Ортасынан қуса игі, –                                          
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Содаң соң айналасындағыларға қарап:                           
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,                                         
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,                                      
Арылмайтын сорың бар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,   
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар? –                                       
деп толғайды.
Өзінің шешеңдік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіреді деседі.
"Біз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз" – дегендерге, Төле би:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.      
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады.
Халық азса, хандыққа таласады!... –
деп жауап береді.

 

Меню

Нас считают

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Besucherzahler russian women for marriage
счетчик посещений

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылками, рефератами и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, а также в нашей газете "Мереке - Праздник для всех", обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по адресу ukcbs@mail.ru