1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Педагогика

Білім берудің мазмұны

Білім берудің мазмұны
Тақырыптың жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы ұғым.
2. Білім беру құрылымының бөліктері.
3. Білім беру түрлері.
4. Білімнің мазмұнын анықтайтын құжаттар.
1. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
2. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
•  күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
•  көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
•  болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
•  белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
•  ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
•  әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б.
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудық маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі.
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Көркемөнер іс-әрекеті әстетикалық дүниетінымды дамытып, әдемілікке сүранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді.
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтың бет-бейнесін қалыптастырады.
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі.
Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды.
Білімнің үшінші элементі - шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.
Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстырған дұрыс.
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады. Оқушыларғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сөйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Бұл бөлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары болады. Сезім мәдениеті - адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сүраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім беру мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы білдіреді.
Егер оқушылар білім алуға оң көзқараспен қараса, онда олардың оқудағы табыстары жақсы болады. Психологтардың дәлелдері бойынша жағымды эмоциялар адамды шабыттандырады. Мәселелік оқытудың элементтерін қолданған оқушы өзі үшін жаңалық ашып қуанышқа бөленеді. Адамның сезіміне өнер де орасан зор әсер етеді.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді.
3. Жалпы, политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру.
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Жалпы білім - ғылым негіздерін оқушылардың меңгеруі және нәтижесі. Жалпы білімнің мазмұнына оқу пәндерінің иггілгі 3 түрі енеді. Олар:
•  ғылыми-жаратылыс;
•  гуманитарлық;
•  еңбек және дене дайындығы. Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат заңдылықтары
турнлы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді.
Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатып заңдармен таныстырады.
Әр түрлі тілдер қоршаған өмірді терең түсінуге, ақыл-ой тәрбиесіне, әлеуметпен қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Гуманитарлық білімдер - тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу өнерлерінің баланың дамуына үлкен ықпалы бар.
Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, дағдыға үйретеді.
Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін зерделеп, табиғат және қоғам құбылыстарының мәніне жетіп, ғылымның зерттеу әдістері және даму тарихымен танысады.
Жалпы білім - политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз байланыста болады.
Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетіну, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сызу, мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек құралдарымен жұмыс істей білу -политехникалық білімді тереңдетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі өндіріс туралы білімдері көмектеседі.
Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы білімдер, іскерлік, дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалық білім негізінде беріледі.
Ал материалдық-техникалық негізі мықты мектептерде өндірістік оқу ұйымдастырылып, оқушылар кәмелеттік аттестатпен бірге мамандық алып шығады.
4. Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.
Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер ескерілді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинаңтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған.
Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.
Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларынаберілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.
Жоғары сатыда( 10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.
Бұл сатыда оқушылардың қажеттіліктері, икемділіктері, танымдық қызығушылықтарына қарай оларға арналған түрлі курстар оқытылады.
Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, биология-химиялық, техника-технологиялық және басқа бағыттарды оқушылар өздерінің танымдық қызығушылықтары мен қабілетіне қарай таңдап алады. Ал білім беру ұйымы өзінің мүмкіндігіне және әлеуметтік мәдени орта ерекшеліктеріне қарай оқушылардың таңдауына түрлі бағыттарды ұсынады.
3 сатыға арналған базистік оқу жоспарына барлық бағыттар үшін білім мазмұнының міндетті минимумы енгізілген. Мектептің өзі анықтайтын пәндерді көбейтуі оларға іштей, сырттай, дистанциялық оқыту түрлерін қолдануға, ал оқушылардың жеке білімдік багдарлама бойынша білім алуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998)
Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың қүрамдас бөлігі.
Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қогам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген.
Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті.
Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аймақтың әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарап жекелеген курстарды енгізуіне болады. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.

"0314002 – Бастауыш сыныптарды оқыту мамандығы бойынша орта кәсіптік білімнің типтік оқу жоспарына түсіндірме"
Типтік оқу жоспары түлектерді дайындау деңгейіне және мамандық бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және орта кәсіптік білімнің оқу орындарымен оқу жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Жалпы білім бойынша мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға бірінші курста 1404 сағат берілген.
- мемлекеттік тілде білім алып жатқан топтар орыс тілін, орыс тілінде білім алып жатқан топтар қазақ тілін меңгереді;
- "Дене шынықтыру" сабағы міндетті түрде қажет деп табылады, бірінші курста "Денетәрбиесі", "Валеология" (36 сағат) пәндері аптасына 4 сағат, екінші курстан бастап аптасына 2 сағат есебімен спорттық секцияларда жұмыс жүргізуге бөлінеді. "Дене шынықтыру" курсы соңында бюджеттен бөлінбеген уақытта емтихан тапсырылады;
- Алғашқы әскери даярлық сабағы бірінші курста 78 сағат көлемінде, екінші курста 34 сағат көлемінде меңгеріліп, ер балалар үшін осы пәнге бөлінген жалпы уақыт есебінде өтілетін, бес күндік далалық жұмыстарымен қорытындыланады. Оқу орындары жергілікті әкімшіліктермен және әскери-соғыс комиссариаттарымен бірлесе отырып, оның өткізілетін нақты мерзімін белгілейді. Ал қыздар бұл уақытта денсаулық сақтау бөлімдерінде 30 сағат көлемінде медициналық-санитарлық даярлық курстарынан тәжірибе жұмыстарын өткізеді. Алғашқы әскери дайындықты толық көлемде өткен тұлғалар сабақтан босатылады.
- бірінші курста тілдерді меңгеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 26 маусым 2001 жылғы №499 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы орта білім Мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Екінші курста кәсіптік бағыттағы тілдер меңгеріледі;
- жалпы білім беретін  пәндер бойынша бақылау жұмысы, сынақ, емтихан түрінде мезгілді аттестаттау жүргізіледі;
- оқытудың бір жылдық қорытындысын, аттестаттауға үш міндетті емтихан кіреді:
1. Орыс тілінен;
2. Қазақ әдебиеті;
3. Математикадан (жазбаша);
4. Дайындық профиліне сай емтихан - химия (ауызша);
- жалпы орта білім аттестатын алғысы келген оқушылар оқу орнына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орнындағы Х-ХІ сынып түлектеріне қорытынды аттестаттау жағдайымен сәйкес аттестаттаудан өтеді;
- орта білім базасына қабылданған топ оқушылары білімін екінші курстан бастап жалғастырады;
- барлық пәндер бойынша бақылау жұмыстары және сынақтар, сол пәнге меңгеруге бөлінген уақыт көлемінде, емтихан -жиынтық емтиханға бөлінген мерзімде жүргізіледі;
- емтиханға кіргізілмеген пәндер бойынша және оқу тәжірибесінің барлық түрі бойынша дифференциалды сынақ қойылады;
- зертханалық-тәжірибелік жұмыстарда, семинарлық оқуларда, тіл бойынша оқу кезінде, дене шынықтыру кезінде және оқу тәжірибесі кезінде топты (8 адамнан аз емес) топшаларға бөлуге рұқсат етіледі;
- білім ұйымы анықтаған пәндер мазмұны (113 сағат көлемінде) жұмыс оқу жоспары және оқу бағдарламасымен айқындалады;
- кәсіптік тәжірибені (оқу және технологиялық) топтау арқылы немесе теориялық сабақтарда қалай болса оқу-тәрбие сондай етіп, оқу жылы бойынша сағат көлемін міндетті түрде сақтаумен бірге оны теориялық сабақтармен кезектесіп, бөліп-бөліп өткізуге болады. Оқу тәжірибесін оқу үрдісінің жалғасы деп есептеуге болады. Жергілікті жағдайға байланысты тәжірибенің барлық түрінің өткізу уақытын оқу жылының аясына сыйғызуға болады. Диплом алдындағы машықтану біріктірілген түрде өткізіледі.
Жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде білім беру ұйымдарының құқықтары бар:
- өздік пәндер және міндетті пәндердің жұмыс бағдарламаларына қосымша тақырыптар мен бөлімдерді енгізу және тәжірибелік дайындық көлемін арттыру арқылы мамандықтар бойынша теориялық және тәжірибелік дайындықты ұлғайтуға және тереңдетуге
- осы стандартта көрсетілген, мазмұнның минимумын сақтау және білім алушының ең көп дегенде апталық жүктеме көлемін арттырмау арқылы пәндер циклдары үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін сағаттар көлемін 15 пайызға өзгертуге;
- білім алушылардың тілектерін ескере отырып факультативтік пәндер тізбесін өздігінен анықтауға;
- білім беру ұйымдарымен анықталатын пәндердің оқу сағаттарын өздігінше пайдалануға;
- негізгі жалпы білім беру негізінде қабылданған оқу топтары үшін жұмысшы оқу жоспарын даярлауда олардың қажеттіліктерін қамтамасыздандыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер мен жалпы ізгілендіру пәндері бір блокқа біріктірілген.
- арнайы курс, арнайы семинардың тақырыбын оқу орны мамандардың дайындығын ескере отырып белгілейді. Арнайы курс оқушылардың таңдауы бойынша белгіленеді;
- факультативтік пәндер мен мамандарды дайындаудың ерекшелігін ескере отырып, оқу дәрісханаларының, зертханалардың және шеберханалардың тізімін оқу орны өзгертіп енгізе алады;
- курстық жұмыстарға әр оқушыға кеңес беру есебінен 3 сағаттан бөлінеді;
- педагогикалық машықтануда топ 5-6 адамнан тұратын топшаларға бөлінеді;
- диплом алдындағы машық - 5 апта көлемінде өткізіледі. Оның 4 аптасы - негізгі мамандыққа, 1 аптасы - қосымша мамандыққа беріледі.

Кабинеттер
Ақпараттық-әдістемелік
Қоғамдық ғылым негіздері
Қазақ тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесі
Орыс тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесі
Шетел тілі, аударма
Психология
Педагогика
Жаратылыстану және оның әдістемесі
Музыка
Бейнелеу өнері
Өмір қауіпсіздігі мен алғашқы әскери дайындық
Қазақстан тарихы
Халық педагогикасы
Еңбекке баулу және оның әдістемесі
Қажетті зертханалар, шеберханалар тізімі
Компьютерлік технология
Оқу шеберханасы
Залдар
Спорт залы
Электронды оқу залы
Хореография залы

Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады.
Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.
Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.
Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Бағдарламаны оқушының меңгеруі - оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі.
Оқу пәнінің бағдарламасы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілерін анықтайды, педагогтар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады.
Оқушыларды білім, іскерлік, дағдылармен қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасының өте маңызды екі қызметі бар.
1. Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
2. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.
Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. Оған қойылатын талаптар:
- қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі;
- ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
- балаларға түсініктілігі;
- баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
- оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
- білімнің әр саласынан хабар беруі;
- оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
- оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек.
- қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
- әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
- эстетикалық талаптарға сай безендірілуі;
Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Д.Д.Зуев анықтады.
Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады.
Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
Дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.
Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
Оқыту процесіндегі басты, маңызды бөлік - оқулықтармен жұмыс, ол түсіндірумен, зертханалық, тәжірибелік жұмыстармен қатар тұрады.
Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да, үйде де ұйымдастырады. Оқушы оқулықпен өз бетімен жұмыс істеп, оқу қабілетін дамытады, есін жетілдіреді, баяндауға, талдауға, сынауға, толықтыруға, оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.
Оқулық құрамына негізгі бөлік мәтін енеді. Мәтіннен тыс көмекші бөліктер (Д.Д.Зуев): мәтіндер көркем, ғылыми, ресми, әңгімелеу, сипаттау, талқылау мәтіндері болып бөлінеді.
Мәтіннен тыс бөліктерге оны меңгеруге көмектесетін ақпараттар (сұрақтар мен тапсырмалар, нұсқаулар, кесте, иллюстрациялық материалдарға берілген түсініктер, иллюстрациялық материалдар), бағыт беретіндер(кіріспе, ескерту, қосымша) жатады.
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген. Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.

Аралас сабақ

Аралас сабақ
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді.
Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді.
Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.
Аралас сабақтың принциптері
1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.
2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.
3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Жауапкершілік принципі.
1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады.
2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы.
3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек.
4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек.
5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.
6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау.
7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды.
8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.
"Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғанық өз іс-әрекетін бақылай білуі.
Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.
Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:

Жұмысты ұйымдастыру    Өткенді қайталау    Жаңа материалды оқу    Бекіту    Үйге тапсырма
2 мин.    10 мин.    25 мин.    5 мин.    3 мин.

Ұйымдастыру бөлімі
Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.
Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
•    мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;
•    көп сөйлемеу, жігерлілік;
•    талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
•    психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
•    жылы жүзділік және кең жүректілік;
•    талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:
- мұғалім мен оқушының жайдарылығы;
- ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы;
- сыныптың, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы;
- сыныпты тез жұмысқа кірістіру;
- барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір мұғалімдердің ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, Бұл мұғалімнің алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретуінің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының басы. Оған қарап мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп тұру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сұрап, сырқат оқушыға "тез жазылып кетсін",- деп тілек айтып жіберген дұрыс.
Ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушы келгенде онымен сәлемдесу керек. Жоқ оқушыларға көңіл бөлу, олар туралы жылы сөздер айту ынтымақты жақсартады, ізгілікті, тәртіпті, мектеп пен мұғалімді құрметтеу сезімін тәрбиелейді.
3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру.
Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір-қасиетін тәрбиелейді.
5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.
Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.
Кезең мазмұны:
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.
2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.
3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу
4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.
6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.
7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы мұғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткен нәтижелерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізетін жағдайлар:
- Мұғалімнің шапшаңдығы, өз алдында тұрған мақсатқа жету үшін еңбектенуі.
- Үй тапсырмаларын барлық оқушылардың қалай орындағанын анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдердің жүйесін қолдану.
- Үй тапсырмаларын орындау - оқытудың нәтижелеріне ықпал ететінін оқушылардың түсінуі.
- "Үй тапсырмаларын орындауды ұмытып кету" мүмкін емес, себебі олардың қалай орындалғанын мұғалім міндетті түрде тексереді? - деген оқушылардың пікірін қалыптастыру. Орындалмаған, тексерілмеген үй тапсырмасы оқушыларды жауапсыздыққа тәрбиелейтінін естен шығармаңыз.
Кезеңнің алдында тұрған оқу-тәрбие міндеттері орындалды деп айту үшін қандай көрсеткіштерге сүйенеміз?
- барлық оқушылардың үйде орындаған тапсырмаларын 5-7 минут ішінде тексеріп, типтік қателіктерді және оларды түзету тәсілдерін табу;
- жекелеген оқушылардың үйге берілген тапсырманы неге орындамағанын біліп, кемшіліктерді жою жолдарын белгілеу;
- үй тапсырмаларының түрлері және мақсатына қарай білімді тексерудің алуан түрін қолдану;
- үй тапсырмасы мен оқудың нәтижелері байланысты болатындығы туралы оқушылардың пікірін қалыптастыру.
Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, оны сабақтың басында тексеру керек. Кейбір мектептерде әдейі бөлінген оқушылар үйге берілген жазба жұмыстарын сабақтың алдында тексеріп, тексерудің қорытындыларын сабақтың басында хабарлайды. Тексерудің Бұл түрі тәрбиеге ықпал ету үшін ол талапқа сай жүру керек. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында тексеруге болады. Тексерудің Бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Білім, іскерлік, дағдыларды тексерудің алуан түрін қолдануға болады. Жазба, графикалық, тәжірибелік тапсырмаларды сыныпты аралап жүріп тексеруге болады. Жұмыстың мазмұнын, нәтижелерін сынып болып тексереді. Жазбаша түрде орындалған жұмыстарды мұғалім үйде тексереді. Барлық не-месе кейбір оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Кейбір мұғалімдер бұл жұмысқа жоғары сыныптың белсенді оқушыларын қағыстырады. Көптеген мұғалімдер сабақтың басында оқу материалының негізгі элементтерін меңгеру сапасын анықтау үшін қысқаша жазба жұмыстарын жүргізеді. Соңғы уақытта тапсырмаларды тексеру үшін тесті әдісімен жасалған сұрақтар қолданылуда.
Үй тапсырмаларын тексеру және бағалау педагогикалық процестің басқа факторларымен бірге оқушыларды оқуға ынталандырып, оқу үшін оған барлық күш-жігерін, қабілетін тартады. Осыны ұмытпаңыз!
Егер мұғалім оқушылардың үй тапсырмаларын қалай орындайтынын жүйелі түрде тексермесе, онда оқушылар "жұмысымызды жоққа шығарып отыр", - деп мұғалімді кінәлайды.
Озық мұғалімдердің тәжірбиесі үй жұмыстарын мұғалім міндетті, жүйелі түрде тексеріп, түзетіп отырғанда ғана үлгерімге әсер ететінін тағы да дәлелдеп отыр. Ұстаздық еңбектің шеберлері "үйге тапсырма бердің бе? - тексер, тексермесең оны беріп керегі жоқ", - дейді.
Тексеру барысында үй жұмысы әр оқушының сыныптағы оқу жұмысының жалғасы, одан ажыратылмайтын бөлік, оқудың нәтижесіне ықпал ететіндігі туралы түсінікті қалыптастырудың маңызы өте зор.
Оқушы өз жұмысы туралы пікір, бағасыз еңбегінің сапасын, бастысы және маңыздысы нәтижесін білмейді, табысына қуанып, қателігіне өкінбейді.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Топтардың білімін терең және жан-жақты тексеру арқылы, білім және іскерліктердегі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, мықтыландыру және жүйелеу. Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл-ой қабілетін дамыту. Өз білімін басқаға жеткізуге, іскерлігін көрсетуге оқушыны дағдыландыру. Оқушыларды талдай білуге, сынауға үйрету. Ұжымшылдық сезімін, басқанық табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу. Өзінің іс-әрекетіне баға беру. Кезеңнің міндеттері күрделі және көлемді.
Кезеңнің мазмұны:
- жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінін түрлі әдістермен тексеру;
- жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру;
- оқу және әлеуметтік дағдылары мен іскерліктері қаншалықты деңгейде екендіктерін анықтау;
- оқушылардың жауаптарына баға беру;
- тақтаға шақырылған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық сыныптың оқу жұмысын ұйымдастыру.
Бұл кезең мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететін күрделі кезең. Оқушылардың білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа материалды түсіндіргеннен де қиын.
Ауызша сұрау - сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады.
Бірінші - мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады. Мұғалімнің беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.
Екінші - оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші - оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең бастысы - бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні - сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқу-шылардың білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады.
Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау оқушыларга қызықты болу үшін теориялық білімдерді тәжірибеде қолдандырған жақсы, сонда ғана оқушы өз білімінің дұрыстығына көзі жетіп, оны түзетеді, толықтырады, білімнің пайдасын түсіне бастайды. Өте маңызды тәсіл - өз жолдастарының жауабына оқушылардың әділ баға беруін мұғалімнің ұйымдастыруы. Бұл тәсілді қолданып, мұғалім оқушыларға жауаптарды талдаудың бір үлгісін береді. Онда жауапқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар: дәлелділік, дұрыстық, жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, білімді тәжірибеде қолдана білу. Нәтижесінде баға жауап берген оқушыға да, жауапты бағалаған оқушыға да қойылады.
Білімді ауызша тексеру түрлері: жаппай сұрау, білімді компьютер арқылы тексеру, жеке оқушылардың білімін тексеру. Өкінішке орай көптеген мектептерде Бұл кезеңнің мәні бұрмаданады.
Біріншіден, кейбір мұғалімдер оқушыдан оқу материалын қатесіз айтып беруді талап етеді. Бірақ баланың есте сақтау қабілетінен гөрі, ақыл-ойын бақылау керек, себебі оқыту баланың ойлау қабілетін дамытады.
Баланың есіне көп мағлұматтарды сала бергеннен пайда жоқ. Білімнің тереңдігіне, түсініктілігіне, іске басшы бола білетіндігіме назар аудару керек.
Екіншіден, осы кезеңде мұғалім тақтанық алдында жауап айтып тұрған оқушымен жұмыс істеп жатқанда, қалған оқушылар бос отырады. Мұндай тексеру баланың оқуы мен тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Орташа есеппен сабақ сұрауға 15 минут кетеді, осы уақыт ішінде көп оқушылар бос отырса, онда олар үшін уақыттың босқа кеткені. Сыныптың төртібі, зейіні нашарлайды, оқушы мұғалімді алдауға, іссіз жүруге үйренеді. Егер ауызша сұрау кезінде бір оқушы жауап беріп, қалғандары бос отырса, онда 11 жыл ішінде әр оқушының 1,5-2 жыл уақыты босқа өтеді екен.
Оқушының тақтаға шығарған есебін немесе жазған қиын сөзін басқалары дәптерлеріне көшіріп алуы да ақыл-ой жұмысын туғызбайды.
Білімді тексеру дұрыс ұйымдастырылғанда ғана, ал оқушылардың білімі мен дамуына жақсы ықпал етеді.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
- білімді тсксерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;
- білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру;
- білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту;
- жолдастарының жауабын тыңдап, дәлірек жауап беруге әзірлену үшін сыныптың оқушыларына тапсырмалар беру;
- жұмыстың маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу.
Кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысының алдында тұрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер:
•    білімнің көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде жұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі;
•    оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін, өздік жұмыс тәсілдерін жетілдіру үшін берілген нұсқаулар;
•    жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді түрде жұмыс істеуі.
Білімді тексеру – оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын, түсінікті ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне бақылаттыратын маңызды және әділ тәсіл.
IV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:
Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.
Кезеңнің мазмұны:
- жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып-үйренудің мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге тұжырымдау;
- жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны меңгеруге оқушыларды ынталандыру;
- оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің маңызын түсініп, оқуға қызығуы.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін жагдайлар:
•    жаңа оқу материалының мақсатын, міндеттерін, оқушыларға пайдасын тұжырымдап, оларды сабақ жоспарына жазу;
•    оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып, іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігі туралы айту;
•    нәтижені алдын ала көру жақсы жұмыс істеуге тікелей ықпал ететіндігін, сондыңтан кез келген іс-әрекеттің мақсаты болу коректігін оқушыларға түсіндіру;
•    сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау немесе тұжырымдау, әйтпесе, оқушы не мақсатпен оқып жатқанын түсінбейді.
Кезеңнің аяқталғандығынан хабар беретін көрсеткіштер:
•    сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі;
•    жаңа оқу материалын дұрыс қабылдаулары және түсінулері;
•    сабақтың мақсаты мен міндеттерін тақырыпты хабарлаған кезде оқушыларға айтып кетуге болады, бірақ үнемі айту міндетті емес. Мақсат пен міндеттерді мұғалім оқу процесінің жүйесіне қарай түрлі тәсілдермен хабарласа да болады. Мақсат пен міндетті "Бүгінгі сабақта не істейміз" - деген стендіге жазып коюға болады.
V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.
Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.
Кезеңнің мазмұны:
•    зейінді ұйымдастыру;
•    мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы;
•    жаңа материалды оқушының өзі оқып-үйреніп, меңгеретін іс-әрекетке баулу. Жақсы оқуға көмектесетін іскерлік пен дағдыларға машықтандыру;
•    оқыту процесінің негізгі қызметкері (субъектісі), өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден-бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау.
Бұл кезеңдегі оқыту мәні оқу материалын баяндау емес, қайта ол материалды мұғалімдердің басшылығымен оқушының өнімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруі екенін есте ұстау керек. Өмір оқушылардың білімді өз күштерімен алуын талап етіп отыр.
Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:
•    оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру;
•    оқушылардың ой жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуға үйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды мүмкіндігінше шығармашылық тәсілдермен меңгеруі;
•    оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-бірімен қарымқатынасты диалог әдісімен жасайтын жүп құру;
•    осы кезеңде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімі, ой-әрісі көрінетінін есте сақтаңыз;
Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы хабар беретін көрсеткіштер;
•    егер мұғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың жауаптарының сапасы;
•    эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен және Оқулықтармен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.
VІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері.
Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.
Кезеңнің мазмұны:
•    жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;
•    кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;
•    оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;
•    жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту;
•    білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Оқушылардың біліміндегі формализммен күресудің маңызды жолы – оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, қатар қоюға және салыстыруға үйрету, тәуелділіктерді анықтау, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту – өте маңызды жұмыс.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
•    білімді есте сақтап және қолданып, шығармашылық және тәжірибелік міндеттерді орындау;
•    бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар аркылы жүргізу;
•    бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу;
•    жаңа материалды түсінудегі кемшіліктерді оқушылардың қосымша жауаптарының сапасына қарап анықтау.
Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғанын мынадай көрсеткіштерге қарап біледі:
•    оқушылардың білімінің беріктігін, олардың қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау;
•    оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, идеялармен сәйкестендіре білуі, оларды білуі;
•    жаңа материалдың негізгі идеяларын оқушының басқаға айта білуі;
•    оқушылардың жетекші ұғымдардың мәнді белгілерін тауып, оларды нақтыландыра білуі.

VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру
Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады.
Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді.
Екінші. Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, іскерліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.
Кезеңнің мазмұны:
•    сабақтың қорытындысын шығару;
•    оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру;
•    үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Оқушының өзі таңдап алатын тапсырмалары - күшті тәрбие құралы;
•    жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.
Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы.
Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
•    кезеңдегі оқу жұмыстарын міндетті және жүйелі түрде қоңырауға дейін бітіру, ол үшін уақыт бөлу. Бұл кезеңге сабақтың соңында екі, үш минут бөлуге немесе үй тапсырмасын қоңыраудан кейін беруге болмайды;
•    тапсырманы тексеруге барлық оқушылардың назарын аудару, оқуда табысқа жету көбіне үй жұмысын дұрыс орындауға байланысты екенін оларға түсіндіру;
•    үй тапсырмасының мазмұнын барлық оқушылардың түсінуі.
Сабақтың басында және ортасында берілген үй тапсырмалары оқушылардың зейінін мұғалімге аударып, оларды жаңа материалды қабылдауға әзірлейді.
Дұрыс дайындалған тапсырмалар арқылы үй тапсырмасы қызықты жұмысқа айналады.
Үй тапсырмалары бірнеше сабақтарды біріктіруге мүмкіндік береді.
Үй жұмыстары мінезді, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі.
Аралас сабақтың кезеңдерінің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты.
Аралас сабақтың 13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және оқушылардың мүмкіндігіне байланысты.
Білімді тексеру сабағының құрылымы:
•    сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлік танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалім оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді;
•    сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды;
•    бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.
•    сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;
•    білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.
2-түрі:
•    ұйымдастыру бөлімі;
•    бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру;
•    бақылау жұмысының мазмұнын айтып, оны қалай орындауға болатындығын түсіндіру;
•    бақылау жұмысын оқушылардың өз беттерімен орындауы;
•    сабақты қорытындылау.

Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі
Жоспары:
1. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
3. Діни-рухтың тәрбие.
4. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
1. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, ХҮП-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым  ту байлап,      
Шепті бұздым айқайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан   
Жанды жүрек, қан қайнап.,           
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап,-деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.
Ер қолынан іс келмес,                 Жігерім болса жетем де,
Сцццардайын тцшлмей.              Еліме барып цл болам.
Буынып белін бекінбей,               Жігерсіз  болсам  жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай...             Қойын жайып құл болам...
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атайкеліп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетіну мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
2. Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
-  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.
Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.
"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамнан өз анасынан басқа
жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына, шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:
Адамгершілік тәрбиесі
Міндеттері.   Мазмұны мен негізгі бағыттары.
1. Халықты азаматтық, гуманистік рухта тәрбиелеу. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе". М.Әуезов.
3. Діни — рухтық тәрбие
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
4. Қыздар тәрбиесі
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкерліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі (ескеріп отырған.
Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.
Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап,астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда".Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.
Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.
Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық тәлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.
Отбасы өміріне даярлау
Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.
Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.
Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
•  Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.

Әдебиеттер:
1. Т.А.Ильина. Педагогика. - Алматы, 1977.
2. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1976.
3.  И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.
4. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993.
5. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. - А., 1980.
6. А.Қүнанбаев шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1954.
7. Ш.Құдайбердиев шығармалары. - Алматы, 1988.
8. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.
9. Ыбырай тағылымы. - Алматы, 1955.
10. А.Байтұрсынов. Ақ жол. - Алматы, 1991.
11. Жүсіп Баласағүн. Құтты білік. - Алматы, 1986.
12. А.Көбесов. Әл-Фараби. -Алматы, 1971.
13. А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. - Москва, 1991.
14. Ғылыми практикалық конференция материалдары. - Алматы, 1992.
15. Ел аузынан. - Алматы, 1989.
16. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.
17.  М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.
18. В.А.Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. - Алматы, 1984.
19. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
20. В.А.Сухомлинский. Коллективтің қүдіретті күші. - А.: Мектеп, 1979.
21. "Атамекен" бағдарламасы.
22. Мұхтасар. - Алматы, 1992.
23. Ж.Дөуренбеков. Мектептегі айт мерекесі. - А., 1993.
24. Құран хикаялары.
25. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлері. - Алматы, 1990.
26. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы, 1990.
27. Ж.Байжанова. Ұлым саған айтам. - Алматы, 1990.
28. Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.
29. Ү.Жөнібеков. Уақыт керуені. - Алматы, 1992.

Қиын балалармен жұмыс

ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС.


1 . Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың  тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері  мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи  психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық. 
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
-    дайындық кезеңі;
-    қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
-    екінші кезең – қиын оқушылар  мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады. 
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
3.Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан мектебі  2002 ж.№1
2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5
3. М.Жұмабаев «Педагогика»











Тәрбие технологиясы

Тәрбие технологиясы
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда.
Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.
Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды.

Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылған.
Бұл орайда ата-аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда.
Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Кезбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу оңай болады.
Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ", "Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар" сайысын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз қандай ата-анасыз?" деген анкета, "Бала тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі", т.б тақырыптағы дөңгелек стол, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін" өткізу өз нәтижесін берері хақ.

Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда үйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үйымының бірігуі нәтижесінде баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру, мектеп істеріне қатысу, түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады. Айына бір рет кеңес отырысын өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып шешеді.

Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.


Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен кездесу кештері болып тұрады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер", "Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.


Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің диагностикалық картасы жасалады. Осыған сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады. Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге, өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді. Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды еткізудің интерактивті түрлері қолданылады.
Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз жан-жақты дамыған, рухани адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар тура жол оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ол үшін тәрбие жұмысын турис-тік-өлкетану және экологиялық іс-әрекет арқылы ұйымдастыруға болады.
Теменде  осындай  бағытта құрылған тәрбие құрылымының сызбанұсқасы көрсетілген. Бұл тәрбие құрылымы "Атамекен" республикалық
туристік өлкетану экспедициясы жұмысының негізінде, сонымен қатар Мәскеу халықаралық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының профессоры Найлагүл Нарболованың бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрылған.

Нәтижесі: 1. ¥рпақ арасындагы байланысты орнату. 2. Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. 3. Денсаулықты сақтау.
4. Шығармашылық қабілетті дамыту.  5. Адамгершілік қасиетке баулу. 6. Өз Отанына сүйіспеншілігін арттыру.                                               і
Оқу жылының басында сыныптың алғашқы жиналысында оқу тәрбие жұмысының қай бағытпен жүретіні анықталады. Сынып алдындағы іс-жоспары құрылып, алға белгілі міндеттер қойылды. Тәрбие жұмысының бағыттары төмендегіше бекітіліп берілді:
1-2-сыныптар "Мен және менің ата-тегім" тобы. Әр оқушы өзі, өзінің ата-тегі, жанұясы, жақын ағайындары туралы білу.
3,4-сыныптар "Менің көшем, менің ауылым" тобы. Әр оқушы өзі тұрған көшесі, ондағы адамдар туралы мәліметтерді білу және ауыл туралы мағлұматтармен таныс болу.
Осы   тәрбие   бағыттары  мектеп бағдарламасындағы пәндерді оқыту кезінде сыныптан тыс жұмыстардың, мектептің және сыныптардың тәрбие жоспарларына енгізу арқылы жүзеге асады.
Гуманитарлық пәндер адам-қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтары негізінде, олардың біртұтастылығы туралы экологиялық көзқарас қалыптастырады. Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім беру мен туристік өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырудың орталық ядросы. Әсіресе география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану, химия, физика пәндерінің негізгі идеясы мен мазмұны негізінде осы іс-әрекеттер қалыптасады. Филология пәндері саласында көркем әдебиет туындылары, көркемсурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мөлдір бұлағы деуге болады. Себебі суретші салған сұлу табиғат көрінісі, құстардың мүсіні, гүлдердің сан құбылған түр-түсі оқушы сезімін оятары сөзсіз. Сонымен қатар білім мен тәрбие беру үрдісінде жергілікті жердің өлкетану материалдарын кең көлемде әрбір сабақта қолданғанда оқушылардың қызығушылығы арта түседі.
Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдараламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық,
экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан сыныптан тыс сабақтарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие құрылымын іске асыруды мынандай бағыттарда жүргіздік:
1.    Үйірме жұмыстары (апталықтар кештер, ойындар, т.б.).
2.   Табиғи ортадағы жұмыстар (танымжорық, жаяу және түйе жорықтары).
3.  Мектеп мұражай бөлмесі.
Туристік-өлкетану   жұмысы   орта   мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың бірі. Мектептен алған ғылыми-теориялық білімдерін туристік-
өлкетану жұмыстары кезінде іске асырады. Оқушылардың денесін шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге, табиғат жағдайында тіршілік етуді үйретеді, әрі демалысты ұйымдастырады. Табиғатпен үндесіп, оны түйсінген бала ешқашан жаман әдеттерге жоламайды. Жорыққа шыққан жас жеткіншек айналасына қол ұшын беруді, ұжымшылдықты түсінеді. Қазіргі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы
қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі жайлы сыр берген болмашы жақсы нышанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.




Меню

Нас считают

Рейтинг@Mail.ru

Rambler's Top100

 

Использование материалов

Использование материалов сайта в печатном, электронном или любом другом доступном виде, разрешается только с указанием источника: "Web-сайт www.kitaphana.kz".

Партнерская программа

Приглашаем сайты библиотек и других заинтересованные организации к участию в Партнерской программе для обмена ссылками, рефератами и регистрации в нашем каталоге.

Реклама на сайте

По поводу размещения рекламы на сайте, а также в нашей газете "Мереке - Праздник для всех", обращайтесь по телефонам: +7 7232 25-03-64 или по адресу ukcbs@mail.ru