1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Ақпараттық қорлар

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалар қорында 263599 дана кітап жинақталған. Жыл сайын қор жаңа басылымдармен толықтырылады. 2011 жылы кітап қоры 20610 дана кітаппен толықтырылды.
Балалар мен ересектерге арналған анықтамалық басылымдар ерекше құндылыққа ие, олар: энциклопедиялар, сөздіктердің - библиографиялық, өмірбаяндық, терминологиялық, лингвистикалық сынды барлық түрлері, анықтамалықтар, елдер мен қалалар бойынша жолсілтемелер.
Кітапханалар қорында бейнелеу, музыка, би өнерінің ұлы шеберлері, олардың шығармашылық мұралары туралы бай мағлұматтар жинақталған өнер бойынша әдебиеттер бар.

Көркем әдебиеттер қорында - қазақ, орыс, шетел әдебиеттері классиктерінің шығармалар жинағы, сондай-ақ қазіргі жазушылардың шығармалары жинақталған.

Соңғы жылдарда өлкетану тақырыбы үлкен сұранысқа ие. Кітапханалар қорында Қазақстан Республикасының және біздің өңіріміздің табиғатына, тарихына, экономикасына, мәдениетіне арналған басылымдар кеңінен ұсынылған. Пайдаланушылар назарына Шығыс Қазақстан және Өскемен қаласы ақын, жазушыларының көркем шығармаларының бай коллекциясы ұсынылады. Олардың ішінде сирек басылымдар  да бар.
Мерзімді басылымдар
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалары 2012 жылдың 1-жартыжылдығында 1115 атаумен Қазақстан және Ресей басылымдарының мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Республикалық басылымдар – 673 атау, соның ішінде қазақ тіліндегісі – 525.


2012 жылғы баспагерлік қызмет

  • - «Маған қымбат менің қалам» атты өлеңдер жинағы 2010-2011 оқу жылдарына арналған аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі(2 тілде)
  • - 2010 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі (2 тілде)
  • - Ұлы Отан соғысындағы шығысқазақстандықтар ерлігі(2 тілде) Библиографиялық көрсеткіш.
  • - «Данышпан ақын»- библиографиялық көрсеткіш
  • - «Еркіндік лебі ескен күн»- библиографиялық көрсеткіш.
  • - «Тас таулар сағасындағы қала- Өскемен»
  • - «Алтайдың ақиық жазушылары»
  • - «Тау тұлғалы талант»
  • - «Жаћанның жыр Жамбылы»
  • - «Тербейік тәуелсіздік талбесігін»

Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі

Жыл сайын шығарылады. Күнтізбеде Өскемен қаласының тарихи және мәдени оқиғаларына ерекше көңіл бөлінеді. Күнтізбе екі бөлімнен тұрады: жалпы күнтізбе және оларға мәтіндік анықтама берілген. Күнтізбе қаланың кітапхана бөлімшелеріне таратылады және барлық қызығушыларға сатылады.


Электронды каталог

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басты кітапханасы- қалалық орталық кітапханада 2000 жылдан бастап Электронды каталогтың мәліметтер қорын құрау бойынша жұмыс жүргізіле бастады. Бүгінгі күнде кітаптардан- ... жазу қазақша және ... жазу орыс тілінде, мақалалардан- ... жазу қазақша, орысша- ... жазу енгізілген.

 

«Параграф» мәліметтер қоры

Пайдаланушылардың назарына қалалық орталық кітапханада «ЮРИСТ РК» анықтамалық құқықтық жүйесі жұмыс істейді. «ЮРИСТ РК» мәліметтер базасынан ҚР заңдарын, Үкімет жарлықтары мен қаулыларын, нормативтік актілерді т.б. құқықтық құжаттарды табуға болады.

 

 

polpred.com экономика мен құқықтың деректер қоры
Ресеймен байланыс пен экономика: 235 ел, 42 сала.
РФ мен  шет елдің өнеркәсіптік саясаты 

Ресей мен шет елдегі өнеркәсіп пен қызметтердің мониторингі.
Алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктердің толық мәтінді хабарламаларымен  баспасөзге шолу.   Аналитиканың құжаттары мен баспасөз шолулары бір мезгілде салалық және елдік ресурстарға қосылады.   POLPRED.com – да кілт сөзін теру арқылы іздеу 2000 белгіні тегін контекстте аталумен беріледі. 
600 деректен баспасөзге шолу

— 2004 жылдан бастап РФ мен шет елдегі инвестициялық және ішкіэкономикалық жаңалықтар.  Орыстілді экономикалық жаңалықтар         дайджесті, жеке аналитикалық шолулардың өнеркәсібі, деректер қоры үшін салалық және елдік сайттар он-лайн режімінде  русскоязычных экономических новостей, плюс производство собственных аналитических обзоров, развитие страновых и отраслевых сайтов для базы данных в режиме он-лайн и ежегодных печатных выпусков.  POLPRED.com ақпараты ай сайын 6 мың сюжетпен мұқият редакцияланып таратыланады.
Аналитика

Салалық экономика, құқық пен жаңашылдық 230 елдің әрқайсысы бойынша және олардың Ресеймен қатынасы 1998 жылдан бастап.   Орта және кіші бизнеске көмек үшін Ресейдің  ішкіэкономикалық саясатяның ақпараттық қамтамасыз етілуі.  POLPRED.com  редакциясы  11 жыл ішінде РАН, Сыртқы Істер Министрлігі(МИД), РФ -ның Экономиканы жетілдіру Министрлігі(Минэкономразвития) , Өндірістік сауда Министрлігі (Минпромторг)  материалдарын үнемі жиі қолдануға мүмкіндігін жеткізген  pdf и html, ішкі сауда бойынша елдік және салалық анықтамалықтар өндірісіндегі монополист бола алды. 

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

С какой целью вы приходите в библиотеку?

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.