Өлкетану басылымдары
Алтайдың асыл жыршысы

Шығыстан шыққан, Алтайдың ақиық жыршысы О.Бөкейді сіздерге таныстырып жату әбестік. Оралхан есімін бүгінде елімізде білмейтін жан жоқ деуге болады. Оралхан Бөкей өз болмысында да, шығармашылығында да халқымен, туған жер, өскен елімен әрқашан бірге болды. Өзі артынан ерген қаламдас жерлес інілеріне де: - ... Ел жаққа келіп-кетіп, аунап-қунап жүріңдер. Елден қол үзбеңдер. Ауылды ұмытпаңдар,- деп аманаттаған екен. Бірақ біз ардақтыларын тіріде емес, өлгеннен кейін ғана бағалайтын халықпыз ғой. Оралхан елімізде соншама даңқты бола тұра, шығармаларында туған жер, өскен жері мен жерлестерін қаншама дәріптесе де, өз елінде жеткілікті бағаланбай келгені де шындық. Өзі бұл туралы талай жазды да, достарына: «Катоннан ауылға жету үшін автобус күтіп жүргенің, мені бүкіл Қазақстан басына көтергенде өз ауылым онша менсінбейді» деп өкпе-назын айтқан кездері де болыпты. Тек Оралханнан айрылғаннан кейін ғана өр Алтай жұртшылығы қандай асылынан айрылғанын түсініп, Алтайдың ұлылығын жырлап өткен ұлдарын жабыла жоқтады. Оралханның 50 жылдығы оны жоқтау асына айналды. Ал жазушының 60 жылдық мерейтойы бүкіл республика бойынша аталып өтілді. Жазушының есімін ұлықтау жөнінде біршама істер атқарылды. Оралханды көзі көргендердің естеліктері мен шығармалары жайлы ойлар баспасөз беттеріне көптеп жарияланды. Оралхан жайлы естелік кітап біреу-ақ болғандықтан, мен де жұмыс бабына байланысты осыларды біраз жыл жинаған едім. Бүгіндері қарасам, біршама дүниеге айналыпты. Бұлар негізінен республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» пен облыстық «Дидар», Катон-Қарағай ауданының «Арай», «Луч» газеттерінде және кезінде Катонқарағай аудандық білім департаменті шығарған «Самал» газеттеріне жарияланған мақалалар.
Қазіргі күні де пән мұғалімдері, қазақ тілі бөлімінде оқитын студенттер, оқушылар, жалпы Оралханның өмірі мен шығармашылығы жайлы білгісі келетіндер көптеп саналады. Соларға азды-көпті септігін тигізер деген оймен «Алтайдың асыл жыршысы» деген атпен ақпараттық дайджест көпшіліктің пайдалануына ұсынылды. Егер, сізді О.Бөкейдің шығармашылығы мен өмір жолы туралы тың деректер қызықтырса, онда Өлкетану ақпараттары орталығына келіңіз!
Құрастырушы: Гүлзира Дәулетханқызы Жұмағұлова
«Шығыстың шырайлы шаһары»
Әркімнің тарихшы болуы міндетті емес. Дегенмен әркім шыққан тегін білуі тиіс. Кезінде біздің өлкеміздің тарихы біржақты ғана зерттеліп, жалпы тарихымыздың бұрмаланып келгені шындық. Тіпті ер түріктің алтын бесігі болған Алтайды, ежелден халқымыз еміп келген Ертісті қазақ жері емес дегендердің де болғаны жасырын емес. Сандаған жылдар қазақ тарихы тарихи ғылымында да теріс баяндалып келді. Тыйым салу жүйесі нәтижесінде, әсіресе кеңестік кезеңде, бұрынғы КСРО халықтарының тарихында, дүниежүзілік тарихта Ресейдің ерекше рөл атқарғаны, оның ерекше үстемдік дәрежесі туралы идея қоярда-қоймай сіңірілді.
Еліміз егемендік алып, қоғамдағы болған зор өзгерістер нәтижесінде сол олқылықтардың орны толып жатқандай. Жаңа айқындамалар тұрғысында жазылған еңбектер жарық көрді, мұрағат қорлары ашылды, қазақ тарихының «ақтаңдақ беттері» жойылып келеді. Көпшіліктің ұлт тарихына деген ынта-ықыластары күннен-күнге арта түсуде. Сол себепті де өлке тарихына арналған қазақ тіліндегі кітаптар саны да жыл санап молығып келеді. Біздің қалалық орталық кітапхана қоры да осындай кітаптар санымен толығуда.
Өлкеміздегі тарихшыларымыздың басты мақсаты - өлкеміздің тарихына жаңаша ой жүгірту, өлке тарихының ақтаңдақ беттерін түгендеп, жоғымызды тауып, өшкенімізді түгендеп, қалпына келтіру. Осы орайда, айта кетсек, біздің өлкетану ақпараттарының орталығы да осындай игі істермен айналысуда. Жалпы өлке тарихына қызығушы оқырмандардың, тарихи зерттеумен айналысушы студенттер және оқу үрдісінде аймақтық компонентті пайдаланатын ұстаздар мен оқушылардың жүгін жеңілдету мақсатында қолдарыңыздағы жинақты ұсынып отырмыз.
Бұл еңбекті құрастырарда Өскемен және өлке тарихына жазылған көптеген кітаптар ақтарылды. Содан түйгеніміз, біздің өлкенің тарихына арналған құжаттарды сіздерге таныстыру жолында әлі де көптеген құралдар жазуға мүмкіншілігіміз бар. Мәселен, осы жинаққа кітапхана қорындағы сирек кездесетін және бағалы кітаптардың бірі «Из истории Октябрской революции и гражданской войны в Казахстане» кітабынан өлкеміздегі кеңес үкіметін орнату жолында күрескен қазақтың патриот ұлдары Ж. Болғанбаев және А. Чегіров жайлы көпшілікке белгісіздеу (қазақша жазылған) құжаттарды ұсындық. Осындай құжаттарды кітапхана қорынан әлі де көптеп кездестіруге болады.
Құрастырушы: Г. Д. Жұмағұлова, өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.





