1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Электронды каталог

Басып шығару E-mail

ИРБИС – Қазіргі заманғы кітапханалық жүйеге қойылатын барлық халықаралық талаптарға жауап беретін кітапханаларды автоматтандыру жүйесі.

Интегралды кітапханалық-ақпараттық "Ирбис" жүйесі Ресейдің Мемлекеттік көпшілік ғылыми техникалық кітапханасында (ГПНТБ) жасалынып, ТМД елдерінің көптеген кітапханаларына енгізілген.

Ресейде және ТМД елдерінде ИРБИС жүйесі осы саладағы бағдарламалық өнімдер аарсында жетекші орында деп танылған. Қазіргі уақытта ИРБИС әртүрлі масштабтағы және әртүрлі бағыттағы жүздеген кітапханаларда қолданылады. ИРБИСТ-ің ерекше өзгешелігі сол, ол есептеу техникасында жоғары деңгейдегі маман емес пайдаланушыларға бейімделіп жасалынған. ИРБИСті қолдану сөз жоқ, кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін көбірек кеңейтеді. Ирбис белгілі бір кітапхананың жұмыс жағдайына бейімделуге қажетті кеңейтілген мүмкіндіктерге ие, яғни, жүйені тапсыру және орнату кезінде пайдаланушылардың арнайы талаптарына сай икемдеуге болады.

Бұл жүйеде барлық типтік кітапханалық технологиялар жүзеге асырылған. Бұл кітап берілімін, оқырман іздестіруін, каталогтау, жүйеге келтіру, кітап қорын толықтыру технологиясы.

Жүйеде автоматтандырылған жұмыс орнының бес типі жүзеге асырылған:

  • "Администратор",
  • "Комплектатор",
  • "Каталогизатор",
  • "Читатель",
  • "Книговыдача".
Жүйе электронды каталогтардан тұратын кез келген мәліметтер қорын құруға және қолдауға еркіндік берілген. Сөздіктер автоматты түрде қалыптасады, сипаттаманың кез келген элементі және олардың үйлесімі бойынша тез арадағы іздестіру мүмкіндігі бар. Каталогтау құралдары өңдеуге және кез келген басылым түрін (кітап, журнал, бейнематериал, CD-ROM) сипаттауға мүмкіндік береді. Жүйе дәстүрлі «қағаз технологиясын» да қолдайды: тапсырыс қағазын бастап каталогтық карточканың барлық түрлерін басудаға дейін. Оқырман электронды каталогта іздестіру мүмкіндігі бар: кілт сөзі, авторы, шықан жылы, ББК, тақырыптық айдар және т.б. бойынша.

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

С какой целью вы приходите в библиотеку?

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.