Кітапханалардың көрсететін қызметі
Ақпараттық қызметтер
* Кәсіпорындарға, ұйымдарға, оқу орындарына ақпараттық қызмет көрсету. Ақпаратты жұмыс орнына жеткізу
* Сұрау салынған тақырыптар бойынша пайдаланушыларға жеке ақпараттық қызмет көрсету
* Тапсырыс берушінің тақырыптары бойынша әдебиеттер тізімдерін дайындау
* Семинарларды, презентацияларды, шығармашылық кештер мен іскери кездесулерді ақпараттық қолдау
* Кітап көрмелері мен көрсетілімдерді ұйымдастыру
* Қашықтағы мәліметтер базасына қолжеткізу
Мамандарға арналған ақпараттық семинарлар
МАҚСАТЫ: Пайдаланушыларды белгілі тақырып бойынша қалалық орталық кітапханадағы ақпараттық ресурстармен таныстыру
Үлгілік бағдарламалар:
- Жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар жинағының көрсетілімі;
- Көрсетілімге түсінік;
- Аудио-, бейне материалдармен, СD–дискілермен танысу;
- Тақырып бойынша Интернет-ресурстармен танысу;
- Кітапхананың электронды каталогының мүмкіндіктерімен таныстыру;
- «Параграф» анықтама іздестіру жүйесімен таныстыру;
- Кітапхана бойынша экскурсия;
- Бүктемелердің, дайджестердің, тізімдердің жәрмеңкесі (ең қажетті және құнды ақпараттар).
Ақпараттық семинарлардың үлгілік тақырыптары:
- Педагогика және психология; Сынып жетекшілері сіздер үшін; Ұрпақ тәрбиесі – болашақ қамы; Аймақтық компонент оқу бағдарламасында.
- Білім беру сапасының мониторингі; Коррекциялық педагогика; Бала психологиясы; Мектепалды даярлық; Пән мұғалімдеріне кітапхананың ақпараттық ресурстары; Бос уақытты өткізуді ұйымдастырушыларға арналған ақпараттық ресурстар; Мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы; Жаңа педагогикалық технологиялар; Сынып жетекшілігі: теория және практика; Мектеп пәндерінің мазмұнына аймақтық компонентті енгізу; Мектептегі жоспарлар.
«Электронды каталог» МБ
Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал
- Сіз электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам таба аласыз.
- Табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады;
- Іздестіруде қиындықтар туындаса Сізге кезекші кітапханашы көмектеседі.
- Электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.
- Электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толықтай мазмұнын ашады және оқырмандарға әдебиеттердің жаңа түсімі туралы ақпарат беріп отырады;
- Электронды каталогта: кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ СD ROM-дағы құжаттар, ҚОК, ОБК, кітапхана-бөлімшелерінің негізгі қорларында сақталған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар қамтылған.
Электронды кітапхана
- Электронды кітапхана жедел аққпарат беру мен кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді.
- Электронды құжаттар қоры білімнің барлық саласы бойынша толықмәтінді басылымнан тұрады.
Онда табуға болады:
- «Рефераттар» МБ. «Электронды кітаптар» папкасынан
- Электронды каталог. Негізгі МБ: «қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар»; «қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар». Тіркелген құжаттар
- «Электронды кітап» МБ электронды каталогта орналасқан. Кітаптардың толықмәтінді нұсқасын тек электронды түрде ұсынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Пайдаланушы авторлық құқық пен құжаттарды пайдаланудағы шектес құқықтар туралы заңдарды сақтауы қажет. Пайдаланушы авторлық құқықты бұзғаныүшін жауапкершілік жүктейді.
- ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА ұсынған ақпараттар масштабы бойынша маңызына байланысты тікелей немесе жанама пайдаланылуы немесе жүйелі көшіру, қайта көшіру, жүйелі жабдықтау немесе алдын ала жазбаша рұқсатсыз кез келген тұлғаның кез келген формада таратуы мүмкін емес.
- Пайдаланушыларға қоғамдық немесе коммерциялық мақсаттар үшін ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАНЫҢ материалдарын өзгертуге, таратуға, жариялауға рұқсат етілмейді.
«ПАРАГРАФ» анықтама-құқықтық жүйесі
- Бұл ҚР-ның заңнамасы бойынша толық, жүйеленген және жедел жаңартылған ақпараттар;
- "ПАРАГРАФ" жүйесінің пәрменді іздеудестіру құралы қажетті ақпаратты бірнеше секунд ішінде табады;
- "ПАРАГРАФ" жүйесі нормативтік аткілердің мәтінін алуға мүмкіндік берумен қатар, сондай-ақ заңнамалық нормаларды қолдану бойынша кеңестерден тұрады, құжаттар арасындағы жанама байланысты ашады; Ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде.
ІЗДЕУ:
- Деректеме бойынша іздеу (күні және нормативтік актінің нөмірі арқылы);
- Жағдай бойынша іздеу (түйін сөз арқылы);
- Жарияланған сөздер бойынша іздеу (мерзімді басылымның атауы арқылы);
- Жаңа және өзгерген құжаттар (нормативтік актідегі өзгерістердің жылы мен айы арқылы).
Құжаттарды электронды жеткізу
Түпдеректердің электронды көшірмесін жеткізу қызметі Қазақстан мен шет елдердегі кітапханалардың қорларындағы материалдардың көшірмелерін (кітаптар, журналдардағы мақалалар мен жинақтар) жедел жеткізуді ұсынады. өз тапсырысыңызды жасаңыз, біз оны орындаймыз! Сіздің көшірмелерді жасауға ақша төлеуіңіз қажет. Тапсырысты орындау мерзімі – 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Форматы – PDF (Acrobat). Көшірмелер электрондық пошта немесе курьерлік жеткізу арқылы беріледі.
Ұжымдарға арналған ұзақ мерзімді шарттар жасау.
Құжаттарды электронды жеткізу қызметін ұсынатын ең әйгілі орталықтар:
- ҒАҚҒИ – ғылыми ақпараттар мен қоғамдық ғылымдар институты;
- ҒТАБИ – ғылыми және техникалық ақпараттардың бүкілресейлік институты
- МКТК – Мемлекеттік көпшілік тарихи кітапхана;
- ҚР ҰК – ҚР-ның Ұлттық кітапханасы;
- РҒТК – Республикалық Ғылыми – техникалық кітапхана;
- EBSCO – ағылшын тіліндегі толықмәтінді мәліметтер базасы 4750 электронды журнал мен 1500-ден астам энциклопедия, анықтамалықтардан және т.б.с.с. тұрады;
- Интегрум-техно – 80 миллион құжат және орыс, ағылшын, неміс және фин тілдеріндегі 4000 мәліметтер базасы.
ҚОСЫМША: КАА пен ?ЭЖ жүйесінің «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нде жұмыс істеу ережесі. КАА пен ?ЭЖ тапсырыс бланкі. Толық нұсқасын көшіру.
Білім беретін қызметтер
Ағылшын тілінің курсы
Қалалық орталық кітапхана жанындағы ағылшын тілінің курсы
- Оксфордтық бағдарлама
- 6-деңгейлік курс
- оқытудың қазіргі әдістері
- тілді қолданушылармен тәжірибе
- американдық фильмдердің апта сайынғы көрсетілімі
Мәдени – бос уақытты өткізу қызметтері
Ұйымдарға, ұжымдарға арналған іс-шараларды өткізу
Мерекелер мен әртүрлі іс-шараларды өткізу үшін сценарийлер дайындау
Әуесқойлар клубтарындағы кездесулер
Сервистік қызметтер
Аудио - бейнекассеталарды жалға алу
Қалалық орталық кітапхана мектеп бағдарламасына көмек ретінде бейнефильмдер жинағын ұсынады:
* мемлекеттік тілді үйрену бойынша;
* өлкетану бойынша;
* жаратылыстану ғылымдары бойынша;
* тарих бойынша;
* Қазақстан тарихы бойынша;
* тіл білімі бойынша;
* әдебиеттану бойынша;
* қазақ тілінде;
* өнер бойынша;
* көркем фильмдер.
Ұқсас материалдар
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.







