Интернет – сыныптың қызметтері
Құрметті пайдаланушы, Сізді Интернет-залға шақырамыз!

Сіздер жұмыс істеу үшін 10 жұмыс орны, принтерлер, сканер бар.
Интернет-сыныптың пайдаланушыларына арналған бүктемелер, жаднамалар, парақшалар, тақырыптық бетбелгілер жасалған.
Сыныптың қызметкерлері түрлі тақырыптардағы Интернеттегі ең пайдалы және ақпараттық сайттарға іріктеу жасайды, мысалы, web-жинақтар: «Қазақстандық ресурстар», «Курс жұмыстары, диплом жұмыстары, рефераттар» және т.б.
Сонымен қатар:
• Қызықтырған тақырып бойынша ақпаратты жедел табуға;
• Кітапхананың электронды каталогы мен толықмәтінді мәліметтер базасын көруге;
• Электронды пошта жәшігін ашып, әріптестер мен достарға хат жазуға;
• Мәтінді сканирлеу мен сканирленген мәтінді редакциялауға;
• CD-дисктерді жалға алуға (дисктің бағасы + кепілзат);
• Басып шығаруға (А3, А4 форматын) болады.
Қалалық орталық кітапхана ұсынады:
«Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасының аясында Өскемен қаласының қалалық орталық кітапханасында Интернетке қоғамдық қатынаудың (ТЕГІН) 2 пункті орнатылған.
Мақсаты:
1. мемлекеттік және басқа да ақпараттық ресурстарға тең құқылы қолжеткізуді қамтасыз ету;
2. шағын қалалар мен ауылдық аудандардың тұрғындары мен мегаполистер арасындағы ақпараттық теңсіздігін жою үшін жағдай жасау;
3. Интернет-технологияны пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру.
Арналған:
1. анықтама ақпаратын ұсынуға;
2. азаматтар мен үкіметтік органдармен өзара әрекетін қамтасыз етуге;
3. құжаттар мен анықтамаларды басып шығаруға;
4. жеке мәліметтерді, байланыс және басқа да ақпаратты енгізуге;
5. Интернет желісіне қолжеткізу, электрондық поштамен жұмыс істеуге.
Артықшылығы:
• ыңғайлылық және ықшамдылық;
• сенсорлық экран;
• принтер (A4 форматты);
• сканер;
• өндіргіш компьютер.
Кез келген адам қазақстандық Интернет туралы көбірек білу мүмкіндігін тегін пайдаланып, мемлекеттік билік органдары мен түрлі мекемелердің сайтына кіріп, өздерін қызықтырған сұраққа электрондық пошта арқылы жауап алады.
Өскемен қаласының WEB - ресурстары:
Өскемен — ресми сайт (қаланың тарихы, биліктің құрылымы, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақтар, экономика және әлеуметтік орта, экология, денсаулық сақтау) - oskemen.kz
Коммерциялық Өскемен. (Жылжымайтын мүлік) - metruk.kz
Ресми емес Өскемен. (Форум, танысу, қарым-қатынас) - chatukg.kz
Өскемен. Ақпараттық портал - provko.kz
YK.KZ — Өскемен қаласының порталы - yk.kz
"Рефераттар" МБ мен «Қазақстанның рефераттары» ДҚ
Қымбатты пайдаланушылар!
"Рефераттар" МБ мен «Қазақстанның рефераттары» МБ біздің кітапхананың мамандары құрған. МБ ондаған дайын жұмыстар, диплом жұмыстары, курс жұмыстары, рефераттар, бақылау жұмыстары, баяндамаларды ұсынады:
заң ғылымының жиынтығы бойынша (Құқықтану, Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, Қылмыстық құқық, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық, Қылмыстық –іс жүргізу құқығы және басқалар);
экономика бойынша (экономикалық теория, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қарым-қатынас, микроэкономика, макроэкономика, кәсіпорынның экономикасы, қаржылар, ақшалар, кредит, банктер, шаруашылық ісін талдау, бухгалтерлік есеп, аудит, менеджмент, маркетинг және басқалар);
тарих бойынша (Отанның тарихы, Бүкіләлемдік тарих, Мемлекет пен құқықтың тарихы, Экономика тарихы, Экономикалық ілім тарихы);
көптеген гуманитарлық пән бойынша: саясаттану, әлеуметтану, психология, журналистика, экология, философия, статистика, информатика және басқа да ғылымдар.
Сіз бізден кез келген дайын еңбекті ала аласыз.
"РУБРИКОН" ДҚ
РУБРИКОН — әлемдегі ірі анықтама-энциклопедиялық интернет-жоба, пайдаланушылар Ресейде соңғы жүз жылда басылып шыққан үздік энциклопедиялар мен сөздіктердің электронды нұсқасына толықтай қолжеткізеді.
РУБРИКОН — 62 энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалықтардың толық мәтіндері: 589886 мақала - сапалы графикалық бейнелердің мақалалар жиынтығы, 86881 иллюстрация мен карталар. Бұл тақырыптық кең спектрлі анықтама-энциклопедиялық ақпараттың теңдесі жоқ көлемі.
Анықтама әдебиетін электронды түрде жариялау пайдаланушыларға қосымша мүмкіндіктер береді: навигацияның қолайлы тәсілдері, гипермәтіндік сілтемелер арқылы ауысу, іздестірудің сапалы жүйесі. Электронды формат әртүрлі көздерден алынған ақпаратты оңай салыстыруға, көшіруге және мәліметтерді анықтау үшін пайдалануға ыңғайлы.
Рубриконның білім саласы бойынша ақпараттық жиынтықтары:
• Әлемдік көркем мәдениет – 34650 мақала, 13770 иллюстрация;
• Бүкіләлемдік тарих – 33650 мақала, 10400 иллюстрация;
• Ресей тарихы – 28100 мақала, 5100 иллюстрация;
• Әдебиет – 16615 мақала, 3200 иллюстрация;
• Орыс тілі – 336013 мақала;
• Ағылшын тілі – 73600 мақала;
• Биология – 26100 мақала, 10100 иллюстрация;
• География – 50000-ға жуық мақала, 15300 иллюстрация;
• Химия – 5200 мақала, 1200 иллюстрация;
• Физика – 5750 мақала, 1500 иллюстрация;
• Экономика – 12550 мақала.
«Параграф» МБ
Қалалық орталық кітапхананың пайдаланушыларына "ПАРАГРАФ" анықтамалық құқықтық жүйесі қызмет көрсетеді. Базада нормативтік актілердің мәтіні, атақты заңгерлердің – ғалымдар мен практиктердің заңға берген түсініктері, сот ісіне шолулар, халықаралық құжаттар, заңдардың жобасы, анықтама сипатындағы ақпараттар қамтылған.
Ұқсас материалдар
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.





