1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Қосымша: "Өскемен қ. ОКЖ" электронды каталогы

Басып шығару E-mail

1. Электронды каталог (ЭК) білім саласы бойынша кітапханада қандай құжаттардың бар екендігіне жауап беретін және мазмұны бойынша түпдеректердің қорларын ашу үшін  құрылған анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.
2. Электронды каталог кітапхана қорының мазмұнын ғылыми және техникалық жағынан сауатты ашады, қорда сақталған әдебиеттерді белсенді насихаттайды және әдебиеттердің жаңа түсімі туралы оқырмандарға жедел хабарлайды.

 

3. ЭК  ISIS бағдарламасындағы жергілікті желімен байланысты дербес компьютерлердің көмегімен құрылады және «ИРБИС» кітапханалық-ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады.
4.  ЭК-тың қызметіне кіреді:
•    сипаттама жасаудың қолданыстағы ережесіне сәйкес толық библиографиялық сипаттамалар мен библиографиялық ақпаратты сақтау үшін MARK халықаралық стандартын енгізу, қарастыру және түзету.
•    кез келген жолдар мен мәтін бойынша библиографиялық сипаттамаларды іздеу;     
•    каталогтық карточкаларды басып шығару;
•    АПК-ті енгізу, қарастыру және түзету, библиографиялық сипаттамалармен жұмыс істегенде және іздестіру барысында көрсеткіштерді пайдалану.

5. Электронды каталог кітапханадағы жаңа түсімдердің библиографиялық сипаттамасын, өткенді шолатын қорды жоспарлы конвертациялау және әдебиетті іздеу мен іріктеуге жақсы мүмкіндік береді.  
6.   ЭК лингвистикалық қамтасыз ету іздеу салу бойынша жүргізілетін түйін сөз, КБЖ атауының нұсқатаңбасы, пәндік атаудан тұрады.   
7.  ЭК-та: кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ CD ROM, бейне, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар мен ҚОК, ОБК, кітапхана-бөлімшелерінің негізгі қорларында сақталған әдебиеттер қамтылған.  
8. ЭК-та әдебиетті жылдам іздестіруге көмектесетін құжаттарды жүйелеуге арналған әдістемелік аппарат қызметін атқаратын алфавиттік-пәндік көрсеткіштің (АПК) машина есептеуіш нұсқасы жүргізіледі.  
9.  ЭК қолда бар құжаттар мен оның мазмұны туралы ақпараттан басқа олардың түрі, орналасқан жері мен құны туралы мәліметтен тұрады.     
10. ЭК-та іздестіру құжатқа сипаттама беретін белгілер бойынша жүргізіледі: яғни нөмірі, атауы, түйін сөз, пәндік атауы, КБЖ нұсқатаңбасы.     
11. ЭК-тың құрылымы КБЖ кестесі бойынша қағаз түрінде жеткізуші арқылы анықталады.  
12. ЭК алфавиттік және жүйелі каталогпен байланысты.   
Каталогты жүйелейтін және ұйымдастыратын негізгі құжаттар.  
ЭК жүйелеу мен ұйымдастыру барысында келесі нұсқаулық – әдістемелік құжаттар қолданылады:
ГОСТ 7.1-84 Құжатты библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен жазу ережелері;  
ГОСТ  7.1-2003 Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар мен жазу ережелері;  
ГОСТ 7.12-93 Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздерді қысқарту;
ГОСТ 7.59-90 Құжаттарды нұсқатаңбалау. Жүйелеу мен пәндестірудің жалпы талаптары;   
ГОСТ 7.66-92 Құжаттарды нұсқатаңбалау. Координаттық нұсқатаңбалауға жалпы талаптар;
КБЖ кестесі (соңғы басылымдар) және басқа да жіктеушілер; - Көпшілік кітапханаларға арналған жұмыс кестелері. - М., 1997;
«ИРБИС» интегралды кітапханалық-ақпараттық кеңейтілген жүйесі. Каталогизатордың нұсқаулығы. - М., 1997.

Каталогты жүргізу, пайдалану және оның сақталуы.
1. Құжаттарды жүйелеуді, ЭК-ты ұйымдастыруды, оны ғылыми-техникалық редакциялауды, енгізуді бірыңғай кітап қорын толықтыру мен ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады.    
2. ЭК оқырмандарға қызмет көрсету барысында, сонымен қатар, абонементті ақпараттық  қамтасыз етуге көмек көрсету кезінде кітапхана жұмысы ішінде пайдаланылады.   
3. ЭК жүргізу мен пайдалану жауапкершілігі бірыңғай кітап қорын толықтыру мен ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріне жүктеледі.   

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

Какие ресурсы нашего сайта, по-вашему, мнению следует развивать (требуют доработки)?

 

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.