Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"
Тарихи анықтама

«Құрметті азамат» атағы 1832 жылы Ресейде енгізіліп, дворяндар тобына жатпайтын адамдарға берілген. Құрметті азаматтар Ресей патшалығының «қалалық адамдар» тобының ерекше бөлігі болды, олар тұқым қуалаған және жеке деп екі топқа бөлінді. Құрметті азаматтардың артықшылығы рекруттық міндеттіліктен, жан басы салығы мен дене жазасынан босатылған, сондай-ақ қалалық өзін-өзі басқаруға қатысуға құқылы болған. 1970 жылдың 14 желтоқсанындағы халықтық депутаттардың қалалық Кеңесінің № 734 шешімімен қаланың 250 жылдығына арналған «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» атағының берілуі туралы ереже бекітілген. Мерейтойдың құрметіне құрметті атақ бірден 10 адамға берілді, олар қаланың құрылуы мен дамуына, адамшылық іс-әрекеттегі барлық негізгі бағыттарға зор үлес қосқан азаматтар болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алты жыл көлемінде Құрметті азамат атағы берілмеді, қаланың Құрметті Кітабы жазылмады, барлық құжаттар мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. 1996 жылы 12 сәуірдегі Ғарышкерлердің халықаралық күнінде бірінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың 13 сессиясында қаланың жаңа елтаңбасы бекітілді, елтаңбаның негізінде «Қаланың құрметті азаматы» кеуде белгісі дайындалды. 2005 жылдың 6 маусымында үшінші сайланған Өскемен қалалық мәслихаттың ХIV сессиясында «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы шешім бекітілді.
Алексеенко Николай Владимирович
1931 жылы 22 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Оқытушылық қызметтегі еңбек өтілі 50 жылдан асады. 7 монография мен 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Өскемен педагогикалық институтта жұмыс істей жүріп, қазақстанның шығысындағы алғашқы тарих факультетін ашуға мұрындық болды. Оның бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Республикадағы бірінші демография институты ашылды. Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтының ұйымдастырушысы және алғашқы ректоры. Өскемен туралы қатардағы кітаптардың авторы. «Құрмет белгісі» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Әубәкір Байбатшаұлы Байбатчин
1914 жылы 22 ақпанда Павлодар облысы Үлкен Ақжар ауылында дүниеге келген
Балалар үйінде тәрбиеленген. Семей педагогикалық училищесін бітір-геннен кейін мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысып, 2-ші Украиналық фронттың құрамында Украина-ны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етті. Одан әрі Қиыр Шығыста жауынгерлік әрекеттерге қатысты. Соғыстан кейін ШҚО партиялық және кеңестік органдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Отан алдындағы еңбектері үшін 1 және 2 дәрежелі Отан соғысының, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ор-дендерімен, Қүрмет Белгісі, Парасагордендерімен басқа да көптеген медальдармен марапатталды. Өскемен қаласыныңеңбекүжымдарындажәне оқушы жастар арасында патриоттық тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.
Байбатчина Каирбану Кадыркановна
1922 жылы 20 шілдеде ШҚО Ұлан ауданы Мәмбет ауылында дүниеге келген.
35 жылдан астам халыққа білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғысқа 1942 жылы өз еркімен кеткен. Кенигсберг қамал-қалаға шабуылдауға қатысқан. Жеті баланың анасы, он сегіз немересі, жеті шөбересі бар. Отан соғысының 2 дәрежелі ордені мен Аналық даңқ 3 дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және ерліктері мен педагогикалық еңбегі үшін басқа да 15 медальмен марапатталған.
Республикалық маңызы бар зейнеткер.
Байдельдинов Валиахмет Нурахметович
1932 жылы 3 маусымда ШҚО Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келген. Қазақстанның ағарту ісінің үздігі. Жамбыл атындағы мектеп-интернатын 37 жыл аралығында басқарды. Бірнеше рет аудандық және облыстық Кеңес депутаты болып сайланды. Оқу орнының басшысы ретінде жас мұғалімдерді тәрбиеледі. Жаңа технологиялардан хабардар болып, оқу және тәрбие беру процестеріне маңызды көптеген жаңалықтарды енгізді. «Айгөлек» жасөспірімдер клубын ашып, балалардың шығармашылықтарына шабыт берді. Өзі ашқан өнер мектебінің арқасында интернат оқушылары «Әнші балапан», «Сиқырлы қазан» және басқа да республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпаздары мен финалистері атанды. Оның еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдар және грамоталармен бағаланды. КСРО ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім.
Баталов Юрии Васильевич
1939 жылы 25 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. Ю.В.Баталов 1966 жылдың қаңтарынан бастап Өскемен құрылыс-жол институтында (қазіргі ШҚМТУ) жұмыс істеді. Ассистеттен бастап профессорға дейін, кафедра меңгерушісінен жоғарғы оқу орнының ректорына дейін қызмет атқарды. Ұжымды 1986 жылдан 2000 жылға дейін басқарды. Оның басшылығымен жоғарғы оқу орны Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми әрі мәдени орталығына айналды. Ю.В.Баталов – Қазақстанның халыққа білім беру үздігі, ҚР-ның ғылым Академиясының мүшесі, ғылым Академиясының халықтық инженерлік корреспонденті, Қазақстанның Жоғарғы мектебінің корреспондент мүшесі болған.
Богашов Геннадий Константинович
1908-1981
1908 жылы 20 тамызда Орал облысының Дусаренкун ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұғалім. Еңбек жолын 1932 жылы бастап, математика мұғалімі, одан кейін Ленин атындағы мектептің директоры, облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін партияның облыстық комитетінің халыққа білім беру бөлімінде жұмыс істеген. Депутаттардың қалалық Кеңесінің атқарушы комитет төрағасының орынбасары болып сайланды. Зейнеткерлікке № 20 орта мектептің директоры лауазымынан кетті. Жауынгерлік және еңбек наградаларымен марапатталған.
Ғабдуллин Серік
Серік Ғабдуллаұлы 1937 жылдың 17 тамызында Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.
Жамбыл атындағы орта мектепті 1957 жылы бітіріп, республикамызда алғашқы игі бастама көтеріп, бүкіл кластастарымен сол кездегі Жамбыл атындағы колхоздың товарлы сүт фермасында комсомол бригадасын құрып жастық жалынмен еңбек етті. 1959 жылы Шымқора ауылының клуб меңгерушісі болып істеді.
1960-1966 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факултетінің тіл және әдебиет бөлімін бітірді. Ол өзінің творчестволық жолын облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдебиет қызметкері болудан бастап, өлең өнеріне құлаш сермеп, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, талабы жоғары, талантты биік журналист екенін таныта бастады. Осы "Комммунизм туы" қазіргі "Дидар" газетінде 1990 жылға дейін қызмет атқарды.
1991 жылы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының облыстық ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланып, 1995 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.
1995 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі секретарының орынбасары болып қоғамдық жұмыс атқарды.
Серік Ғабдуллин бала жасынан, оқушы кезінен әдебиетке, өлең өнеріне ынталанып, аудандық сол кездегі "Социалистік майдан" газетінде оның мөлтек жырлары, балауса өлеңдері жиі жарияланып жүрді. Оның өлеңге деген құштарлығы, табиғи дарыны, алдына қойған мақсаты, творчестволық талпынысы биік асуларға жетелей түсті. Университет қабырғасында жүргенде оның алғашқы туындылары жарық көрді.
Өмірдің өзенінде, өнердің өзегінде өзіндік өрнегімен таныла білген Серік Ғабдуллаұлының әр жылдары шыққан "Көктем лебі" (топтама 1975), "Бұқтырма сарыны" (1978), "Көктем-көк өрім шағым" (1982), "Ақ босаға" (салт-дәстүр танымы, 1993), "Жылдардан жеткен жаңғырық" (очерктер жинағы,1995), "Сөйле менің жүрегім" (1998) т.б. кейінгі жылдары жарық көрген «Алтай асу» (2003), «Ұланғайыр» (2003), орыс тілінде басылып шыққан «Седой тулпар» (2006) жыр жинақтарын оқырмандар жылы қабылдады. 2007 жылы жарық көрген 2 томдық таңдамалы өлеңдер жинағы өнегелі өмірінің, ұзақ жылғы еселі еңбегінің жемісі.
"Бұқтырма сарыны" тақырыбы жағынан сан-салалы. Әрбір өлеңнің өлеңдік қасиеті, орындалу мәдениеті көңіл аударарлық, онда- еліне, жеріне деген ғашық жүректің асау дүрсілі анық сезіледі.
Мұндай өлеңдер қатарына осы жинаққа енген "Ұланым менің", "Алтай", "Ертіс", "Өскемен", "Ульба сарыны" сынды өлеңдерін ажатқызуға болады. C.Ғабдуллин «Айтыскерлер мектебінің» директоры, Қалалық кітапханада құрылған "Шабыт" атты жас ақындар үйірмесінің жетекшісі жұмыстарын атқарады. 1991-95 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық ұжымының төрағасы болып қызмет істеді. 2001 жылдан бері Өскеменде шығатын аймақтық әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының бас редакторы. Алдына қойған мақсаты- жастарды өлең жазудың қыр сырымен таныстырып, болашаққа бағыт-бағдар беру.
Геворкян Арсений Иванович
1936 жылы 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген
«Востокжилстрой» АҚОТ президенті. Облыстағы және қаладағы тұрғын үй құрылысын ұйымдастырушы, облыстық Кеңес директорларының мүшесі. Инженер-қүрылысшы ретінде Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрылысын үздіксіз жүмысын ретке келтіру үшін көп жұмыстар жасады. Ол ірі панельді үй құрылысының дамуына көптеген жаңалықтар енгізді. Тұрғын үйге зәру жаңдайларда әрбір бесінші үй ол басқарған үжыммен салынды. Панельдік тұрғыдан он шақты балабақшалар, дүкендер, жатақханалар тұрғызылды. Гуманитарлық институттың^ашылуының, Халықтар достығы үйінің қүрылуының бірден-бір бастамашысы болды. Қалалық еңбекші де-путаттар Кеңесінің бірқатар шақыруларының депутаты. «Қүрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қазіргі кезде Ресейде тұрады.
Губарев Алексей Александрович
1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысының Гвардейцы ауылында дүниеге келген КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері. 1950 жылдан бастап Кеңес армиясында болды. Кәсіби әскери қызметкер, авиацияның полковнигі. 1975 және 1978 жылдары экипаж командирі ретінде екі рет ғарышқа ұшты. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1980 жылы біздің қалада бірінші рет болып, со-дан бері Шығыс Қазақстанға жиі келіп тұрады, мұнда оның достары жөне табиғаттың сүйікті жерлері көп. Өскемендіктерге әскери-патриоттық тәрбие беруге белсенді қатысады.
Губушкин Михаил Кирсанович
1930 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Черемшанка ауылында дүниеге келген
1950 жылдан бастап демалысқа кеткенге дейін ІІМ органдарын-да қызмет атқарды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң мамандығы кафедрасында және қылмыстық іс аумағында мұғалімдік ғылыми-зерттеушілік жұмыспен белсенді айналысты. Иістерді зерттеу мен сұрыптауға арналған құралға авторлық куәлігі бар, дактилоскопия бойын-ша ЭВМ - Минск-82 зерттеулерін енгізді. ІІМ отставкадағы полковнигі. Бірнеше рет қалалық және аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Демалысқа шығып Мирный кенті шағын ауданының қоғамдық Кеңесін басқарды, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Арнайы басылымдарда және мерзімді баспасөзде 130 астам жариялымда-ры бар. 9 медальмен марапатталған. КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Халықаралық ғылым Академиясының тілші мүшесі.
Тағы мақалалар...
- Данилов Иван Петрович
- Дегтярев Василий Дмитриевич
- Джексенев Закирья Джексеневич
- Дмитриев Матвей Иванович
- Додин Давид Наумович
- Зайцев Николай Алексеевич
- Захаренко Иван Иванович
- Иванов Анатолий Степанович
- Игибаев Советхан Кабдуалиевич
- Кажибаев Амангельды
- Калиев Ауталиф Елтренович
- Карпенко Василий Севастьянович
- Кокорин Федор Савинович
- Колесников Михаил Иванович
- Коротина Мария Ивановна
- Куленов Ахат Салемхатович
- Кырыкбаев Замза Кадылшанович
- Лабуков Михаил Семенович
- Лаптев Анатолий Павлович
- Лебедев Валентин Витальевич
- Лесечко Алексей Кузьмич
- Логвин Петр Иванович
- Ломако Федор Фадеевич
- Маковеев Леонид Иванович
- Малдыбаев Уралбек Бейсембаевич
- Мамбетказиев Ережеп Альхаирович
- Миллер Петр Климентьевич
- Парманов Павел Александрович
- Плахута Алексей Егорович
- Плохих Владимир Георгиевич
- Покрышкин Александр Иванович
- Протазанов Александр Константинович
- Синенко Павел Сергеевич
- Славский Ефим Павлович
- Сухорукова Вера Николаевна
- Тархов Юрий Павлович
- Тетерский Евгений Александрович
- Тунников Анатолий Павлович
- Флейтлих Григорий Григорьевич
- Чәйжүнісов Тоқан Жақияұлы
- Черкашина Алимпиада Ивановна
- Чернов Алексей Иванович
- Чижиков Павел Лукич
- Чистяков Михаил Иванович
- Шаров Владимир Иванович
- Шаяхметов Багдат Мухаметович
- Щербаков Борис Васильевич
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Прогноз погоды
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.





