Баспа өнімдері
ОКЖ ақпараттық-әдістемелік құралдары

«Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі»
Қалалық орталық кітапханасының анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімі әр жыл сайын «Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін» қазақ және орыс тілдерінде шығарады. Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар, Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті саясат және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, өнер, әдебиет пен мәдениет тағы басқа сала өкілдерінің мерейтойлары көрсетілген. Тәрбиелік тәлімі мол тұлғалар - ғұлама ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, өнер иелері туралы ақпаратты осы күнтізбеден көре аласыздар.
Күнтізбенің алғашқы беті «Атаулы күндер» бөлімімен басталады, бұл бөлімде Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген.
Күнтізбедегі келесі бөлімдер Шығыс Қазақстанға арналған. Олар: «ШҚО-да аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі», «ШҚО бойынша айы мен күні белгісіз мерейтой иелері» және « Шығыс Қазақстан жазушыларының мерейтой кітаптары» бөлімдері.
Бұл бөлімдерде облысымыздағы мерейтой иелері, жазушылардың мерейтой кітаптары туралы қысқаша ақпарат және алфавиттік ретпен орналасқан әдебиеттер тізімі берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған.
«Қазақстан Республикасында аталып өтілетін мерейтой иелері» бөлімінде Қазақстан Республикасы бойынша мерейтой иелері көрсетілген, олар жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. Тағы бір атап өтетін бөлім «Қазақстан Республикасындағы айы мен күні белгісіз мерейтой иелері» деп аталады.
Күнтізбе соңында көмекші құрал ретінде есімдер көрсеткіші берілген.
Әдебиеттерді іздестіруде «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»ММ электронды каталогы, Қалалық орталық кітапхананың кітап қоры, аймақтық, республикалық мерзімді басылымдар, сондай-ақ ғаламтор желісі ақпараттары пайдаланылды.
Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына және көпшілік оқырмандарға арналады.
Құрастырған: Келдіғұлова Г. Р.

Өлкеміздің оқу-ағарту ісінің тарихы
Оқу-ағарту жұмысының тарихы елімізде ерте кезден бастау алған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырдың өзінде-ақ (VII-VIII ғасыр) кӛптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін жоғарғы оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иассауи т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 19 ғ-дың бас кезінде Орта Азияда 600-дей медресе жұмыс істеген. Семей қаласында кезінде ташкенттіктер, бұхарлықтар мен татарлар салғызған Сарт мешіті, Тоқал мешіті, Ғадият мешіті болға
н. Хамитұлы, Мусин, Ахрам мен Тінібай мешіттері осы күнге дейін жақсы сақталған. Ал Семей губерниясына қарайтын Өскемен уезіндегі 17 болыс көшпелі қазақ елінде Ұлан, Қалба, Тарғынды, Ахмер сияқты елді мекендерде ғана медреселер болған. Медреселердің көпшілігі Кеңес өкіметінің атеистерінің кесірінен жойылып кетті. Қазақ елінің Ресейге қосылуынан кейін, патша өкіметінің саясатын жүргізіп, қазақ даласын билеу ісінде өкімет орындарына көмектесе алатын білімді қазақ шенеуніктері жергілікті жердегі ел билеушілеріне керек болды. Сондықтан патша үкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының балаларына біраз білім беріп, олар үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға тиісті болды. Бірақ патша үкіметі қазақ даласын біліммен толық қамти алмады, қазақтардың білімді болғаны патша үкіметіне тиімді де емес еді. Кеңес үкіметі кезінде халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар жүзеге асырылды. Ең бастысы, халық ағартудың біртұтас жүйесі құрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Халық түгелдей сауаттанды, елімізде мектептер, жоғары оқу орындары көптеп ашылып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, оқудың сапасын жақсарту ісіне ерекше мән берілді. Бірақ солақай саясаттың кесірінен жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірілген мектеп - интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым кӛпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Қазақтар балаларын орыс мектептеріне кӛптеп бере бастады. Осының салдарынан 700 қазақ мектептері жабылып қалды. Мұның ӛзі бір жағынан қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп, мәңгүрттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі ғана құтқарды. Өлкетану құралында өлкеміздегі білім беру тарихының осы кезеңдері барынша ашып көрсетілді. Төмендегі ұсынылып отырған өлкетану құралынан көпшілік оқырман қауым білім берудің тарихы туралы өздерін қызықтырар мәліметтерді таба алады.
Құрастырушы: Жұмағұлова Г.Д., өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
Ел
рухын асқақтатқан Азиада
Астана мен Алматы қалаларында өткен VII қысқы Азиада ойындары да аяқталды. Жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынға ие болып, барлығы 70 медальды жеңіп алды, оның ішінде – 32 алтын медаль. Бүкіл әлем көз тіккен Азиада жарыстарындағы жерлестеріміздің жетістіктері шығысқазақстандықтар үшін зор мақтаныш. Қазақстан құрама командасы қол жеткізген жүлделі орындардың жартысына жуығы – жерлестеріміздің еншісінде. VII қысқы Азия ойындарында біздің ойыншыларымыз 32 алтын медаль жеңіп алса, мұның 15-і Шығысқа бұйырды. Спортшыларымыз Шығыс Қазақстан облысының тарихында тұңғыш рет осындай жетістікке жетті. А.Полтораниннің бір өзі ғана төрт алтын медальды иеленді. Мұндай нәтиже бізде бұрын болып көрмеген. Спортшылардың шеберлігі, жаттықтырушылардың біліктілігі осындай жарыстарда айқындалады. Олар Шығыс Қазақстан – қысқы спорттың отаны, қысқы спорт түрлерінен кадрлар ошағы екенін тағы да дәлелдеп берді. Қазақстанның шайбалы хоккейінен Олимпиаданың, әлемнің алғашқы чемпиондары да Шығыс Қазақстаннан шыққан. Жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз сол чемпиондардың жеңісті жолдарын жалғастыруда. Төмендегі ұсынылып отырған өлкетану құралынан көпшілік оқырман қауым Азиада атрибуттары жайлы және Азиада чемпиондары – даңқты жерлестеріміздің өмір жолы, спорттық жетістіктері туралы өздерін қызықтырар мәліметтерді таба алады.
Құрастырушы: Жұмағұлова Г.Д., өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
«2011-2012 оқу жылдарындағы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін»
Өскемен қаласындағы орталық қалалық кітапханасының анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімі әр жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде «Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі» атты көрсеткішті дайындап шығарады.
Осыған қосымша ретінде «2011-2012 оқу жылдарындағы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін» ұсынады. Мектеп бағдарламасының оқу үрдісінде әдебиеттерді насихаттау және өлкеміздегі көрнекті оқиғалардан хабардар болу үшін бұл көрсеткіштің берері мол.
Мұнда Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан өңірінің тарихындағы, мәдениетіндегі атаулы күндерге, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының, жазушылар мен өнер қайраткерлерінің мерейтойларына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі берілген.
Күнтізбеде: «Жалпы атаулы күндер», «Шығыс Қазақстан облысы мерейтой иелері», «ҚР-да аталып өтілетін мерейтой иелері», «Айы мен күні белгісіз мерейтой иелері», «Аталып өтілетін есімдердің алфавиттік көрсеткіші» бөлімдері бар.
Бұл атаулы күндер тізбегі жылдың әрбір айы бойынша реттеліп берілген. Көрсеткіштегі әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіп бойынша орналастырылған.
Әдебиеттерді іздестіруде Орталық қалалық кітапхананың қорымен қатар, аймақтық, республикалық мерзімді басылымдар, сондай-ақ Интернет желісі анықтама көзі болып пайдаланылды.
Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ, өлке тарихына қызығушылығы бар жалпы оқырман қауым назарына ұсынылып отыр.
Құрастырғандар: Жанұзақова Р. Қ.
Келдіғұлова Г. Р.
Балдәурен балалық
Қазақ балалар әдебиеті сонау халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Қазақ баласы бесікте жатқаннан-ақ ана әлдиі - бесік жырымен ес жиып, жастайынан тақпақ жаттап, жаңылтпаш айтып,
жұмбақ шешіп, ақсақалдардан мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді, жыраулардан батырлар жыры мен қисса-дастандар естіп өскен. Сондықтан да, қазақ халқынан сөз бастаған көсемдер көп шыққан.
Кейіннен балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай Алтынсариннен басталған балалар әдебиеті қалыптасты.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялылары да білімнің әр саласынан мектептерге, жоғары оқу орындарына арнап оқулықтар жазды. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те шәкірттерге арнап «Жеткіншек» (1925жыл) атты кітап жазып, ол ұзақ жылдар мектепте оқулық ретінде пайдаланылды.
Біздің Шығыс өңірінен де балаларға арнап әңгіме, жыр арнаған жерлес ақын-жазушыларымыз жетерлік. Өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаздар, тәрбиешілер, баланың кітап оқуына бағыт-бағдар сілтейтін кітапханашылар және жас жеткіншек оқырмандарымыз олардың шығармашылығы жайлы білгені артықтық етпейді деп ойлаймын. Бұның алдында «Шығыс ақын-жазушылары - балаларға» деген атпен өлкетану құралы шығарылған. Ол құралға балалар әдебиетіне атсалысып жүрген жерлес қаламгерлеріміздің өмірбаяны, шығармашылығы жайлы деректер енген. Ендігі кезекте жерлес қаламгерлеріміздің балаларға арналған шығармаларын жинақтаған «Балдәурен» атты жинағын ұсынып отырмыз. Жинақ екі бөлімнен тұрады, «Қошақан» бөліміндегі шығармалар бастауыш сынып оқушыларына арналса, «Жеткіншек» бөліміндегі шығармалар орта сынып оқушыларына арналған. Бұл жинақтың келесіде жалғасы болады деп ойлаймыз. Өйткені мұндағы шығармалар балаларға арналған «Балдырған», «Ақ желкен» т.б. республикалық басылымдарынан алынды.
Балалар әдебиеті көне заманнан бері рухани қазынаның бірі болған. Ол құнын жоғалтпайды. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтары үшін де әдеби туындылар аса қажет. Жаңа заманның жаңа адамдарын тәрбиелеу ісінде, ұлттық қазақ әдебиеті, оның ішінде балаларға арналған туындылар қыруар насихаттық қызмет атқаратыны баршаға аян. Көзді қадап оқитын ғана емес, әрдайым зердеге тоқитын шынайы шығармалар көп болғай...
Құрастырушы: Жұмағұлова Г.Д.,
өлкетану ақпараттары орталығының
жетекші маманы.
Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы
Биыл Тәуелсіздікке 20 жыл толады. Тәуелсіздік –
ең қымбат ұғым. Тәуелсіздік мейрамы жолында құрбан болған Алаш қайраткерлері мен ұлтын, тілін сүйген есіл азаматтардың аруағы бір аунап түсетін қасиетті күн. Бұл ұлық мейрам әр қазақтың жүрегіне патриоттық рухтың дәнін себуі тиіс. Тәуелсіздік – ең алдымен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері мен барша Қазақстан жұртшылығының арман-мұратының салтанат құруы. Жалпы, сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы біздің жүрегімізді айрықша толғанысқа бөлейді. Осынау шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен оның еркін де азат азаматы ғана сезіне алады. Қазақстан үшін жиырма бірінші ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ең бастысы, Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асуда. Ата Заңымыздың арқасында еліміз демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық салтанат құруда.
Жиырма жыл ішінде мемлекетімізді құру жолында көп игі іс тындырылды.
Құрастырушылар: Жанұзақова Р.Қ.
Келдіғұлова Г.Р.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Әр х
алықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы үшін желтоқсан айының орны ерекше.
Үстіміздегі жылғы желтоқсанда халқымыз екі ұлы тарихи күнді атап өтуге дайындалуда, олар: Қазақстанның Республикасының тәуелсіздік алуының 20 жылдығы және Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің (1986 ж.) 25 жылдығы.
Ұсынылып отырған құрал мақсаты 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру, ұлттық намыстың аяқ-асты жаншылуы, ұлттық қатынастағы жылдар бойы жинақталған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі, өз ұлтын мемлекеттік басқаруда қазақ не болмаса қазақстандық ұлт өкілін талап еткен қазақ жастарының айыпталып, соққыға жығылуы, ар-намыстың, ұлттық қасиеттің, тәуелсіздік туының желбіреуіне үлес қосып, өздерінің қызғалдақтай құлпырған жас өмірлерін қиған желтоқсан құрбандары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбиралардың ерліктерін құрметтеу, насихаттау.
Құрастырушы: Сыдықова А.Қ,
Баспагерлік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

Шығыс ақын - жазушылары - балаларға
Қазақ балалар әдебиеті сонау халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Қазақ баласы бесікте жатқаннан-ақ ана әлдиі - бесік жырымен ес жиып, жастайынан тақпақ жаттап, жаңылтпаш айтып, жұмбақ шешіп, ақсақалдардан мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді, жыраулардан батырлар жыры мен қисса-дастандар естіп өскен. Сондықтан да, қазақ халқынан сөз бастаған көсемдер көп шыққан.
Біздің Шығыс өңірінен де балаларға арнап әңгіме, жыр арнаған жерлес ақын-жазушыларымыз жетерлік. Өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаздар, тәрбиешілер және баланың кітап оқуына көмектесетін кітапханашылар үшін олардың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы білгені артықтық етпейді деп ойлаймыз. Сондықтан осы «Шығыс ақын-жазушылары - балаларға» атты өлкетану құралын шығарып отырмыз. Балаларды өмірге бейімдеу, олардың бойына өз өлкесіне, өз ұлтының әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру жолында осы құралдың аз да болса көмегі тисе біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Құралдағы ақын-жазушылардың өмір жолы, шығармашылық деректері 2004 жылы жарық көрген «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» және 2008 жылы шыққан «Балалар бағының бағбандары» атты анықтамалықтардан алынды.
Құрастырушы: Жұмағұлова Г.Д., өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
Жүрегі жүз жыл жырлаған
Халық әдебиеті үлгілерін жасаушылардың дәстүрлі өкілдерінің бірі - Жамбыл Жабаев. Оның бойындағы туа біткен табиғи дарыны, қабілеті әмбебап өнерпаздық жаратылысымен ерекшеленеді. Жамбылдың күнделікті тұрмыстық қарым – қатынастарының өзіне өлеңмен сөйлейтіні, қанатты, ұшқыр ойлы тіркестерді қолданатыны, домбыра әуені мен өлеңді сөзді қосыла өретіні – ақындық шабыт нәтижелерін бірнеше өнер қосындылары арқылы дүниеге әкелетіндігін дәлелдейді.
Фарабидің басы әлі ашыла қоймаған, Шоқан мұрасы толық жарияланбаған, Абай феодалдың баласы саналып жүрген, Әуезов әлемдік аренаға шығып үлгермеген кезеңде, яғни жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының рухани қуаты дүние дидарына тұңғыш рет Жамбыл жыры арқылы танылғаны, тіпті қазақ ұлтының атын білмеген елдердің өзі Жамбыл даңқына қанық болғаны, ұлы жырау арқылы халқымыздың жақсы аты шыққаны анық. Мұнан артықты талап етудің өзі жөнсіз. Жамбыл – ауызша әдебиеттің жеткізе алар жеріне жеткен, шығар шыңына шыққан ақын.
Сондықтан да жүрегі жүз жыл жырлаған ұлы Жамбылдың асыл мұрасын халқымен мерейтойы қарсаңында қайта қауыштырып, марапаттау кітапхана мамандары алдындағы парыз.
Құрастырушы: Мукиманова Б. Р. Орталық қалалық кітапхананың
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі
Қал-аға қазақтың Қалиханы
Төр Алтайдың түркілер ту тіккен, ереуіл тірлік кешкен кіндігі саналатын Қатонқарағайдан аты елімізге, тіпті әлемге әйгілі талай дарындылар өсіп шықты. Сол дарындылардың бірі және бірегейі туған өлкесін жалықпай жырлап келе жатқан жазушы, сыншы, драматург, аудармашы, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалихан Ысқақ.
Туған жерінен әсте алыстамаған Қал-ағаң қыстай Алматыда болса, ала жаздай Топқайыңдағы інілері салып берген үйінде, елде болады. Күнделікті бәрін көріп-біліп жүргеннен кейін ауылдың жайын көп ойлап, елдің жағдайына алаңдайды. Экономика құлдырап, ауыл тозған жылдары Алтайдың әбден тоналып бара жатқанын көргеннен кейін ауданға "Ұлттық парк" статусын алып бермекке, бес жыл сонымен жүгіріп, нәтижесінде «Катонқарағай Ұлттық табиғат паркі» құрылды. Қазір мұның игілігін халық көріп отыр.
Жұртшылыққа ұсынылып отырған өлкетану құралынан жазушының шығармашылығы, қайраткерлігі жайлы мол мағлұмат алуларыңызға болады.
Құрастырушы: Жұмағұлова Г.Д., өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
"Алтайдың асыл жыршысы"
Шығыстан шыққан, Алтайдың ақиық жыршысы О.Бөкейді сіздерге таныстырып жату әбестік. Оралхан есімін бүгінде елімізде білмейтін жан жоқ деуге болады. Оралхан Бөкей өз болмысында да, шығармашылығында да халқымен, туған жер, өскен елімен әрқашан бірге болды. Өзі артынан ерген қаламдас жерлес інілеріне де: - ... Ел жаққа келіп-кетіп, аунап-қунап жүріңдер. Елден қол үзбеңдер. Ауылды ұмытпаңдар,- деп аманаттаған екен. Бірақ біз ардақтыларын тіріде емес, өлгеннен кейін ғана бағалайтын халықпыз ғой. Оралхан елімізде соншама даңқты бола тұра, шығармаларында туған жер, өскен жері мен жерлестерін қаншама дәріптесе де, өз елінде жеткілікті бағаланбай келгені де шындық. Өзі бұл туралы талай жазды да, достарына: «Катоннан ауылға жету үшін автобус күтіп жүргенің, мені бүкіл Қазақстан басына көтергенде өз ауылым онша менсінбейді» деп өкпе-назын айтқан кездері де болыпты. Тек Оралханнан айрылғаннан кейін ғана өр Алтай жұртшылығы қандай асылынан айрылғанын түсініп, Алтайдың ұлылығын жырлап өткен ұлдарын жабыла жоқтады. Оралханның 50 жылдығы оны жоқтау асына айналды. Ал жазушының 60 жылдық мерейтойы бүкіл республика бойынша аталып өтілді. Жазушының есімін ұлықтау жөнінде біршама істер атқарылды. Оралханды көзі көргендердің естеліктері мен шығармалары жайлы ойлар баспасөз беттеріне көптеп жарияланды. Оралхан жайлы естелік кітап біреу-ақ болғандықтан, мен де жұмыс бабына байланысты осыларды біраз жыл жинаған едім. Бүгіндері қарасам, біршама дүниеге айналыпты. Бұлар негізінен республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» пен облыстық «Дидар», Катон-Қарағай ауданының «Арай», «Луч» газеттерінде және кезінде Катонқарағай аудандық білім департаменті шығарған «Самал» газеттеріне жарияланған мақалалар.
Қазіргі күні де пән мұғалімдері, қазақ тілі бөлімінде оқитын студенттер, оқушылар, жалпы Оралханның өмірі мен шығармашылығы жайлы білгісі келетіндер көптеп саналады. Соларға азды-көпті септігін тигізер деген оймен «Алтайдың асыл жыршысы» деген атпен ақпараттық дайджест көпшіліктің пайдалануына ұсынылды. Егер, сізді О.Бөкейдің шығармашылығы мен өмір жолы туралы тың деректер қызықтырса, онда Өлкетану ақпараттары орталығына келіңіз!
Құрастырушы: Гүлзира Дәулетханқызы Жұмағұлова
"Невада - Семей"
Өскемен Қалалық орталық кітапханасының анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімі «Невада — Семей» антиядролық қозғалысының құрылуына 20 жыл (1989-2009) толуына орай әдістемелік-библиографиялық мағлұматтар жинағын назарларыңызға ұсынады.
Жинақта қазақ және орыс тілдерінде ХХ-ғасырдың құбыжығы атанған Семей полигонының құрылуы, оның қырық жылға созылған жұмысы, жарылыстар зардабынан халықтың тартқан азаптары, полигонды жаптырудағы атқарылған іс-шаралар жайлы мәліметтер берілген. Осы полигонның жабылуына халқымыздың біртуар перзенттері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев пен белгілі жазушы, қоғам қайраткері, ақын
О. Сүлейменовтің атқарған ерен еңбектері кеңінен қамтылған.
Және де осы тақырыпқа орай мерзімді басылымдар беттерінен ресми құжаттар мен замандастар әсерлері алынды. Басқа елдердің қоғамдық ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің осы қозғалысты қолдаудағы берген бағасы және халыққа көрсеткен көмегі туралы мақалаларды осы жинақтан оқи аласыздар.
Аталмыш жинақ жалпы оқырман қауымға арналады.
Құрастырғандар: Нұқсарина К. М., Давиденко М. И.
"Астанамыз - бейбіт қала, бас қала!"
1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - қазақ жерінің кіндік ортасы - Ақмолаға көшірілді. Жас Қазақстан экономикалық тапшылыққа қарамай қиын да, күрделі шешім қабылдады. Бұл шешім басқа елдерді де таң қалдырған еді. Аз уақыттың ішінде бұрынғы провинциалдық қала адам танымастай өзгерді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, "Интерконтиненталь" қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтың үш батагөй билері: Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Айтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символындай елестейді. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразия құрлығындағы әйгілі қала болмақ.
Астана - мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы.
Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл ақпараттық дайджест Арқаның төріне қоныс тепкен, құт мекеннің құйқасы, республикамыздың Елордасы - Астанаың 10 жылдығына арналып шығарылып отыр.
Дайджест көпшілік қауымға арналады.
Ақпараттық -библиографиялық бөлім
«Қош бол, балабақшамыз»
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүние.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға бала-бақша ұстаздары мен тәрбиешілерінің сіңірген еңбегі баға жеткісіз. Кеше ғана аяғын апыл-тапыл жаңа басып келген жас сәби балабақшаға бауыр басып, тәрбиеші – ұстаздарды екінші анасындай сезініп кететіні анық. Сол балалардың енді өздерінің балабақшаларымен қоштасып, мектеп табалдырығын аттар кез де жетіп қалды.
Сондықтан-да аталмыш құралда даярлық топтарындағы тәрбиеленушілермен өткізілетін балабақшамен қоштасу кештерімен сабақтарының сценраийлерін топтастырып ұсынып отырмын.
Мукиманова Б.Р. ҚОК оқу залы меңгерушісі
«2010-2011 Оқу жылдарындағы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі»
Қалалық орталық кітапхананың анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімі жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде «Аталып µтілетін жєне еске алынатын күдер күнтізбесі» атты көрсеткішті дайындап шығарады.
Көрсеткіш материалдары екі бөлімге жіктелген: біріншесінде- Шығыс Қазақстан облысы мерейтой иелері, олар туралы қысқаша анықтама мен әдебиеттер тізімі берілген, ал екіншісінде- Қазақстан Республикасы бойынша мерейтой иелері көрсетілген.
Ал биылғы жылы осыған қосымша «2010-2011 оқу жылдарындағы аталып µтілетін жєне еске алынатын күндер к‰нтізбесін» ±сынады. Мектеп бағдарламасының оқу ‰рдісінде єдебиеттерді насихаттау жєне µлкеміздегі кµрнекті оқиғалардан хабардар болу ‰шін б±л кµрсеткіштің берері мол.
М±нда Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан µңірінің тарихындағы, мєдениетіндегі атаулы к‰ндерге, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының, жазушылар мен µнер қайраткерлерінің мерейтойларына қысқаша анықтама жазылып, єдебиеттердің ±сыныстық тізімі берілген.
Б±ған қосымша «Жалпы атаулы к‰ндер», «Шығыс Қазақстан облысы мерейтой иелері», «ҚР-да аталып µтілетін мерейтой иелері», «Айы мен к‰ні белгісіз мерейтой иелері»,«Аталып µтілетін есімдердің алфавиттік кµрсеткіші» деген бµлімдері бар.
Бұл атаулы күндер тізбегі жылдың он екі айы бойынша реттеліп берілген. Көрсеткіштегі әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіп бойынша орналасқан.
Әдебиеттерді іздестіруде Қалалық орталық кітапхананың қорымен қатар, аймақтық, республикалық мерзімді басылымдар, сондай-ақ Интернет желісі анықтама көзі болып пайдаланылды.
Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі мєдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне, м±ғалімдерге, мектеп оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ, өлке тарихына қызығушылығы бар жалпы оқырман қауым назарына ұсынылып отыр.
Құрастырған: Келдыгулова Г.Р.
"Жеңіс жолында от кешкендер"
2010 жылдың мәр¬те¬бесі биік атаулы мерекесі ол Ұлы Отан соғы¬сындағы Жеңістің 65 жылдығы. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін, әсте, ұмытуға болмайды. Төрт¬күл дүниені дүр сілкіндірген сол соғыста баласы әке¬сінен, ана ұл-қызынан, ер-азамат сүйікті жарынан айырылып, қан¬шама шаңырақтың ойраны шықты. Бұл азалы күндер естелігі бізден біртіндеп алыстап барады. Сондықтан біздің міндетіміз – өткен тарихымызды жас ұрпақтың санасына құйып, отаншылдық, азаматтық, адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіріп, елінің ұлыларын құрметтеуге баулу. Сол сұрапыл жылдары от кешіп, қар жастанған жауынгерлер, қазіргі соғыс ардагерлерінің арасы жыл санап сиреп барады. Сондықтан Ұлы Отан соғысының құрбандарына үнемі тағзым етіп, ардагер қарияларымызды құрметтейік.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толуына орай, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген шығармашылық жұмыстарды топтастырып сценарийлер жиынтығын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Басылымға Қалалық орталық кітапхананың қоры мен интернет материалдары пайдаланылды.
Аталмыш құрал-ұйымдастырушыларға, ұстаздарға, кітапханашыларға сол сияқты жалпы осы тақырыпта ақпарат іздеген оқырмандарға арналады.
Баспагерлік қызмет секторы А. Ахметжанова
"Менің Отаным - Қазақстан"
Халықтың ортақ үйі - Отаны. Қанатсыз құс болмайтыны секілді, Отансыз адам да болмақ емес. Отан оттан да ыстық.
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Олай болса, жас ұрпақты өз халқын, Отанын, туған жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу баршаға ортақ іс.
Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Ұлттар достығы - біздің қазынамыз. Оны кіршіксіз күйінде, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу бәріміздің басты міндетіміз. Қазақтың дархан көңілі мен сабыр-парасаты, өзге ұлттар мен ұлыстардың терең түсіністігі мен сүйіспеншілігі аман болса, еліміздің даңқы артып, мәртебесі асқақтай берері сөзсіз.
Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл құрал Қазақстан Республикасының жеткен жетістігін, еліміздің Егемендікке жеткен жолын арқау етеді.
Мұндағы мақсатымыз - осы тақырыпты тербеген мерзімді басылымдар беттеріндегі шығармашылық жұмыстарды топтастыру, деректерді жинау.
Құрал - ұстаздар мен кітапханашыларға, тәрбиешілерге жалпы осы тақырып бойынша мағлұмат іздеген әрбір оқырманға арналады.
Өлкетану ақпараттары орталығының қызметкері Г.Абылғазинова
"Оқы, үйрен, қолдан"
Бала тәрбиесі - аса жауапты іс. Ұстаз –тәрбиеші балаларға білім беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға.
Баланың болашақта қандай азамат болып өсетіндігі мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты.
Ел ертеңінің сәулеленіп, Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да оның болашағын сомдайтын бүгінгі жас өркен - ертеңгі біртуар тұлғаны тәрбиелеу негізінің мықты болуында.
Сондықтан тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі мәселелерін қамтитын балабақша мұғалімдеріне, тәрбиешілерге арналған төмендегі құрал - тәрбие жұмысының әдістемесін толықтырып, қажетке жарар деген үмітпен ұсынылып отыр.
Қызмет көрсету бөлімі Б. Мұқиманова
"Шығыс өңірінің батырлары мен билері"
Шығыс өңірі ежелден найман тайпасының ата қонысы болса, олардың да түп қазығы – ғұндарда. Наймандар – жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырдан бастап, байтақ аймақты жайлаған Хунну (Ғұн) империясының кесек бір бөлігі. Осы жерде айта кететін жәйт ғұндар қазақ сахарасында қала мәдениетін жасаған мемлекет болды. Рашид-ад-диннің жазуынша "наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық".
Найманның ұлыс билеушілері есімдеріне құдіретті, батыр, дана, мерген сияқты қосымша атақ қосылып отырған. Мысалы, найман билеушісі Байбұқаға Цзин императоры қытайша "бір аймақтың бегінің ұлы" (taіvang) немесе "ұлы хан" деген лауазым берген, ал моңғолдар сөйлегенде Таянң (tavang) деп атап, ол тарихқа дәл осылай енеді .
Ғұндар құрамында болып келген ежелгі наймандардың ұрпақтары күні бүгінге дейін Шығыс Қазақстанда өркен жаюда. ХІІ-Х\/ІІІ ғасырларда болған жоңғар (қалмақ) шапқыншыларымен күресте елдің ер жүрек азаматтары жанын шүберекке түйіп, елі мен жерін, халқын қорғаған. Сол кезде қалыптасқан тарихи жағдайдың өзі батырлық пен ержүректілікті, батылдықты алдыңғы қатарға қойды.
Барлық жүздер мен ру - тайпаларда соғыс ісі мамандыққа айналып, әр рудың өз батыры, қолбасшысы шыға бастайды. Сол елі үшін, жері үшін болған шайқастарда мыңдаған саңлақтарымыз қазаға ұшырады. Бірақ, байтақ даламызды қорғап қалып, біздің еркіндікте өркендеп өсуімізге, қазақ хандығының сақталып қалуына жол салды. Сондықтан ел қорғаны болған ерлер ешуақытта ұмытылмайды, олардың есімі есімізде мәңгі сақталуы керек, осыған орай ұсынылып отырған құрал өлкеміздің ержүрек, біртуар батырлары мен билерінің өмірінен сыр шертеді. Жалпы мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге арналады.
Қалалық орталық кітапхана Сыдықова А.
«Қазақстан Республикасының мерекелері»
Әр шаңырақтың салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-қолаң ғана келеді. Мерекелік дастархан жайып күтіп, бір-біріне жылу сезім ізгі тілектер тілеу нағыз қуаныш.
Өскемен қалалық орталық кітапханасының анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімі «Қазақстан Республикасының мерекелері» атты ақпараттық көрсеткіш ұсынып отыр.
Мереке – қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау мерекесі.
Мереке - өткендегі ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастырып отыратын тәлімі мол мереке. Барлық мерекелердің өзіндік ізгіліктері, жақсылықтары, қуаныштары бар. Үлкендер де, балалар да мерекелерді асыға күтеді.
Ақпараттарды дайындауда орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханаларының кітап қоры, мерзімді басылымдары мен Интернет желісінің сайттары пайдаланылды.
Көрсеткіш мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне және көпшілік қауымға арналады.
Құрастырған: Келдыгулова Г.Р.
«Ұстаз қоржынына- В копилку педагога»
Құрметті оқырман қауым! Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін ең алдымен білім беру саласына және ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру керек екенін айрықша атап көрсетті. Қазір бұл мақсатта бірқатар игілікті істер атқарылуда. Осы орайда педагогикалық басылымдар тың ізденістерге барып, оқырман сұранысына орай жаңа айдарлар ашуда. Мұғалімдердің озық тәжірибелері, ұстаздық қызметтегі жаңа бастамалар, оқу-тәрбие жұмысындағы тың әдістемелік жұмыстар, технологиялар, бағдарламалар басылым беттерінде жарияланып келеді. Төмендегі ұсынып отырған ақпараттық дайджест сол басылым беттерінде жарияланған мақалалардың ішінен іріктеп, үзінді түрінде сіздерге ұсынылып отырмыз. Егерде, мақала үзіндісі сіздің қызығушылығыңызды тудырса, толық мәтінді көрсетілген сілтеме бойынша кітапхана қорынан таба аласыздар!
Мукиманова Б.Р. ҚОК оқу залы меңгерушісі
«Кітапханадағы жаңашылдық»
Қандайда өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді.
Қазіргі таңда кітапхана ісі заман талабына қарай күрделеніп, әрбір қызмет аясында жаңа технологияларға негізделген белестердің орын алуы қуантарлық жайт.
Жарық көріп отырған аталмыш дайджестпен таныса отырып бүгінгі таңда кітапхана ісінің жарқын белестері мен тың өзгерістеріне куә болып, өз жұмысын жаңаша ұйымдастыруда ізденіспен жұмыс атқарып келе жатқан әріптестерімізге берер көмегі зор деген үміттеміз. Ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде беріліп отыр.
ҚОК әдіскері Сыдықова А.Қ.
«Шығыстың шырайлы шаһары»
Әркімнің тарихшы болуы міндетті емес. Дегенмен әркім шыққан тегін білуі тиіс. Кезінде біздің өлкеміздің тарихы біржақты ғана зерттеліп, жалпы тарихымыздың бұрмаланып келгені шындық. Тіпті ер түріктің алтын бесігі болған Алтайды, ежелден халқымыз еміп келген Ертісті қазақ жері емес дегендердің де болғаны жасырын емес. Сандаған жылдар қазақ тарихы тарихи ғылымында да теріс баяндалып келді. Тыйым салу жүйесі нәтижесінде, әсіресе кеңестік кезеңде, бұрынғы КСРО халықтарының тарихында, дүниежүзілік тарихта Ресейдің ерекше рөл атқарғаны, оның ерекше үстемдік дәрежесі туралы идея қоярда-қоймай сіңірілді.
Еліміз егемендік алып, қоғамдағы болған зор өзгерістер нәтижесінде сол олқылықтардың орны толып жатқандай. Жаңа айқындамалар тұрғысында жазылған еңбектер жарық көрді, мұрағат қорлары ашылды, қазақ тарихының «ақтаңдақ беттері» жойылып келеді. Көпшіліктің ұлт тарихына деген ынта-ықыластары күннен-күнге арта түсуде. Сол себепті де өлке тарихына арналған қазақ тіліндегі кітаптар саны да жыл санап молығып келеді. Біздің қалалық орталық кітапхана қоры да осындай кітаптар санымен толығуда.
Өлкеміздегі тарихшыларымыздың басты мақсаты - өлкеміздің тарихына жаңаша ой жүгірту, өлке тарихының ақтаңдақ беттерін түгендеп, жоғымызды тауып, өшкенімізді түгендеп, қалпына келтіру. Осы орайда, айта кетсек, біздің өлкетану ақпараттарының орталығы да осындай игі істермен айналысуда. Жалпы өлке тарихына қызығушы оқырмандардың, тарихи зерттеумен айналысушы студенттер және оқу үрдісінде аймақтық компонентті пайдаланатын ұстаздар мен оқушылардың жүгін жеңілдету мақсатында қолдарыңыздағы жинақты ұсынып отырмыз.
Бұл еңбекті құрастырарда Өскемен және өлке тарихына жазылған көптеген кітаптар ақтарылды. Содан түйгеніміз, біздің өлкенің тарихына арналған құжаттарды сіздерге таныстыру жолында әлі де көптеген құралдар жазуға мүмкіншілігіміз бар. Мәселен, осы жинаққа кітапхана қорындағы сирек кездесетін және бағалы кітаптардың бірі «Из истории Октябрской революции и гражданской войны в Казахстане» кітабынан өлкеміздегі кеңес үкіметін орнату жолында күрескен қазақтың патриот ұлдары Ж. Болғанбаев және А. Чегіров жайлы көпшілікке белгісіздеу (қазақша жазылған) құжаттарды ұсындық. Осындай құжаттарды кітапхана қорынан әлі де көптеп кездестіруге болады.
Құрастырушы: Г. Д. Жұмағұлова, өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» - «Не для забавы я слагаю стих...»
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
С.Торайғыров.
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», - деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 165 жыл.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгінде бүкіл қазақ елінің мәртебесін көтеріп, әлемге танытып отыр. Сондықтан да ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұрпақтың санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру әркімнің де парызы. Осы орайда ұстаздарға, тәрбиешілерге, кітапханашыларға, оқырман қауымға арналған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» «Не для забавы я слагаю стих...» екі тілдегі сценарийлер жинағын ұсынамыз.
Бұл жинақтағы ақпараттар Қалалық орталық кітапхананың мерзімді басылымдар қорынан алынды.
Баспагерлік қызмет секторының меңгерушісі Айгүл Қанапияқызы
Сәулетті, сұлу Өскемен
«Өз өлкеңді көзіңмен көріп немесе кітаптың көмегімен көріп, тануға болады»
М. Ломоносов
Тау арасынан буырқанып аққан асау Ертіс арнасынан асып, Батыс Сібір жазығына қарай салтанатты түрде бет алған жерінде, көгілдір Үлбінің Ертіске құйылатын сағасына бекініс салынды. Өскемен бекінісі осылай пайда болды. Бұл қамал тек жоңғарлар шапқыншылығынан қорғап қана қоймай, сонымен қатар көршілес елдермен сауда және мәдени байланыстарды орнатуға тірек болды. 1720 жылы салынған Өскемен бекінісі қала мәртебесіне 1868 жылы ие болды. Басқа қалалар сияқты Өскеменнің де өзіндік даму ерекшелігі бар. Бұл өңір саяси жер аударушылар мен каторгаға айдалғандардың мекені еді. Кейіннен Кенді Алтай жерінен көптеп табылған асыл қазбалар, қаланы дербес облыс орталығына айналдырды. Ал, Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңнен бастап Кенді Алтайдың мол қазынасы зерттеліп, әлі күнге дейін дамылсыз игерілуде. Қазір Өскемен - аймақтың ірі экономикалық, өндірістік және мәдени орталығы. Республика шығысынан шұғыла шашқан шаһарда алып өнеркәсіп орындарымен бірге мәдениет ошақтары, күмбезді тұрғын үйлер жылма-жыл көбейіп, көшенің сәнін түзеп тұр. Қазақы рух қайратына мініп, қаланың төріне келіп қонақтағанына да өскемендіктер куә болды. Ол- ұлт ұстазы, ұлы Абайдың Өскеменге келуі. Алты Алаш ардақ тұтқан ақынға шаһар төрінен еңселі ескерткіш қойылды. Өңірдің мәдени-рухани өміріндегі ең үлкен оқиғасы, ең үлкен жаңалығы- осы. Абаймен қоса қалаға Пушкинге де тастұғыр орнатылды. Қос ақынның қалаға келуі ел еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Өскемендегі Республика алаңы да толықтай жаңартылды. Алаңдағы төсеніш ауыстырылып, оның орнына қазақтың ұлттық оюы бедерленген жаңа төсеніш төселді. Қаладағы үлкен көшелер саналатын Қазақстан, Горький, Сәтбаев көшелерінің бойына «Дала әуені», «Көш» секілді мүсіндік композициялар орнатылды. Яғни, ұлтымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрінен мол хабар беретін ұлттық аспаптарымыз бен қазақ үшін қастерлі саналатын түйе мүсіндері шаһар төрінен орын алды. Әуезов және Жеңіс даңғылдары да адам танымастай құлпырып өзгерді. Қалада әлі де көптеген ғимараттар, сауда үйлері бой түзеп, ұлы адамдарға ескерткіштер орнатылуда. Өскемен қаласының құрылғанына 290 жыл толуына орай шығарылып отырған қолдарыңыздағы көрсеткіште Өскемен қаласының тарихына, рәміздеріне, мәдени демалыс орындарына, ірі өндіріс орындарына, білім беру мекемелеріне шолу жасалып, көпшілікке таныс болу үшін сәулет ескерткіштерінің бірқатарына назар аударылды.
Әдебиеттерді іздестіруде анықтама көзі болып Қалалық орталық кітапхананың электронды және дәстүрлі каталогы, www.kitaphana.kz кітапхана сайты, кітап қоры және аймақтық мерзімді басылымдар, сондай-ақ Интернет желісі пайдаланылды. Өлке тарихына қызығушылық танытатын барша қауымға арналады.
Құрастырған: анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық
қызмет көрсету бөлімінің библиографы Жанұзақова Р.Қ.
Дені сау ұрпақ – болашақ қамы
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа «Қазақстан - 2030» жолдауында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және адам денсаулығын көтеру мәселелеріне бағатталған», - деп жариялап, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда.
Балалардың денсаулығы – халқымыздың байлығы. Бала денсаулығын нығайту, дене тәрбиесімен, салауаттылық өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтарының шынығуына ықпал ету – балабақша қызметкерелрінің де өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ұсынылып отырған сабақтардың өту сценарийлері мектеп жасына дейінгі мекеме қызметкерлері үшін бастаған істерін ары қарай жалғастырып, алдағы уақытта қосымша құрал ретінде өз жұмыстарына пайдалану үшін ұсынылып отыр.
Мұқиманова Б.Р. ҚОК оқу залы меңгерушісі.
Халық қаhарманы Қасым Қайсенов
Құрметті оқырман!
Биыл Ұлы Жеңіске 65 жыл толды. Бірақ, сол зұлмат соғыстың жаңғырығы ұрпақтар санасында жыл өткен сайын жаңғыра түсуде.
Жеңістің 65 жылдығына орай, біздің өлкетану ақпараттарының орталығы кітапхана оқырмандарынан өлкеміздегі жерлес батырларымыз, жерлес-ардагерлеріміз жайлы, жалпы өлкетануға арналған құнды құжаттары болса әкелуді өтінген едік. Сол өтінішімізге алғашқылардың бірі болып үн қатқан ҚР «Білім саласының озаты» белгісінің иегері, Ұлан ауданы, Молодежное кентіндегі Р.Мәрсеков атындағы мектептің тіл пәнінің мұғалімі Сиезхан Дәулетханұлы Құдабаев ағамыз. Ол ағамыз қолы бос уақытта сурет салумен, өлең, проза жазумен және шежіре жинаумен айналысады. Биылғы жылы С.Қ.Иманғалиевпен бірлесіп жазған «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» атты кітабы жарық көрген.
Сиезхан Дәулетханұлының жеке мұрағатында біздің өлкеміздегі жерлес батырларға арналған талай құнды құжаттар сақталған көрінеді. Соның біршамасы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Халық Қаһармандарының бірі, Ұлттық батыры, партизан, жазушы Қасым Қайсеновке арналған. Бұдан басқа да ағамызда С. Бекбосынов, Т. Тоқтаров, І.Айтықов, С.Н.Борозенец және тағы басқа соғыс ардагерлеріне арналған құжаттар бар. Осылардың барлығын алдағы күндерде шығаратын «Күркіреп күндер, өтті ғой соғыс» топтамасымен ұсынбақпыз.
Бұл құралдан Қасым Қайсеновке арналған естеліктермен, фото-құжаттармен танысасыздар. Назарларыңызға ұсынылып отырған шағын естелік құралы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен тәрбиешілерге, студенттер мен оқушыларға, батыр жайлы білгісі келген жалпы оқырман қауымға көмегін тигізер деп ойлаймыз.
Құрастырушы: Г.Д.Жұмағұлова, өлкетану ақпараттары
орталығының жетекші маманы.
Алтайдың ай мүйізді кер бұғысы
Түркі жұртының «алтын бесігі, ата жұрты» саналған Алтай ғажайып табиғатымен, ерекше аң-құстарымен әлемге әйгілі. Әсіресе, Алтай кербез, тәкәппар кербұғысымен ерекшеленеді. Алтай, оның ішінде Катонқарағай ауданы марал шаруашылығының отаны болып саналады. Елімізде маралдар ең алғаш осы жерде қолға үйретілген.
Ал, қолдарыңыздағы басылымнан өлкемізде осы маралдың қолға үйретілуі мен бұғы шаруашылығының ұйымдастырылу тарихы және маралды азықтандыру жайы, маралдан алынатын панты өнімі мен оның адам ағзасына тигізер пайдасы, болашақта бұғы өндірісінің даму жолдары туралы мағлұмат алуларыңызға болады.
Басылым осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналады.
Құрастырушы: Г.Д.Жұмағұлова,
өлкетану ақпараттары орталығының жетекші маманы.
Өмірін өлеңімен өрнектеген
Құрметті оқырман!
Қасиетті Алтай өңірі таланттардан кенде емес. Бірақ, сол таланттарымызды дер уағында тани алмайтынымыз өкінішті. Сондай талантты жерлесіміздің бірі, Зайсанның Жамбыл ауылында дүниеге келіп, күні кеше ғана жыр тұлпарын ерттеп мінген Нұрлан Мәукенұлы еді.
Ақынның дүниеден өткеніне де біраз уақыт болды. Егер тірі болғанда, биыл 50 жылдық мерейтойын елінде дүркіретіп тойлар ма еді.
Бір өлеңінде:
Өлінің қамын тірі жер,
Жоқтауын салып жүгінер.
Жоғалтып алған асылы
Айрылғанында білінер,- деп өзі жазғанындай, асылдарымызды жоғалтқаннан соң жоқтайтынымыз өкінішті.
Бірақ, өзі жоқ болса да, артында тасқа басқан өлеңдері қалды. Көңілге сол жұбаныш. Зайсанда ақын атына көше беріп, атын ұлықтап жатыр. Яғни, жоқтаушысы бар ақын есімі ешқашан ұмытылмайды.
Осы бір құрал ақын өлеңдерін сүйіп оқыр оқырмандарға арналады.
Құрастырушы: Г.Жұмағұлова,
өлкетану ақпараттары орталығының
жетекші маманы.
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Прогноз погоды
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.













