Ұлы ақынның мерейтойына
11 тамызда жазғы бағдарлама «Лето, книга, я – друзья!» аясында №2 кітапхана-бөлімшесінде А.Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына орай «Әсемпаз болма әр неге» атты әдеби сазды композиция өтті.
Мақсаты: оқушылардың назарын А.Құнанбаевтың шығармашылығы туралы мәліметтерді өз беттерімен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге міндеттеу; оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру; Абайдың өлеңдері арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Шара 4 бөлімге бөлінді: 1. «Өлең – сөздің патшасы»; 2. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»; 3.«Білімдіден шыққан сөз»; 4. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және оған «Қыс», «Жаз», «Күз» сияқты топтар қатысты. Балалар мерекеде Абай өлеңдерін жатқа оқып, сөзжұмбақ шешіп, «Жыл мезгілдері» тақырыбына сурет салды, мерекеден ұққан-білгендерін қағаз бетіне түсірді. Соңында қатысушылар өз суреттерін қорғап, барлығы бірге А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық, ай» әнін орындады. Қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар табысталды. Мерекеге 15 бала қатысты.
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.







