1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


IV Липецк кітапханалық оқулары

Басып шығару E-mail

2010 жылдың 22-нен 25-ші маусым аралығында Липецк қаласында IV Липецк кітапханалық оқулары өтті. Биылғы жылы талқылауға «Кітапханалық жаңашылдық қаланың әлеуметтік-мәдени дамуының қоры» тақырыбы берілді.

Облыс орталығында осымен төртінші рет өткізіліп отырған форумды өткізу «Липецк қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ директоры Виктории Якимовичтің бастамасы.

Липецкіге Москва, Санкт – Петербург, Воронеж, Тамбов, Тверь, Тольятти, Тула және Ресейдің басқа аймақтарынан, және Беларусия мен Қазақстаннан мамандар келді. Қазақстаннан «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінен қалалық орталық кітапхана қызметкері Н. В. Аралова қатысты.

В. Маяковский атындағы (Санкт-Петербург қаласы) Орталық қалалық бұқаралық кітапхананың жаңа технологиялар және халықаралық байланыстарды дамыту бойынша директорының орынбасары, Ресей кітапханалық ассоциациясы бұқаралық кітапханалар бөлімінің тұрақты комитет мүшесі, IFLA бұқаралық кітапханалар секциясының тұрақты комитет мүшесі Ольга Устинова құттықтау сөз сөйледі. Өзінің құттықтау сөзінде ұлттың рухани және мәдени өсуінде бұқаралық кітапханалардың әлеуметтік институт ретінде құндылығын атап көрсетті.

Төртінші кітапханалық оқуларда Мәскеуден келген педагогикалық ғылым кандидаты және «Большая перемена» бірлестігінің бағдарламалық директоры Наталья Жадько мастер-класс өткізді.

25 маусымда ресейлік кітапханалар мамандарының қатысуымен "Кітапханадағы жаңашылдық процестері" тақырыбында интернет-конференция өтті.

Шараға қатысушыларға Липецк және муниципалдық кітапханалар бойынша саяхат жасалды, "орыс Иерусалимы" - Задонск қаласына сапар болды.

Көлемді шараның негізгі ұйымдастырушылары: Липецк әкімшілігі, Липецк мәдениет департаментінің әкімшілігі, Ресей кітапханалық ассоциациясы, Липецк "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" муниципалдық мекемесі, басты әлеуметтік серіктестер – "Бірлікті Ресей" Липецк аймақтық бөлімі, Липецк қалалық депутаттар кеңесі, Липецк қоғамдық палатасы.

Шара ұйымдастырушылары бұл мәдени оқиға биліктегілер мен жұртшылықтың кітапхана және жалпы оқулар мәселелеріне назарын аударды деген сенімде. Ал Ресейден және жақын шетелдерден келген мамандар кітапхана жаңашылдық саласында тәжірибе алмастыру және ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

С какой целью вы приходите в библиотеку?

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.