1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


2011 жобасы

2011 жылы «Лучик надежды» жобасы «БОТА» Қоғамдық Қорымен қаржыландырылды.
Жоба мақсаты: орталық балалар кітапханасы базасында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ақпараттық-бос уақытты өткізу орталығын құру.

Балаларға оқу процесіне көмекке қажетті ақпаратты ұсыну, бос уақытты түрлендіріп, қызықты өтуін ұйымдастыру, шығармашылық дамыту, дені сау балалармен қатар шараларға қатыстыру, – жоба міндеттеріне кіреді. Жоба бойынша жұмыс барысында ерекше мұқтаждықтары бар балаларға, олардың ата-аналары мен осы балалар білім алып жүрген мектеп ұстаздарына ақпараттық қызмет көрсету ұйымдастырылды. Осы санаттағы балалармен жұмыс бойынша ұстаздарға көмекке шығармашылық дамыту сабақтары, мерекелік шаралар өткізіліп, тақырыптық электронды топтамалар жасалды. Мектеп түлектеріне болашақта оқитын оқу орындарында игере алатын мамандықтар туралы ақпарат ұсынылды.
Оқу жылы барысында инклюзивті білім беру концепциясы жүзеге асып жатқан №19 жалпы білім мектебінде білім алып жатқан, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жұмыс жүргізілді. Кітапханадан тыс қызмет көрсетуді ұйымдастырудың арқасында ерекше мұқтаждықтары бар балалар оқу орны бойынша кітаптар мен журналдарды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Үйде оқытылатын балалар үшін кітаптар мен журналдар олардың тапсырыстары бойынша үйлеріне жеткізіліп отырды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар басқа балалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алу үшін, сондай-ақ оларға берілген тақырыптар бойынша рефераттар дайындау үшін орталық балалар кітапханасы базасында Интернетті тегін пайдалану ұйымдастырылды. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың дені сау балалармен араласып кетуіне ықпал еткен бос уақытты өткізу шаралары мен шығармашылық дамыту сабақтары өткізіліп тұрды.
Жобаны жүзеге асыру барысында балалар мен ата-аналар үшін ақпараттық және бос уақыт жұмысы өткізілген «Алтын-Ай» ҚҰ-мен әріптестік қатынастар орнатылды. Жаз кезінде «Үлбі» әлеуметтік-медициналық мекемесінде болған және «ТҚАБ балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ-де тұратын балалар үшін шаралар ұйымдастырылды.
Жобаның жүзеге асуы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың дені сау балалармен қатар ақпаратқа қолдарының жетуіне көмектесті, кітапханада өткізілетін шараларға келіп қатысуға, өз құрдастарымен араласауға мүмкіндік берді. Осылайша, дені сау балалар ортасына мүмкіндіктері шектеулі балалардың араласып кетуіне ықпалын тигізді.

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

Какие ресурсы нашего сайта, по-вашему, мнению следует развивать (требуют доработки)?

 

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.