1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Пайдалану ережесі

Басып шығару E-mail

Жиі қойылатын сұрақтар:

* Кітапхананың қызметін қай жастағы оқырмандар пайдалануға құқығы бар?
Біз барлық жастағы оқырмандарға қызмет көрсетеміз.

* - Кітапхананың қызметін қаланың шеткі аудандарынан келген азаматтар мен шетелдік азаматтар пайдалана ала ма?
Қаланың шеткі аудандарынан келген азаматтар мен шетелдік азаматтар жеке басының куәлігі бар болған жағдайда кітапханаға жазыла алады. Абонементте кепілдік қалдыру арқылы әдебиеттерді үйге алуға болады.

* - Кітапханаға жазылу қандай құжаттар негізінде жүзеге асады?
Кітапханаға жазылу үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын (төл құжат, жеке басының куәлігі, туу туралы куәлік);
- АБОНЕМЕНТКЕ жазылу үшін тұрғылықты орыны жайлы анықтама (КСК пен мекен-жай бюросынан анықтама, үй кітапшасы).

* - Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда кітапханаға жазылу мүмкін бе?
Кітапханаға жазылу кітапхана қызметін пайдаланушылардың жеке басын куәландыратын заңды құжат негізінде жүзеге асады.

* - Қолдағы кітаптардың мерзімін қанша рет ұзартуға болады?
Кітаптардың мерзімін 2 реттен артық ұзартуға болмайды.

* - Оқырмандарға пайдалануға қанша дана кітап пен журналдар беріледі?
Кітаптар мен мерзімді басылымдар 5 данадан артық берілмейді.

* - Әдебиеттерді пайдалану мерзімі?
Балалар кітапханасында әдебиеттерді пайдалану мерзімі – 10 күн, ересектер кітапханасында – 15 күн.

* - Бейне кассеталарды пайдалану ережесі қандай?
CD – ROM немесе бейне кассеталарды үйге жалға алу үшін дискі немесе кассетаның тұратын құны мөлшерінде кепілге ақшалай қалдыру қажет:
CD – ROM жалға алу – 60 теңге (1 диск/тәулігіне);
Бейне кассеталар - 40 теңге (1 кассета/тәулігіне);
Кітапханада бейне кассеталарды көру – балаларға - 10 теңге; ересектерге - 30 теңге.

* - Сирек кездесетін немесе құнды басылымдарды үйге қалай алуға болады?
Сирек кездесетін немесе құнды басылымдарды үйге тек қана кепілге ақша қалдырып алуға болады.

* - ОКЖ оқырмандары Интернет қорымен жұмыс істей ала ма?
Орталық қалалық кітапханада Интернет – сынып жұмыс істейді. Пайдаланушылар өздеріне қажетті материалдарды табу мақсатында кеңесшінің көмегін пайдалана алады. Сыныптың қызметкерлері нақты тақырыптар жиынтығы біріктірілген үнпарақтар дайындайды.

Интернет – сыныпта жұмыс істеу ережесі

- Жұмыс уақытында тыныштық сақтау қажет.
- Компьютерде жұмыс істеуге дағдыланған пайдаланушыларға ақпараттарды өз бетімен іздестіруге рұқсат беріледі.
- Пайдаланушылар бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға материалдық жағынан зиян келтірген жағдайда жауапкершілік жүктейді.
- Барлық көшірілген файлдар сынып басқарушының рұқсатымен орналастырылып, 3 күн сақталынады.
- ¤здерінің жеке дискеталарын пайдалануға вирусқа тексергеннен кейін рұқсат беріледі.
- Пайдаланушының Интернеттен файлдар мен бағдарламаларды көшіріп алуға құқығы жоқ.
- Рұқсатсыз папка жасауға, құжаттарға «саяхат» жасауға, көшіріп алуға, сақтауға немесе басқа да жұмыстарды өз бетімен жүргізуге тыйым салынады.
- «Порно-сайттарды» көруге, балағат беттерді сақтауға қатаң тыйым салынады.
- Интернет – сыныпта жұмыс істеу ережесін сақтамаған пайдаланушы Интернетте жұмыс істеу құқығынан айырылады. - Кітапхана байланыс болмаған жағдайда немесе сапаның нашарлығына жауапкершілік жүктемейді.

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

С какой целью вы приходите в библиотеку?

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.