Мұқағали мен үшін үлкен жұмбақ, тылсым күш !
Мұқағали атын естігенде, оқығанда алыстан үлкен адымымен асықпай аттап, кісіге тура беттеп келе жатқан ұзын бойлы, алып денелі адам көз алдыма елестейді. Поэзиясы ағыл – тегіл сезімге, от – жалынға оранған құштарлыққа және романтикалық рухқа аса бай. Өлеңдері қиналғанда, қамыққанда бойыңа нәр, тылсым күш береді. Көңіліңдегі түйткіл көкейтесті ойды дөп басып, өлең шумақтары ойыңды, арманыңды алдыға жетелейді. Адам жанының арашасы, ішкі жан дүниесінің ауа райын болжаушысы болған кемел ақын ағамыз үлкен суретші, көріпкел, өмір философы, романтик және сонымен қатар көпті көрген көнекөз романтик , талай алып асуларды артқа тастап бүгінгі таңда мен үшін бейне бір махаббат символы іспеттес.
М. Мақатаевтың ой – санаңды, сезіміңді теңізше тербеген, суша сапырған, көңіліңді құйындай үйірген құдіретті жырлары жадыңда мәңгілікке жатталады. Талант табиғаты ерекше жаратылған ақын. Ақын ешуақытта жан сарайын жасырған емес. Өлеңдері соқталы ойларды, нәзік сезімдерді алдымызға жайып салып, көңілімізді алабұртып қояды.
Қазағына, қалың еліне жүрек сөзін арқалаған ақынды біз басқаша қырынан көре аламыз. Оның парасатты поэзиясы табан тіресіп күресуге шақырады. Елімізді, жерімізді жырлап, арман тілегі - әр адамның, азаматтың бақытты өмірі. Мұқағали ұлттық ой – санамызды өсіріп, көкжиегімізді кеңейтіп, рухымызды асқақтата білді. Абайдан кейінгі Мұқағали да жалғыз. Ұлттық жан – дүниемізді, дініміз бен ділімізді асқақтатып жазған жалғыз Мұқағали.
«Я, Жаратушы Аллам!» атты өлең, ән болып жазылған шумақтардан анық оқып тамсанып, кеудемізді қуаныш сезімі кернейді.
Ақын шумақтары адамзат баласын имандылыққа, жақсылыққа үндейді. Құдіреттілігі – уақытпен үндестігінде. Заман мен адам, мына мазасыз мезгіл жайында терең ой толғап, оның шындығын шырайын келтіре кестелеуі, адам баласының жоғарыдан келетін бір тылсым күш бар екенін, оның біз үшін маңыздылығын кешегі тіл байланып, талант тұсалып тұрған тұста – тоқырау заманында өзіндік жолын тауып, халқының арман ойларын асқақтатып осында йөлең жолдарын халқына жолдаған – Мұқағали ғана болмақ.
Я, Жаратушы Аллам!
Қолдай гөр, сүйей гөр мені, сүей гөр!
Қолдары да, қорғаны да жоқ жан ем,
Жасаған ием!
Құлап барам, сүей бер,
Пенделерге табына болған ем.
Я, Аллам!
Жаратушым,
Қорғаушым,
Өзің өмір, өзің қуат, қорғансың,
Достарым кеп демесін бір, қолға алсын.
Я, Алллам,
Адамдарға қас қылма,
Сорлы қылма көк аспанның астында,
Я, Аллам,
Жауыздықтан сақтай гөр,
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма!
Я, Жаратушы Аллам,
Қуат бер маған, қуат бер,
Азабымды, тозағымды жеңейін,
Жаратушы жалғыз ием, шуақ бер,
Өзіме де, өзгеге де төгейін.
Күнделікті кірбің тіршілікті арқалаған ағайын үшін Мұқағали Мақатаевтың осы өлең жолдары керемет рух беріп, жастарымыздың санасында ой қозғары сөзсіз. Ән заманымыз бен санамыз дінге, имандылыққа бет бұрған кезде әдеби - рухани құндылық, жәдігер болып ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Мұқағали шығармалары мен үшін әлі де бір тылсым күшті арқалаған, ашылмай жатқан бір әлем. Мұқағалиді оқығанда істеген, болашақта істейтін істеріңді саралап, бойыңды қуаныш кернеп, ойыңды таразыдан өткізесің. Мұқағали сияқты елін, жұртын сүйіп, тілектес, кіндіктес болып өткен ақын – ғажайып сұлулық пен жауһар ойдың жыршысы болып қала береді. Біз оны оқып, ойға түйуден еш жалықпақ емеспіз.
«Өскемен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ
Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің қызметкері Амренова М. Қ.
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.







