1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Жобалар 2010

Басып шығару E-mail

«Кітапқұмар» ҚБ-нің жобасы

«Көмекші мектепке арналған мультимедиялық оқу құралы»

Жоба бойынша кітапханалардың қызметкерлері (кітапханашылар, веб-дизайнерлер) мен № 21 орта мектептің мұғалімдері бірлесе жұмыс істейді. Көмекші мектептерге арналған мультимедиялық құралдар (дисктер) келесі тақырыптардан тұрады:   
1) Қазақ тілі;
2) Бізді қоршаған әлем;
3) Әдебиет;
4) Әлеуметтік бейімделу.  
Мақсат: көмекші мектептерге арналған электронды құралды дайындау, шығару және тарату.    
Міндеттер:
1)  жалпы білім беретін пәндер бойынша көмекші мектептерге арналған әдістемелік материалдарды іріктеу және жіктеу;      
2)  көмекші мектептің ұстаздарының ұсынымдары негізінде мультимедиялық құралдарды жасау;   
3)  жұмыс нәтижелерін байқаудан өткізу.

«№ 21 көмекші мектеп» ММ

Мекен-жайы:
Гоголь көшесі, 28, тел.факс 7232-520923, эл.пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Мектеп директоры Қорабаев Ерлан Дюсупович
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Коваленко Оксана Васильевна
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бирюкова Ольга Сергеевна.

«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нің негізі 1969 жылы қаланған. Мектепте «жеңіл ақыл-ой кемістігі» (F–70) және «қалыпты ақыл-ой кемістігі» (F–71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.      
Кемтар балалар санатына белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi балалар жатады. Мамандардың  бақылауы   дамуында ауытқулар бар балалардың саны артқандығын көрсетті. ШҚО-ында қазіргі уақытта  11000 мың кемтар бала бар. Ақыл – ойы кенжелеп қалған балалар кемтар балалар қатарына жатады. Олар танымдық әрекеті мен эмоционалды - еркі  және мінез-құлқы бұзылған балалар. Кемістік алған зақымның деңгейі мен уақытына байланысты. Ақыл - ойы кенжелеп қалған балалардағы кемістік ерекшелігі  психикалық функциясының бұзылуы - мінез-құлқы мен іс-әрекетінен байқалады. Сезім, қабылдау, ес, ойлау, елестету, назар сияқты психикалық дамуы баяу болады. Эмоциялық – еркі жасының бұзылыстары, ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ойдың кенжелеп қалуы аңғарылады. Арнайы білім беруді қажет ететін осындай балалар Өскемен қаласындағы № 21 көмекші мектепте оқиды.

МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ: АҚЫЛ – ОЙЫ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ - ЕРІКТІ ЖАҒЫНЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІН ЕҢСЕРУ, ӨЗ БЕТІМЕН ӨМІР СҮРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨНДІРІСТІК ЕҢБЕККЕ, ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУГЕ ДАЙЫНДАУ.

Педагогикалық кадрлардың біліктілік сипаттамасы:
Барлығы 46 педагог
Дефектолог - мұғалімдер - 5
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-інде «Дефектология» мамандығы бойынша 4 педагог білім алуда.
Көмекші мектепте жұмыс істеу үшін ШҚО БАИ БҚҚ қайта дайындық курстарынан 22 педагог өтті.  
31 педагогтың 67 %  арнайы дефектологиялық білімі бар.
2003 жылдан 2010 оқу жылы аралығында мектеп педагогтарының 62% өздерінің білім деңгейлерін арттырды.
Жоғары санатты - 30 %
Бірінші санатты - 11 %
Екінші санатты  -  20 %
Санаты жоқ - 39 %

«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нің директоры - Қорабаев Ерлан Дюсупович
ҚР-ның білім беру үздігі.Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім. Мектепті 2001 жылдан бастап басқарады. Мектепке басшылық еткен уақыт аралығында мектеп өмірінде маңызды өзгерістер болды. Кадрларды басқара білуі тәжірибелі - сараптамалық жұмыс сапасын арттырды.  Мерзімді басылымдардағы арнайы білім беру проблемалары жөніндегі педагогтардың озық педагогикалық тәжірибелері қала, облыс және республика деңгейінде танымал.
Жұмыс істеген аралықта мектеп педагогтарының 30-ға жуық мақалалары әртүрлі басылымдарда жарық көрді. Педагогтар 20 авторлық және түрлендірілген бағдарламалар дайындады, мектеп педагогтарының 38 %-ының сертификатталған шығармашылық өнімі бар.
Мектеп педагогтары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми педагогикалық конференцияларға үнемі қатысады. 
Ерлан Дюсупович «қоғам және құқық» пәні бойынша 10-сыныпқа арналған бағдарламаның авторы. Осы шығармашылық өнім бекітілді және ШҚО БҚҚ БАИ СКБ пайдалануға ұсынылды.  
2003 жылдан бастап мектеп жұмысының тәжірибесі қала мен облыс деңгейінде келесі бағыттар бойынша қорытындыланды.
*2003 ж. мамыр - Өскемен қаласының мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Ақыл-ойының кемістігі бар оқушыларды дамыту шарттары ретінде түзеу-тәрбие беру жұмыстарының тиімділігін арттыру» семинар-практикумы;
*2003 ж. қазан - Өскемен қаласы мектептерінің дене шынықтыру сабағының мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру сабақтарында дәрігерлік - педагогикалық бақылау» семинары;   
*2004 ж. ақпан - «Түзеу мектептерінің БСЖ психологиялық қамтамасыз ету» облыстық семинары;
*2004 ж. желтоқсан - Өскемен қаласының білім беру мекемелері логопедтерінің «Ақыл-ойының кемістігі бар балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріндегі логопедиялық жұмысты дайындау ерекшеліктері» семинары; 
*2004 ж. - Өскемен қаласының білім беру мекемелерінің басшыларына арналған «Көмекші мектепте жеке-бағдарлау принциптерін жүзеге асыру» семинары; 
*2006 ж. наурыз - ШҚО түзеу кабинеттерінің меңгерушілеріне арналған «Кемтар балалар мен жасөспірімдердің өзекті проблемалары, диагностика, түзеу арқылы қолдау, есепке алу»  облыстық семинары; 
*2007 ж. наурыз - «Арнайы білім беру саласындағы бәсекелестік қабілетті арттыру: міндеттер мен оларды шешу жолдары» облыстық ғылыми – практикалық конференциясы;  
*2007 ж. қазан - «Балалар үйлері және мектеп - интернаттарының жұмысында тәрбие беру процесін ұйымдастыру ерекшелігі» атты ШҚО БҚҚ БАИ курстарының аясындағы тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен балалар үйлері және мектеп – интернаттарының әдіскерлеріне арналған «ОТП ұйымдастыру барысында директор орынбасарлары мен психологтардың бірлескен жұмысы» семинары;
*2010 ж. қаңтар - «Балалар мен жасөспірімдерді психоәлеуметтік қолдау және бос уақыттарын ұйымдастыру проблемалары», «Ақыл-ойының кемістігі бар балалармен психоәлеуметтік жұмыс» қалалық семинар-кеңесі; 
2010 жылдың сәуірінде «Ақыл-ойының кемістігі бар оқушыларды түрлі деңгейлі оқыту сапасын жетілдіру факторы ретіндегі педагогтың сараптамалық жұмысы» атты мектеп конференциясында БСЖ-тың аралық нәтижелері қорытындыланды. Конференцияға  қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Лантушенко Надежда Николаевна, БСЖ жөніндегі әдіскер Устинова Наталья Алексеевна, қалалық білім беру бөлімінің психологі Куземко Лилия Петровна, бастауыш сынып бойынша әдіскер қатысты.
«Дефектология» 050105 мамандығы бойынша жоғары білім алушы студенттер мектеп базасында үнемі практикадан өтеді. «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің» әкімшілігінен бірнеше рет алғыс алды.   
Қорабаев Ерлан Дюсупович 2003 жылдан бастап «Ресурстық орталықтың» басшысы. Орталық білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде олигофренопедагогика мәселелері бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге теориялық және практикалық көмек көрсету мақсатында ашылған.  Балаларды оңалту облыстық орталығының мұғалімдері мен Астана, Зырян, Риддер қалаларының көмекші мектеп мұғалімдеріне кеңес берілді.         
Коваленко Оксана Васильевна - Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім. 1992 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің  дефектология факультетін бітірді.
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-інде 1991 жылдан бері жұмыс істейді, ал 2003 жылдан бастап - оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары. Тәжірибе -  эксперименттік жұмыстың жетекші.  
Түзеу педагогикасы проблемалары жөніндегі мақалалардың авторы:  
«Кемтар балаларды психолого-педагогикалық оқыту проблемалары» («Педагогический вестник ВКО» журналы, № 6.-2003 ж., «Білім берудің өзекті мәселелері: басымдылықтар мен проблемалар» халықаралық ҒПК материалдарының жинағы, 2003 жыл);
«Ақыл-ойының кемістігі бар балаларға арналған арнайы түзеу мектебінің жағдайларында білім беру сапасын анықтау ерекшелігі» («Қазіргі жағдайлардағы білім беру және ғылым: тәжірибе және перспективалар» халықаралық ҒПК материалдарының жинағы, 2005 жыл);
«Ақыл-ойының кемістігі бар балаларға арналған арнайы түзеу білім беру мекемелері педагогтарының кәсіби құзырын дамыту шарттары ретінде әдістемелік жұмыстың маркетингтік компоненті» («Бәсекелестік қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін жаңғырту талаптарында педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыретін арттыру» халықаралық конференциясының материалдар жинағы, 2006 жыл).       
2004 жылғы облыстық педагогикалық оқуларға, «XXI ғасырдағы орта білім беру: ізденістер, проблемалар, перспективалар» атты II республикалық педагогикалық оқуларға қатысушы. 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты: 
«Қазіргі қоғамдағы білім берудің өзекті мәселелері: басымдылығы мен проблемалары», 2003 жыл;
«Қазіргі жағдайлардағы білім беру және ғылым: тәжірибе және перспективалар», 2005 жыл; 
«Бәсекелестік қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін жаңғырту талаптарында педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыретін арттыру», 2006 жыл.
2003 жылдан бастап ШҚО БҚҚ БАИ лекторы. 
Мектеп мұғалімдері 2003 жылы «Қазақстанның қазіргі заманғы мектептерін дамыту шарттары ретінде білім беру мазмұнының көп нұсқалылығы мен технологиялары» атты қалалық ғылыми - практикалық конференциясында «Білім берудің тиімді көшбасшысы» және «Шығармашылық ансамбль» номинацияларын жеңіп алды. 2008 жылы «Ақыл-ойының кемістігі бар балаларды түзеу мекемелері жағдайларында бейімдеу мектебінің концепциясын жүзеге асыру ерекшеліктері» іздеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі облыстың білім берудің түзеу мекемелері арасында өткен шығармашылық есепте көпшілік назарына ұсынылды. 
ШҚО білім беру департаментінің мақтау қағазымен марапатталған, ШҚО БҚҚ БАИ алғыс хат алған.

Бирюкова Ольга Сергеевна - Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалім. Білімі: жоғары, 2000 жылы ШҚМУ-нің  бастауыш сынып мұғалімі, 2008 жылы РҒО ББ ПК БАИ жанындағы «ӘБЕО орталығында» ақыл - ойы кемтар балаларға арналған арнайы мектептің мұғалімі және тәрбиешісін қайта дайындау курсын бітірді.
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-інде 2002 жылдан бері жұмыс істейді, ал 2008 жылдан бастап тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
Тәрбие ісі жөніндегі іздеу жұмысының тақырыбы: «Отбасында тәрбие беруді дамыту және мектеппен өзара қарым-қатынас жасау принциптерінде оқу - тәрбие ісіне қатысуға ата - аналардың мотивация әдістері». 
Ольга Сергеевнаның жетекшілігімен оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере отыра, әрбір оқушының өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыру жұмысы ұйымдастырылған. Мектепте  «Алый парус» оқушылардың өзін-өзі басқаруы құрылған, үйірмелер мен спорт секциялары: музыка үйірмелері – хор, вокалды-эстрадалық, би; спорт секциялары – баскетбол, үстел теннисі;  экологиялық үйірмелер - «Зеленый патруль» жұмыс істеуде. 
Экобиоорталық және қалалық кітапхананың № 4 филиалымен өзара тығыз қызметтік қарым-қатынас орнаған. Мектептің тәрбиеленушілері кемтар балаларға арналған «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің лауреаттары. Оқушылар кемтар балаларға арналған «Дарите радость людям» балалар шығармашылығы қалалық  фестиваліне белсенді қатысады.  
Көмекші мектеп жағдайларында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды  оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері. 
№ 21 көмекші мектеп қызмет негізінде келесі нормативті құжаттарды басшылыққа алады:  
«Білім туралы» ҚР-ның заңы;
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заң;
«2015 жылға дейін ҚР білім беру концепциясы»; 
Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы;
Нашақорлық және есірткіні таратумен күрес мемлекеттік бағдарламасы;
Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында қылмыс және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы; 
ҚР-ның білім беру және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген, ҚР-ның білім берудің арнайы (түзеу) ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже;    
ҚР-ның білім беру және ғылым министрлігінің 20.08.04 жылғы № 696 бұйрығымен бекітілген, кемтар балаларға арналған білім берудің арнайы (түзеу) ұйымдарының үлгілік оқу жоспарына түсіндірме;  
Мектепте жеңіл   «жеңіл ақыл-ой кемістігі» (F–70) және «қалыпты ақыл-ой кемістігі» (F–71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.      
Мектептің Жарғысына сәйкес 2006-2007 жылғы оқу жылынан бастап мектеп 10-жылдық оқытуға көшті. 
Ақыл – ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі  кезеңнен тұрады:
1 кезең   - I - IV cыныптар;
2 кезең  - негізгі (V - IХ сыныптар, Х өндірістік сынып).
Дайындық сыныбы мен 1 - сыныпқа 7 - 8 жастағы балалар қабылданады. Көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан астайды. 1 - 4 сыныптарда оқушыны жан – жақты  психолого – медико – педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары қалыптасады. Ақыл - ой кемістігі (зияткерлік бұзылушылықтары) бар балаларды оқыту барысында танымдық әрекеті қалыптасады. Ақыл – ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, 1-ден 9 - сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке - оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру,  моторика бұзылысын,  эмоциялық - ерікті жағын,  мінез - құлқын түзеуге бағытталған.
Негізгі кезеңде оқушылар практикалық бағытталған және олардың психологиялық - дене мүмкіндіктеріне, еңбектің әр түрі бойынша дағдыларға, бастапқы кәсіби – еңбек дайындығына сәйкес келетін жалпы білім алады. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды, ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.
4 - сыныптан 6 - сыныпқа дейінгі сыныптарда «Жалпы еңбекке дайындық» пәні оқытылады.  Жалпы еңбекке дайындықта мектеп оқушылары кәсіби тігу мен столярдың бастапқы дағдыларын меңгереді. 7 - 9 - сыныптарда осы мамандықтар бойынша тереңірек оқып біледі.    
Мемлекеттік стандарттың критерийлік - бағалау функциясы мектепте білім беру мазмұнының нормативтері мен сапасын анықтауды талап етеді. Бірақ та, оқушылардың медициналық көрсеткіштер мен клинико-психологиялық ерекшеліктері бойынша құрамының түрлілігін ескерілетіндіктен, бұл нормативтер арнайы білім беру жүйесінде бірдей болуы мүмкін емес. Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл – ойының кемістігі бар оқуышыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:

  • ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;
  • ойлау әрекетінің сөйлеу – логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын  ұғыну;
  • тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;
  • оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары;

Осындай көрсеткіштердің негізінде оқушылардың оқу материалдарын меңгеру мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.   
Ақыл - ойы кемтар (зияткерлік бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (түзеу) мектептің негізгі оқу жоспары оқушыларды қоғамда өздігінен өмір сүруге дайындауға себеп болатын, білім беру процесін ұйымдастыру мен оның мазмұнын реттейтін негізгі нормативті құжат болып табылады.  
Оның негізінде мектепті қаржыландыруға арналған бастапқы құжат болатын нақты оқу бағдарламасы дайындалады. Мемлекеттік стандартқа жеңіл деңгейлі (1 тип) және қалыпты деңгейлі (2 тип) ақыл – ойының кемістігі бар оқушыларға арналған негізгі оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады.
Оқу бағдарламасының I типі («А» сыныбы) көмекші мектепке арналған жалпы қабылданған бағдарламаны қамтиды және зияткерлік дамуының жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға ақыл - ой кемістігі жеңіл және қалыпты деңгейлі балалар жатады.
Оқу бағдарламасының II типі («Б» сыныбы) көмекші мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы.  Зияткерлік дамуының қалыпты бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға клиникалық және психологиялық топтағы балалар жатады. Ақыл – ой кемістігінің қалыпты деңгейінде биологиялық факторлар, мидың жетілмеуі, психикалық, сөйлеу және моторикалық даму қарқыны баяу болады. Өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш үйренеді. Барлық оқушы мектеп білімін бірдей меңгере алмайды, тіпті меңгерген жағдайдың өзінде оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуде көмегі аз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, арнайы ұйымдастырылған оқыту нәтижесінде қалыпты ақыл – ойы кемістігі бар балалардың басым көпшілігінде оқытуда позитивті динамикаға бағытталған.           
Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған.  
Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:

  • гуманитарлық;
  • жаратылыстану-математикалық;
  • мәдениеттану;
  • әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;
  • түзеу технологиялары.

Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған көмекші мектепте дамуында зияткерлік бұзылыстар бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген мазмұннан тұратын дәстүрлі пәндер мен арнайы түзеу пәндері оқытылады.  
«Түзеу ритмикасы». Осы курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың дене қозғалысын жетілдіруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музыкалық сезім және қозғалыс мүшелеріне, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.  
«Әлеуметтік тұрмыс-тіршілікке бейімделу».  Сабақтарда оқушыларды өздігінен өмір сүруге іс жүзінде дайындау, қоғамның мәдени және әлеуметтік өмірінде әлеуметтік бейімделуде көмек ретінде олардың білімін және ептілігін қалыптастыру жүзеге асырылады. ӘТБ сабағы бойынша сынып 2 топқа бөлінеді. 
«Танымдық іс – әрекетті түзеу». Осы курс бойынша сабақтар оқушылармен жеке немесе топпен бірге өткізіледі. Сабақтар ақыл – ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс – жүзіндегі іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған. 
«Емдік дене шынықтыру (ЕД)». Топпен немесе жеке жүргізілетін сабақтар жүріп - тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балаларды оңалту мақсатында жүргізіледі. Топтар дәрігердің  ұсынымдары бойынша құрылады.    
«Логопедиялық сабақтар». Көмекші мектептегі логопедиялық жұмыс ақыл-ойының кемістігі бар балалардың дамуын түзеуде маңызды. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы көптеп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылушылық ақыл – ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.  
Мектепте параллель сыныптармен бірге саралап оқыту жүргізіледі: 1 – 2 топтар – 1 тип («А» сыныбы); 3 – 4 топ – 2 тип («Б» сыныбы). Базалық оқу жоспарын оқыту негізінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескере отыра, жалпы сағат санынан аспайтындай етіп,  әрбір сыныпқа арналған оқу жоспары дайындалады. Мектептегі оқу жылының басталуы мен ұзақтығы және каникул жалпы білім беретін барлық мектептерге арналған мерзімге сәйкес белгіленеді. 1 сыныпта бірінші жартыжылдықта бағалар қойылмайды. Оқушылардың сабақтағы үлгерімдері олардың өнімді іс-әрекетін – сөйлеу қабілетінің даму деңгейі, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдарды талдау негізінде анықталады.  «Түзеу технологиялары» сабақтары күннің алғашқы және екінші жартысында  өткізіледі. Логопедиялық тапсырмалар жеке және топпен орындалады. Топтар сөйлеу қабілетінің бірыңғайлығын есепке алу арқылы жинақталады. Еңбекке баулу және ӘТБ сабақтарында оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топты жинақтау дәрігердің ұсынымы бойынша оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескерумен жүзеге асырылады.
Біздің мектепте еңбекке баулу сабағы бойынша «Тері ісі», «Көгалдандыру» қосымша сабақтарына сағат бөлінген. Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтихан алумен аяқталады. Оқушылар бітіру емтихандарынан    белгіленген тәртіп бойынша босатылуы мүмкін. Көмекші мектепте жеңіл және қалыпты деңгейлі ақыл – ойының кемістігі бар балаларға арнайы түзеу білім беруді ұйымдастыру  талапқа сай болуы қажет. 
Әрбір оқушы қажетті білімді меңгереді. Мұғалім баланың танымдық мүмкіндігін алдын ала  зерттеп, білім беру деңгейін төмендетпей, оқытудың жеке бағдарламасын өздігінен анықтай алады. Диагнозға байланысты оқушылар мектеп педагогикалық кеңесі бекіткен жеке бағдарламалар бойынша білім алады. Білімді тексерудің барлық түрін (ауызша, жазбаша, практикалық) бағалау бес балдық шкала бойынша бағаланады. Уақытында түзеу арқылы көмек көрсету үшін мектеп оқушыларының БЕД деңгейін бағалауға арналған түзеу әрекеті шараларына сәйкес жағдайлардың мониторинг жүйесі дайындалған. Еңбекке баулу пәні мектепте бейінді пән болып табылады.

Қыздар іс тігумен, тоқу, көктеумен айналысады. Ұлдар ағаш шеберлігін үйренеді. Балалар жасаған бұйымдар қалалық, облыстық және республикалық балалар шығармашылығы көрмелеріне қойылды. 2002 жылы оқушылардың жұмыстары Алматы қаласында өткен «Ата-бабаларымыздың мұрасын сақтайық және көбейтейік» атты республикалық көрмеде дипломмен марапалды. Жыл сайын оқушылардың жұмыстары «Жұлдыз ай» кемтар балаларға арналған балалар шығармашылығының республикалық фестиваліне ұсынылады.

Мектеп түзеу – дамыту құрал – жабдықтармен жабдықталған.
«Жұмсақ» бөлме «ақылды» ойыншықтар жинағы. Мектепке дейінгі және мектепте білім беру мамандары «жұмсақ» жабдықтарды осылай атайды. «Ақылды» дейтін себебі, баланың зияткерлігін дамытып, дене және психикалық қабілетін түзетеді.    
«Жұмсақ» бөлмедегі ойын – жабдықтары педагогтарға жұмыста көмек болатын әдістемелік құралдармен қамтасыз етілген. «Жұмсақ» бөлмеде жұмыс жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды п.ғ.докторы, профессор Л.Б. Боряева дайындаған. Ойын модулі мен оны іс жүзінде қолдану әдістері балаға білім беруде, тәрбиелеу мен дамытуда тиімді. Осы жабдықтарды дұрыс әрі тиімді қолдану үшін мектепте «жұмсақ» бөлмедегі жабдықтарды пайдалану алгоритмі әзірленген.   
Сенсорлы бөлме – дамуында түрлі кемістіктер бар балалар мен ересектерге, сондай-ақ салауатты адамдардың өмірлерін жақсарту үшін емдеу – алдын алу сеанстарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған бөлме. Л.С. Выготский жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру негізінде сыртқы әлемнің ықпалдасуының күрделі процесі іште жатқандығына   назар аударған.     
Сенсорлы бөлменің жабдықтары негізгі сезім мүшелерінің – көру, есту, иіс сезу, түйсік және басқа да рецепторлардың жұмысын жақсартады, қозу және тежеу процестерінің өздігінен реттелуін дамытады. Ерекше танымдық қажеттілікті талап ететін балалар қосымша сенсорлы стимуляцияға мұқтаж. Оны сенсорлы бөлмеде дамытқан ыңғайлы.    
Сенсорлы бөлме жұмсақ ортаға, көретін және еститін ортаға және жанасу мен ауа ортаға бөлінген. СБ – түрлі стимулятордан тұратын, ұйымдастырылған орта. СБ жабдықтары босаңсу немесе белсендіру деп бөлінеді.       
Сенсорлы бөлмеде жұмыс жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды п.ғ.докторы, профессор Л.Б. Боряева дайындаған.
Сенсорлы бөлмедегі жабдықтар келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:
•    психоэмоционалды жағдайды үйлестіруге;
•    мінез – құлықтағы агрессивті және ауытқуларды түзеуге;
•    невроздық реакцияларды (тартылулар, бұлшықеттердің өздігінен жиырылуынан болатын   адам ырқына бағынбайтын дене қимылдары (гиперкинездер), ырықсыз қимылдар және т.б.) азайтуға;
•    психоневрологиялық проблемалары бар балалардың танымдық әрекетін дамытуға.   
Мектептегі сенсорлы бөлмеде жұмыс істеу кестесі жасалған. Психологтар диагностикалық бақылаудан кейін «Денсаулықтың сиқырлы әлемі» түзеу бағдарламасын әзірлеген.

МПМПК қызметі
(мектептегі психолого-медико-педагогикалық консилиум)

Мектепте 2003 жылдан бастап МПМПК (мектептегі психолого-медико-педагогикалық консилиум) жұмыс істейді. МПМПК алғашқы қызметі ресейлік МПМПК қызметі туралы  ереже негізінен құрылған. 2006 жылғы 1 қыркүйектен бері жұмыс барысында МПМПК қызметі туралы республикалық ережені басшылыққа аламыз. Мектептегі психолого-медико-педагогикалық консилиум мектептегі дезадаптация (оқыту мен мінез - құлықтағы бұзылыстар проблемаларына), дамуындағы әртүрлі ауытқуларға байланысты проблемаларды шешуге бағытталған, функциялық бірлік және диагностико – кеңес беру типінің құрылымы болып табылады.
Мектеп консилиумы қызметінде БҰҰ –ның бала құқығы туралы конвенциясын, «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медико – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР-ның заңдарын, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті – құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.
Консилиумды ұйымдастыру мақсаты кемтар балаларды оқытып, тәрбиелегенде олардың жастарын, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы емдеу – сауықтыру және психолого-педагогикалық жағдайды қамтасыз ету.  
Консилиумның міндеттері: балаларды оқыту мен тәрбие беруге дайындау мақсатында балаларды тексеру; түзеу – дамыту және әлеуметтік жұмыстарды өткізу; оқытудағы ауыртпашылықтар мен оқуышлардың мектепке бейімделуін анықтау; танымдық іс-әрекеттің деңгейін (сөйлеу, есте сақтау, назар аудару, еңбекке қабілеттілік және басқа да психикалық функциялар) және ерекшелігін анықтау, алдын алу; оқыту мен тәрбие беруде жеке – нақтыланған әдістермен қамтамасыз етілген, түзеу психолого – педагогикалық және әлеуметтік іс – шараларды анықтауға арналған баланың эмоциялық – ерікті және тұлғалық дамуын зерттеу; баланы дамытуға қолайлы оқу бағдарламасын таңдау; жалпы және түзеу арқылы оқыту мен тәрбие беру процесінде жеке – нақтылай әдістерді қамтамасыз ету арналған оқу – тәрбие беру процесіне қатысушыларға ұсынымдарды дайындау. 
Ұжым қызметінің тиімдігі  ОШ – 1 деректері бойынша «Кәсіби оқыту орталығына» түскен мектеп бітірушілерінің жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуының сапалы көрсеткіштері анықтайды.

ОШ – 1 деректері бойынша оқушылардың сандық көрсеткіштері.

Оқу жылдары    Оқушылар саны
2003-2004            158
2004-2005            153
2005-2006            149
2006-2007            150
2007-2008            140
2008-2009            141
2009-2010            139


Қазіргі уақытта мектепте 140 бала оқиды. Медициналық көрсеткіштер бойынша мектеп оқушыларының үштен бірі үйде білім алады. Мектептің имиджін бекіту жөнінде мектеп ұжымы үнемі жұмыс жүргізе отыра, ерекше оқытуды қажет ететін балалар біліктілік көмегін уақытылы беруге тырысады.  

Жылдар    Оқуға түскен түлектер саны  %
2002 ж.             60
2003 ж.             77
2004 ж.             63
2005ж.              61
2007 ж.             56
2008 ж.             71
2009 ж.             67

«Кәсіби оқыту орталығы» ММ-не оқуға түскен түлектер

2006 жылы мектепте 10 өндірістік сынып ашылып, оқушылар білім алуды осы мектепте жалғастырғандықтан, оқуға түскен түлектер болған жоқ.  

Мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылу мониторингі

Жылдар                                  Бітірушілердің жұмыспен қамтылуы  %                   
Оқуды  жалғастырды    Жұмысқа орналасты    Жұмыспен қамтылмағандар
2007 ж.                           67                              11                                     22
2008 ж.                           72                              14                                     14
2009 ж.                           67                              33

Мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылу мониторингінің нәтижелері қуанарлықтай емес.
Көмекші мектептің бітірушілеріне қазіргі әлемдегі жағдайлар белсенді түрде әсер ететін қоғамда өз орнын табу қиын. Бұл бізді, ата – аналарды толғандыратын ең басты проблема, және ол мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.       
Адамдар арасындағы айырмашылық қалыпты құбылыс болып табылады, оқыту мен тәрбие беру шарттары кемтар балаларға сапалы білім беру мен олардың әлеуметтік бейімделуі  қажеттіліктеріне сәйкес бейімделуі қажет. 
Біздің мектептің миссиясы – ақыл – ойының кемістігі бар оқушылардың танымдық – іс - әрекеті мен эмоциялық – ерікті жағының кемшіліктерін еңсеру, өз бетімен өмір сүруде оқушыларды өндірістік еңбекке, қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау.


№ 21 орта мектептің жобаға қатысушы мұғалімдері   
«Көмекші мектепке арналған мультимедиялық оқу құралы»

Привалова Ольга Викторовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалім.   
Білімі жоғары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің  педагогика және бастауышқа білім беру әдістемесі мамандығы бойынша бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігі берілді.
2001 жылы түзеу мекемесінде жұмыс істеу үшін ШҚО БҚҚ БАИ-нан қайта дайындықтан өтті. Жалпы педагогикалық өтілі 23 жыл.
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі және ерекше танымдық қажеттіліктерді талап ететін балаларға түзеу көмек көрсетуге инновациялық әдістерді дайындау жөніндегі мұғалімдердің шығармашылық тобына жетекшілік етеді.
Тақырып төңірегінде жеке іздеу жұмысын жүзеге асыру барысында шығармашылық өнім – көмекші мектептің 1 - сынып оқушыларына арналған математикадан баспа негізіндегі дәптерлер  дайындаған. Осы өнім 2003 жылы қалалық ББ СКБ-нен сараптамадан өтті және жалпы білім беретін мектептердегі мектепке дейінгі дайындық сыныптарында пайдалануға ұсынылды.
Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін республика деңгейінде тарату үшін Алматы қаласының түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары бейне сабақ түсірді.     
Мұғалімнің жұмыс тәжірибесі «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2005 жылғы № 8 шығарылымында жарық көрді.   

Нещеретнева Лариса Викторовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім.   
Жалпы педагогикалық өтілі - 27 жыл, көмекші мектепте - 22 жыл.
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нде 1988 жылдан бастап жұмыс істейді.
«Көмекші мектептің бастауыш сыныптарындағы қол еңбегі сабақтарында түзеу – тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен келесі конференцияларға қатысты:  
•    2003 жылғы наурызда Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның қазіргі заманғы мектептерін дамыту шарттары ретінде білім беру мазмұнының көп нұсқалылығы мен технологиялары» атты қалалық ғылыми - практикалық конференция;  
•    2005 жылғы ақпанда Өскемен қаласында өткен «Қазіргі заманғы жағдайларда білім беру және ғылым: тәжірибе және перспектива» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция;
•    2005 жылғы тамызда Алматы қаласында өткен «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу проблемалары» атты республикалық ғылыми - практикалық конференция;  
Осы конференциялардағы материалдар бойынша шығарылған жинақтарда ұстаздың «Көмекші мектептегі қол еңбегі сабақтарында жеке және саралау әдісінің ерекшеліктері» мақаласы жарияланды.  
Ақыл-ойының кемістігі бар балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі жеткілікті. «Ақыл-ойының кемістігі бар балаларды еңбекке баулуды бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз ету» шығармашылық тобының құрамына кіреді.   
«Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларын оқу бойынша оқудағы жетістіктерінің мониторингі жөніндегі құрал» атты еңбекті дайындап, мектеп тәжірибесіне енгізді. Осы құралға  ШҚО БҚҚ БАИ бастауыш сынып кабинетінің меңгерушісі Л.В. Егорина, түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық арнайы мектепте оқыту лабораториясының ғылыми қызметкері п.ғ.к. Денисова рецензия жазды. ШҚО БҚҚ БАИ-ның сарапшылық кеңесі 15.03.07 жылы осы құралды бекітіп, пайдалануға және басып шығаруға ұсынды.

Томилова Татьяна Федоровна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім.     
1991 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің дефектология факультетін бітірді.  
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нде 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоғары сыныптарға орыс тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ береді. Гуманитарлық  циклдегі мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі, «Әдебиет сабақтарында көмекші мектептің коммуникативті мүмкіндіктерін қалыптастыру» шығармашылық тобының құрамына кіреді. Шығармашылық ізденіспен жұмыс істейді, ерекше танымдық қажеттілікті талап ететін оқушыларды оқытудың жаңа әдістерін үнемі іздеу үстінде. «Көмекші мектеп оқушыларының жазбаша және ауызша сөйлеуін дамыту» проблемасы жөніндегі зерттеу жұмысының қорытындылары бойынша Татьяна Фёдоровна 2005 жылы «Қазіргі заманғы жағдайларда білім беру және ғылым: тәжірибе және перспектива» халықаралық ҒПК-да баяндама оқыды. Баяндама конференция материалдарының жинағында жарияланған. 


Доркина Надежда Анатольевна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім.     
1983 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. 
Түзеу мектебінде жұмыс істеу үшін 2001 жылы РҒО ББ ПК БАИ жанындағы «ӘБЕО орталығында» қайта дайындықтан өтті.   
«№ 21 көмекші мектеп» ММ-нде жұмыс істейді.   Жоғары сыныптарға орыс тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ береді. Үйде оқытатын мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Әдебиет сабақтарында көмекші мектептің коммуникативті мүмкіндіктерін қалыптастыру» шығармашылық тобының құрамына кіреді. Шығармашылық ізденіспен жұмыс істейді, зерттеу жұмысының қорытындылары 2005 жылғы сәуірде «Педагогический мир» газетінде жарияланды. «Көмекші мектеп мұғаліміне көмекке» жинағының авторы. Аталған еңбек облыстың түзеу білім беру ұйымдары арасында өткен 2008 жылғы шығармашылық есебінде көпшілік назарына ұсынылып, Зырян, Риддер, Семей және басқа да қалалардың көмекші мектептерінің мамандары өз қызметтерінде пайдалануда.   


Назарова Татьяна Владимировна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім.
1984 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітіріп,   химия – биология мұғалімі мамандығын алып шықты.  
2001 жылы РҒО ББ ПК БАИ жанындағы «ӘБЕО орталығында» қайта дайындықтан өтті.  
Жаратылыстану-математика циклі ӘБ жетекшісі. 2008 жылы мектептің шығармашылық есебінде Өскемен қаласы мен облыстың білім беру түзеу мекемелеріне арналған 2003 жылдан 2008 жыл аралығындағы жаратылыстану-математика циклі ӘБ жұмысын көпшілік назарына ұсынды.     
2008 жылы «Көмекші мектептегі «жаратылыстану» пәнінің мазмұнын аймақтандыру»    тақырыбында зерттеу жұмысын аяқтады. 2006 жылы қалалық ҒПК осы тақырып жөніндегі  еңбегі қорытындыланды. 2010 жылғы сәуірде 10 - шы рет өткізіліп отырған «Экологиялық білім беру, тәрбие және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2010» атты облыстық ҒПК-да «Көмекші мектептегі «жаратылыстану» пәнінің мазмұнын аймақтандыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама конференция материалдары жарияланған жинаққа енгізілді. 2008 жылдан бастап «Оқушылардың ойлауын түзеу факторларының бірі ретінде, жаратылыстану сабақтарында себеп-салдарлық байланыс орната білуді қалыптастыру» тақырыбы төңірегінде ізденіс үстінде. Зерттеу жұмысының тақырыбымен айналыса жүріп, 6 - сыныпқа арналған «өлі табиғат» жұмыс дәптерін дайындады. ШҚО БҚҚ БАИ СКБ 2010 жылғы қаңтарда бекітіп, білім беру мекемесінде пайдалану үшін ұсынылды. Жұмысты жалғастыра отыра, ШҚО мен өлкенің жануарлар және өсімдіктер әлемі материалдары бойынша базистік оқу жоспарының мазмұнына толықтыру енгізді. 6-9-сыныптарға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындады.


Борисова Наталья Геннадьевна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалім.   
1997 жылы ШҚМУ - нің педагогика және бастауышқа білім беру әдістемесі факультетін бітірді. 2001 жылы  арнайы түзеу мектепте жұмыс істеу үшін ШҚО БҚҚ БАИ-нан қайта дайындықтан өтті.
Педагог «Ойлау қабілеті бұзылған оқушылардың әлеуметтік жағынан ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру процесінде интеграцияланған оқыту элементтерін және қазақ халқының ұлттық – мәдени салт-дәстүрін қолдану» тақырыбында  зерттеу жұмысын жүргізуде. Наталья Геннадьевна интеграцияланған оқытуды оқу – тәрбие беру процесіне белсенді енгізуде, проблемалық тақырыпты іске асыру бойынша ашық сабақтар сериясын өткізді. Әдеп пәні бойынша дайындаған «Киім стилі» интеграцияланған сабағы «ШҚО-ның педагогика жаршысы» облыстық ғылыми-әдістемелік журналының 2008 жылғы          № 2 (25) шығарылымында жарияланды. 
Түзеу педагогикасы проблемалары бойынша жарияланған мақалалардың авторы:
«Ақыл - ойының кемістігі бар балалардың ойларын психологиялық зерттеу және педагогикалық түзеу».
«Ақыл - ойының кемістігі бар оқушыларды оқыту процесіне «Информатика элеметтері» курсын енгізу» («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу проблемалары» атты республикалық ғылыми - практикалық конференция материалдарының жинағы, 2005 жылғы тамыз). 


Корабаева  Бакыт Мухаметкаримовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалім.
1980 жылы Өскемен педагогикалық институтын, ал 2003 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық колледжін бітірді. Қазақ тілінен сабақ береді.
2007 жылы түзеу мектебінде жұмыс істеу үшін    РҒО ББ ПК БАИ жанындағы «ӘБЕО орталығында» қайта дайындықтан өтті.
Көмекші мектептің 10 - сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша бағдарламаның авторы. Осы бағдарламаны 2006 жылы тамызда ШҚО БАИ БҚҚ СКБ мамандары бекітті. 2007 жылы наурызда өткен «Білім берудің бәсекелестік қабілетін арттыру: міндеттер мен оларды шешу жолдары» атты қалалық ҒПК     Қорабаева Бақыт Мұхаметкаримқызы қазақ тілі мұғалімдері секциясында бірінші орын алды.       «Қонақжайлылық» интеграцияланған сабағы (қазақ тілі және әдеп пәндері бойынша «ШҚО-ның педагогика жаршысы» облыстық ғылыми-әдістемелік журналының 2007 жылғы № 2 (20) шығарылымында жарияланды.   
















 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

С какой целью вы приходите в библиотеку?

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.