Таным бастауы

Қалалық көпшілік кітапханалар облыс орталықтарында өткен ғасырдың 50-жылдары ашыла бастады. Олар қаланың шағын аудандарында: Аблакетка, Согра, Гавань, Октябрьск кенті, Красина, Бабкина мельницада ашылды. 60-70 жылдары Мирныйда, Кірпіш заводта, Аэропорт ауданында, Защита элеваторында, ЖМК және қаланың басқа да аудандарында кітапханалар жұмыс істей бастады.
Орталық қалалық кітапхана басшылығымен 1954 жылы №1 қалалық кітапхана ашылды. Ќалада осы уақытта 6 кітапхана жұмыс істеп тұрды: Областық А.С.Пушкин атындағы кітапхана, Октябрьск кентіндегі өндірістік орталық кітапхана, Аблакеткада, Гаванда, №1 және №2 қалалық балалар кітапханасы.
50-жылдары ¤скемен қаласында тұрғын үй салу құрылысы белсенді түрде жұмыс істей бастады, (Алтайэнерго ауданындағы) Бажов көшесінде, Гоголь көшесінде екі қабатты үйлер бой көтерді, Стаханов, Металлургтер көшесі салына бастады. Жаңа шағын аудандар – Құрылыс алаңы, «Б» кварталы, Ленин даңғылы пайда болды, орта мектептердің ауқымы кеңейді, жаңа оқу орындары ашылды. Ќалаға сауатты металлургтер, энергетиктер, құрылысшылар керек болды. Облыстық Пушкин атындағы кітапхана оқырмандардың көптігінен барлығын кітаппен қамтамасыз етіп, қызмет көрсету жағдайында болмады, сондықтан көпшілік оқырмандарға арналған жаңа кітапханалар қажет болды. Металлургтер көшесі, 13 жаңа тұрғын үйінің «Б» кварталынан 180 кв метр қарапайым орын кітапханаға арналып бөлінді.
Осы кітапхананың ашылуы жайлы мұрағаттық деректер жоқ, инвентарлық кітапта (19 қаңтар 1954 жыл) және осы кітапхананың 1954 жылы белгіленген тарифтеу тізімінде бірінші жазылулар бар. Тарифтеу тізімінде кітапхана штаты 3 адамнан тұрды.
Алғашқы жылдары қалалық көпшілік кітапхана облыстық мәдениет басқармасына қарады, бірақ облыс орталығындағы мәдени өркендеу мекемесінің кеңеюіне байланысты, 1954қалалық мәдениет бөлімі құрылды және кітапхана бөлігі оның қарамағына берілді. Әсіресе 60-70 жылдары көпшілік кітапхана белсенді дамыды. Қаланың барлық шағын аудандарында кітапханалар ашылды, орта мектептерде балалар кітапханасы ашылды. 1980 жылы қалада 18 көпшілік және 9 балалар кітапханасы жұмыс істеп тұрды: №1 қалалық кітапхана (Металлургтер көшесі 13), №2 кітапхана (Красин кенті), №3 кітапхана (Гавань кентінде), №4 кітапхана (Октябрьск кентінде), №5 кітапхана (Сол жақ жағалауда), №6 кітапхана (Аблакетка кентінде), №7 кітапхана (Шмелев лог), №8 кітапхана (Мұнай базасы ауданында), №9 (Защиталық элеваторда), №10 кітапхана ( Мирный кентінде), №11 кітапхана (аэропорт), №12 кітапхана (Согра бекетінде), №13 кітапхана (Ертіс жағалауында), №14 кітапхана (Бажов көшесінде), №15 кітапхана (Сауда орталығы ауданында), №16 (кірпіш завод ауданында), №17 кітапхана (ескі Подхозда), №18 кітапхана (ЖМК), балалар кітапханасы орта мектептерде орналасқан.
Кеңес кезіндегі қалалық көпшілік кітапханалар өз шағын аудандарының мәдени-ағартушылық мекемелері болды, халықтың арасында идеологиялық қызмет атқарды, елдегі саяси және мәдени елеулі оқиғаларды насихаттаушысы және үгіттеушілері болды. Көпшілікке арналған кітапханалар халықтың басым бөлігін кітаппен қамтамасыз етіп, ғылыми – танымдық және көркем әдебиеттерді насихаттады, өсіп келе жатқан буынды тәрбиелеуде және адамның дамуына жан-жақты әрекет етті. ¦йымдар мен мекемелерде, оқу орындарында кітапханалық пункттер құрылды. Кейінірек кітапханада техниканың дамуын насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сақталған мұрағаттық есептің қорытындысынан кітапханада өткізілген шаралардың ішінде оқырмандар конференциясы және кітаптарды талқылау, ауызша журналдар, дауыстап оқу, әңгімелесу әйгілі болды.
Мысалы, Металлургтер көшесі, 13 №1 қалалық кітапхананың мәтіндік есебінде 1956 жылдағы КПСС ХХ съездегі шешімді насихаттау шаралары, атеистік тәрбие, көркем шығармаларды әйгілеу үлкен орын алды. Сол жылдары «Молодость с нами» В.Кочетов, «Это было в Праге» Брянцев, «Баргузин» Тахимович, «О том, что я видел,узнал из 2-х поездок в Лондон» С. Образцова, «Африка грез и дейсвительность» И.Гумилев пен М.Зикмунда . Оқырмандар басқа да елдердің өмірі жайлы білгілері келді, олар саяхат туралы кітаптарды, газет – журналдағы мақалаларды оқып шет елдің өмірі жайлы білуге құштар болды. Есепте белсенді оқырмандардың есімдері де аталған. Ол – 10 п/я қызметкері Шевцов, қорғасын – мырыш комбинатының инженері – Прокопенко, әскери қызметкер – Свиридов.
1980 жылдың аяғында қалалық мәдениет бөлімінде екі жаңа бөлімше – көпшілік кітапханасының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және балалар кітапханасының орталықтандырылған жүйесі құрылды. Орталық қалалық кітапхана осы уақытқа дейін жинақталған кітап қоры, анықтамалық – библиографиялық аппараты бар №1 қалалық кітапхана негізінде құрылды. Кітапхана басқа кітапханалық бөлімдердің бастысы болды.
Орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесінің ең алғашқы директоры Телеграфова Станислава Ивановна болса, балалар кітапханасына – Кочукова Софья Дмитриевна директор болды. Оларды жақын арада – Жаркевич Валентина Ивановна, Батова Екатерина, Ларина Валентина Ивановна жетекшілер ауыстырды.
1985 жылы екі жүйе де Орталық қалалық кітапхана, Орталық балалар кітапханасы және 25 бөлімше біртұтас ұйымға біріктірілді. Біріккен жүйенің директоры болып Ларина Валентина Ивановна тағайындалып, 2001 жылға дейін қызмет атқарды. Кітапханалар жүйесіне үлкен көмегін тигізіп, көңіл бөлген қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушілері – Донских А.В, Котова М. В, Кумаров Т.М болды. Олардың жігерлілігінің арқасында ¤скемен қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі еңбекақы төлеуде екінші топты алды және қажетті штаттар ашылды.1996 жылы Үлбі металлургтер заводының кәсіподақ кітапханасының профкомы қалалық мәдениет орталығына көшті. Завод тек қана кітап қорын беріп қана қоймай, сонымен қатар құрал – жабдықтарын, штаттарын, орналасқан орнын беріп кетті. Осы жылы қалалық кітапхана бұрынғы кәсіподақ кітапханасы Славский атындағы Ертіс жағалауы 22 орнына көшіп келді. Соңында қаланың шағын аудандарындағы барлық кітапхананың бөлімдері бір шатырдың астына біріктірілді. 1996 жылдың аяғында орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 33 кітапханадан тұрды.
Жылдар өткен сайын республикамызда, еліміздің өмірде көптеген өзгерістер болды. Кеңес Одағы ыдырады, Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет болды. Экономикалық дағдарыстың ауыр «оңтайландыру» жылдары келіп жетті. «Оңтайландыру» жылдары кітапханаларды да айналып өтпей қоймады. 1993-1997 жылдары орталықтандырылған жүйенің 21 кітапханасы жабылды, 50% жуық кітапханашылар жұмыстарынан айырылды. 33 орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қалалық көпшілік кітапханасынан тек қана 12 кітапхана:екі орталық және 10 кітапхана – бөлімшелер қалды.
Көп жылдар бойы қаланың көпшілік кітапханаларында қызмет атқарып, бірнеше оқырман буынға тәрбие берген қызметкерлер – Шмителько Нина Евгеньевна, Красовская Лия Казимировна, Козлова Елена Васильевна, Пестерова Августина Ивановна, Журавлева Мария Михайловна және тағы басқалар болды.
Құрметті қалалықтар, егерде сіздерге қала кітапханасының тарихы жайлы деректер белгілі болса немесе сіздерде фотоматериалдар сақталса, бізбен байланысуларыңызды сұраймыз.
Ларина В. И.
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.







