Кітапхана туралы
"Кітапхана туралы" бөлімі мына материалдардан тұрады:
-
ОҚЖ тарихы

Қалалық көпшілік кітапханалар облыс орталығында өткен жүзжылдықтың 50-жылдарында ашыла басталды. Олар қаланың негізгі алыс ықшамаудандарында ашылды: Аблакетка мен Сограда, Гавань мен «Бабкин мельницасында», Октябрь мен Красин кентінде. Біраз кейін, 60-70-жылдары, , Мирный кентінде, Аэропорт, Кирзавод аудандарында, защита элевато рында, ЖМК және қаланың басқа ықшамаудандарда кітапханалар ашыла бастады.
Заңды түрде Қалалық орталық кітапханасы болған №1 Қалалық кітапханасы 1954 жылы ашылды. Осы уақытта қалада 6 кітапхана болды: А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана, өнекәсіпорталықтық кітапханалар: Октябрьский, Аблакетка кенттерінде, Жаңа Гаваньда, № 1және № 2 қалалық балалар кітапханасы.
Кеңес дәуірінен қалалық көпшілік кітапханалар өзінің ықшамауданының мәдени-ағарту мекемелері болды, жұртшылық арасында насихат жұмысын жүргізді, елдің барлық саяси және мәдени оқиғаларының жол бастаушылары, насихаттаушылары, үгіттеушілері болды. Көпшілік кітапханалар халықтың ең үлкен көлеміне кітаппен қызмет етуге бейімделді, ғылыми-танымдық және көркем әдебиетке насихат жүргізу, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, адамның жан-жақты дамуына ат салысты
-
«Кітапқұмар» ҚБ
«Кітапқұмар» Қоғамдық бірлестігі 2001 жылдың маусымында құрылды. Оның құрушылары Өскемен қаласы кітапханаларының қызметкерлері болып табылады.
Міндеті - көпшілік кітапханаларды қолдау және дамыту, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қатысуға көмектесу, кітапхана қызметкерлерін қолдау, олардың кәсіби жоғарылауына ықпал жасау.
«Кітапқұмар» Қоғамдық бірлестігі 2001 жылдың 2-мамырында құрылған.
Мекен-жайы:
Телефон: (3232) 25-36-50
Факс: (3232) 25-03-64
Электрондық адресі: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
«Кітапқұмар» Қоғамдық бірлестігінің председателі -Букобаева Анаргуль Амирбековна
Бірлестік қала кітапханаларының қызметкерлерімен ерікті түрде құрылған және мүшелік негізінде қалыптасқан ашық коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктің мақсаты оның мүшелерінің көпшілік кітапхана-лардың қызметін дамыту мен сақтау мақсатындағы күш-жігерін келістіру мен қолдау, олардың рөлін ақпараттық және білім беру процесінде көтеру, кәсіби сана-сезімінің өсуіне ықпал жасау, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Басқарудың жоғарғы органы бірлестіктің мүшелерінің Жалпы жиналысы болып табылады. Басқаратын орган – Бірлестік Кеңесі. Бақылау-ревизия органы болып Ревизия комиссиясы белгіленген.
«Кітапқұмар» Қоғамдық бірлестігі қаланың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 12 кітапханасын біріктіреді. Әртүрлі топты – оқушыларды, студенттерді, әр саладағы мамандарды, жұмыссыздарды, зейнеткерлерді қосатын кең аудиторияға шығуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда біздің кітапханалар – бұл қала ықшамаудандарындағы ақпараттық, мәдени-ағарту және бос уақыт өткізу орталығы.
Қоғамдық бірлестік ұйымы кітапханалардың дамуына үлкен ықпал тигізді. «Кітапқұмар» ҚБ мүшелерімен бірнеше маңызды бағыттар жүргізіледі – жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, гендерлік даму, экологиялық тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары. «Кітапхана және қайырымдылық» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі — үйде 43 оқырман-мүгедектерге қызмет көрсетіледі.
Бірлестіктің маңызды бағыттарының бірі – Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру. Біздің мамандар кәсіби білім беретін бағдарламаларда ғана емес, сондай-ақ семинарларда, нпо үшін Мектептерге қатысады. Кітапханадағы үлкен және шағын жобаларды, мақсатты бағдарламаларды өткізу барысына, тәжірибеміз көрсеткендей, қоғамдық сұрақтар бойынша СКФ «Зубр», «Зубр» мен «АмиДО» жазғы мектептерінде, сондай-ақ «Кітапқұмардың» оқыту тренингтерінде арнайы дайындықтан өткен мамандар алынады. Олар мақсатты немесе басқа да топтар үшін мәселелер мен оның шешу жолдарын тура таба алады.
2004 жылдан «Кітапқұмар» ҚБ әлеуметтік жылсайынғы идеялар мен жобалардың Республикалық жәрмеңкесіне қатысады.
2008 жылдың наурыз айында «Өскемен қ. ОКЖ» ММ «Әлеуметтік жауапты мемлекет – күшті Қазақстан» ұранымен 27 – 28 - наурыз аралығында Аламатыда өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкенің Ұйымдастырушылары ҚР Президентінің Бірінші Фонды, мәдениет пен ақпарат Министрлігі, сондай-ақ Халықаралық қазыргі саясат институты. Әлеуметтік маңызды идеялар сайысына бізден 3 жоба ұсынылды.
Денсаулық сақтау, аурудың алдын алу және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтасы үшін «Өскемен қ. ОКЖ» ММ әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің «Сау адам – сәтті қоғам» ("Мединформ" жобасы) номинациясы бойынша дипломымен сондай-ақ жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен тиімділігі үшін, әлеуметтік проблемаларды шешуге және жаңа технологияларды таратуға жаңашылдық әдістемесі үшін Қазақстан Республикасының Президентінің Бірінші Фондының дипломымен марапатталды..
- Афиша
- Әр түрлі
- Кітапхана
-
Кітапхана-филиалдар

-
Бағдарламалық қызмет
Жобалық қызмет
1998 ж. "Денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа әдістері". Қалалық орталық кітапхана. "Сорос-Қазақстан" қоры.1999 ж. "Қалалық орталық кітапхананың негізінде құрылған денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша ақпараттық-мәдени және бос уақытты өткізу орталығын құру". Қалалық орталық кітапхана. "Ашық қоғам" институтының гранты. Будапешт қаласы.
2001 ж. Семинар: "Орта жастағы жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша ақпарат көздері". Жобаны "Сорос – Қазақстан" қорының көмегімен "Зубр" ӘБҚ жаздық мектеп жобасының аясында № 1 кітапхана-бөлімшесі жүзеге асырды.2002 ж. "ОКЖ — online" сайтын құру. IREX қорының гранты. Жобаны қалалық орталық кітапхана жүзеге асырды.
2003 ж. "Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу жүйесіндегі танымдық және бос уақытты өткізу бағдарламасы" жобасын № 2 кітапхана-бөлімшесі жүзеге асырды. "Сорос — Қазақстан" қорының гранты.
2003 ж. "ОКЖ — online" сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы. IREX қорының гранты. Жобаны қалалық орталық кітапхана жүзеге асырды.
2003-2004 ж. "Құрбылар" әйелдердің өзін-өзі дамыту мектебінің жобасы. Жобаны № 2 кітапхана-бөлімшесі жүзеге асырды. "Кордейд" қорының гранты.
2004-2005 ж. "Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арналған өзекті ақпараттар кабинеті" жобасы. USAID гранты. Жобаны № 2 кітапхана-бөлімшесі жүзеге асырды.
2004-2005 ж. "Әйелдердің репродуктивті саласының ауруларын ескерту жөніндегі ақпараттық орталық". Каунтерпарт Консорциум гранты. № 1 кітапхана - бөлімшесі.
2004-2005 ж. "Медақпар". Өскемен қаласының халқына кепілдік берілген медициналық қызметтер мен туберкулезге қажетті ерте диагностика туралы ақпарат беру. Каунтерпарт Консорциум гранты. Қалалық орталық кітапхана, № 7 кітапхана - бөлімшесі.
2004–2006 ж. «Ашық қала» жобасына қатысу. Жобаны «Электрондық үкімет» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстанда - Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы жүзеге асырды.
2008 ж. «Медақпар - 2». Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің қоры.
2010 ж. «Көмекші мектептерге арналған мультимедиялық оқу құралы». Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры.
2010 ж. «Үміт оты» жобасы. «БОТА» Қоғамдық қоры.2011 ж. «Үміт оты-2» жобасы. «БОТА» Қоғамдық қоры.
- Клубтар
- Мақалалар
- Конкурсы, проекты
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.





