1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Өскемен қаласына арналған жаңа ақпараттар

Басып шығару E-mail

Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық - библиографиялық және ақпараттық қызметтер бөлімі мен Өлкетану ақпараттары орталығы Сіздердің назарларыңызға төмендегі дискілерді ұсынады:

"Өскемен: ХIХ – ХХ ғасырларда"

Ескі Өскемен артта қалды. Қазіргі заманғы құрылыс бұрынғы көшелер мен қиылыстарға, ескі тұрмысына реңк береді. Жаңа қала бой көтеруде. Уақыт өткен сайын қала тарихының әртүрлі жақтарын зерттеудің қажеттілігі сезілуде. Осы құрал Өскеменнің тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне арналған.      
XIX ғасырда қалашық шағын болды, ондағы тұрғындардың өміріне өлкенің шалғайлығы, жоқшылық, тұрмыстың патриархтығы, салт-дәстүрдің кертартпалығы әсер етті. Құралды дайындау барысында пайдаланған материалдардан Өскемен жөнінде ұмытылғанды еске алып, ерекше көңіл - күйге бөлейтініне көз жеткіздік.
Дискті дайындауға облыстық тарихи - өлкетану мұражайының материалдары, мерзімді басылымдардағы мақалалар, авторлық жинақтар, Интернет-ресурстар, қызықты адамдармен болған кездесулердегі материалдар пайдаланылды.     
Дисктегі материалдарда оқиғалар, тарих, саясат, қаланың қоғамдық,  шаруашылық, ғылыми және мәдени өмірі қамтылған.  
Осы ақпарат оқушыларға, студенттерге, педагогтар мен Өскемен қаласының тарихы қызықтырған барлық адамдарға арналып шығарылды.    
Құрал алдыңғы шығарылған ақпараттық құралдарға толықтыру болып табылады және аймақтық компонетті зерттеу барысында қызығушылық тудырады.     

"Өскемен қаласы"

Диск мынадай материалдардан тұрады:

* Қаланың тарихы
* География
* Экология
* Өнеркәсіп
* Ауыл шаруашылығы
* Денсаулық сақтау
* Экономика
* Саясат
* Білім беру
* Спорт
* Мәдениет және өнер
* Әдебиет және әдебиеттану
* Дін
* Өмірбаян
* Фотогалерея

Бұл ақпарат оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға және Өскемен қаласының тарихы қызықтыратын барлық адамдарға арналған.  Ақпаратты дайындау барысында: кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар, энциклопедиялар, Интернет-ресурстар, қызықты адамдармен болған кездесулер сияқты түрлі дерек көздері пайдаланылды.

Дискілер туралы барлық пікірлер, ескертулер, сондай-ақ болашақтағы шығарылымдар туралы ұсыныстарды мына мекенжай бойынша жіберуіңізді сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ертіс жағалауы, 22, Қалалық орталық кітапхана. Тел. 25-28-67, 25-17-70


 

 

Главное меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Наш опрос

Какие ресурсы нашего сайта, по-вашему, мнению следует развивать (требуют доработки)?

 

 

 

 

 

 

 


  Нәтижелер

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.