Клубтар
Орталық қалалық кітапхана


"Сенполия" (2005)
Шегіргүл (фиалка) гүліне деген әуесқойларды біріктірген "Сенполия" атты клуб 2005 жылы Қалалық орталық кітапхана қабырғасында құрылды. Клубтың жұмысы іс жүзінде берілетін кеңестер, ұсыныстар және басқа гүл түрлерімен танысу.
Ұранымыз:
Кітап – досың, жолдасың,
Өмірдегі жол басшың.
Жақын болсаң онымен
Жаман адам болмассың.
«Жұлдыз – ай» клубы
Атауы
«Жұлдыз – ай» клубы
Клубтың мақсаты
Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани және интеллектуалдық дамыту
Міндеті
- Қазақстанның көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетін насихаттау;
- оқу дағдысын дамыту;
- өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттыру;
- әдеби шығармашылығын дамыту;
- бос уақытты ұйымдастыру
Нәтижесі
- рухани және интеллектуалдық дамытудың негізгі көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту;
- отбасылық оқу дәстүрін сақтау және жалғастыру;
- отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту;
- оқу бағыттарын өзгерту
Клуб мүшелерінің отырысы
Әр айдың соңғы бейсенбісі
Орталық балалар кітапханасы
"Гнездышко" (1999)
Бұл клуб мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін. Сабақ кезінде балаларға жеңіл және оңай түрде қоршаған ортамен танысу, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды дағдыландырып оқытады. Балалар өз ойларын сурет салуда, жабыстырмада және аппликация жасауда көрсете білуге үйренеді.
Адамгершілік тәрбие мен ойын түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді.
"Читайка" (2008)
Бастауыш сынып оқушыларына арналған "Читайка" мектебі.
Мектеп жұмысының мақсаты – балаларды оқуға тарту, қоршаған әлеммен таныстыру. Сабақтардың тақырыптары да әртүрлі -тарих, мәдениет, табиғат, адамдар және басқалар.
Мектептің ұраны: «Барлығын таста да оқы!»
7 қарашада орталық балалар кітапханасында «Айгөлек» клубы құрылды.
Клубтың мақсаты: Талантты балалардың өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Клуб мүшелері: №3 мектеп-гимназиясы мен №35 орта мектептің оқушылары.
Клуб айына 2 рет клуб отырысын өткізіп тұрады. Клуб құрамында 12 бала бар.
Клубқа орталық балалар кітапханасының кітапханашылары Н.Ж. Меирманова мен Ж.Е. Имамбаева жетекшілік етеді.
№1 кітапхана – филиалы
"Аружан" (1996)

"Жібек маталар комбинаты" шағын ауданында тұратын әйелдердің басын қосатын клуб. Клубтың ақпараттық-мәдени жұмыстары әйелдердің рухани жан дүниесін, өзін-өзі бағалау дәрежесін көтерумен қатар өзінің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көмек береді.
№2 кітапхана – филиалы
"Домовенок" (2007)
Кіші және орта мектеп жасындағы балаларға арналған клуб.
Мақсаттары мен міндеттері:
- танымдық және ойын-сауық іс-шаралардың барысында балалардың назарын кітапқа аудару, қол жетімді және ақпарат құралдарының маңыздысы, білім беруде, танып-білудегі кітаптың рөлін атап көрсету;
- кітап пен оқуды пайдаланып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға әрекет ету;
- оқу құралдары арқылы ой-өрісін кеңейту;
- эстетикалық қабілеттерін дамыту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- патриоттық сезімге, Отанына, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
№ 3 кітапхана – филиалы
"Шабыт" (1999)

Жас ақындар мектебі. "Шабыт" жаңадан бастаған әдебиетшілердің басын қосады. Ақындар мектебіне Серік Ғабдуллаұлы жетекшілік етеді.
«ЖАЛЫН» (2010)
"Жалын" - жастар шығармашылық клубы.
Ұраны: «Жанам деген жүрекке от берейік»
/Қ. Аманжолов/
Мақсаты:
Жастар арасында әдебиетті насихаттау
Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосу
Қоғамда орын алған жастардың өзекті мәселелерін сараптау
Жастардың біліктілігі мен білімділігін арттыру
Өнерлі жас буын өкілдерінің шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру
Клубтың құрамында:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері, Жоғары сынып оқушылары
Клубтың жетекшісі: Абылгазинова Гүлбаршын Тлегенқызы
№4 кітапхана –бөлімшесі
"Диалог" (2000)
Құрылған мерзімі: 2000 ж.
Жетекші – Г.И.Асташева
Клуб жүргізушісі - Н.Н.Тепфер
Клубтың басты мақсаты– классикалық музыкаға қызығушылықты ояту.
Егер де сіз өнерді сүйсеңіз, егер әдемі дүниенің барлығы сіздің жаныңызды тереңнен тебірентсе, егер сіз өз бос уақытыңызды композиторлар мен ақындардың шығармашылығымен танысуға арнауды армандасаңыз, егер де өміріңізді қуанышты, мәнді еткіңіз келсе, егер сіз адамдармен өз білгеніңізді бөліскіңіз келсе, – онда біз сізді «Диалог» клубында тосамыз.
"Атамекен" (2006)
Құрылған мерзімі: 2006 ж.
Жетекші: – Аяулым Кизатова
Негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дәстүрлі шаралар: әңгімелесу-ой алысу, мерекелер, саяхаттар,
диалогтар.
Балалар өлке туралы білімдерін жинақтап, жалпылап үйренуден басқа, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тырысады: сурет салады, өлке туралы түрлі тақырыптарда шығармалар жазады.
"Эхо" ретро-клубы (2011)
Құрылған мерзімі: 2011 ж.
Жетекші – Г.И.Асташева
Клуб жүргізушісі – ақын және бард – Б. Аникин
«Эхо» ретро- клубын құру туралы ой бізге 2011 жылы келді. Бірінші кездесуіміз Микаэл Таривердиевтың шығармашылығына арналды. Ал қазанда өзіне күз тақырыбына арналған кеңес кезеңінің өлең шығармашылығының ең жақсы үлгілерін жинаған «Күзгі бал» өтті. Ол жерде композиторлар мен ақындардың көпшілгімен қоса, түрлі жанрлар да: эстрада, авторлық өлең, шансон, тіпті рок та ұсынылды.
Сонымен, кітапхананың бастапқы ойы – қатысушыларға қарт адамдармен кездесуден алатын қуаныш қана емес, сондай-ақ ескірмеген өлеңдерден алатын ләззәт сыйлау – өзінің лайықты орнын тапты. Біз болашақта орта буын өкілдерін ғана емес, сондай-ақ эстетикалық құштарлықтары заманауи бұқаралық мәдениетпен «шайылып» кеткен жас буын мен жастарды тартқымыз келеді. Мүмкін, олардың ата-аналары билеп, көңілдері құлазыған сол өлеңдерді тыңдау арқылы олар әр кезде әр адамның алдына келетін махаббат, достық, адалдық, ар-ождан деген не сияқты сұрақтарға жауап таба алатын шығар. Міне, ретро-әндер мен мәтінінде ешқандай салмақты ой болмайтын қазіргі кез әндері арасындағы басты айырмашылық осында. Және де көптеген қазіргі шебер-орындаушылардың бұл айырмашылықты сезініп, тек билеуге болатын ғана емес, сонымен қатар ойландыратын ескі де ізгі ретро-әндерге бет бұруын атап өтпеуге болмайды.
Библиотека - филиал № 5
Детский познавательный клуб «Ақ желкен» (2011)
Члены клуба «Ақ желкен» учащиеся 6 «к» школы №15.
Девиз клуба: «Бәрін білгім келеді!» - «Хочу все знать!»
Цели клуба:
1. Организовать досуг детей;
2. Пропаганда здорового образа жизни;
3. Проведение цикла мероприятий по культурно-просветительскому направлению;
4. Чтение художественных произведений, обсуждение книг, встречи с местными писателями и поэтами.
5. Пропаганда национальных ценностей;
6. Формирование познавательного интереса пользователей к культуре и истории;
7. Сохранение народных традиций и обрядов.
Задачи клуба:
1.Проведение мероприятий на различные темы;
2.Организация специальных мероприятий для воспитания всестороннего развитого молодого поколения, духовное обогащение, знание родного языка
3. Обучить детей народным традициям, существующих с давних времен, моральным правилам.
№6 кітапхана – бөлімшесі
"Встреча" (2000)

Аблакетка шағын ауданында тұратын қарттар клубы.Жұмыс бағдарламасында әртүрлі ақпараттық және бос уақыттарын өткізу шаралары қарастырылады.
"Болашақ"
Балалардың қарым-қатынас жасайтын клубы №13 орта мектепте оқитын оқушыларды өткізілетін сайыстар,әңгімелесулер, әдеби кештер мен әр түрлі тақырыпта өткізілетін кештер арқылы біріктіреді.
№7 кітапхана – бөлімшесі
«Ғажайып шам» кітап театры
Клуб мақсаты:
• Кітап оқу шығармашылық процестерінің өзектілігінің артуына орта жасау арқылы ықшам ауданның ұйымдаспаған балалары мен оның ата-аналарын көркем әдебиетке тарту.
• Ата-аналарды балалардың «кітап оқымау» мәселесіне тарту
• Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету
• Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын ұйымдастыру
Клубтың басты міндеті:
• Мөлтек аудандағы кітапхананың беделін көтеру
• Мөлтек аудандағы барлық санаттағы оқырмандардың назарын кітапханаға аудару
• Кітап оқу мен кітаптың бай потенциалын, кітапхананың ақпараттық қорларын ашу
• Балалар-ата-аналар-мұғалімдер-кітапханашылар ашық еркін және қозғалмалы қауымдастығын қалыптастыру
• Создать новую информационную среду путем использования в библиотеке театра книги.
• Кітапханада кітап театрын пайдалану арқылы жаңа ақпараттық орта құру
• Эмоционалды-еріктілік аясын дамыту–театрландырылған қызмет көмегімен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы балалар мен ата-аналардың кітапқа деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Клуб ұраны:
«Ғажайып шам» сөнбейтін жарық
«Ғажайып шам» жанымыздағы шырақ.
2011 жылдың ақпан айында №7 кітапхана-бөлімшесінде «Ғажайып шам» атты кітап театрын ашу ұйғарылды. Клубқа әр түрлі жастағы 18 бала жазылды. Оларды кітапқа және өнерге деген ортақ махаббат біріктірді.
Бір жыл ішінде балалар А. Барто, К. Чуковский. Д. Родари, А.М. Волков, М. Липскеров сынды мерейгер жазушыларға арнап көріністер түрінде әр түрлі шаралар дайындап, өткізді.
«Мектеп жасына дейінгі балалар аптасы» аясында А. Барто мерейтойына қарсы «Идет бычок качается…» атты мерекелік қойылымы өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Чудеса из сундучка» атты мереке, Д. Родари кітабы бойынша «Страна Витаминия, или Чиполлино» атты театрландырылған қойылым, сонымен қатар кіші сынып оқушыларына «Переполох в книжном царстве» атты театрландырылған саяхат өткізілді. М. Липскеровтың ертегісі бойынша «Самый маленький гном» атты көрнекі қойылымы өткізілді.
«Жаз. Кітап. Мен. Достарым» атты жазғы бағдарламасы кезінде клуб мүшелері барлық іс-шараларға белсене қатысып отырды. Желтоқсан айында клуб шағын орталық балаларына арнап, «Царица ночь» деп аталған жаңажылдық қойылым дайындап, өткізді. Клуб балалары жаңа 2012 жылға жұмыс жоспарын құрды.
"Сударушки" (1997)
Прохладная ауданында орналасқан №7 кітапхана-бөлімшесіндегі «Сударушка» клубының жұмысы туралы ақпарат.
Клуб ұраны:
Шай іше отырып жалықпаймыз
Ауырмауды біз ойлаймыз
Кітап оқуға құмармыз.
Клуб міндеті:
• Кітаптарды және мерзімді басылымдарды жарнамалау
• Кітапхананы насихаттау және жаңа оқырмандарды тарту
• Клуб жанына белсенді кітап құмарларды біріктіру
• Кітап құмарлардың бос уақытын ұйымдастыру
• Клубқа жаңа оқырмандарды тарту
• Кітапхана жүргізетін іс-шараларға белсене қатысу
1997 жылы №7 кітапхана-бөлімшесінде кітап құмарлар мен зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған клуб құрылған болатын.
Клубты құра отырып, біз олардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың бос уақыттарын ұйымдастыруды ұйғардық. Клубты ашуға дайындала жүріп, біз хабарландыруларды безендіріп, абонемент және оқу залы оқырмандарымен әңгімелесулер жүргіздік. Клуб мүшелері–құрылыс материалдары комбинатының бұрыңғы жұмысшылары, өйткені ҚМК өз жұмысын тоқтатып, жеке тұлғаларға тиесілі болғаннан кейін, зейнеткерлер шетке шығып қалды. Бірінші отырысқа небәрі 7 адам келді. Клубтың бағдарламасы мен олардың клубтан не күтетіндерін талқылаған едік. Клуб отырыстары жаз айларынын (маусым, шілде) басқа әр ай сайын өткізіліп отырады. Уақыт өте келе клубтың өз дәстүрлері қалыптаса бастады. «Сударушка» кітапханада өтетін іс-шараларынан басқа, Прохладная мөлтек ауданы мен қалада өтетін іс-шараларға да қатыса бастады.
Біздің жұмысымыз № 10 ЖӨК-пен тығыз байланысты, олар клуб мерекелерінің өтуіне мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Және Сударушка клубының мүшелері де олардың іс-шараларына қатысып отырады. Масленица, Наурыз, Қала Күні, Қарттар Күні мерекелерін бірлесе өткіздік. Сонымен қатар, Сударушка клубының мерейтойларын да бірге атап өтеміз.
Жыл сайын Жеңіс Күні Даңқ Мемориалына барып, гүл қою рәсімі дәстүрге айналды.
Біз кездесулерімізді мемлекеттік мерекелер күндері мен олардың кәсіби мерекесі – Құрылысшылар Күніне орайластырамыз. Себебі, Сударушка клубының мүшелері 30 жылдан астам бұрыңғы кірпіш зауытында жұмыс атқарған.
Отырыстардың тақырыбы әр түрлі, әдеби-музыкалық кештерден бастап, кітаптарды талқылауға дейін. Кейбіреулерін атап өтсек:
1) «Супер-Бабушка» сайысы; 1998
2) «Красота без любви умирает не востребованной» атты жыр кеші; 1999
3) «Юбиляр года» әдеби визиткасы /Г. Марков/; 2001
4) «Почетная профессия – строитель» кездесу кеші; жыл сайын
5) «Дружба длиною в жизнь» романс кеші; 2005
6) « Здравствуй, Наурыз» ұлттық мерекесі; жыл сайын
7) « Раз в крещенский вечерок»; 2010
8) « Нас песня на подвиг звала» муз.сағат; 2010
9) « По кирпичику город построен»; 2011( Құрылысшылар Күні)
10) «Осени жизни - пора золотая» (1 қазан – Қарттар Күні)
11) Масленица, Жаңа Жыл мерекелері өткізілді, әжелер костюмдерді өздері тікті.
Года идут и Сударушки стареют и уходят от нас в иной мир, но на их место вливаются новые.
Жылдар зымырап өтуде және Сударушка клубының мүшелері қартайып, о дүниеге аттануда, дегенмен олардың орнына басқалары келуде.
«Сударушка» клубының белсенділері:
Чегодаева Галина Петровна
Дементьева Мария Яковлевна
Коновалова Нина Кузьминична
Лакатош Екатерина Ивановна
Шмакова Анна Алексеевна
"Атамура" (2002)
№7 кітапхана бөлімшесінде 2002 жылы «Атамұра» Отансүйгіштер клубы құрылды.
Клубтың ұраны: Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Клубтың мақсаты: Мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге тарту, олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандық сезімдерді қалыптастыру. Өз тіліне, дініне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Атамұра клубы жұмыс атқарған жылдардан бері қаншама бала осы клубтың мүшесі болды. Оқушылар жоғарғы сыныпқа барғаннан кейін клубтың жаңа мүшеолері қабылданып отырылады. Клуб мүшелерімен өткізілген «Менің елім – Қазақстан» интеллектуалды ойын, «Ақырын жүріп анық бас» нашақорлыққа қарсы поэтикалық қойылым, Ғ.Байбатыровтың 60 жасқа толуына орай өткізілген «Өмірін өлеңмен өрген» поэзия кеші, «Желтоқсан батырлары – жүрегімде» сахналық қойылымдар қойылып клуб мүшелерінің және жалпы оқырман қауымның көңілінен шықты.2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамұра» мүшесіне №27 орта мектептің 5 «К» сыныбы – 26 оқушы кірді. Сынып жетекшісі: Ішпекбаева Айнагүл Қасымқызы. Қыркүйек айынан бастап клуб мүшелерімен төмендегідей шаралар өткізілді:
1. Тілдер күніне арналған «Ана тілім-асылым» тақырыбына сайыс өткізілді. Шараның мақсаты, оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қадір – құрметін арттыру болып табылды. Оқушылар төрт топқа бөлінді, сайыс 5 турдан тұрды. Жеңіп шыққан топқа және сайысқа белсенді қатысқан оқушыға сыйлықтар берілді.
2. «Полигон қасірет» тақырыбына танымдық сабақ өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды Семей полигоны, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы мәліметтермен таныстыру. Қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға слайдтар көрсетіле отырып, полигон туралы айтылды. «Қазақстан- бейбітшілік елі» атты документальді фильм көрсетіліп, тақырып бойынша сұрақтар қойылды.
3. «Бұл сенің Отаның-туған жерің» тақырыбына мерекелік шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Клуб мүшелерімен қоса мейрамға 5 «А» сыныбыда қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларға ҚР-ның өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Оқушылар тақырыпқа сай тақпақтар оқып, өлеңдер айтты. «Кедр» клубының мүшелері би биледі.
4. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» тақырыбына қойылым көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан мәлімет беру; Желтоқсан құрбандарын құрметтеп еске алу, туған өлкеміз Қазақстанның жерін, елін сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу. Шара ҚР-сының әнұранын орындаумен ашылды. Шараны 5-ші сынып 10-шы сынып оқушыларымен бірлесе өткізді. Қойылымда жас студенттердің көтеріліске шыққаны, Қайрат Рысқұлбековтың тергеуге алынуы, соты, анасының жоқтауы көрсетілді.
2012 жылға «Атамұра» клубының жоспары құрылды. Ары қарайда оқушылар осындай шараларға белсене қатысып, бірлесе жұмыс істейміз деген ойдамыз.
Тағы мақалалар...
Главное меню
Кітапхана туралы
Біздің қызметтер
Өскемен
Әр түрлі
Бізді санайды
Наш опрос
Прогноз погоды
Материалдарды қолдану
Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.
Серіктестік бағдарлама
Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.
Сайттағы жарнама
Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.





