«Мен өлкемді зерттеймін»
Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
«Мен өлкемді зерттеймін!» ІІІ қалалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану ақпараттарының орталығы 2012 жылы сәуір айында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІІІ қалалық байқауын өткізеді. Байқау «Туған өлкем-тұнған шежіре» тақырыбына арналады.
1. Байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Өлкеміздің тарихын, географиясын, мәдениетін оқып, игеруге балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру;
- Балалардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
- Жастардың жаңа технологияларға сауаттылығын арттыру;
- Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.
2. Байқаудың ережесі
Зерттеу жұмыстары 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 сәуірге дейін (2 ай көлемінде) Өлкетану ақпараттарының орталығында қабылданады. Жұмыстарды
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
,
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
электронды пошталарына да жіберуге болады. Байқауға 13 пен 21 жас аралығындағы жас зерттеушілер қатыса алады.
- Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды.
- Зерттеу жұмыстарын қорғау 2012 жылдың сәуір айында Орталық қалалық кітапханада өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)
- Жұмысты қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады. Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.
3. Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар
Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарды қамтуы тиіс:
- Тарих;
- Табиғат;
- Өлкеміздегі қалалар мен ауылдар;
- Ерекше адамдар өмірі;
- Әдебиет;
- Өнер;
- Мәдениет.
Жұмыстар слайд-шоу, бейне-презентация, көрініс түрінде ұсынылады. Сайысқа PowerPoint, Macromedia flash, Windows Movie Maker және т.б программаларда орындалған жұмыстар қабылданады.
Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.
4. Байқау материалы келесі белгілер бойынша бағаланады:
- Мазмұнның байқау тақырыбына сай болуы;
- Ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі;
- Презентация дизайнының деңгейі;
- Тақырыптың жан-жақты ашылуы;
5. Байқауды қорытындылау
Қатысушылар төмендігі номинациялармен марапатталады:
«Шығармашылық ізденіс»;
«Жұмыстың не жобаның ең жақсы презентациясы үшін»;
«Ең жас зерттеуші»;
Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.
Байқау қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттау қарастырылған.
Дипломдар мен грамоталар 2012 жылдың сәуір айында табысталады.
Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстар кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар ОКЖ-нің www.kitaphana.kz сайтына қойылады және сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Өскемен қ., Е.П.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22. Орталық қалалық кітапхана. Өлкетану ақпараттарының Орталығы. Тел.: 25-28-67, 25-03-64.
Главное меню
About library
Service
Ust-Kamenogorsk
Others
Users are counted
Наш опрос
Прогноз погоды
Use of information
You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".
Partner Program
We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.
Advertisement on a website
If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru








