1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Ust-Kamenogorsk

Раздел посвящен городу Усть-Каменогорск, Восточно-Казахстанской области и содержит в себе исторические и современные материалы о родном крае

Щербаков Борис Васильевич

писатель - натуралист
Родился в 1939 г. в г. Усть-Каменогорске. Окончил Усть-Каменогорский пединститут, заочное отделение аспирантуры по специальности "орнитология". Почти сорок лет работал  на станции юннатов, имеет более 100 научных публикаций по зоологии, экологии и педагогике.  В 1985 году защитил кандидатскую диссертацию  в Москве по теме «Птицы Западного Алтая».
С 1985 года член Союза писателей СССР, Казахстана. Автор шестнадцати книг, среди которых «Золотыми тропами осени», «Тропа длиною в год», «Травы памяти», «Купите себе попугая», «Путь а Абаю», рассказов, стихов, эссе  Почетный гражданин г. Усть-Каменогорска и г. Хошимина. Лауреат премий Акима ВКО.

Read more...

Маукенулы Нурлан

(1960 – 2003жж.)
Қасиетті Алтай өңірі таланттардан кенде емес. Бірақ, сол таланттарымызды дер уағында тани алмайтынымыз өкінішті. Сондай талантты жерлесіміздің бірі, Зайсанның Жамбыл ауылында дүниеге келіп, күні кеше ғана жыр тұлпарын ерттеп мінген Нұрлан Мәукенұлы еді.
Ақынның дүниеден өткеніне де біраз уақыт болды. Егер тірі болғанда, биыл 50 жылдық мерейтойын елінде дүркіретіп тойлар ма еді.
Бір өлеңінде:
Өлінің қамын тірі жер,
Жоқтауын салып жүгінер.
Жоғалтып алған асылы
Айрылғанында білінер,- деп өзі жазғанындай, асылдарымызды жоғалтқаннан соң жоқтайтынымыз өкінішті.
Бірақ, өзі жоқ болса да, артында  тасқа басқан өлеңдері қалды. Көңілге сол жұбаныш. Зайсанда ақын атына көше беріп, атын ұлықтап жатыр. Яғни, жоқтаушысы бар ақын есімі ешқашан ұмытылмайды.
Өмірге, өнерге, өлеңге бар болмысымен ғашық болып өткен ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрлан Мәукенұлы 1960 жылы 25-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Жамбыл ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1979-1984 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университететінде оқып, журналист мамандығын алып шықты.

Read more...

Сапаев Газиз

Сапаев Ғазиз (1926 ж.)

Жазушы Ғазиз Сапаев Тарбағатай ауданының Ақмектеп ауылында дүниеге келді. 
Жеті жасында тағдырдың жазуымен ата-анасымен бірге Қытайға өтті. 
1943 жыл, мамырда 17 жастағы жасөспірім жігіт елге оралды. Ғазиз бірден еңбекке араласты және оқып білім алды.
Семейдегі мұғалімдер институтын тәмамдаған жас маман он жылдан астам мұғалімдік қызмет атқарды.
1959 жылы тамыз айында облыстық газет редакциясына ауысты. Сол жерде 1981 жылға дейін қызмет істеп, зейнеткерлікке шықты.  Ғазиз Сапаұлы 1960 жылдан журналистер, 1974 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. Баспадан жеті повесі, екі драмасы жарық көрді. Екі пьесасы Семейдің Абай атындағы сазды драма театрының репертуарынан орын алды. "Тойым-тойы", "Қиын екен қыз дегенің" драмалық шығармалары мыңдаған көрерменге ұсынылды.
Жазушы "Жыл жемісі", "Менің көгершінім", "Гүлдана", "Туған жерден алыста" тәрізді повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы. "Туған жерден алыста" повесінің жалғасы "Сағыныш" романы баспада. Ғазиз Сапаев бұл романында Шыңжанда өткен (1933 -1943) жылдар аралығындағы өмірін баяндайды. 2001 жылы өмірдің соқтықпалы, бұралаң жолдарынан сүрінбей өтіп, елге оралған азамат, жазушы Ғ.Сапаев 75 жасқа толды.

Read more...

Аскербек Жанат

 

"Поэзия-адам көкірегінің ең алыс түкпірлеріне дейін шымырлап, жаңғырып, шулап, буырқанып жететін ең сұлу жан сыры, тұтас бір халықтың басынан кешірген рухани өмірінің көркем шежіресі.
Адамның сол ішкі жан-дүниесі шынайы адам сыры жайлы бүкпесіз ақтарыла сөйлегендіктен де нағыз поэзияның ғүмыры шексіз", - деп жазған болатын қазақтың дара туған ақыны Төлеген Айбергенов.
Бұл, негізінен, өлеңге, ақынға қойылатын қатаң талап деп түсінуге болатын қүнды пікір.
Осындай қатаң талап биігінен көрініп жүрген ақындардың бірі - Ж.Әскербекқызы, поэзия әлеміне өзіндік үнімен, табиғатына сай тәнтілі талантымен келген дарын иесі. Поэзия  тұнығына  терең  бойлап  жүрген  Алтай өңірінің аймаңдайлы ақын қызы,  Ж.Әбдірашов атындағы сыйлықтың лауреаты, бүгінде есімі республикамызға танымал жерлесіміз, шығыстың түлеп ұшқан түлегі Аймұханбетова Жанат Әскербекқызы 1966 жылдың 1-қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Жанаттың жастайынан сөз өнеріне, поэзияға құштар болып өсуіне әжесінің ықпалы зор болған.
Алғашқы өлендері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, аудандық газет беттерінде, республикалық балалар және жасөспірімдерге арналған басылымдарда жарық көрген.

Read more...

Нукаев Тургазы Нукаевич

Бәлкім әлі қасиетіңді білмес ем,
Тәтті ұйқыдан оятпасаң түнде сен.
Мәңгілік мен өкінумен өтер ем
Жүрегімде, жырым өмір сүрмесең,-деп
"Кел, жырларым" деген өлеңінде жырлағандай Тұрғазы Нұқайұлы Нұқаев Ұлан ауданының Егінсу ауылдық кеңесіне қарасты Тұяқ ауылында 1937 жылы 27 -ші маусымда туған.  Тұрғазы Нұқайұлы баршамызға қаламы ұшталған тәжірибелі журналист- публицист, ақын - жазушы ретінде таныс.
1955 - 1960 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында оқып, осы оқу орнының тарих-филология факультетін тәмамдайды.
1960-1966 жылдары Ұлан ауданы мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бұл жылдары Тұрғазының өлеңдері, балладалары, мақалалары облыстық, республикалық баспасөзде жиі жарияланып тұрды.
1966-1997 жж. Облыстық партия комитетінде нұсқаушы, облыстық «Дидар» («Коммунизм туы») газетінде жауапты хатшы, Бас редактордың бірінші орынбасары болып еңбек етті. «Казцинк» ашық акционерлік қоғамында «Казцинк жаршысы» газетінің редакторы қызметін атқарды.

Read more...

Касымов Айтмухамбет Касымулы

Қасымов Айтмұхамбет Қасымұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Аюды ауылында 1950 жылы 29 – маусымда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 1973 жылы бітіріп, мұғалім, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры болып қызмет атқарған.
1977 жылдан бері облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті. 1997 жылғы шілдеден бері осы газеттің бас редакторының орынбасары. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Туған өлкесінің тарихын, танымал тұлғаларының тағдырын, өмір жолын зерттеп, жоғымызды іздеп тауып, қалпына келтіру жолында А. Қасымов елеулі еңбек етіп келеді. Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы, жерлесіміз – марқакөлдік Жақыпбек Малдыбаевтың өмірін зерттеп, Москваның архивінде еңбек етті. Кенді Алтайдың суығында Отан соғысы кезінде ең алғаш өндірістік көлемде жүзім өсірген Дмитрий Панкратьевті, сонау 1915 жылы Ахмердегі тұңғыш қазақ қыздары мектебіне сабақ берген Ғайса Аязбаевты, алғашқы дипкурьер Лидия Тауэр сияқты тарихи тұлғаларды облыс оқырмандарына таныстырды. Ұшқыш жерлесіміз Ж. Малдыбаев жайлы материал республикамыздың Ұлттық энциклопедиясының 6 –томында жарық көрді.

Read more...

Егеубаев Аскар Егеубаевич

Егеубаев Асқар Құрмашұлы - ақын, әдебиет-зерттеушісі, түркітанушы ғалым, аудармашы. 1950 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының  Күршім ауданындағы Қыстау Күршім ауылында мұғалімдер жанұясында дүниеге келген.
Зайсан ауданының Қаратал ауылындағы  М.Горький атындағы орта мектепті 1967 жылы бітірген. Алғашқы өлең, мақалалары аудандық «Достық» газетінде, облыстық газетте, республикалық жастар басылымдарында 1964 жылдан көріне бастады.
Орта  мектепті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл аудандық екі тілде шығатын «Шамшырақ» («Маяк») газетінде аудармашы, әдеби. қызметкер, Зайсан аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген.
1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, кейіннен осы университеттің аспирантурасын тәмәмдаған. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, Қазақстан Республикасы энциклопедиясының Бас редакциясында, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде, ҚР Парламенті Сенат аппаратында жауапты қызметтер атқарды. Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет қызмет академиясының «Мәдениеттану, мемлекеттік қызметті тілдік қамту» бағдарламасының директоры болды.

Read more...

Габдуллин Серик

Серик Габдуллаулы  
Родился в Усть-Каменогорске в 1937году. В 1966 году окончил филологический факультет КазГу. Автор семи поэтических сборников на казахском языке, работ о казахских народных обрядах, многочисленных публикаций. С 1994 года руководит школой молодых поэтов «Шабыт». Лауреат премии «Сорос-Казахстан». Член Союза писателей Казахстана.      Поэтическое творчество Серика Габдуллина ухо¬дит корнями своими в степь, где родная земля Улана, хол¬мы Чечек, пахучая полынь, серебристые ковыли с детских лет вошли в кровь и плоть поэта и гражданина, человека и патриота. Разнообразна казахская степь, бесконечна, поэтична и в своей пестроте, и в своём постоянстве. А если степь стала Родиной, где стоит отчий дом, если по степи пошёл сразу, только научившись ходить, если запел - и песня поднялась жаворонком в поднебесье, - можно ли забыть этот маленький уголок величайшей планеты? Настоящее творчество неиссякаемо, как родники, ручьи и большие реки. Настоящая поэзия всегда напоит исстра¬давшуюся душу, утолит жажду познания, вдохновит на свершения. Всё это мы видим и чувствуем, когда напря¬мую общаемся со стихотворным миром С. Габдуллина.

Read more...

Байхонов Серик Муслимович

Пришел в литературу из журналистики. Публицист, писатель, общественный деятель. Автор 9 книг на русском и казахском и русском языках в том числе «Сезон на плоту», «За спасение Арала». Лауреат премии Союза писателей Казахстана, член Союза писателей,  директор Восточно-Казахстанского областного Союза писателей, один из редакторов литературно-художественного журнала Ак Ертыс.

Read more...

Lomako Fedor Fadeevich

Родился 12 июля 1904 года в городе Темрюк Краснодарского края
Министр Цветной металлургии СССР. Организатор производства в системе цветной металлургии страны. Окончил Московский институт цвет-ных металлов и золота. Вел активную общественную работу. В 1937 году был выдвинут на должность директора Кольчугинского завода по обра-ботке цветных металлов. Затем назначался начальником Главалюминия Наркомцветмета, народным комиссаром цветной металлургии СССР, Ми-нистром цветной металлургии СССР. Работая на высоких государствен-ных должностях, много внимания и поддержки постоянно оказывал нашей области и городу Усть-Каменогорску. Герой Социалистического Труда, депутат Верховного Совета СССР. Имеет высокие правительственные награды - 6 орденов Ленина, два ордена Трудового Красного Знамени, орден Красной Звезды.

Users are counted

Use of information

You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".

Partner Program

We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.

Advertisement on a website

If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru