1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік

Print E-mail

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТҰЛҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМДАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІКТЕР........................................5

1.1 Жеке тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы..........................................................5

1.2 Әлеуметтену ұғымының мәні........................................................10

2 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІГІ...............................13

2.1 Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері.............................13

2.2 Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтену......................16 ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез – құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік – психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау [2 б. 5]. Зерттеу объектісі: Тұлғаның әлеуметтенуі. Зерттеу пәні: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігінің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен ахуалдар. Зерттеу мақсаты: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру. Зерттеу міндеттер: 1. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыдан қарастырылуын анықтау; 2. Әлеуметтену ұғымының мәнін қарастыру; 3. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтенуді анықтау; 4. Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері Зерттеу болжамы: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

1 ТҰЛҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМДАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІКТЕР

1.1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді [179 бет, ]. Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім ә түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін иебола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай тілімізде «Он үште оттау иесі» (қыз бала үшін), «Он бесте оттау иесі» (ұл бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имнасыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез – құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек» [53 бет, ]. Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді [103 бет, ]. Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады [58 бет, ]. 1.2 ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ Жеке К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялы % - дің жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатада. Жанұя - әлеуметтік тұлғаның ең маңызды ролін атқарады. Осыған байланысты, тәрбие мен әлеуметтенуде қалай ұғыну да болады. Тәрбие шын мәнінде басқарушы және мақсатқа бағыт беруші әлеуметтені үрдісі. Әлеуметтану бірінші, екінші болып бөлінеді. Бірінші әлеуметтану көп нәрсені көрсетеде. Оқуға қарағанада әлеуметтану үрдісі ер жеткенге шейін тоқталмайды. Өзінің даму қарқынымен әлеуметтану ұлғасы анықталмаған соңғы үрдісімен байланысты және де осы үрдіс адамның отногенезінде тоқтатылмайды. Осыдан келіп мынандай шешім қабылдауға болады. Әлеуметтану – ешқашанда тоқтамаумен қатарешқашанда толық болмайды. Мүмкін біреулер бұл жерде писсимизм негізін көріп тұрған болар [32 бет, Геан]. Әлеуметтану - меңгеру және ұдайы өндіру тұрғысынан жеке адамның әлеуметтік тәжірибесін өмірден көрсетеді. Әлеуметтану үрдісінің негізі оның, яғни адамның біртіндеп әлеуметтану тәжірибені меңгеруі және әлеуметке бейімделуі үшін қолданады. Мұндай меңгеру арнайы және дәл сол бағытта, тура, нақты жүргізіледі. [13 бет, ]. Әлеуметтік бейімделу адамды өмір сүруге және басқа адамдармен, нәтижелі қарым – қатынас жасау үшін қолданылады. Ол тікелеу әлеуметтік бақылаумен байланысты, өйткені ол өз құрамына білімнің меңгеруін, нормаларын, қоғамның құндылығын біріктіреді. Әлеуметтік тек екі түрде, яғни оның диалектілік бірігуіне және әлеуметтік тәжірибенің ұдайы өндірілуін ғана қарастырмай, оны арнаый бірлестік және дәл бағытта әсер етуі адамның дамуына қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде қарастыру керек. [102 бет, ]. Адам әлеуметтік тәжірибені меңгеру және ұдайы өндіру барысында екі түрге ие болады: объектілі және субъектілі әлеумет. Б. Г. Ананьев өзіне бағытталған әлеуметтік нысан ретінде адамдаы анықтайды. Ол ең алдымен адамды оның ішкі көзқарасы тұрғысынан қарастырмай, яғни қоғамдық қатынастың субъектісі оетінде емес, барлық әлеуметті күштер мен құбылыстардың жиынтығына мінездеме беріп, оған әсер етуші сырт күштеріне сипаттама беру керек деген. [203 бет, ]. Басқаша айтқанда, адамды қоғамның даму объектісіретінде қарастырып, ал оның субъект ретінде қоғамның дамуының тұрғысынан ішкі орнауын түсінуіміз керек. Әр тарихи кезең әлеуметтанудың ерекшеліктерін берілген деңгейде оның факторларына байланысты анықтайды. [93 бет, ]. Қазіргі кездегі әлеуметтанудың ерекшеліктері Қазіргі кездегі әлеуметтанудың өте бір үлкен ерекшелігі, оның басқа кезеңдермен салыстырғандағы ұзақтылығы болып саналады. Балалық кезең алғашқы әлеуметтанудың кезеңдері сияқты белгілі бір мөлшерде, өткен дәуірлермен салыстырғанда ұзарады. Жалпы, балалық шақтың статусы (жағдайы, күйі) өзгереді. Ертеректе оны өмірге дайындық ретінде ғана қарастырса, қазіргі кезеңде қоғамда оған ерекше кезең ретінде қарайды, яғни ересек адамның өмірі мен тең құқылы деп қарастырады. Бұндай көзқарас өткен дәуірлерге қарағанда, қазіргі кезде бала өміріне аялаушылықпен қарауды талап етеді. Сондай – ақ бала өмірі мен құықығын қолдайтын заңдар пайда бола бастады. Ол халықаралық деңгейге енеді. Көптеген балалардың тағдырлары туралы тарих көп біледі, яғни туған анасы өз баласын балар үйіне тастап кету, басқа адамға сату, құлдыққа беру, т.б. жағдайлар. Қоғамда, яғни оның қалыптасу кезеңдерінің бас кезінде балаларды асырай алмау (киім, тамақтың болмау) нәтижесінде өлтіру деген көп болып кеткен. Бала бұл өлкен елдің кішкентай азаматы. Ол белгілі бір мәдениетттің дамуының түрі. Негізгі орында қазіргі кездегі әлеуметтану тұрғысынан білім мен мамандық алады. Адамның әлеуметтану үрдісінің тұрғысынан дамуы әлеуметтану үрдісі кезінде адам қоғамдық қатынас ретінде субъектілі және объектілі болып көрсетіледі. А. В. Петровский адамның дамуының 3 түрін көрсетті: бейімдегіштік, интеграция, индивидуализация.

2 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік – психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. [31 бет, ] Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның ұсынан моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі – бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді [12 бет 162 ]. Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді. [12 б 170] Көріп отырғандай, тұлғаны әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан қарастыруда оның өзіне деегн субъективті көзқаарсы адамдардың қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды мәнге ие. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдылардыигереі. Р. С. Немов көрсетуі бойынша, әлеуметтенуі легеніміз бұл адамзатпен жасалған цивилизацияны индивидтің көп қырлытаным үрдісі, әлеуметтік тәжірибесін игеру, табиғи тіршілік иесіне қоғамдыққа ауысуы, индивидпен тұлға ретінде қалыптасуы [13 б. 97]. Әлеуметтену ұғымы кең қолданылғанымен, И. С. Кон пайдалануынша, оның нақты тұжырымдамасы жоқ. [14 б. 274]. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор болғандықтан бұл ұғым алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдардың соңы мен 50 жылдарда американдық психологтары мен социологтары (А. Парк, Д. Доллард, Дж. Кольман, В. Уолтер тағы басқалар) суреттелген. Әлеуметтенудің әлеуметтік жүйег тұлғаның толық интеграциялы үрдісі ретіндегі ұғымын американдық социологтары (Г. Парсонс, Р. Мертон) туындаған [15 б. 109]. Т. Ергешевский бойынша қоғамдағы тұлғаның дамуына байланысты жаңа қоғамдастықтар туындайды. Олардың өзара әсерлесуі негізінде «жалпы адамгершілік қоғамдастық» құрылады [16 б. 514]. Кез – келген индивидті, әсіресе тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес [17 б. 40].

2.2 ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады [15. б.111]. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады [16.б.514]. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді [17. б. 376]. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады [18. б.188]. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз [14. б. 277]. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады [14. б.289]. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды [14. б.279]. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді. 1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі. 2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен - Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады. 3 «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. 4 «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды. 5 «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады. 6 Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады. 7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады. 8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. «Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен - Концепциясын» бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған. Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен» (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі» [20. б.356-364]. Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына «Мен - бейнесінің» «өткені» мен «болашақ» бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын «Мен үғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады. «Мен - өткен шақ», «Мен- болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады [21. 6.149]. Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие [25. б.36-43]. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді [26. б.270]. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады [27. б.54]. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді [27. б.231]. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады. Әр тұлға ақиқатты өз субъективті қабылдауымен байланысты интерпритациялайды және оның ішкі әлемі толығымен тек оның өзіне ғана ашық. Тек субъективті тәжірибені түсіну адам мінез-құлқы түсінуде кілт болып табылады. Сол себепті адамның субъективті сезінулерін зерттеу психологиялық зерттеудің негізгі аспектісі болып табылады. Себебі, нақ осы сезінулер мінез-құлыққа жауапты, сонымсн қоса, мінез-құлыққа адамның болашағын қалай болжайтындығы әсер етеді. Л.Хьелл, Д.Зиглердің оқулығында осы мәселеге байланысты мынадай мысалдар келтіріледі: «Егер де жас әйел өзін ер азаматтармен қарым-қатынасқа түсе алмаймын деп есептесе, онда ол өткен шақ қиыншылығынан емес, болашақта болар сәтсіздіктен корқады. Ол бұл жағдайда өзінің ер адамды қызықтырмаймын деген өз-өзіне қойған болжауына бағынып тұр. Осындай теріс көзқарастан құтылу арқылы ол болашақта сексуалды сәттілікке қол жеткізер еді». Бұдан көретініміз, К.Роджерс тұлғаға байланысты «осы шақ — болашақ» контексіндегі иесяны ұстанады [27. б.546-551]. Тұлға дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде оның мотивациялық құрылысы негізге алынады [12. б.175]. Мотивацияның тұлға өміріндегі мәні жайлы сауал көптеген ғалымдарды толғандырған, солардың бірі болып Л.Маслоу есептелінеді. Ол адамның барлық қажеттеліктері туа біткен және олардың іскс асуы доминантты иерархиялық жүйеге сүйенеді деп ұсынған.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. бап – Баба С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002 – 27 б

2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993 – 272 б

3. Гоноболин Ф. Н. Психология. Алматы: Мектеп, 1976 – 232 б

4. Оразбекова К. А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. Алматы: «Дәуір», 2000 – 554 б 5. Андреева Г. М. Психология социального познания: Учебник для вузов. Ведущий ред. Л. Н. Шипова. М: Аспект – пресс, 2000 – 288 с 6. Андриенко Е. В. Социальная психология: Учеб.пособ.для студ.пед вузов/под.ред. В. А. Сластенина. М: Академия, 2000 – 264 с 7. Асмолов А. Г. Психологияличности: Принципы общепсихологического анализа. Учеб.для студ высш.учеб.заведений. М:Смысль, 2001 – 416 с 8. Социальная психология: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений/под.ред. А. Н. Сукова, А. А. Дергеча. М: Академия, 2001 – 600 с 9. Богословский В. В. Жалпы психология. Алматы: Мектеп, 1979-350 б 10. Рубинштейн С. Д. Жалпы психологияның негіздері, 2 басылуы, Москва, 1946 – 302 б 11. Елікбаев Н. Ұлттық психология: көмекші оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1992 – 96 б 12. Жүкешев Қ. М. Ұлттық психологияның мәдени - әлеуметтік негізделуі. Алматы, 1999 – 251 б 13. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім, 1991 – 281 б 14. Немов Р. С. Психология книга1. М: 2000-608 с 15. Дубровина И. В. Данилова Е. Е. Психология. Москва: 2001-460 с 16. Крылова А. А. Психология. Москва: 2000 – 584 с 17. Климова Е. А. Общая психология. М: 1999 – 511 с 18. Ілешева Р. Психология. Алматы: Санат, 1994 – 88 б 19. Жантикеев С. Психология: Учебное пособе. Астана: Елорда, 2001 – 256с 20. Выготский Л. С. Психология. М: Апрель Пресс, 2000 – 1008 с 21. Рубинштейн С. Д. Жалпы психолгия негіздері, 2 – басылуы. М: 1946 – 302 б 22. Жаңабеков Ж. Психология. Алматы: Қазақ университеті, 2002 – 132 б 23. Реан А. А., Коломинский Я. Л. Социальная педогогическая психология. СПб:Издательство «Питер», 2000 – 416 с 24. Андреева Г. М. Социальная психология. М: Аспект Пресс, 1998 – 376 с 25. Майерс Д. Социальная психология. СПб.:Издательство «Питер», 2000 – 688 с

 

Меню

Users are counted

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Голосование

Какую из библиотек ЦБС г. Усть-Каменогорска вы посещаете

Use of information

You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".

Partner Program

We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.

Advertisement on a website

If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru