1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Поиск рефератов

Радио байланыс

Print E-mail

РАДИО - алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті элек-тромагниттік тербелістерді пайдалануга негізделген техника саласы. Р. таратқыш  жүйе (антенна) аркылы электромагниттік энергияны жан-жаққа тарату және оны қашықтан радио-қабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады. Біздің ел - Р-ның отаны. 1895 ж. 7 майда орыс гал. А. С. Попов өзі ойлап тапқан жай білдіргішті көшпілікке көрсетті. Бұл ең алғашқы радиоқабылдағыш еді. Алғашқы кездерде телеграф сигиалдарын тарату үшін Р-да ұшңынды радиотаратқыштпр пайдаланылды. Бұлар отетін тербелістер тудыратынды. Электрондық лампылардың шыгуы Р-ның дамуына түбегейлі бот бұрыс жасады. Ңысқа мерзім ішінде Р. арқылы сөз бен әнді алысңа тарату - радиохабар тарату мәселесі іске асырылды. Алғашқыда байланыс ңұралы ретінде шыққан жоғары жиілікті электрлік тербелістер төхғикасының қазіргі маңызы ерекше. Р-ның кемелденуі арқасында ра-диолокация, радионавигация, телевизия т. б. жаңа салалар бөлініп шықты.
РАДИОБАЙЛАНЫС — радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін  хабар  беретін пункте радиотаратқыш пен таратқыш антенншан тұратын қондырғы, ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш  антенна мен радиоқабылдағыштан қүралған қондырғылар орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы (радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық тербелістер таратқыштан генерацияланып, берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады.  Модуляцияланған тербелістер радиосигнал ретінде таратқыш антеннадан кеңістіке таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен мұндай радиосигналдар онда электрлік тербелістер қоздырады. Қабылдағыш антеннаға таратылған энергияның өте аз мөлшері келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады. Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі де, кері модулянцияланады (детектирленеді). Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған  сигналға сәйкес келетін электірлік тербелістер алынады. Бұл тербелістөр  арнаулы құрылғылар көмегімен (мыс, дауыс зорайтқыш) бастапқы хабарға пара-пар дыбысқа түрлендіріледі.
1906 ж. 29 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Берлинде  өткен 1 халықаралық әкімшілік конффенциясында Р. регламенті  және  халықаралық конвеңция қа-былданды. Ол 1908 жылдын 1 июлінен бастап күшіне енді.  1912 ж. жиілік диапазондары әр елдегі әкімшіліктерге бекітіліп берілді, радиомаяк, ауа райын хабарлау т. б. қызметтері құрылды. 1920 жылға  дейінгі Р-та толқын ұз.   Жүз  метір-ден  ондаған км арасындағы, ал 1922 жылдан декаметрлік толқындар пайдаланылады. 1930 ж. метрлік, ал 1940 ж. түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Ңысқа толқындар негізінде көп каналды байланыс орнатылып, телөфон, радио, телевизия байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері көмегімен Р. қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондағаи телевизиялық программалар орнатуға болады.
БАЙЛАНЫС линиялары телефон, телеграф хабарларын, цифрлық информация ағынын, телевизиялық хабарларды таратуға пайдаланылады. Р.  халықаралық одақтық және жалпы мемлекеттік турлерге ажыратылады. Мемлекеттік  Р. ма-гистральдық (астаналар мен ірі қалалар арасында}, облыс аралық және аудан аралық болып бөлінеді.

 

Главное меню

Users are counted

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

По теме:

Наш опрос

Какие ресурсы нашего сайта, по-вашему, мнению следует развивать (требуют доработки)?

 

 

 

 

 

 

 


  Results

По теме:

Use of information

You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".

Partner Program

We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.

Advertisement on a website

If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru